Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 № ҚР ДСМ-225/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 7-бабының 1-тармағына 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Пациенттің өміріне қауіп төнген жағдайда (жіті жүрек-тамыр және тыныс алу функцияларының жеткіліксіздігі) оны тасымалдау шұғыл стационарлық медициналық көмек көрсететін жақын жердегі медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесіне жүзеге асырылады";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттер 3 топқа бөлінеді:
бірінші топ (қызыл аймақ) – өміріне тікелей қауіп төнетін немесе нашарлау қаупі жоғары және шұғыл медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі;
екінші топ (сары аймақ) – өміріне әлеуетті қауіп төнетін немесе жағдайдың дамуымен өршуі мүмкін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі;
үшінші топ (жасыл аймақ) - өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп жоқ және емдеуге жатқызуды талап етпейтін пациенттің жай-күйі.";
38, 39, 40, 41, 42 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Облыстық және қалалық ЖМКС құрамына ЖМК станциясы, ЖМК кіші станциялары, ЖМК аудандық бөлімшелері және санитариялық авиация бөлімшелері кіреді.
39. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың ЖМКС құрамында ішкі істер органдары және өңірдегі төтенше жағдайлар қызметтерімен, ЖМК кіші станцияларымен, МСАК жанындағы ККМК бөлімшелерімен, медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерімен жедел байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген және емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыратын Сall – орталықтар (колл-орталықтар) құрылады.
40. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар және астананың ЖМКС шақыруларды қабылдау және өңдеу жөніндегі автоматтандырылған басқару жүйелерімен және навигациялық жүйелер арқылы санитариялық автокөлікке мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін жүйелермен, сондай-ақ абоненттермен диалогтарды компьютерлік жазу жүйесімен және қоңырау келіп түсетін телефон нөмірін автоматты анықтаушымен жабдықталады. Диалог жазбаларын сақтау кемінде 2 жыл жүзеге асырылады.
41. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың ЖМКС осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
42. Төтенше жағдай режимінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМКС:
1) "Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну қағидаларын, оның түрлері мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 608 қаулысына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10983 болып тіркелген) және "Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақытылы кешенді көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 919, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 819 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 688 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14387 болып тіркелген) сәйкес ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде әрекет етеді;
2) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларын жою жөніндегі ЖМК бригадаларын төтенше жағдай аймағына жібереді;
3) төтенше жағдайларды жою кезінде зардап шеккендерге емдеу-эвакуациялау іс-шараларын өткізеді;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер, медициналық көмек көрсету үшін жүгінген немесе жеткізілген оқиғалар мен жағдайлар, сондай-ақ алынған жарақаттан қайтыс болғандар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына шұғыл ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51-тармақтармен толықтырылсын:
"43. Зардап шеккендер саны 3 және одан да көп адам болатын төтенше оқиға кезінде төтенше жағдай орнына бірінші келген ЖМК бригадасы бірінші кезекте медициналық іріктеуді жүзеге асырады.
Медициналық іріктеу (триаж) нәтижелері бойынша ЖМК бригадасы зардап шеккендерді бұдан әрі көрсетілімдері бойынша медициналық ұйымдарға тасымалдаумен, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
44. Шұғыл медициналық көмек: "Базалық реанимация" - Basic Life Support (BLS), "Кеңейтілген жүрек - өкпе реанимациясы" - Advanced Cardiac Life Support (ACLS), "Педиатриядағы кеңейтілген жүрек - өкпе реанимациясы" - Pediatric Advanced Life Support (PALS), "Жарақаттар кезінде емдеуге дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету" - Prehospital Trauma Life Support (PHTLS) жедел және кезек күттірмейтін көмек көрсетудің халықаралық танылған стандарттарына оқытудан өткен мамандар көрсетеді. Облыстық және қалалық ЖЖМС базасында шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларының мамандарына практикалық дағдыларды пысықтау мақсатында симуляциялық кабинеттер ұйымдастырылады.
45. Ауыл халқына жедел медициналық көмек қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыстың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының шешімі бойынша жету қиын елді мекендерде (жол жабындыларының болмауы, таулы жер), медициналық көмекке қол жеткізуден алыс учаскелерде облыстық ЖМКС қосымша қосалқы станциялары (бөлімшелері) құрылуы мүмкін.
46. Медициналық персоналдың жедел жұмысын қамтамасыз ету, санитариялық автокөлік пен медициналық жабдықтарды ұтымды пайдалану мақсатында санитариялық автокөлік мынадай кластарға бөлінеді:
А клаcы: емдік-іс-шараларды жүргізуге және медицина персоналдарының алып жүруімен алдын ала болжам бойынша шұғыл емес пациенттерді тасымалдауға арналған санитариялық автокөлік;
В класы: дәрігерлік (фельдшерлік) бригадалар күшімен жедел медициналық көмектің емдеу іс-шараларын өткізуге, емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде пациенттерді тасымалдауға және жағдайына мониторинг жүргізуге арналған санитариялық автокөлік;
С класы: мамандандырылған бригаданың күшімен реанимациялық іс-шараларды және қарқынды терапияны жүргізуге, сондай-ақ пациенттерді санитариялық авиация желісі бойынша тасымалдауға арналған жедел медициналық көмек көлігі (реанимобиль).
47. Қажетті кластағы санитариялық автокөлік болмаған жағдайда бригаданың шығуы бар бос санитариялық автокөлік жүзеге асырады. Көшпелі бригада қажетті кластағы санитариялық автокөлік келгенге дейін емдеу іс-шараларын өткізуді жалғастырады немесе пациентті жақын жердегі стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тасымалдауды қамтамасыз етеді.
48. Санитариялық автокөлікті медициналық емес мақсатта пайдалануға рұқсат берілмейді. ЖМКС бірінші басшысы осы тармақтың сақталуын қамтамасыз етеді.
49. Санитариялық авиация бөлімшесі санитариялық автокөлік арқылы өңірлік және өңіраралық деңгейде медициналық қызметтер көрсетеді.
Санитариялық авиация бөлімшесінің санитариялық көлігін пайдалану негіздері:
пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция жасау үшін) білікті мамандарды жеткізу болып табылады;
мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін аудандық деңгейдегі медициналық ұйымнан қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі медициналық ұйымға пациентті(терді) тасымалдау;
әуе кемесінде жедел өтінімді орындау кезінде пациентті (терді) және санитариялық авиацияның мобильді бригадасын (САМБ) әуежай мен медициналық ұйым арасында санитариялық автокөлікпен тасымалдау;
ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және тіндерді кейіннен транспланттау үшін тиісті медициналық ұйымға жеткізу.
50. Санитариялық авиация бөлімшесінің диспетчері стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан медициналық қызметке өтінімді қабылдайды және санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігеріне береді.
51. Санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігері:
келіп түскен өтінімді, пациенттің медициналық құжаттамасын зерделейді;
медициналық қызметтің көлемін анықтайды;
пациенттің (тердің) патология бейініне сәйкес САМБ құрамын қалыптастырады;
кейіннен транспланттау үшін білікті мамандарды (САМБ), пациентті (терді), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және тіндерді, биоматериалдарды санитариялық автокөлікпен тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады.";
3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Биртанов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № ДСМ-113 бұйрыққа 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 3-қосымша |
"Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру"
1. Қабылдау бөлімшесі – пациенттерді шұғыл емдеуге жатқызуды жүзеге асырылатын медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Пациенттерді емдеуге жатқызу үшін бос кірме жолдар орнатылады және пациенттің медициналық көмек көрсетудің тиісті кезеңіне дейін қабылдау бөлімшесіне еркін қол жеткізуі (жеткізуі) қамтамасыз етіледі (табалдырықтың болмауы, бос лифтілер, ашық есіктер).
3. Бөлімшенің негізгі қызметтері:
тәуліктік режимде шұғыл медициналық көмек көрсету;
пациенттерге триаж-жүйе бойынша іріктеу жүргізу;
төтенше жағдайлар кезінде шұғыл қызметтермен байланысты ұстау және өзара іс-қимыл жасау;
пациенттердің жаппай түсуіне дайындықты қамтамасыз ету.
4. Қабылдау бөлімшесінің құрылымында:
1) тіркеу постары (тіркеу бөлімі - диспетчерлік);
2) пациенттерді байқауға арналған пост;
3) триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу нәтижелері ескерілген функционалдық сырғытқылары/кереуеттері бар қарау кабинеттері;
4) шұғыл операциялық араласуға арналған операциялық зал;
5) манипуляциялық бөлме;
6) науқастардың келіп түскен сәтінен бастап емдеуге жатқызуға көрсетілімдері және болжамды диагнозы анықталғанға дейін шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қысқа мерзімді болу палаталары (диагностикалық палаталар);
7) қарқынды терапия палатасы(лары) (бұдан әрі – ҚТП);
8) зертханалық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық диагностика жүргізуге арналған аймақтар;
9) амбулаториялық пациенттерді қарап-зерттеу аймағы;
10) инфекциялық ауруларға күмәнді адамдарға арналған изолятор ұйымдастырылады.
5. Қабылдау бөлімшесінде: іріктеу алаңы, сырғытқыларды орналастыруға арналған, еріп келген адамдардың пациентті күтуге арналған аймағы, қабылдау бөлімшесіне келіп түскен пациенттерді санитариялық өңдеу көзделеді.
6. Барлық қарап-тексеру аймақтары төсекаралық төбеге арналған шымылдықтар арқылы бір-бірінен бөлінген мобильдік функциялық сырғытқылармен/кереуеттермен жарақтандырылуы тиіс. Сырғытқылардың/кереуеттердің жанында мобильдік диагностикалық жабдық орналасқан.
7. Қабылдау бөлімшесінде зерттеп-қараудың зертханалық әдістеріне арналған мобильдік, жылжымалы, портативтік аппараттар, шағын автоматтандырылған гематологиялық талдауыштар, пациенттің жанында палатада жедел түрде диагностикалау жүргізу үшін несептің автоматтандырылған талдауыштары пайдаланылады.
8. ҚТП реанимациялық көмек көрсету үшін функционалдық сырғытқылармен/кереуеттермен, қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықталған.
9. Шұғыл түрдегі операциялық араласуға арналған операциялық зал кез-келген күрделі шұғыл операцияны өткізуге арналған медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықталады.
10. Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеуді жүргізу кезінде түстермен кодтау қолданылады. Іріктеу үшін қарап-тексеру, зерттеп-қарау, емдеу бойынша басымдыққа байланысты қызыл, сары және жасыл түстер қолданылады.
11. Зерттеп-қарауды талап етпейтін пациенттер жасыл аймаққа жіберіледі. Қабылдау бөлімінде зерттеп-қарау талап етілетін пациенттер сары аймаққа жіберіледі. Ауыр жағдайдағы пациенттер медициналық іріктеусіз және тіркеусіз тікелей қызыл аймаққа жіберіледі.
12. Қызыл аймақта алып жүретін адамдардың болуына рұқсат етілмейді.
13. Зерттеп-қарау және талдау үшін талап етілетін үлгілер (материалдар) пациенттің тұрған жерінде сары және қызыл аймақтарда алынады және персоналдың алып жүруімен тиісті бөлімшелерге жіберіледі.
14. Қабылдау бөлімінде биологиялық материалдарды пациенттердің және олардың жақындарының жеткізуіне жол берілмейді.
15. Егер пациент жүгінген немесе жеткізілген медициналық ұйымда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін барлық ресурстар болса, пациент басқа медициналық ұйымға жіберілмейді.
16. Өміріне қауіп төну жай-күйі бар пациенттер басқа медициналық ұйымға тасымалдауға жатпайды.
17. Пациент жіберілетін медициналық ұйым пациентті қабылдау және емдеуді кідіріссіз бастау үшін қажетті шараларды қабылдайды.
18. Егер іріктеу нәтижесінде жұқпалы инфекциялар немесе жіті қауіпті инфекциялар фактісі анықталған жағдайда пациентті бақылау және шұғыл көмек көрсету үшін қабылдау бөлімшесінің басқа үй-жайларынан оқшауланған арнайы бокстарға орналастырылады.
19. Боксқа кіру жеке қорғану құралдары орналасқан (бір реттік пайдалануға арналған киім, бір реттік пайдалануға арналған маска, қалпақ, бахиллалар) арнайы тамбур арқылы жүзеге асырылады. Бокста санитариялық тораппен санитариялық бөлме бар.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы №ДСМ-113 бұйрыққа 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 4-қосымша |
"Жедел медициналық көмек станциясындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі" Жиналмалы сөмкені жарақтандыру
АХЖ коды | Фармакологиялық топ/ ХПА | Дәрілік түрі | Өлшем бірлігі |
A | Асқазан жолы және зат алмасу | ||
A03 | АІЖ тарапынан болған функциялық бұзылуларды емдеу препараты | ||
A03A | Ішек қызметінің бұзылуы кезінде пайдаланылатын препарат | ||
A03AX | Ішек қызметінің бұзылулары кезінде пайдаланылатын басқа да препарат | ||
Платифиллин | 1 мл инъекцияға арналған препарат, 0,2% | ампула | |
A03B | Итжидек және оның туындылары | ||
A03BA | Инжидек алкалоидтары, үштік аминдер | ||
A03BA01 | Атропин сульфаты | 1 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
A03F | АІЖ моторикасын ынталандырғыштар | ||
A03FA01 | Метоклопрамид | 2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5% | ампула |
A07 | Диареяға қарсы, ішектік қабынуына қарсы және микробқа қарсы препарат | ||
A07ВА01 | Белсенді көмір | 250 мг таблетка | таблетка |
А07С | Көміртегімен электролиттер | ||
А07СА | Ауызға қолданылатын регидратациялық тұз | Ішке қабылдауға арналған ерітіндіні дайындайтын ұнтақ | пакет |
A11 | Дәрумендер | ||
A11D | B1 дәрумені және оны В6 дәруменімен бірге пайдалану | ||
A11DA | B1 дәрумені | ||
A11DA01 | Тиамин | 1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5% | ампула |
A11G | Аскорбин қышқылы (басқа да препараттармен бірге пайдалануды қоса алғанда) | ||
A11GA01 | Аскорбин қышқылы | 2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5% | ампула |
A11H | Басқа да дәрумендер | ||
A11HA02 | Пиридоксин | 1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5% | ампула |
B01AC | Тромбқа қарсы препараттар, тромбоциттер агрегациясының ингибиторлары (гепаринді қоспағанда) | ||
B01AC04 | Клопидогрел | Қабықпен қапталған 300 мг таблеткалар | таблетка |
B01AC24 | Тикагрелор | Қабыршақты қабықпен қапталған 90 мг таблеткалар | таблетка |
B | Қан түзу және қан | ||
B01 | Антикоагулянттар | ||
B01AB | Гепарин және оның туындылары | ||
B01AB01 | Натрий гепарині | 5000 БІР/мл 5 мл инъекцияға арналған ерітінді | құты |
B01AD | Ферментті препараттар | ||
B01AD02 | Алтеплаза | 50 мг венаішілік инфузияға арналған ерітінділерді дайындатын лиофильденген ұнтақ | құты |
B01AX | Басқа да антикоагулянттар | ||
B01AX05 | Натрий фондапаринуксы | 2,5 мг/0,5 мл тері астына және вена ішіне енгізуге арналған ерітінділер | шприц |
B02B | K дәрумені және басқа да қан тоқтатқыштар | ||
B02BX | Жүйелі падалануға арналған басқа да қан тоқтатын препараттар | ||
B02BX01 | Этамзилат | 2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 12,5% | ампула |
B05 | Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер | ||
B05A | Қан препараты | ||
B05AA | Қан плазмасы препараты және плазма алмастыратын препараттар | ||
B05AA05 | Декстран | 200 мл инфузияға арналған ерітінді, 10% | құты |
B05AA07 | Гидроксиэтилкрахмал (пентакрахмал) | 500 мл инфузияға арналған ерітінді, 10% | құты |
B05B | Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді | ||
B05BB | Су-электролитты теңгеріміне әсері бар ерітінділер | ||
B05BB01 | Натрий хлориді | 5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,9% | ампула |
B05C | Ирригациялық ерітінділер | ||
B05CB | Тұзды ерітінділер | ||
B05CB01 | Натрий хлориді | 200, 400 мл-ден инфузияға арналған ерітінді, 0,9% | құты |
B05CX | Басқа да ирригациялық ерітінділер | ||
B05CX01 | Декстроза | 200 мл 5% инфузияға арналған; 5 мл 5% инъекцияға арналған ерітінді | құты |
B05X | Вена ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қосындылар | ||
B05XA | Электролитті ерітінділер | ||
B05XA05 | Магний сульфаты | 5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 25% | ампула |
B05XA07 | Кальций хлориді | 5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 10% | ампула |
C | Жүрек қантамыр жүйесі | ||
C01 | Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар | ||
C01A | Жүрек гликозидтері | ||
C01AA | Жалбыз гликозидтері | ||
C01AA05 | Дигоксин | 0,25 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
C01B | I және III санатының аритмияға қарсы препараты | ||
С01ВВ | IВ санатының аритмияға қарсы препараты | ||
C01BD | III санатының аритмияға қарсы препараты | ||
C01BD01 | Амиодарон | 150 мг/3 мл венаішілік инъекцияға арналған ерітінділер | ампула |
C01C | Жүрек гликозидтерін қоспағанда кардиотониялық препарат | ||
C01CA | Адренергетиктер мен допаминомиметиктер | ||
C01CA04 | Допамин | 5 мл инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын концентрат, 4% | ампула |
C01CA07 | Добутамин | 250 мг инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын лиофилизат | ампула |
C01CA24 | Эпинефрин | 1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,18 % | ампула |
C01D | Жүрек ауруларын емдеуде пайдаланылатын шеткі тамыр кеңейткіштер | ||
C01DA | Органикалық нитраттар | ||
C01DA02 | Нитроглицерин | Мөлшерленген тіл асты аэрозолі 0,4 мг/доза 10г | құты |
C01DA08 | Изосорбид динитраты | 1 мг/мл 10 мл/аэрозоль инфузияға арналған ерітіндіні дайындатын концентрат | ампула/ құты |
C01E | Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар | ||
C02 | Антигипертензивті препараттар | ||
C02C | Перифериялық антиадренергиялық препараттар | ||
C02CA | Альфа-адреноблокаторлар | ||
C02CA06 | Антигипертензивті заттар, альфа - адреноблокаторлар (Урапидил) | 5 мг/мл 5 мл вена ішіне енгізуге арналған ерітінді | ампула |
C03 | Диуретиктер | ||
C03C | "Ілмек" диуретиктер | ||
C03CA | Сульфонамидті диуретиктер | ||
C03CA01 | Фуросемид | 2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1% | ампула |
C07 | Бета-адреноблокаторлар | ||
C07A | Бета-адреноблокаторлар | ||
C07AB | Селективті бета-адреноблокаторлар | ||
C07AB02 | Метопролол | 1 мг/мл 5 мл вена ішіне енгізуге арналған ерітінді | ампула |
C08 | Кальций каналдарының блокаторы | ||
C08C | Тамырларға айрықша әсер ететін кальций каналдарының селективті блокаторлары | ||
C08CA | Дигидропиридин туындылары | ||
C08CA05 | Нифедипин | қаптамамен қапталған 20 мг таблеткалар | таблетка |
C09 | Ренин-ангиотензивті жүйеге әсері бар препарат | ||
C09A | Ангиотензин-айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары | ||
C09AA01 | Каптоприл | 25 мг таблеткалар | таблетка |
C09AA02 | Эналаприл | 1,25 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді; 5мг;10мг;20 мг таблеткалар; | ампула /таблетка |
D | Дерматология | ||
D03 | Жарақаттар мен жараны емдеуге арналған препараттар | ||
D03A | Қалыпты тыртықтануға мүмкіндік беретін препараттар | ||
D03AX03 | Декспантенол | 117 г сыртқа пайдалануға арналған аэрозоль | құты |
D08 | Антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар | ||
D08AG | Йод препараттары | ||
D08AG03 | Йод | 20 мл спиртті ерітінді, 5% | құты |
D08AX | Басқа да антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар | ||
D08AX | Бриллиант жасылы | 20 мл спиртті ерітінді, 1% | құты |
D08AX01 | Су тетігінің асқын тотығы | 50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 3% | құты |
D08AX08 | Этанол | 50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 70% | құты |
H | Жыныс гормондары мен инсулинді қоспағанда жүйелі пайдалануға арналған гормондар | ||
H01 | Гипоталамус және гипофиз гормондары және олардың аналогтары | ||
H01B | Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары | ||
H01BB | Окситоцин және оның аналогтары | ||
H01BB02 | Окситоцин | 5 БІРЛ./мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
H02 | Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар | ||
H02A | Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар | ||
H02AB | Глюкокортикоидтар | ||
H02AB02 | Дексаметазон | 4 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
H02AB06 | Преднизолон | 30 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
M | Сүйек-бұлшықет жүйесі | ||
M01 | Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар | ||
M01A | Стероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар | ||
M01AE | Пропион қышқылының туындылары | ||
M01AE01 | Ибупрофен | 100 мг/5 мл 100 мл ішке қабылдауға арналған суспензия | құты |
M01AE03 | Кетопрофен | 100 мг/2 мл инъекцияға арналған ерітінді; қаптамамен қапталған 100 мг таблетка; 50 мг капсула; | ампула/таблетка |
M03 | Миорелаксанттар | ||
M03A | Шетке әсер ететін миорелаксанттар | ||
M03AB | Холин туындылары | ||
M03AB01 | Суксаметоний хлориді | 0,1 г/5 мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
N | Жүйке жүйесі | ||
N01 | Анестетиктер | ||
N01A | Жалпы жансыздандыруға арналған препарат | ||
N01AH | Апиындық анальгетиктер | ||
N01AH01 | Фентанил | 2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,005% | ампула |
N01AX | Жалпы жансыздандыруға арналған басқа да препарат | ||
N01AX10 | Профол | 1 мг/мл 20 мл тамыр ішіне енгізуге арналған эмульсия | ампула |
N01B | Жергілікті жансыздандыруға арналған препараттар | ||
N01BA | Аминобензол қышқылы эфирлері | ||
N01BA02 | Прокаин | 5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5% | ампула |
N01BB | Амидтер | ||
N01BB02 | Лидокаин | 2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2% | ампула |
N02 | Анальгетиктер | ||
N02A | Апиындар | ||
N02AA | Апиынның табиғи алкалоидтары | ||
N02AA01 | Морфин | 1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1% | ампула |
N02AB | Фенилпиперидин туындылары | ||
N02AB | Тримеперидин | 1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2% | ампула |
N02AX | Басқа да апиындар | ||
N02AX02 | Трамадол | 2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5 % | ампула |
N02B | Анальгетиктер және антипиретиктер | ||
N02BA | Салицил қышқылы және оның туындылары | ||
N02BA01 | Ацетилсалицил қышқылы | таблетка, 500 мг | таблетка |
N02BE | Анилидтер | ||
N02BE01 | Парацетамол | 500 мг таблетка; 80 мг тік ішек суппозиториилері, 100 мг,250 мг, ішке қабылдауға арналған суспензия 120 мг/5 мл 100 мл | таблетка/суппозитории /суспензия |
N03 | Эпилепсияға қарсы препараттар | ||
N03AG | Май қышқылдарының туындылары | ||
N03AG01 | Вальпров қышқылы | 100 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
N05 | Психолептиктер | ||
N05B | Анксиолитиктер | ||
N05BA | Бензодиазепин туындылары | ||
N05BA01 | Диазепам | 5 мг/мл 2 мл бұлшықет және вена ішілік инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
R | Тыныс алу жүйесі | ||
R03 | Бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар | ||
R03A | Тамақты булауда қолдануға арналған симпатомиметиктер | ||
R03AC | Селективті бета-2-адреномиметиктер | ||
R03AC02 | Сальбутамол | 100 мкг/мөл. 200 мөл.тамақты булауға арналған аэрозоль | құты |
R03AK | Антихолинергиялық препараттарды қоспағанда кортикостероидтармен немесе басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланылатын симпатомиметиктер | ||
R03AK03 | Демікпеге қарсы заттар, демікпеге қарсы басқа да заттармен бірлесіп қолданлатын адренергиялық заттар (тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланатын фенотерол) | 20 мл булауға арналған ерітінді | құты |
R03B | Бронх демікпесін емдеуге арналған тамақты булауда пайдаланылатын басқа да препараттар | ||
R03BА | Глюкокортикоидтар | ||
R03BА02 | Будесонид | Тамақты булауға арналған мөлшерленген суспензия | құты |
R03D | Жүйелі пайдалануға арналған бронх демікпесін емдейтін басқа да препараттар | ||
R03DA | Ксантин туындылары | ||
R03DA05 | Аминофиллин | 5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2,4% | ампула |
R06 | Жүйелі пайдалануға арналған антигистаминді препараттар | ||
R06AA | Аминоалкильді эфирлер | ||
R06AA02 | Дифенгидрамин | 1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1% | ампула |
R06AC | Этилендиамин алмастырғыштар | ||
R06AC03 | Хлоропирамин | 20 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
R07 | Тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар | ||
R07AB | Аммиак | 20 мл, 40 мл ерітінді, 10% | құты |
V | Басқа да препараттар | ||
V03 | Басқа да әртүрлі препараттар | ||
V03AB | Антидоттар | ||
V03AB06 | Натрий тиосульфаты | 10 мл инъекцияға арналған ерітінді, 30% | ампула |
V03 АВ15 | Налоксон | 0,04% инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
Медициналық бұйымдар
№ | ММБ атауы | Санитариялық көлік үшін | ||
А класы | В класы | С класы | ||
1 | Фонарь | + | + | + |
2 | Байланыс құралы (рация) | + | + | + |
3 | Өрт сөндіргіш | + | + | + |
4 | Медициналық құжаттама (пациент туралы ақпаратты берудің есептік нысандары) | + | + | + |
5 | Матаны қиюға арналған қайшы | + | + | + |
6 | Автоматты қыстырғышы бар қысатын жгут | + | + | + |
7 | Бір реттік пайдаланылатын шприцтер 2,0; 5,0; 10,0; 20,0 | + | + | + |
8 | Венаішілік енгізуге арналған бір реттік пайдаланылатын система | + | + | + |
9 | Стерильденбеген қолғаптар | + | + | + |
10 | Стерильденген қолғаптар | + | + | + |
11 | Терапиялық жарық шпатель | + | + | + |
12 | Бір реттік пайдаланылатын маскалар | + | + | + |
13 | Бұластыр | + | + | + |
14 | Сантиметрлік таспа | + | + | + |
15 | Стетоскоп | + | + | + |
16 | Фонедоскоп | + | + | + |
17 | Тонометр | + | + | + |
18 | Дене қызуын анықтауға арналған электрондық термометр | + | + | + |
19 | Триаждау/іріктеу кезінде пациенттерге арналған ұяшықтар | + | + | |
20 | Несептік катетер | + | + | + |
21 | Медициналық көмектің жиналмалы сөмкесі | + | + | + |
22 | Бір реттік пайдаланылатын ақжайма | + | + | + |
23 | Медициналық кленка – 1 метр | + | + | + |
24 | Катетері бар, бір реттік пайдаланылатын, стерильденген венаішілік канюля (өлшемі 16, 18, 20, 22, 24) | + | + | + |
25 | Бір реттік пайдаланылатын, стерильденген көбелек тәріздес ине 23,24 | + | + | + |
26 | Спиртті мақта және/немесе салфеткалар (саны қажеттілік бойынша) | + | + | + |
27 | Дезинфекциялаушы затқа малынған майлықтар | + | + | + |
28 | Несептегі ақуызды анықтауға арналған тест-жолақшалар | + | + | |
29 | Ларингеальді бетперде | + | ||
30 | Ауа жібергіштер жиынтығы | + | + | + |
31 | Ересектер мен балаларға арналған бір реттік пайдаланылатын оттекті маскалар | + | + | + |
32 | Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған кеуекті сүйектерді канюляциялау жиынтығы (шприц – пистолет немесе дәрілік препараттарды сүйек ішіне енгізу жүйесі бар сүйек ішіне енгізуге арналған канюляны орналастырудың басқа да құрылғылары) | + | ||
33 | Эндотрахеальдық түтіктер | + | + | |
34 | Ауызкергіш | + | + | |
35 | Тілқышқыш | + | + | |
36 | Коникотомиялық жиынтық | + | + | |
37 | ЭКГ жасауға арналған жағылатын гель | + | + | + |
38 | Дәкелер (стерильденген, стерильденбеген) | + | + | + |
39 | Қан тоқтатқыш жгут | + | + | + |
40 | Хладоэлемент (спорттық және бұқаралық іс-шараларға қызмет көрсету үшін) | + | ||
41 | Анатомиялық пинцет | + | + | |
42 | Таңу материалына арналған қайшы | + | + | + |
43 | Қатты және (немесе) пневматикалық және (немесе) ваккумды шиналардың жиынтығы (балалар мен ересектерге арналған). Иммобилизациялайтын жағалар жиынтығы. | + | + | |
44 | Жиынтықтағы босандыру пакеті (акушерлік жиынтық, кіндікке салуға арналған қапсырма) | + | + | |
45 | Термо көрпе | + | + | |
46 | Құсық массасына арналған пакет | + | + | + |
47 | Жиынықтағы 1 типті обаға қарсы костюм (бір реттік) | + | + | + |
48 | А класының қалдықтарына арналған пакет | + | + | + |
49 | Б класының қалдықтарына арналған пакет | + | + | + |
50 | Өткір құралдарды жинауға арналған В класының сыйымдылық контейнері (қауіпті қалдықтар) (бір реттік) 250мл | + | + | + |
51 | Жанэ бір реттік пайдаланылатын шприці | + | + | + |
52 | Бір реттік пайдалануға арналған барлық өлшемдердегі асқазан сүңгісі | + | + | + |
53* | Базалық жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуге арналған аппаратураның чемодандағы немесе рюкзактағы жиынтығы (қосымша оксигенацияны қосу мүмкіндігі бар тыныс алу қапшығы (қаптар) немесе ересектердің, 1 жастан асқан балалардың өкпесіне жасанды желдету жүргізуге арналған ӨЖЖ Автоматты аппараты; механикалық жетегі және аспаптар жиынтығымен оттегі көзі бар аспиратор) | + | ||
54* | Ересектер мен 1 жастан бастап балаларға арналған оттегі көзі бар көлік платформасында орналасқан, өкпені жасанды және қосалқы желдету режимдері бар жедел медициналық көмекке арналған өкпені портативті басқаратын және қосалқы жасанды желдету аппараты; оттегі көздерін ауыстырып қосу кезінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін жұмыс газына арналған кемінде екі кірісі бар; оттегі ингаляциясына арналған жүйе жиынтығы маска мен түтікше (ересектер мен балалар); бір рет қолданылатын тыныс алу контурына арналған сүзгіштер жиынтығы (балалар мен ересектер) | + | ||
55* | Ересектер мен 1 жастан бастап балаларға арналған оттегі көзі бар көлік платформасында орналасқан, өкпені жасанды және қосымша желдету режимдері бар жедел медициналық көмекке арналған өкпені портативті басқарылатын және қосымша жасанды желдету аппараты; оттегі көздерін ауыстырып қосу кезінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін жұмыс газына арналған кемінде екі кірісі бар; оттегі ингаляциясына арналған жүйе жиынтығы маска мен түтікше (ересектер мен балалар), тыныс алу Контурына арналған сүзгілердің жиынтығы бір реттік (балалар мен ересектер), кіріктірілген немесе сыртқы волюметриялық блок | + | ||
