Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 шілдеде № 19021 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияның есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидалары мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7207 болып тіркелген 2011 жылы 18 қазанда "Егемен Қазақстан" газеттерінде № 501-502 (26894) жарияланған);

      2) "Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидасын және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1292 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2016 жылы 2 ақпанда № 12980 болып тіркелген, 2016 жылы 12 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 11 шілдедегі
№ 500 бұйрығымен
бекітілді

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияның есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияның арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың және олардың қатысушыларының қызмет нәтижелері туралы есептілікті ұсынудың тәртібін айқындайды.

2-тарау. Есептілікті ұсыну қағидалары

      2. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың және олардың қатысушыларының қызмет нәтижелері туралы есептілікті арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясы құрастырады және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша Бірыңғай үйлестіру орталығына (бұдан әрі - Бірыңғай үйлестіру орталығы) жібереді.

      3. Арнайы экономикалық және аймақтардың қызмет нәтижелері туралы есептілік Бірыңғай үйлестіру орталығына тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынылады және мыналарды қамтиды:

      1) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың даму стратегияларымен көзделген арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі ақпарат;

      2) мыналарды көрсете отырып, қолданыстағы жобалар тізбесін:

      өндірілетін өнім атауы;

      жоба құны (млн. теңге);

      тұрақты жұмыс орындарының саны;

      өндіріс объектісінің пайдалануға берілетін күні;

      алынған учаске (га);

      жоба өндірісінің жалпы көлемі (нақты және ақшалай мәнде);

      өндірістің жоба қуаттылығындағы ағымдағы үлесі (%);

      үлесін көрсете отырып жобадағы шетелдік қатысу (егер болса);

      3) мыналарды көрсете отырып, іске асырылу кезеңінде тұрған жобалар тізбесін:

      өндірілетін өнім атауы;

      жоба құны (млн. теңге);

      жұмыс орындарының саны (құрылыс кезеңі мен пайдалануға берілу кезеңіндегі);

      жобаны іске асыру мерзімі (құрылыстың басталуы мен пайдалануға берудің жоспарланған күні);

      алынған учаске (га);

      өндірістің жоспарланған көлемі (нақты мәнде);

      үлесін көрсете отырып жобадағы шетелдік қатысу (егер болса);

      жобаның ағымдағы мәртебесі (құрылыс кезеңі, құрылыс мерзімінің бұзылуы, қаржыландыру проблемалары және т.б.);

      4) бюджет қаражатын бөлу (бюджеттік бағдарлама мен әкімшісін көрсету (РБ/ЖБ) және олардың нақты игерілуі (салынып жатқан/салынған объектілер бойынша бөліп көрсету), оның ішінде:

      инфрақұрылым объектісінің атауы мен құны мың теңге (ЭТЖ, ӘТК, жолдар және т.б.);

      қаржыландыру объектісі (инфрақұрылым объектісінің қуатын/техникалық сипаттамасын көрсету (кВт, м3 және т.б.);

      құрылыс кезеңі (ТЭН/ЖСҚ/ҚМЖ);

      инфрақұрылымға бөлінген жер учаскелерінің ауданы;

      инфрақұрылым дайындығы (%);

      құрылыс кестесіне сәйкес пайдалануға беру күні;

      инфрақұрылымның теңгерімде ұстаушысы;

      үш жылдық кезеңге мың теңгемен инфрақұрылымға салынатын инвестицияның жоспарланған жиыны (жылдар бойынша бөлу);

      5) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың орындалу мониторингі;

      6) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар.

      4. Арнайы экономикалық аймақ және оған қатысушылар қызметінің нәтижелері туралы есептілік уәкілетті органға және бірыңғай үйлестіру орталығына жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың оныншы күніне ұсынылады.

      5. Индустриялық аймақ және оған қатысушылар қызметінің нәтижелері туралы есептілік уәкілетті органға және бірыңғай үйлестіру орталығына тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне ұсынылады.

      6. Толық емес есептілік ұсынылған жағдайда, уәкілетті орган және бірыңғай үйлестіру орталығы есептілікті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ескертулерді көрсете отырып, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілігін қайтарады. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясы пысықталған есептілікті бірыңғай үйлестіру орталығының ескертулерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.