"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 174/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 шілдеде № 19104 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 128 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13320 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы 25 шілдедегі
№ 174/НҚ бұйрығымен
бекітілген

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алудың және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастырудың тәртібін айқындайды.

      2. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік органдар "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтердің және орналастырылатын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерінің дұрыстығын "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында қамтамасыз етеді.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) техникалық құжаттама – ақпараттық жүйеге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына және бағдарламалық өнімге, оның ішінде сервистік бағдарламалық өнімге арналған, техникалық тапсырманы, жобалауға арналған тапсырманы, пайдалану құжаттамасы мен өзге де құжаттаманы қамтитын құжаттамалар жиынтығы;

      2) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері – мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы, мемлекеттік органның интернет-ресурсы, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған сервистік бағдарламалық өнімі, бағдарламалық қамтылымы және ақпараттық жүйелері;

      3) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің есептік коды – әрбір ақпараттандыру объектісіне берілетін бірегей сәйкестендіру нөмірі, оларды есепке алу "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында жүзеге асырылады;

      4) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) – сыныптауышқа сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді жүзеге асыруға және ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына арналған ақпараттық жүйе;

      5) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктiң" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;

      6) ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі – ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі заңда немесе келісімде айқындалған шектерде және тәртіппен ақпараттандыру объектілерін иелену және пайдалану құқықтарын берген субъект.

2-тарау. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу тәртібі

      5. Мемлекеттік орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес архитектуралық порталда есепке алуға жататын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді архитектуралық порталда есепке алуды қамтамасыз етеді.

      6. Архитектуралық порталда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік орган "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің сипаты көрсетілген "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуға сұрау салады және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес архитектуралық порталда есепке алуға жататын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу үшін қажетті мәліметтерді береді.

      7. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуға сұрау салынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сервистік интегратор "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің есептік кодын тағайындай отырып мемлекеттік орган ұсынған мәліметтерді архитектуралық порталда есепке алуды қамтамасыз етеді.

      8. "Электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу мақсатында мемлекеттік орган архитектуралық порталдағы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді тұрақты негізде есепке алуды жүргізу және мәліметтерді уақтылы өзектендіруді қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді белгілейді.

      9. Мемлекеттік орган "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін архитектуралық порталда орналастыруды қамтамасыз етеді.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      10. Құрылатын (дамытылатын) немесе сатып алынған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына ұсыну және өзектендіру міндетті болып табылады және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің әрбір кезеңінде жүзеге асырылады.

      "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің иеленуші (бұдан әрі – иеленуші) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналастырылған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және техникалық құжаттаманың электрондық көшірмелерін уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді.

      11. Иеленуші "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді мына жағдайларда:

      1) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне өзгерістер енгізген кезде;

      2) иеленуші немесе сервистік интегратор архитектуралық порталда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы белгілі мәліметтердің болмауын және (немесе) дұрыс емес мәліметтердің болуын айқындаған кезде өзектендіруді жүзеге асырады.

      Иеленуші "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді өзгерткен немесе олардың болмауын айқындаған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, архитектуралық порталдағы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.

  "Электрондық үкіметтің"
ақпараттандыру объектілері
туралы мәліметтерді есепке
алу және "электрондық
үкіметтің" ақпараттандыру
объектілерінің техникалық
құжаттамасының электрондық
көшірмелерін орналастыру
қағидаларына
қосымша

Архитектуралық порталда есепке алуға жататын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтер

      1. "Электрондық үкіметтің" құрылатын немесе тәжірибелік пайдалануға енгізілетін ақпараттандыру объектісі туралы жалпы мәліметтер;

      2. "Электрондық үкіметтің" құрылатын немесе тәжірибелік пайдалануға енгізілетін ақпараттандыру объектісі туралы техникалық мәліметтер;

      3. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің түгендеу тізбесі мен сипаттамалары;

      4. Конкурс тәсілімен ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруларды жариялау туралы мәліметтер;

      5. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасу туралы мәліметтер;

      6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалу нәтижелері және ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тапсыру-қабылдау актілеріне қол қою туралы мәліметтер;

      7. Ақпараттандыру объектілерін немесе есепке алу объектілерімен бірге басқа да операцияларды есепке қою туралы мәліметтер;

      8. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы мәліметтер және қол жеткізілген нәтижелердің сипаттамасы;

      9. Техникалық және жобалау құжаттамасын бекіту және өзгерістер енгізу туралы мәліметтер;

      10. Ақпараттандыру объектілерін пайдалануға беру туралы мәліметтер;

      11. Ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу туралы мәліметтер;

      12. Ақпараттандыру объектілерін пайдалануды тоқтату туралы мәліметтер.