ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 171-бабының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) енгізу (шығару) қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 808 бұйрығына 1-қосымша |
Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) енгізу (шығару) қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбегінен) енгізу (шығару) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 171-бабының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес әзірленді және заңды тұлғаларды фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) енгізу (шығару) тәртібін айқындайды.
2. Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) енгізілуін (шығарылуын) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.
2-тарау. Фискалды деректер операторын тізбеге енгізу
3. Фискалды деректер операторын тізбеге (бұдан әрі - Тізбе) енгізуді Комитет тізбеге енгізу туралы өтінішітің негізінде жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес келетін Тізбеге енгізу туралы өтінішке мынадай құжаттардың:
1) уәкілетті орган берген байланыс саласында қызмет көрсетуге арналған лицензияның;
2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне сынақтардың нәтижелері бойынша актінің;
3) ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және мемлекеттік кірістер органдарына жедел режімде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешеніне меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжат не уақытша пайдалану құқығын растайтын құжат. Бұл ретте бағдарламалық-аппараттық кешенді уақытша пайдалану мерзімі Тізбеге енгізуге өтініш берілген күннен бастап үш жылдан кем емес мерзімді құрауы керек.
4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін (ғимарат, құрылыс, үй-жайы) иелену немесе уақытша пайдалану құқығын растайтын құжат және ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты алатын, өңдейтін және жіберетін техникалық жабдықтарды пайдалану үшін арналған. Бұл ретте жылжымайтын мүлік объектісін уақытша пайдалану мерзімі Тізімге енгізуге өтініш берген күннен бастап кем дегенде үш жыл болуы тиіс;
5) "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары" ҚР СТ 1073-2007 талаптарына ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының сәйкес сертификаттың;
6) "Ақпараттық технология. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы мен әдістері. Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі" ҚР СТ ІSO/ІEC 27001-2015 талаптарына ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің сәйкес сертификаттың көшірмелері қоса беріледі;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай талаптарға сәйкес келуі туралы аудиторлық қорытынды;
8) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы, не қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс туралы шарт.
4. Заңды тұлғаны Тізбеге енгізу бір уақытта мынадай:
1) өтініштің және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері болған;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген;
3) ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және мемлекеттік кірістер органдарына жедел режімде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенмен деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарымен өзара іс-қимыл хаттамасына сәйкес өзара іс-қимылды растайтын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және мемлекеттік кірістер органдарына жедел режімде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенін көрсетуін өткізуді қамтамасыз ету шарттары сақталған кезде жүзеге асырылады.
5. Заңды тұлғаны Тізбеге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешімді Комитет өтінішті қабылдаған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Комитеттің өтінішті қарау нәтижесі бойынша заңды тұлғаны Тізбеге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешім енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешімді қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
Тізбеге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешімді қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастырылады.
6. Заңды тұлға осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған жағдайда, Комитет заңды тұлғаны Тізбеге енгізу туралы өтінішті қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш иесіне жазбаша бас тартуды ұсынады.
Комитеттің бас тартуы өтініш иесінің анықталған бұзушылықтары жойылған кезде заңды тұлғаны фискалдық деректер операторының Тізбесіне енгізу туралы өтініштің қайта берілуіне шектеу қоймайды.
3-тарау. Фискалдық деректер операторын тізбеден шығару
7. Фискалдық деректер операторын Тізбеден шығару Комитет мынадай жағдайларда:
1) фискалдық деректер операторының осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
2) фискалдық деректер операторының Салық кодексінің 91-бабымен айқындалған тәртіпте әрекетсіз не банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енген күннен бастап банкрот деп танылса;
3) егер фискалдық деректер операторының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы):
сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға болса;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болса;
іздеу салынған жеке тұлға болса;
болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасының аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі өткен шетелдік-жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам болып табылса;
4) фискалдық деректер операторының осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Тізбеден шығару туралы өтініші берілсе;
5) фискалдық деректер операторын Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан шығарса жүзеге асырылады.
8. Комитет фискалдық деректер операторы Тізбесінен шығару туралы шешімді осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген жағдайлардың біріне сәйкес келмеуі анықталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
9. Фискалдық деректер операторы Тізбесінен шығару туралы ақпарат шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастырылады.
10. Тізбеден шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін, заңды тұлға:
1) Тізбеден шығару туралы шешімді алған күннен бастап деректерді беру және (немесе) функциялары бар бақылау-кассалық машиналарында ақшалай есептеулер туралы мәліметтерді қабылдауды тоқтатады;
2) шығару туралы шешім шыққан күннен бастап 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей Тізбеден шығарылғаны туралы пайдаланушыларға (қолданушыларға) хабарлайды;
3) оператордың серверіндегі фискалдық деректерді және олардың резервтік көшірмелерін жоюды қамтамасыз етеді;
4) Комитетке фискалдық деректердің жойылғаны туралы актіні қоса бере отырып, фискалдық деректердің жойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
4-тарау. Қорытынды ереже
11. Фискалдық деректер операторының Тізбесіне (Тізбесінен) енгізу (шығару) мәселелері бойынша Комитеттің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.
| Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) енгізу (шығару) қағидаларына 1-қосымша нысан ____________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері) |
Тізбеге қосу туралы өтініш
Фискалдық деректер операторының тізбесіне енгізуді сұраймын, растау құжаттарының тізбесіне:
1) уәкілетті орган берген байланыс саласында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның;
2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне сынақтардың нәтижелері бойынша актінің;
3) ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және мемлекеттік кірістер органдарына жедел режімде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешеніне меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжат не уақытша пайдалану құқығын растайтын құжат. Бұл ретте бағдарламалық-аппараттық кешенді уақытша пайдалану мерзімі Тізбеге енгізуге өтініш берілген күннен бастап үш жылдан кем емес мерзімді құрауы керек.
4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін (ғимарат, құрылыс, үй-жайы) иелену немесе уақытша пайдалану құқығын растайтын құжат және ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты алатын, өңдейтін және жіберетін техникалық жабдықтарды пайдалану үшін арналған. Бұл ретте жылжымайтын мүлік объектісін уақытша пайдалану мерзімі Тізімге енгізуге өтініш берген күннен бастап кем дегенде үш жыл болуы тиіс;
5) "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары" ҚР СТ 1073-2007 талаптарына ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының сәйкес сертификаттың;
6) "Ақпараттық технология. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы мен әдістері. Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі" ҚР СТ ІSO/ІEC 27001-2015 талаптарына ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің сәйкес сертификаттың көшірмелері қоса беріледі;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай талаптарға сәйкес келуі туралы аудиторлық қорытынды;
8) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы, не қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс туралы шарт.
Мен, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және мемлекеттік кірістер органдарына жедел режімде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенді деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарымен өзара іс-қимыл хаттамасына сәйкес өзара іс-қимылды растайтын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және мемлекеттік кірістер органдарына жедел режимде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенін көрсетуге дайын екендігімді растаймын.
Басшы _____________ _______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
20__ жылғы " __" ____________
Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы " __" ______________
_______________________________________________________________ (жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
| Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) енгізу (шығару) қағидаларына 2-қосымша нысан ____________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері) |
Тізбеден шығару туралы өтініш
_________________________________________________________________

байланысты фискалдық деректер операторының тізбесінен шығаруды сұраймын.
Басшы _____________ _______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
20__ жылғы " __" ____________
Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы " __" ______________
_______________________________________________________________ (жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 808 бұйрығына 2-қосымша |
Әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптары
Фискалдық деректер операторы бір мезгілде мынадай:
1) байланыс саласындағы уәкілетті орган берген заңнамаға сәйкес байланыс саласындағы тиісті лицензияның негізінде қызметті жүзеге асыратын;
2) ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтердің қабылдануын, өңделуін және берілуін жүзеге асыратын техникалық құралдар орналастырылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлік объектілеріне (ғимарат, құрылыс, үй-жай) меншік құқығы немесе уақытша пайдалану құқығы бар;
3) ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режімде қабылдау, өңдеу және беру үшін бағдарламалық-аппараттық кешені меншік құқығы немесе уақытша пайдалану құқығы бар;
4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне сынақтардың нәтижелері бойынша акті бар;
5) ақпаратты криптографиялық қорғаудың сертификатталған құралдарын қолданатын;
6) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын;
7) кем дегенде алты облысты (нумерацияның географиялық аймағы), республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қамтитын телекоммуникациялардың таратылған желісі және (немесе) ұялы байланысы бар;
8) ақпараттың таралуын алдын алу жүйесін пайдаланатын (Data Leak Preventіon);
9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын әзірлеушілері, өндірушілері және жеткізушілері үшін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын модельдеріне тестілеу мен сынақты өткізуге арналған тестілеу алаңы бар;
10) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын пайдаланушыларға ақпараттық және техникалық қолдауды қамтамасыз ететін республика бойынша тәулік бойғы бірыңғай қоңырау шалу нөмірімен консультациялық-ақпараттық қызметі бар;
11) домендік атауы фискалдық деректер операторына тиесілі интернет-ресурсы бар фискалдық деректер операторы бола алады;
12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай талаптарға сәйкес келуі туралы аудиторлық қорытындысы бар деректерді өңдеу орталығының (орталықтарының) болуы;
13) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы, не қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс туралы шарты бар біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғаны айқындайды.