"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасындағы тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы | |
Әділет министрінің | |
2019 жылғы 12 шелдедегі | |
№ 390 бұйрығына | |
қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің күші жойылған кейбір бұрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 294 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11225 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 692 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15271 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).