"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшуға пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 589 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 тамызда № 19171 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшуға пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11742 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Пайдаланушы сертификатын беру", мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі."

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Министрліктің – www.miid.gov.kzwww.mid.gоv.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құжаттар топтамасы бар өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру – 40 (қырық) жұмыс күні;

      авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәліктің телнұсқасын (бұдан әрі - куәліктің телнұсқасы) беру – 2 (екі) жұмыс күні;";

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Министрліктің – www.miid.gov.kzwww.mid.gоv.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде;";

      "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.";

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Министрліктің – www.miid.gov.kzwww.mid.gоv.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде;".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2019 жылғы ___________________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 31 шілдедегі
№ 589 бұйрығына
қосымша
  "Авиациялық жұмыстарды
орындау құқығына арналған
куәлік беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
  Нысан
  Уәкілетті органның басшысына
Өтініш берушінің ЖСН/БСН: __
Өтініш беруші заңды тұлғаның
немесе жеке тұлғаның банктік
деректемелері:
________________________
Өтініш беруші – заңды тұлғаның
орналасқан жері (мекенжайы)
немесе өтініш беруші – жеке
тұлғаның тұрғылықты жері:
__________________________
Байланыс телефондары/факсы/
электрондық поштасының
мекенжайы,
АФТН коды:
________________

Пайдаланушының авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған рұқсат алуға өтінім бастапқы рұқсат беру/кезекті рұқсат (қажеттінің астын сызу)

      1.__________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы) ________________________ әуе кемелерінің

      негізгі орны әуеайлақтарында (алаңында) авиациялық жұмыстарды орындау

      құқығына рұқсат беруді сұраймын.

      2. Мәлімделген авиациялық жұмыс түрлері: __________________________________

      3. Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс жерлерде ұшу

      өңірлері: __________________________________________________________

      4. Жоспарланған ұшуды бастау күні: _________________________________

      5. Басқарушы персонал

Лауазымы

Тегі аты әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.)., туған жылы, телефоны

Тағайындау туралы бұйрық

Білімі

Маманның сертификаттары (куәліктері)

      6. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы

Лауазымы

Т.А.Ә., туған жылы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлігі (медициналық қорытынды)

Жалпы ұшуы

Ұшуды және авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беру

      7. Инженерлік-техникалық персонал

Лауазымы

Т.А.Ә.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлігі

Жалпы жұмыс өтілі

Жұмыстарды орындауға рұқсат беру

      8. Әуе кемелері

ӘК типі және борттық нөмірі

Ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылу мерзімі

Мемлекет, қала және орналасатын әуежайы

Шарт түрі, нөмірі, күні және қолданылу мерзімі

      9. Өтініш беруші: сертификаттау рәсімдерін орындауға; сертификаттық талаптарға жауап беруге; азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұшудың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруына мүмкіндік беруге міндеттенеді. ____________________________________________________________________

      Өтініш беруші (Т.А.Ә., қолы)