"Көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 453 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 77 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 244 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 64 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 19050 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 453 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 77 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17797 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) болмашы бұзушылықтар - бекітілген ұңғымалардан және жалпы пайдаланылатын қондырғылардан сұйықтықты алу жылдамдығын қамтамасыз ету бойынша геологиялық-техникалық іс-шаралар жоспарының болмауымен;

      жер қойнауын пайдаланушылармен жөндеу жұмыстары, оларды күтіп-ұстау, жабдықтар мен ұңғымалар жұмыстарының жөндеуаралық кезеңі, сондай-ақ орындалған жұмыстардың техникалық-экономикалық тиімділігі туралы ақпаратты объектінің барлық пайдалану мерзімі ішінде сақтау бойынша талаптарды сақтамаумен;

      технологиялық объектілерді консервациялау немесе жою туралы шешімімен жер қойнауын пайдаланушының бұйрығының болмауымен;

      жер қойнауын пайдаланушымен көмірсутектер кен орнын әзірлеуді талдауды құзыретті органға хабарлама тәртібімен жіберу бойынша талапты сақтамаумен;

      шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларының орындалуы туралы есептерді жыл сайын көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жіберу бойынша талапты сақтамаумен;

      қабатты сынамалау және ұңғымаларды сынау кезінде әрбір өнімді қабатты өз бетінше тестілеу бойынша талаптарды сақтамаумен;

      іздестіру немесе барлау ұңғымалары бөлінісінде өнімді қабаттар (ұңғымадағы сынау объектілері) бөлінген кезде барлау жұмыстарының жобасында белгіленген мерзімде, бірақ әрбір сынау объектісі үшін 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде кәсіпшілік-геологиялық және гидродинамикалық зерттеулер кешенін жүргізе отырып ұңғымалардың объектілерін сынау жүргізу бойынша талапты сақтамаумен;

      ұңғымалардың технологиялық жұмыс режимдерінде әрбір өндіруші ұңғыма үшін - сұйықтықты іріктеудің технологиялық нормасының және әрбір қысыммен айдау ұңғымасы үшін - ауыстыру агентінің (қабылдағыштық) көлемінің болмауымен;

      ұңғымалардан терең мұнай/газ конденсаты үлгілерін іріктеу графигіне сәйкес жаңа ұңғымаларды пайдалануға енгізу және оларды кен орнының бірқалыпты бөлуін есепке ала отырып әрбір пайдалану объектісі үшін негізгі көрсеткіштерді (қабаттық флюидтің компоненттік құрамын, тұтқырлығын, тығыздығын, қанықтыру қысымын, газ мөлшерін, көлемдік коэффициентін, шығарылған газ және газсыздандырылған мұнай құрамын, сондай-ақ газ мөлшерін, коэффициенттің көлемін және қабаттық флюидтің тығыздылығының қысымнан тәуелділігін анықтау) анықтайтын зерттеу кешендерін жүргізу бойынша талапты сақтамаумен;

      газ және газ конденсатты кен орындарын игеру кезінде пайдалану объектілеріне, ұңғымаларды игеру кезінде және оларды тоқтаудан немесе консервациялау кезеңінен кейін пайдалануға енгізгенге дейін мониторинг жүргізу бойынша талапты сақтамаумен;

      газ қорының балансында олардың себептерін түсіндіре отырып, газ ысырабын көрсету бойынша талапты сақтамаумен;

      жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерін барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес конкурстық комиссияны қалыптастыруға қойылатын талаптарды сақтамаумен;

      жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерін барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес тізілімде (жүйеде) ашық конкурс өткізу туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы орналастыруға қойылатын талаптарды сақтамаумен;

      жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерін барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтамаумен байланысты бұзушылықтар;

      2) елеулі бұзушылықтар - Кодекстің міндеттейтін нормаларын сақтамаумен;

      Қазақстан Республикасының көмірсутегі кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясының, Шикі газды өңдеуді дамыту бағдарламаларын бекіту бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының және жобалау құжаттары талаптарының бұзушылықтары туралы ақпараттың болмауымен;

      жер қойнауын пайдаланушы бұрын бұрғыланған ұңғымаларды балансына қабылдамағаны туралы ақпараттың болмауымен;

      есептерді мониторингілеу және талдау нәтижесі бойынша уәкілетті органға толық емес жылдық ақпаратты ұсынуға әкеліп соққан Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 тіркелген) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 25, 26, 27 қосымшаларына сәйкес есептерді жылына 20 және одан артық рет ұсынбау туралы диспетчерден (көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және бірыңғай дерекқорды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға) ақпараттың болмауымен;

      көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен немесе ведомстволық бағынышты ұйымынан Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының болмауы туралы және (немесе) жер қойнауын пайдаланушымен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларымен көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүргізгені туралы расталған ақпараттың болмауымен байланысты бұзушылықтар;

