"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі Заңының 5-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Р. Скляр |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 678 бұйрығымен бекітілген |
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) уәкілетті компания - дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) үлестік құрылысын және тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлестерді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жүйелендіруге және есепке алуға және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы мәліметтерге арналған ақпараттық жүйе;
4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алу - уәкілетті компанияның ұсынуы бойынша тұрғын үй (тұрғын ғимарат) орналасқан жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жүйеленген, мерзімді толықтыратын және нақтылайтын үлескер және оған тиесілі үлес туралы мәліметтердің, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта беру туралы шарттардың тізбесі.
2-тарау. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібі
3. Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат не "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) кепілдігін алғаннан кейін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - Жүйе) мынадай мәліметтерді енгізеді:
1) объект туралы (алаңы, қабаттылығы, тұрғын үй-жайлардың, паркингтердің және тұрғын емес үй-жайлардың саны (бар болса), жер учаскесінің алаңы);
2) өзіне тиесілі үлес туралы (үй-жай нөмірі, қабат, кіреберіс нөмірі, жалпы және пайдалы алаңы, балкон (лоджия) алаңы, техникалық сипаттамалары);
3) Қормен тұрғын үй құрылысына кепілдік беру туралы шарттың немесе үлескерлердің ақшасын тартуға жергілікті атқарушы органның электрондық түрдегі рұқсатының көшірмелері.
4. Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт (бұдан әрі - шарт) жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) Жүйе арқылы электрондық түрдегі шарттың көшірмесін жібереді.
5. Жергілікті атқарушы орган шартты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14185 болып тіркелген) Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгі нысанына (бұдан әрі - Үлгі нысан) сәйкестігін, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлеске бұрын есепке қойылған құқықтарының болуы тұрғысынан тексереді.
6. Шартты есепке алу Жүйеде 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша шартты есепке алу жөніндегі мәліметтерді немесе Шарт бойынша құқықтарды беруді есепке алу жөніндегі мәліметтерді толтыру арқылы жүзеге асырылады.
7. Шарт Үлгі нысанға сәйкес келмеген кезде, сондай-ақ тұрғын үй ғимаратындағы бір үлеске бұрын есепке қойылған шарт болған кезде жергілікті атқарушы орган Шартты есепке алудан бас тартады.
8. Шарт есепке қойылғаннан кейін жергілікті атқарушы орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті компанияны Жүйе арқылы Шартты есепке қою туралы хабардар етеді.
9. Шартты есептен шығару үшін уәкілетті компания үлескерге салынған тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) оның үлесін беру туралы шарт тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жүйе арқылы жергілікті атқарушы органдарға оның көшірмесін электрондық түрде жібереді.
10. Есептен шығаруды жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты есептен шығару туралы мәліметтерді толтыру арқылы жүзеге асырады.
11. Шартқа қосымша келісімдерді және талап құқықтарын қайта беру туралы шарттарды есепке алу және есептен шығару шартты есепке қою және есептен шығару рәсімдеріне ұқсас жүзеге асырылады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Шарттарды және Шартқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы шартқа қосымша келісімдерді есепке алу бойынша мәліметтер
Есепке алу № | Есепке алу күні | Қосымша келісімнің № және оны есепке алу күні | Мәліметтер (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және заңды/нақты мекенжайлар) | Құрылыс объектісі туралы мәліметтер (орналасқан жері, объектінің техникалық сипаттамасы) | Құрылысты бастау және аяқтау мерзімі туралы мәліметтер | ||
құрылыс салушы туралы | уәкілетті компания туралы | басталуы | аяқталуы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғысы
Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен жасалған шарт/ Үлескердің ақшасын тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсаты | Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың нөмірі және күні | Үлескер туралы мәліметтер (Т.А.Ә. (болған жағдайда) паспорт, жеке куәлік деректері) | Үлескердің үлесі туралы мәліметтер | Шарт бойынша құқықтарды басқаға беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәліметтер (нөмірі және күні) | Шартты бұзу/ есептен шығару (нөмірі, күні және негіздемесі) | |
үй-жайдың түрі, үй-жайдың алаңы, пәтердің қабаты, нөмірі және т.б.) | үлестің құны | |||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Шарт бойынша құқықтарды басқаға беруді есепке алу бойынша мәліметтер
Есепке алу № және күні | Есепке алу және есептен шығару № және күні | Есептен шығаруға жататын шарттың № және күні сәулет және қала құрылысы басқармасы есепке алу № және күні | Мәліметтер | Үлескер туралы мәліметтер (Т.А.Ә ., паспорт, жеке куәлік деректері) | Құрылыс объектісі туралы мәліметтер (орналасқан жері) | Құрылысты бастау және аяқтау мерзімі туралы мәліметтер | Ескертпе | ||
Құрылыс салушы туралы | Уәкілетті компания туралы | үй-жайдың түрі, үй-жайдың алаңы, пәтердің қабаты, нөмірі | үлестің құны | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты есептен шығару туралы мәліметтер
Есепке алу № және күні | Есептен шығаруға жататын шарттың № және күні сәулет және қала құрылысы басқармасы есепке алу № және күні | Мәліметтер | Үлескер туралы мәліметтер (Т.А.Ә., төлқұжат, жеке куәлік деректері) | Құрылыс объектісі туралы мәліметтер (орналасқан жері, объектінің техникалық сипаттамасы) қабаттылығы, алаңы) | Құрылысты бастау және аяқтау мерзімі туралы мәліметтер | Үлескердің үлесі туралы мәліметтер | Ескертпе | |||
Құрылыс салушы тралы | Уәкілетті компания туралы | басталуы | аяқталуы | Үй-жайдың түрі, үй-жайдың алаңы, пәтердің қабаты, нөмірі | Үлестің құны | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |