"Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 821 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 тамызда № 19222 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кодтарында:

      реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

36

ҚР ҚМ МКК Ақтөбе облысы бойынша МКД Ақтөбе қаласының Астана ауданы бойынша МКБ

0618

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 36-1-жолмен толықтырылсын:

      "

36-1

ҚР ҚМ МКК Ақтөбе облысы бойынша МКД Ақтөбе қаласының Алматы ауданы бойынша МКБ

0619

  ";

      реттік нөмірі 74-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

74

ҚР ҚМ МКК Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД Алтай қаласы – Алтай ауданы бойынша МКБ

1813

  ";

      реттік нөмірі 102-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

102

ҚР ҚМ МКК Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД Бәйтерек ауданы бойынша МКБ

2707

  ";

      реттік нөмірі 114-жол алынып тасталсын;

      реттік нөмірі 216-9-жол алынып тасталсын;

      реттік нөмірі 232, 233, 234, 235, 236 және 237-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

232

ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД

6201

233

ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД Алматы ауданы бойынша МКБ

6202

234

ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД Сарыарқа ауданы бойынша МКБ

6203

235

ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД Есіл ауданы бойынша МКБ

6205

236

ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД "Астана – жаңа қала" МКБ

6206

237

ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД Байқоңыр ауданы бойынша МКБ

6207

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Қаржы министрі