      3) көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу саласындағы тәуекел - бақылау субъектінің қызметі нәтижесінде адам өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы, мұнай-газ секторының дамуының төмендеуіне, мұнай мен газдың өндірудің жоспарланған деңгейіне жетпеу ықтималдылығы;

      4) өрескел бұзушылықтар - ілеспе және табиғи газды нақты ай сайынғы өндіру туралы, ілеспе және табиғи газдың қозғалысы бойынша ай сайынғы ақпарат туралы, ілеспе және табиғи газды өндіру жоспары бойынша жыл сайынғы ақпарат туралы есептерін, сонымен қатар шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есепті талдау нәтижесі бойынша уәкілетті органның рұқсатысыз газды жағу бойынша ақпараттың бар болуымен;

      Кодекстің тыйым салатын нормаларын сақтамаумен;

      талдау кезеңінде көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі талаптарын бұзуға қатысты үш расталған шағым немесе арыз фактілерінің болуымен;

      5) тәуекелдерді бағалау жүйесі - тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі - объективті өлшемшарттар) - көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі - субъективті өлшемшарттар) - нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;";

      көрсетілген Өлшемшарттарға 1-қосымшада:

      реттік нөмірлері 10, 12, 25, 31, 36, 37, 43, 44, 47, 48, 56, 60, 68, 70, 77, 79, 81, 85, 87, 88, 89-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Кен орнын жайластыру сынамалап пайдалану жобасы және (немесе) кен орнын игеру жобасы негізінде әзірленген техникалық жобалау құжаттарына сәйкес кен орындарын жайластыру көмірсутектерді өндіру, дайындау, сақтау және өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбырға және (немесе) көліктің басқа түріне аудару орнына дейін тасымалдау үшін қажетті кәсіпшілік және өзге де объектілерді салу бойынша талапты сақтау

Елеулі

      ,

12

Өндіруді жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес базалық жобалау құжаттарында көзделмеген көмірсутектердің шығынын болдырмайтын әдістермен және тәсілдермен жүргізу бойынша талапты сақтау

Елеулі

      ,

25

Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға төменде көрсетілген жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы және оларды бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған есептерді заңнамамен белгіленген нысандарға және тәртіпке сәйкес ұсыну бойынша талапты сақтау:
1) сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы жергілікті қамту көлемі туралы;
2) кадрлардағы жергілікті қамту туралы;
3) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы;
4) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы;
5) лицензиялық-келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы;
6) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар құрамы туралы;
7) мұнайды және газ конденсатын өндіру және тапсыру бойынша тәулік сайынғы ақпарат туралы;
8) мұнайды, газ конденсатын өндіру және кен орындары (ұңғымалар) бойынша игеру кезеңдері жөніндегі ай сайынғы ақпарат туралы;
9) мұнайды және газ конденсатын нақты ай сайынғы өндіру және тапсыру туралы;
10) мұнай теңгерімі бойынша ай сайынғы ақпарат туралы;
11) компанияның мұнайға бағалары бойынша ай сайынғы ақпараты туралы;
12) алушылар бойынша мұнайды және газ конденсатын өндіру, тапсыру және оның қалдықтары бойынша ай сайынғы ақпарат туралы;
13) мұнайды және газ конденсатын өндіру және тапсыру жоспары бойынша жыл сайынғы ақпарат туралы;
14) ілеспе және табиғи газды өндіру бойынша тәулік сайынғы ақпарат туралы;
15) ілеспе және табиғи газды нақты ай сайынғы өндіру туралы;
16) ілеспе және табиғи газдың қозғалысы бойынша ай сайынғы ақпарат туралы;
17) ілеспе және табиғи газды өндіру жоспары бойынша жыл сайынғы ақпарат туралы

Елеулі

      ,

31

Жер қойнауын пайдаланушымен көмірсутектер кен орнын әзірлеуді талдауды құзыретті органға хабарлама тәртібімен жіберу бойынша талапты сақтау

Болмашы

      ,

36

Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен бекітілген шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының бар болуы

Елеулі

      ,

37

Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларының орындалуы туралы есептерді жыл сайын көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жіберу бойынша талапты сақтау

Болмашы

      ,

43

Ұңғымаларды сынамалау және сынау кезінде әрбір өнімді қабат жеке-дара тестілеуден өткізу бойынша талапты сақтау

Болмашы

      ,

44

Іздестіру немесе барлау ұңғымалары бөлінісінде өнімді қабаттар (ұңғымадағы сынау объектілері) бөлінген кезде барлау жұмыстарының жобасында белгіленген мерзімде, бірақ әрбір сынау объектісі үшін 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде кәсіптік-геологиялық және гидродинамикалық зерттеулер кешенін жүргізе отырып ұңғымалардың объектілерін сынау жүргізу бойынша талапты сақтау

Болмашы

      ,

47

Негізгі өнімді (сұйық көмірсутектер) шығару коэффициентінің азаюына әкелетін газ бүркемесінен газды негізсіз шығаруға және мұнайды қабат жағдайында газсыздандыруға жол бермеу

Елеулі

      ,

48

Жобалық құжаттарда көзделгеннен төмен кенжар қысымы бар өндіру ұңғымаларын пайдалануға жол бермеу

Елеулі

      ,

56

Ұңғымалардың технологиялық жұмыс режимдерінде әрбір өндіруші ұңғыма үшін - сұйықтықты іріктеудің технологиялық нормасының және әрбір қысыммен айдау ұңғымасы үшін - ауыстыру агентінің (қабылдағыштық) көлемінің бар болуы

Болмашы

      ,

60

Ұңғымалардан терең мұнай/газ конденсаты үлгілерін іріктеу графигіне сәйкес жаңа ұңғымаларды пайдалануға енгізу және оларды кен орнының бірқалыпты бөлуін есепке ала отырып әрбір пайдалану объектісі үшін негізгі көрсеткіштерді (қабаттық флюидтің компоненттік құрамын, тұтқырлығын, тығыздығын, қанықтыру қысымын, газ мөлшерін, көлемдік коэффициентін, шығарылған газ және газсыздандырылған мұнай құрамын, сондай-ақ газ мөлшерін, коэффициенттің көлемін және қабаттық флюидтің тығыздылығының қысымнан тәуелділігін анықтау) анықтайтын зерттеу кешендерін жүргізу бойынша талапты сақтау

Болмашы

      ,

68

Газ және газ конденсаты кен орындарын игеру кезінде пайдалану объектілеріне ұңғымаларды игеру кезінде және оларды тоқтаудан немесе консервациялау кезеңінен кейін пайдалануға енгізгенге дейін мониторинг жүргізу бойынша талапты сақтау

Болмашы

      ,

70

Газ қоры балансында себептерін көрсете отырып газды жоғалтуды көрсету бойынша талапты сақтау

Болмашы

      ,

77

Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес конкурстық комиссияны құру бойынша талаптарды сақтау

Болмашы

      ,

79

Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес ашық конкурсты өткізу туралы хабарламаны және конкурстық құжаттаманы тізілімде (жүйеде) орналастыру бойынша талаптарды сақтау

Болмашы

      ,

81

Тапсырыс берушімен жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын сақтау

Болмашы

      ,

85

Қазақстан Республикасының көмірсутегі кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясының, Шикі газды өңдеуді дамыту бағдарламаларын бекіту бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзушылықтар туралы

Елеулі

      ,

87

жер қойнауын пайдаланушы бұрын бұрғыланған ұңғымаларды балансына қабылдамағаны туралы ақпараттың болуымен

Елеулі

      ,

88

Есептерді мониторингілеу және талдау нәтижесі бойынша уәкілетті органға толық емес жылдық ақпаратты ұсынуға әкеліп соққан төменде көрсетілген есептерді заңнамамен белгіленген нысандарға және тәртіпке сәйкес талданатын кезеңде 20 және одан артық рет ұсынбау туралы диспетчерден (көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және бірыңғай дерекқорды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға) ақпараттың бар болуы:
1) сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы жергілікті қамту көлемі туралы;
2) кадрлардағы жергілікті қамту туралы;
3) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы;
4) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы;
5) лицензиялық-келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы;
6) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар құрамы туралы;
7) мұнайды, газ конденсатын өндіру және кен орындары (ұңғымалар) бойынша игеру кезеңдері жөніндегі ай сайынғы ақпарат туралы;
8) мұнайды және газ конденсатын нақты ай сайынғы өндіру және тапсыру туралы;
9) мұнай теңгерімі бойынша ай сайынғы ақпарат туралы;
10) компанияның мұнайға бағалары бойынша ай сайынғы ақпараты туралы;
11) алушылар бойынша мұнайды және газ конденсатын өндіру, тапсыру және оның қалдықтары бойынша ай сайынғы ақпарат туралы;
12) мұнайды және газ конденсатын өндіру және тапсыру жоспары бойынша жыл сайынғы ақпарат туралы;
13) ілеспе және табиғи газды нақты ай сайынғы өндіру туралы;
14) ілеспе және табиғи газдың қозғалысы бойынша ай сайынғы ақпарат туралы;
15) ілеспе және табиғи газды өндіру жоспары бойынша жыл сайынғы ақпарат туралы

Елеулі

      ,

89

Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен немесе ведомстволық бағынышты ұйымынан Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының болмауы туралы және (немесе) жер қойнауын пайдаланушымен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларымен көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүргізгені туралы расталған ақпараттың бар болуы

Елеулі

      ";

      реттік нөмірлері 86 және 90-жолдар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлесекен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті