"Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 570 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 тамызда № 19181 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 (Нормативтік құқықтың актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы:

      1) туристерді орналастыру орындарын, санаторий және сауықтыру объектілерін мынадай шарттарды сақтай отырып салу және пайдалануға беру: салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілердің ойын бизнесімен байланысты емес; салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады;

      2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;

      3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;

      4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес өндірістік және қайта өңдеу объектілерін салу және пайдалануға беру;

      5) құрылыс материалдарын өндіру;

      6) өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру;

      7) дайын металл бұйымдарын жасау.".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      2019 жылғы "__"__________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      2019 жылғы "__"__________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 570 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығымен бекітілген

Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 708-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне (бұдан әрі – БҚТ-ның тізбесі) қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар" және "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;

      2) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) басым қызмет түрлері – уәкілетті орган айқындайтын, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері (бұдан әрі – БҚТ).

      4) арнайы комиссия – арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының және әлеуетті қатысушыларының басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген немесе арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін осындай тізбеге қосу туралы өтініштерін қарауды жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия;

      5) өтініш беруші – арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына басым немесе қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған өтінішті не индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішті беретін тұлға;

      6) қызметті жүзеге асыру туралы шарт – арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт.

2-тарау. БҚТ-ның тізбесіне БҚТ-ны енгізу тәртібі

      2. Арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызмет түрін БҚТ-ның тізбесіне енгізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      3. Қызмет түрін БҚТ-ның тізбесіне енгізу туралы өтініш уәкілетті органға келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган осындай өтінішті арнайы комиссияның қарауына шығарады.

      4. Арнайы комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында және арнайы комиссия туралы ережеде белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

      5. Арнайы комиссия:

      1) уәкілетті органның (төрағалық етуші);

      2) салық саясаты саласындағы уәкілетті органның;

      3) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның;

      4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның;

      5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның;

      6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның;

      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының дауыс беру құқығы бар өкілдерінен құрылады.

      Арнайы комиссияның жұмысы үшін дауыс беру құқығы жоқ өзге де мүдделі тұлғалар да тартылуы мүмкін.

      Арнайы комиссияның отырысы дауыс беру құқығы бар мүшелердің барлығы қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.

      6. Басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген қызмет түрін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу туралы шешімді арнайы комиссия дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

      7. Арнайы комиссияның оң шешімі негізінде:

      1) уәкілетті орган қызметтің қосымша түрін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізуді бекітеді;

      2) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы өтініш берушімен қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады.

      8. Арнайы комиссияның теріс шешімі негізінде уәкілетті орган мұндай өтінішті теріс шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарады.

      9. Ұсынысты қабылдамау уәкілетті органға қайта жүгіну үшін кедергі болып табылайды.