"Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 147 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 5 тамыздағы № 618 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 тамызда № 19195 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10709 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
Б. Камалиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      2019 жылғы "__" ___________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      2019 жылғы "__" ___________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      2019 жылғы "__" ___________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушының
2019 жылы 5 тамыздағы
№ 618 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 147 бұйрығымен
бекітілген

Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) авариялық жағдай - авариялық жағдай – кеменің апатқа ұшырауына әкеп соққан және оның теңізде жүзу қасиеттерінен ішінара немесе толық айырылуына (жоғалтуына) алып келген, кеменің басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарын, жағалау құрылысжайын зақымдауына, кеменің сүйретіп жүзу объектісін жоғалтуына немесе зақымдауына, адамның қаза болуына немесе денсаулығына зиян келуіне, кемеден адамның жоғалуына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келуіне алып келген, кемемен болған оқиға;

      2) навигациялық қауіпсіздік - навигациялық картаның және жүзуге арналған оқу құралының жеткіліктілігі мен дәлдігінің дәрежесі, навигациялық жабдық құралдарының штаттық орнынан ауысуы және олардың сипаттамаларының өзгеруі туралы навигациялық жедел ақпараттың уақтылығы, жүзу ауданын гидрографиялық қамтамасыз етудің толықтығы мен сенімділігі, радионавигациялық құралдар сипаттамасының тұрақтылығы, ауа райы жағдайын болжау сапасы, жүзудің қауіпсіз жолдары туралы ұсынымдар және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да факторлар;

      3) пайдаланылу шектеулері - авариялық жағдайдың нәтижесінде пайда болған техникалық жай-күйі деңгейінің төмендеуін және/немесе теңізде жүзу сапасының нашарлауын, жабдықтауда кемшіліктердің пайда болуын, жабдықтаудың толық болмауын ескере отырып, кемені пайдалану кезеңінде уәкілетті орган белгілеген белгілі бір талаптарды алып тастау;

      4) порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі – ТПӘ) – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;

      5) сюрвейер – кемелер мен жүктерді тексерумен айналысатын және олардың жай-күйі, авариялық жағдай кезінде бұзушылықтардың мөлшері туралы, кеменің теңізде жүзуі туралы қорытындыны беретін сарапшы;

      6) теңізде жүзу сапасы - кеменің беріктілігіне, орнықтылығына, жүзушілігіне және батпаушылығына қойылатын талаптар жиынтығы;

      7) тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл – авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыратын және үйлестіретін уәкілетті органның лауазымды адамы;

      8) уәкілетті орган - сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      9) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті.

      3. Тергеп-тексерудің мақсаттары себептерді және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, авариялық жағдайды болашақта болғызбау және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

      4. Халықаралық суларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық суларында шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелермен болған авариялық жағдайлар осы Қағидаларында айқындалған тәртіппен міндетті тергеп-тексеруге жатады.

      5. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштерінің және шекара қызметінің теңіз бөлімдерінің туын көтеріп жүзетін кемелерге қолданылмайды.

      6. Авариялық жағдайлар:

      1) елеулі авария;

      2) авария;

      3) оқыс оқиға болып жіктеледі.

      7. Ауыр оқиға мынадай авариялық жағдайларды қамтиды:

      1) кеменің қирауы;

      2) кемені тікелей пайдаланған кезінде екі адамның өлімі немесе екіден аса;

      3) сүйреткіш кеменің немесе сүйреткіш кеменің басқа жүзу объектісінің қирауы;

      4) қоршаған ортаға қатты зиян келтіру, соның ішінде мұнай немесе мұнай өнімдерінің 250 тоннадан бастап және жоғары көлемінің төгілуі;

      Аварияға мыналар жатады:

      1) кемені тікелей пайдаланған кезде орын алған адамның өлімі;

      2) кемені тікелей пайдаланған кезде адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру;

      3) кемеден адамның жоғалуы;

      4) кеменің зақымдануы (теңізде жүзу сапаларын жоғалу және/немесе пайдалану шектеулердің болуына байланысты өндірістік қызметіне кедергі жасау);

      5) кеменің жүзу қасиеттерін жоғалуына келтірген кемемен тасымалданатын жүктердің орнын ауыстыру және/немесе кеме жүзетін жүктің физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі, соның нәтижесінде кеменің теңіз деңгейінің жоғалуы;

      6) қайраңға тұру және қайраңда 24 сағаттан аса тұруы;

      7) қыры винтке (винтке) немесе рульге аулауға арналған торға орау жағдайын(балық аулау жабдықтары, траллдар) қоспағанда кеменің қозғалыс мүмкіншілігінен 24 сағаттан аса айыру;

      8) кеменің, басқа кеменің немесе жеке тұлғаның немесе кеме қатынасының қауіпсіздігіне қауіпті кемемен теңіз инфрақұрылымының объектілерін зақымдау;

      9) қоршаған ортаға елеулі немесе болжамды зиян келтіру, соның ішінде мұнай немесе мұнай өнімдерінің 10 тоннадан бастап 250 тоннаға дейін мұнайдың төгілуі.

      Оқыс оқиғаға мыналар жатады:

      1) жүзу қасиеттерін жоғалтусыз кеменің зақымдануы;

      2) қайраңға тұру және қайраңда 24 сағат және одан кем уақыт тұруы;

      3) кеменің жүзу қасиеттерін жоғалуына келтірмеген тасымалданатын жүктердің орнын ауыстыру;

      4) кеменің 24 сағат немесе одан кем уақытқа қозғалыссыз қалуы;

      5) кеменің сылуына байланысты қоршаған ортаға зиян келтіру, соның ішінде төтенше жағдайға жататын деңгейден төмен мұнай немесе мұнай өнімдерінің төгілуі.

      8. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру дәлелдемелер жинақтау мен талдау, себептерін анықтау, тиісті ұсыныстар дайындау болашақта осындай апаттардың алдын алу және теңізде жүзудің қауіпсіздік деңгейін арттыру, оның ішінде қызметкерлерді оқытуды қамтиды.

      9. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық жағдайларды тергеп-тексеруді жеке және басқа да мемлекеттік органдар жүргізетін басқа тергеп-тексеру түрлеріне қарамастан жүргізеді.

      10. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру кеменің, кез келген адамның немесе қоршаған ортаның қауіпсіздігіне зиян келтіру ниетімен жасалған әрекетті немесе әрекетсіздікті тергеп-тексеруді қамтымайды.

      11. Уәкілетті орган авария мен елеулі аварияны тергеп-тексеру органы болып табылады.

      Авария мен елеулі аварияны тергеп-тексеруді уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады.

      Авария мен елеулі аварияны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия) құрамына уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылатын тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, кеме иелері және мүдделі тұлғалар кіреді.

      Оқыс оқиғаларды кеме иелері 20 жұмыс күннің ішінде тергеп-тексереді. Тергеп-тексерудің қорытындысы бойынша кеме иелері материалдарды 5 жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органға және ТПӘ ұсынады.

      12. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің төрағалық етуімен жүргізіледі.

      13. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға нысанға сәйкес тергеп-тексеру жөніндегі уәкілде авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге өкілеттік беретін авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің куәлігі бар.

2-тарау. Авариялық жағдай туралы хабарлама

      14. Кеме капитаны шұғыл түрде орын алған авариялық жағдай туралы:

      1) кеме иесіне;

      2) ең жақын теңіз порттың капитанына;

      3) ТПӘ-ге хабарлайды.

      Авариялық жағдай шет мемлекеттің ішкі суларда, аумақтық суларда, балық аулайтын аймақтарда және ортақ су кеңістігінде болған жағдайда Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін кеме капитаны болған оқиға туралы ең жақын порттың теңіз әкімшілігіне немесе теңіз портына хабарлайды.

      15. ТПӘ, кеме иесі, теңіз портының капитаны хабарлама алғаннан кейін шұғыл арада әр авариялық жағдай туралы бар ақпаратты (хабарламаны) уәкілетті органға, ішкі істер органдардың аумақтық бөлімшелеріне және көлік прокуратурасына жолдайды.

      16. Авариялық жағдай туралы хабарлама мынадай деректерді қамтиды:

      1) кеменің атауы, Халықаралық теңіз ұйымының (бұдан әрі – ХТҰ) сәйкестендіру нөмірі, типі (сериясы), кемені тіркеудің теңіз порты (орны). Мұздан болған авариялық жағдай кезінде корпустың мұзға қарсы күшейтілуінің нақты санатын көрсету;

      2) кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      3) кеме иесі және оның ХТҰ нөмірі (болған жағдайда), мекен-жайы, телефоны;

      4) күні, авариялық жағдайдың уақыты; авариялық жағдайдың орны (айлақ, бұғаз, шығанақ, рейд, ішкі сулар, аумақтық сулар, балық аулайтын аймақтар, ортақ су кеңістігі);

      5) авариялық жағдайдың қысқаша сипаттамасы;

      6) ауыр дене зақымын алғандардың және/немесе қайтыс болған адамдардың саны;

      7) кеменің зақымдануы және қоршаған ортаға келтірген зиян;

      8) авариялық жағдайға қатысы бар кемелердің сәйкестендіру деректер.

      17. Авариялық жағдайды тіркеу авариялық жағдай туралы өтінішті және техникалық актіні алған кезде ТПӘ-нің лауазымды адамы жүзеге асырады.

3-тарау. Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру тәртібі

      18. Осы Қағидалары 7-тармағының бірінші және екінші бөліктермен белгіленген авария мен елеулі аварияның белгілері бар авариялық жағдай туралы хабарламаны алғаннан кейін Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия оқиға болған орынды қарап тексеру, қатысқан тұлғалардан сұрау алу және авариялық жағдайдың түрін жіктеуге қажетті басқа негізгі іс-шараларды жүргізу мақсатында оқиға болған орынға жедел түрде шығады.

      Оқиға болған орын Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қарап тексеруіне дейін өзгеріссіз қалады. Егер бұл талапты конструкция қатты бүлінгеннен кейін маңызды және кезек күттірмейтін жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты мүмкін болмағанда, дәлелдемелерді сақтау және болған жағдайды анықтау мүмкіндігін табу мақсатында оқиға болған орын бойынша ТПӘ маманы фотосурет, аудио мен бейнежазба арқылы құжат ресімдейді, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың орналасқан жері, жабдықтың жай-күйі мен орналасқан жері, бастықтардың нұсқауы, жұмыстарды орындауға рұқсаттар бойынша хаттама жасалады. Зақымдалған немесе істен шыққан компоненттер кейбір бір негізгі заттарға егжей-тегжейлі ғылыми сараптама жүргізуді тағайындай алатын Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның келуіне дейін қауіпсіз жерде сақталады. Мұндай заттар таңбаланады.

      Оқиғаға қатысы бар компания Тергеп-тексеру жөніндегі комиссиямен байланыста болу және оған қажетті ақпаратты жинауға көмектесу үшін үйлестірушіні тағайындайды.

      19. Уәкілетті органның лауазымды адамы авариялық жағдайды тергеп-тексеру барысында авариялық жағдайға қатысы бар адамдардан және куәгерлерден сұрау алады.

      Авариялық жағдайға қатысы бар адамдар мен куәгерлерден сұрау алынған кезде сұрау алу хаттамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      Қосымша жағдайларды анықтау қажеттілігі болған кезде авариялық жағдайға қатысты адамдар мен куәгерлермен сұрау өткізу туралы кеме иесіне немесе кеме капитанына хабарланады. Егер сұралуға тиісті адам тергеу органы орналасқан жерде болмаса, тергеу органының жеке тапсырмасы бойынша сұрау алу осы адамның немесе куәгердің тұрған жері бойынша осындай тиісті тергеу органында жүргізіледі. Егер сұралатын адам сұрау жүргізілетін тілді меңгермесе, онда аудармашы шақырылады, оның қатысқаны туралы хаттамада көрсетіледі.

      20. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия бастапқы іс-шараларды жүргізу нәтижелері бойынша авариялық жағдайдың түрін жіктей отырып, мынадай деректерді қамтитын акт жасайды:

      1) Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы;

      2) авариялық жағдайдың күні, уақыты және орны (порт, пирстер, борты, бухты, рейдтер, ішкі сулар, аумақтық сулар, балық аулайтын аймақтар, ортақ су кеңістігі);

      3) авариялық жағдай орын алған кеме туралы мәлімет (кеменің атауы, туы, ХТҰ нөмірі, тіркеу орны мен тіркеу нөмірінің порты (орны), құрылыс орны мен жылы;

      4) кеменің сынған жерлерінің сипаттамасы (бар болса);

      5) 16 жасқа толмаған балалардың (егер бар болса) санын көрсете отырып, зардап шеккен адамдардың саны туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, азаматтығы);

      6) авариялық жағдайдың түрі.

      21. Елеулі авария мен аварияны тергеп-тексеруді Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия уәкілетті органның басшысымен бекітілген тергеп-тексеруді жүгрізу туралы бұйрық шыққан сәтінен бастап 15 жұмыс күннің ішінде жүргізеді.

      22. Кеме капитаны кеме немесе оның экипажы бірінші қазақстандық портқа келгеннен кейін үш тәулік ішінде Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жағдайды, авариялық жағдайдың себептерін, салдары мен қатысқан тұлғаларды көрсете отырып, еркін нысанда жазылатын авариялық жағдай туралы толық есеп;

      2) кеме құжаттардан үзінді көшірмелер;

      3) авариялық жағдайға қатысы бар адамдардың және куәгерлердің түсініктемелері;

      4) қажет болған жағдайда – өздігінен жазатын ленталар, мағынасын ашу, қатынас жолмен жол жүру картасы;

      5) маневрлік схемасы;

      6) зақымдану схемалары мен сызбалары;

      7) жіктеу қоғамының немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі - Кеме қатынасының тіркелімі) қызметкерлерінің техникалық қарап тексеру актісі;

      8) су асты жүзуді тексеру және/немесе айлақ тексеру;

      9) зақымданған жерлердің фотосуреттері;

      10) жөндеу жұмыстарының алдын-ала калькуляциясы;

      11) авариялық зақымдарды жоюды жүзеге асырған мамандандырылған ұйымдардың шоттары;

      12) еркін нысанда жазылатын авариялық жағдайға байланысты кемені кезектен тыс куәландыру акттары;

      13) мынадай ақпаратты қамтитын кеме иесінің қолы қойылған авариялық жағдай шығындарының көлемі туралы анықтама:

      кеменің аты, кеме иесінің атауы;

      авариялық жағдайдың күні мен орны;

      авариялық жағдайға келтірілген залалдың жалпы сомасы (теңгемен мың бір оннан ондығына тең);

      кеменің теңізде жүзу қасиеттерін қалпына келтіру үшін авариялық зақымдарды жойю құны;

      құтқару операцияларының құнын және/немесе авариялық кемені сүйреу және/немесе оны қолдауға арналған құны;

      авариялық жағдайдың нәтижесінде жоғалған жүктердің құны және/немесе оның зақымдануынан болған шығын, орнын ауыстыру, қайта жүктеу шығындары;

      кемелерді куәландыру мен түрін жіктеуге уәкілетті ұйымның кезектен тыс куәландыру актісі және кемелерді куәландыру мен түрін жіктеуге уәкілетті ұйымы берген куәландырудың басқа да түрлерінің актілері (егер Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияға осы Қағидалардың тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, кеменің капитаны дербес немесе тәуелсіз сюрвейердің көмегі арқылы авариялық жағдай кезіндегі шығындардың шамамен алынған есептерін жасайды және ұсынады);

      14) авариялық жағдай орын алған тейстың навигациялық жолын көрсетілген навигациялық картаның көшірмелері;

      15) рейс (ПРД) туралы деректерді жазуға арналған кеме құралының немесе рейс туралы (У-ПРД) (егер бар болса) деректерді жазуға арналған кеменің жеңілдетілген құралының деректері;

      16) авариялық жағдай болған кемені түрін жіктелген және куәландырылған кемелерді жіктеу мен куәландыруға уәкілетті ұйымның кеме мөрімен (егер бар болса) куәландырылған актілерінің көшірмелері;

      17) кемеде жүргізілетін журналдарды қоспағанда кеме мөрімен (егер бар болса) куәландырылған кеме құжаттарының көшірмелері;

      18) кеме мөрімен (егер бар болса) куәландырылған кеменің маневрлік элементтер кестесінің көшірмесі;

      19) сүйрету арқандарын орнату схемалары;

      20) кемені қарап тексеру актілері;

      21) зертханалық талдау мен техникалық сараптамалардың нәтижелері;

      22) авариялық жағдайға байланысты қағаз немесе электрондық тасымалдағышта (jpg немесе pdf форматындағы файлдар) фотосуреттер, соның ішінде авариялық жағдай орын алған сәттен бастап жиналған деректермен бірге навигациялық құралдардың экрандарынан алынған фотосуреттер; (немесе эхолот, GPS, радар және т.б. тасымалдағыштардың экрандарынан алынған ақпарат);

      23) оқиға болған кезде ауа-райының нақты жағдайы және болжамды ақпарат.

      23. Авариялық жағдайды тергеп-тексеру нәтижесінде Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мыналарды анықтауы тиіс:

      1) кеменің, экипаждың, жарақтардың, жабдықтың сауда мақсатында Қазқақстан Республикасының теңізде жүзу саласындағы заңнамалығымен белгіленген талаптарға сәйкес келуі;

      2) навигациялық жағдайды талдау;

      3) авариялық жағдайға әкелген жағдайлар мен мән-жайлар;

      4) авариялық жағдайдың себептері, оның салдары мен сыныпталуы;

      5) авариялық жағдайға қатысты адамдардың әрекетін, оларға сыртқы факторлардың әсерін есепке ала отырып бағалау, олардың психологиялық жай-күйі, шаршау деңгейі;

      6) авариялық жағдайға әкелген немесе болуына әсерін тигізген, кімнің нұсқауымен және қандай нормативтік талаптардың бұзылғандығын, орындалмағандығын, сақталмағандығын көрсете отырып, лауазымды адамдардың тізбесі;

      7) ақталған тәуекелді есепке ала отырып, жасалған әрекеттердің теңізде жүзу қауіпсіздігі бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келуі.

      Тәуекел бір уақытта мынадай жағдайларда ақталған болып танылады:

      1) тәуекел өзі арналған мақсатқа сәйкес болуы тиіс;

      2) мақсатқа қарапайым, тәуекелмен байланысты емес әрекеттермен қол жеткізілуі мүмкін емес;

      3) тәуекел жалған залал келтіруге шамадан өтпеуі керек;

      4) материалдық объектілер, тәуекел нысаны болып табылады.

      24. Авария мен елеулі аварияны тергеп-тексеруді аяқтағаннан кейін Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қорытынды жасайды.

      25. Қорытындыны уәкілетті органның басшысы бекітеді.

      26. Егер шетелдік кеме авариялық жағдайға тартылған болса, сондай-ақ елеулі аварияны тергеп-тексеру кезінде қорытынды жасалынады және ағылшын тіліне аударылады.

      27. ХТҰ елеулі аварияның әрқайсысын тергеп-тексеру туралы қорытынды жібереді.

      28. Егер тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның мүшесі қорытындымен келіспесе, онда ол өзінің жеке пікірін жазбаша түрде беріп, қорытындыға қосымша ретінде қоса беріледі.

      29. Авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша ұсыныстары бар қорытындының көшірмесі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күнінің ішінде Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның барлық мүшелеріне және көлік прокуратурасының органдарына жіберіледі.

      30. Кеме иесі уәкілетті органның қорытындысымен келіспеген жағдайда, кеме иесі тергеу материалдарын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өзінің наразылығын уәкілетті органға жібереді.

      Кеме иесінен наразылық түскен жағдайда уәкілетті орган авариялық оқиға бойынша материалдарды кеме иесінің наразылығын ескере отырып, наразылық түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайта қарайды, содан кейін ол бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) күнтізбелік отыз күн ішінде кеме иесінің наразылығын ескере отырып, қосымша тергеп-тексеруді жүзеге асырады;

      2) кеме иесінің наразылығын қабылдамайды және қолданыстағы қорытындыны күшінде қалдырады.

      Қабылданған шешім туралы уәкілетті орган кеме иесіне хабарлайды.

      31. Кеме иесі қорытындыны алғаннан кейін алдағы уақытта осындай жағдайлардың қайталануын болдырмайтын профилактикалық шаралар жүргізеді. Сонымен бірге, кеме иесі кеменің техникалық жай-күйін, одан әрі пайдалану және/немесе жөндеу шарттарын анықтау мақсатында шетелдік сыныптау қоғамына куәландыруға немесе Қазақстан кеме қатынасының тіркеліміне жібереді.

      32. Авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша ұсыныстардың орындалуын бақылауды ТПӘ жүзеге асырады, ол кейіннен уәкілетті органды хабардар етеді.

      33. Комиссия төрағасының сұрау салуы бойынша елеулі аварияны немесе аварияны тергеп-тексеру мерзімін ұзартуға уәкілетті органның басшысының рұқсатымен жол беріледі.

      Оқыс оқиғаның тергеп-тексеру мерзімін ұзартуды кеменің иесі негізделген себептер болған жағдайда уәкілетті органға хабарлай отырып, дербес жүзеге асырады.

      Авариялық жағдайды тергеп-тексеру мерзімі мынадай жағдайларда ұзартылады:

      1) заңда көзделген тәртіппен куәландырылған, авариялық жағдайға қатысы бар адамның уақытша психикалық бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы;

      2) авариялық жағдайға қатысы бар адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болуы;

      3) авариялық тергеп-тексерудің одан әрі жүргізілуіне кедергі болатын еңсерілмейтін күштің әрекеті;

      4) тиісті сараптама жүргізу.

      34. Навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етудің кемшіліктерінен болған авариялық оқиғаны уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз күштері өкілдерінің қатысуымен тергейді.

      35. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумақтық суларының шегінде шетелдік кемемен болған авариялық жағдай туралы шетелдік кеме туының мемлекетінің теңіз әкімшілігіне хабарлайды.

      36. Кеме иесі навигациялық жабдық құралдарының барлық зақымдану жағдайлары туралы ТПӘ-ге, Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштерінің тиісті қызметіне немесе зақымдалған жабдық кімнің қарауында болғанына байланысты су жолдарының мемлекеттік кәсіпорнына дереу хабарлайды.

      37. Авариялық жағдай орын алған шетелдік кемелердің өкілі (Ту мемлекетінің теңіз әкімшілігі) тергеп-тексеруге қатыса алады.

      38. Авариялық жағдайға қатысы бар шетелдік кемені ұстау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      39. Авариялық жағдай орын алған шетелдік кеменің кеме иесінің немесе шетелдік кеме туының мемлекетінің теңіз әкімшілігінің қорытынды алған күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органға шағым жасайды.

      40 Елеулі авария мен авариялардың статистикалық есебін уәкілетті орган, оқыс оқиғаларда - ТПӘ жүзеге асырады.

      41. Статистикалық есеп электрондық түрде теңізде кемелермен болған авариялық жағдайларды тіркеу журналында жүргізіледі және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) авариялық жағдайдың нөмірі;

      2) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес авариялық жағдайды оқыс оқиғаға, аварияға немесе елеулі аварияға жатқызу туралы ақпарат;

      3) авариялық жағдай орын алған кеменің типі мен атауы;

      4) авариялық жағдай орын алған кеменің ХТҰ нөмірі;

      5) авариялық жағдай орын алған кеменің иесі, ХТҰ нөмірі (болған жағдайда), мекенжайы, телефоны, факсы туралы ақпарат;

      6) авариялық жағдай орын алған кеме капитанының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      7) авариялық жағдайға тартылған басқа кеменің (кемелердің) типі мен атауы;

      8) авариялық жағдайға тартылған басқа кеменің (кемелердің) ІMO нөмірі;

      9) авариялық жағдайға тартылған басқа кеменің (басқа кемелердің) кеме иесі (кеме иелері) туралы ақпарат - ИМО нөмірі (болған жағдайда), мекен-жайы, телефоны, факсы;

      10) авариялық жағдайға тартылған басқа кеменің (басқа кемелердің) капитанының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      11) төтенше жағдайдың күні және уақыты;

      12) авариялық жағдай орын алған жер (порт, айлақ, бұғаз, шығанақ, рейд, ішкі сулар, аумақтық сулар, балық аулайтын аймақтар және ортақ су кеңістігі);

      13) авариялық жағдай орнының географиялық координаттары;

      14) авариялық жағдайдың түрі (қайраңға тұру, соқтығысу, кемені аударылуы, кеменің су басу, кеменің конструкцияларының және/немесе механизмдерінің қирауы/бүлінуі, қоршаған ортаны ластауы, адам өлімі, адам денсаулығына келтірілген ауыр зиян);

      15) авариялық жағдайдың себебі;

      16) авариялық жағдайдың салдары;

      17) авариялық жағдайды тергеп-тексеруді жүргізген адам туралы ақпарат;

      18) тергеп-тексерудің басталу және аяқталу күні;

      19) тергеп-тексерудің мерзімін ұзарту туралы мәлімет;

      20) болашақта осындай авариялық жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар туралы ақпарат;

      21) авариялық жағдайға қатысты басқа да мәлімет.

      42. Авариялық жағдайды тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін тергеп-тексерудің барлық материалдары жеке папкаға тігіледі, беттері нөмірленіп, құжаттар тізбесі жасалады. Папка "Авариялық іс" деп аталады.

  Кемелермен болған
авариялық жағдайларды
тергеп-тексеру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің куәлігі

      Алдыңғы жақ



      Артқы жақ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің
Көлік комитеті

Елтаңба

Mіnіstry of іndustry and іnfrastructural development of the Republіc of Kazakhstan
Transport commіttee

Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің құқықтары:
-авариялық жағдай орын алған жерге жүзу уақытында кемеде болу;
-авариялық жағдайдың орын алған жерін қарап-тексеру;
-барлық құжаттарға қол жеткізу;
-қатысқан адамдар және куәгерлерді сұрату;
-ұлттық заңнамамен және халықаралық актілермен регламенттелген өзге де құқықтары.

Іnvestіgator’s rіghts:
-to be іn a vessel durіng the way to the accіdent place;
-іnspectіon the accіdent place;
-access to all documents;
-questіonіng of wіtnesses and іnvolved persons;
-other rіghts were establіshed by natіonal legіslatіon and іnternatіonal acts.

 
№0000001

  Кемелермен болған
авариялық жағдайларды
тергеп-тексеру қағидаларына
2-қосымша

Сұрау хаттамасы

      2019 жылғы "___" ________

      __:__ сағат

1.

Сұрау алынатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


2.

Сұрау алынатын адамның туған жылы, күні және айі


3.

Кемеде атқарылатын лауазымы (авариялық жағдайда қатысқан экипаждың мүшесі үшін)


4.

Сұрау алынатын адамның жұмыс тәжірибесі, оның ішінде барлығы теңіз көлігінде және авариялық жағдай орын алған кемедегі соңғы қызметіндегі тәжірибесі


5.

Сұрау алынатын адамның арнайы білімі (қандай оқу орнын бітірген және қашан)


6.

Сұрау алынатын адамның дипломы біліктілігі (дипломның атауы және нөмірі, қашан және кіммен берілген)


7.

Сұрау алынатын адамның тіркелген мекенжайы және нақты тұрған жерінің мекенжайы


8.

Сұрау жүргізілген кезде берілген сұрақтар мен алынған жауаптар:
1)_____________________;
2) _____________________;
3) _____________________;
4) _____________________;
5) _____________________;
6) _____________________;
7) _____________________.


9.

Сұрау жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы


      ____________________________________                   ____________

      (Сұрау жүргізген тергеп-тексеру жөніндегі                  қолы

      комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда)

      ___________________________________                        ____________

      (Жауап берушінің тегі, аты, әкесінің аты                   қолы

      (болған жағдайда)

  Кемелермен болған
авариялық жағдайларды
тергеп-тексеру қағидаларына
3-қосымша
  "БЕКІТЕМІН"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
  ___________            _____________________
  (қолы)             тегі, аты, әкесінің аты
                    (болған жағдайда)

ҚОРЫТЫНДЫ КЕМЕ МЕН АВАРИЯ/ЕЛЕУЛІ АВАРИЯ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

1. АЖ ЖІКТЕЛГЕН ТҮРІ:

______________________________________________________
(елеулі авария, авария, оқыс оқиға)



2. АЖ ТҮРІ:

______________________________________________________
(соқтығысу, қайраңға тұру, ғимараттарға зақым келтіру, ластану,
кеменің қирауы, қаза тапқандар)



3. АЖ КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ:

______________________________________________________



4. АЖ ОРНЫ:

______________________________________________________
(порт, ішкі сулар, аумақтық сулар, балық аулайтын аймақтар,
ортақ су кеңістігі, мұхит, координаталар)



5. КЕМЕ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР:




Атауы:

______________________________________________________

Ту:

______________________________________________________

Халықаралық теңіз ұйымының нөмірі:

______________________________________________________

Рейс (қайдан және қайда):

______________________________________________________

Капитанның тегі, аты мен әкесінің аты (болған жағдайда):

______________________________________________________

Тіркелу порты (орын) және тіркелу нөмірі:

______________________________________________________

Кеме иесі, Халықаралық теңіз ұйымының нөмірі, мекен-жай:

______________________________________________________

Жасалған орны және жылы:

______________________________________________________

Кеменің ең үлкен өлшемі:

______________________________________________________

Сыйымдылығы (брутто/нетто):

______________________________________________________

Кеме электр қондырғылардың типі мен қуаты:

______________________________________________________

Еспелі винттердің саны мен құрылымы:

______________________________________________________

Рульдың құрылымы:

______________________________________________________

Толық жүрісінің жылдамдығы (маневрлік/теңіз, кеме жүрісінің жылдамдығын білдіретін шамамен):

______________________________________________________

Авариялық жағдай кезіндегі кеменің суға шөгуі (тұмсық):

______________________________________________________

Авариялық жағдай кезіндегі кеменің суға шөгуі (кеменің артқы жағы):

______________________________________________________

Жолаушылар саны:

______________________________________________________

Жүктің саны мен түрі, оны трюмда орналастыру:

______________________________________________________

Экипаж саны:

______________________________________________________

Құтқару құралдарының штаттық жиынтығы:

______________________________________________________

Радиостанцияның қуаты және оның әрекет ету радиусы:

______________________________________________________

Электронды навигациялық аспаптар:

______________________________________________________

Су төгетін құралдардың саны мен қуаты:

______________________________________________________

Өртке қарсы құралдар:

______________________________________________________

Кемені мұзға қарсы күшейтудің санаты:

______________________________________________________

Отын және жанар-жағар май материалдардың саны туралы деректер:

______________________________________________________



6. КЕМЕ ТҮРІН ЖІКТЕУ МЕН КУӘЛАНДЫРУҒА УӘКІЛЕТТІ ҰЙЫМЫМЕН КЕМЕНІ КУӘЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ:

      ____________________________________________________________________

      (жіктеу және конвенциялық құжаттарды беретін және кеме мен кеме қатынасы

      компаниясының соңғы куәландыруді жүргізетін орган (органдар)

6.1 Жіктеу куәлігінің жарамдылық мерзімі _________________________________________________________________________ 7. АВАРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ САЛДАРЫ

      __________________________________________________________________________

      (адамның өлімі; адамның денсаулығына келтірілген ауыр зиян; адамның кемеден жоғалуы;

      жүктің жоғалуы; кеменің қирауы; корпус, механизм, жүйе, құралдар, жабдықтар, жүк пен басқа

      материалдық құндылықтардың бұзылуы; қоршаған ортаны ластау; теңіз инфрақұрылымынын

      объектілерінің бұзылуы; кеменің тұруы (сағат, тәулік), авариялық

      жөндеуге байланысты кеменің тұруын қоса алғанда)

8. ТЕҢІЗДЕГІ АВАРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ 9. АВАРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІҢ НӘТИЖЕСІ 9.1. Авариялық жағдайдың мән-жайы мен жағдайлары 9.2. Анықталған фактілер 9.3. Жағдайлар 10. АВАРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ СЕБЕПТЕРІ 11. Болашақта осындай авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша ұсынымдар

      Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл       _______________________________________

                                          (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

      Комиссия мүшесі                   ________________________________________

                                          (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

      Комиссия мүшесі                   ________________________________________

                                          (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

      Комиссия мүшесі                   ________________________________________

                                          (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

      Комиссия мүшесі                   ________________________________________

                                          (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)