56* | Ересектер мен балаларға арналған электродтары бар, дыбыстық кеңестерімен дербес қоректенуі бар герметикалық соққыға төзімді корпуста автоматты сыртқы дефибриллятор | + | ||
57* | Көліктік дефибриллятор-монитор | + | + | |
58 | Электрокардиограф | + | + | |
59 | Автоматты режимі бар үш арналы электрокардиограф (дисплейдің болуы, 12 бұрылыстың синхрондық жазбасы, үш бұрылыстан немесе одан да көп графикалық бейнеленуі, электрокардиограмманы кейіннен сигналды қосымша өңдей отырып, компьютерге қосу мүмкіндігімен жаңғырту) | + | ||
60* | Көліктік реанимациялық-анестезиологиялық монитор (3-ші бөлікте ЭКГ мониторингілеу; артериялық қысымды, капнометрияны, пульсоксиметрияны, температураны инвазивті емес өлшеу функцияларымен; деректерді компьютерге көшіру мүмкіндігімен қоса орнатылған принтермен) | + | ||
61 | Жүрек-өкпе реанимациясына арналған электромеханикалық аспап | + | ||
62 | Ересек және балалар датчиктерімен жиынтықта көліктік портативті пульсоксиметр | + | + | + |
63* | Көліктік электр сорғыш | + | + | |
64 | Пациенттерді бекітуге арналған жұлын тақтасын, алмалы-салмалы аспаптар үстелін, ересек және педиатриялық белдіктерді орналастыруға арналған қуысы бар арба-сырғытқы | + | ||
65 | Жұлын тақтасын орналастыруға арналған қуысы бар, алмалы-салмалы құрал үстелімен, ересек және педиатриялық белдіктермен пациенттерді бекітуге арналған, көктамыр ішіне инфузия жүргізуге арналған телескопиялық штативі бар арба-сырғытқы | + | ||
66 | Жұлын тақтасын орналастыруға арналған орны, алмалы-салмалы аспаптар үстелі, ересектердің белдіктері және пациенттерді бекітуге арналған педиатриялық, интубация жүргізуге арналған реттелетін көктамыр ішіне инфузия жүргізуге арналған телескопиялық штатив, электримпульстік терапия жүргізуге арналған диэлектрлік материалдан жасалған төсемі бар сырғытқы - арба | + | ||
67 | Тасымалдауға арналған кемінде төрт жұп қаламы бар, науқасты бекітуге арналған арқандары (белдіктері) бар, науқасты отыратын жағдайда тасымалдауға арналған қақпақтары бар санитариялық қаңқасыз зембілдер (өлшемі 170 см х 70 см кем емес) | + | + | + |
68 | Тест-жолақтар, скарификаторлар жиынтығы бар портативті қандағы глюкоза концентрациясының экспресс-өлшеуіші | + | + | |
69 | Рентген сәулелері мен магниттік өрістер үшін өтетін, көлемі 182 см х 40,5 см кем емес, 4 деңгейдегі бекіткіш белдіктері бар басын бекітуге арналған құрылғысы бар жұлын қалқаны | + | + | |
70* | Жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған чемоданда немесе рюкзактағы реанимациялық жиынтық | + | + | |
71 | Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған күйікке қарсы жиынтық (стерильдеген күйікке қарсы таңғыштар, Термо көрпе, күйікке қарсы жергілікті қолдану құралдары (гель, аэрозоль) | + | + | |
72 | Еденге орнату және зембілдерге бекіту мүмкіндігі бар құймаларға арналған жиналмалы штатив | + | + | |
73 | Портативті компрессорлық небулайзер (ингалятор) | + | + | |
74* | Өкпені жасанды желдету аппаратын қосу мүмкіндігі бар оттекті (оттегі-ауа) және аэрозольды терапия жүргізуді қамтамасыз етуге арналған оттегі көлемі 2 л кем емес екі газды оттекті баллонынан кем емес редуктор-ингалятор | + | + | + |
75* | Вентилі 2 данадан кем емес, баллонға редукторы бар оттегіге немесе газ тұндырғыш аппаратураның пневможектендірілуін қамтамасыз ететін оттегінің өзге көзіне арналған көлемі 10 л газ баллоны | + | + | |
76 | Инфузиялық ерітінділердің температурасын автоматты ұстап тұратын 6 құтыға термооқшаулағыш контейнер немесе 12 құтыға бір контейнерге | + | + | |
77 | Вакуумды матрас (қажет болған кезде) | + | + | |
78 | Шокқа қарсы костюм | + |
*- бұйымды санитариялық автокөлік қабырғасына орналастыруды қамтамасыз ететін өндіруші зауыт әзірлеген бекіткіші болуы тиіс. Зарядтау қажеттілігі бар электр бұйымдары үшін - санитариялық автокөлік қабырғасындағы зарядтау үшін бекітпеге орнатылған ажыратқыш.