Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 526 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 11 шілдеде № 19008 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 16-бабының 11-8) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 18.05.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      5) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      3. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-майор
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 8 шілдедегі
№ 526 бұйрығымен
бекітілген

Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 18.05.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың куәліктерін (бұдан әрі – куәліктер) беру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау жөнiндегi басқа да жауынгерлік операциялар кезiнде әрекеттегі армия және флот құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшiлер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргiзушiлерi соғысқа қатысушылар деп танылады.

      3. "Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі көрсетеді.

      4. Куәлікті беру кезінде бұрын берілген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үлгісіндегі Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігі алынбайды.

2-тарау. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың куәліктерін беру тәртібі

      5. Көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескерілген мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшада "Ұлы Отан соғысына қатысушыларға куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) мазмұндалған.

      Куәлік беру мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды (өтініштер мен құжаттар қабылданған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты тіркелген жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы не көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық нысанда www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш береді.

      Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді не көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін) құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген көздерден графикалық файл түрінде көлемі 30х40 миллиметр цифрлық фотосуретті қосымша алады.

      Порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін Мемлекеттік корпорация филиалын таңдайды. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама жолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және жауапты орындаушыға орындау үшін беруді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының құқықтық мәртебесін растайтын ақпарат және қажетті мәліметтер болған кезде беру үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік дайындауды не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама (бұдан әрі – Бас тарту туралы хабарлама) ұйымдастырады.

      Куәлікті беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ұзартылады:

      30 (отыз) жұмыс күніне дейін – Қазақстан Республикасының тиісті органдарынан растауды алу қажет болған кезде;

      90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін – кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша не портал арқылы өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық нысанда 1 (бір) жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар етумен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған кезде.

      Сұрау салынған ақпаратты және қажетті мәліметтерді алған кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде куәлік не бас тарту туралы хабарлама беріледі.

      Порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" куәліктің дайын екені туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден Бас тарту туралы хабарлама жолданады.

      Бас тарту туралы хабарлама Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда ресімделеді.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші таңдалған Мемлекеттік корпорация филиалына немесе өтініш жасаған орны бойынша көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жеке басын куәландыратын не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілінің құжатын көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      7. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабы 2 тармақтың 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 ( он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Ұлы Отан соғысына
қатысушының куәлігін және
жеңілдіктері бар адамдарға
анықтамалар беру қағидаларына
1-қосымша

"Ұлы Отан соғысына қатысушыларға куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) 1 (бір) жұмыс күні;
2) куәлік беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабарлаумен мерзім 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұзартылады;
3) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабарлаумен куәлік беру мерзімі 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш жасаған кезде:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
2) өтініш жасаған күні қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағазда.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.
Көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру жеке басын куәландыратын (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) құжатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейінгіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелу орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz;
Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz.
порталдың: www.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беруге өтініш;
әскери билет немесе архивтік анықтама;
2) порталға:
көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беруге электрондық өтініш;
әскери билеттің немесе архивтік анықтаманың электрондық көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңның 10-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Тіршілік әрекетін шектейтін организм қызметінің тұрақты бұзылуымен денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы өтініш жасау жолымен тұрғылықты жеріне барумен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Ұлы Отан соғысына
қатысушының куәлігін және
жеңілдіктері бар адамдарға
анықтамалар беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облысы)
____________________________
(ауданы (қаласы) қорғаныс
істері жөніндегі басқармасының
(бөлімінің) бастығына

Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беруге өтініш

      1.________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      2.________________________________________________________

      (туған күні, айы, жылы, жеке куәлігінің (төлқұжатының)

      №, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      3.________________________________________________________

      (туған жері – ауыл, кент, аудан, облыс)

      4.________________________________________________________

      (отбасы жағдайы)

      5.________________________________________________________

      (тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы)

      6.________________________________________________________

      (уақытша келген, тұратын мекенжайы (бар болған кезде)

      __________________________________________________________

      (себебін көрсету)

      __________________________________________________________

      (себебін көрсету)

      байланысты Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беруіңізді сұраймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__жылғы "___"__________________________ ____________________

      (тегі және инициалдары)             (қолы)

  Ұлы Отан соғысына
қатысушының куәлігін және
жеңілдіктері бар адамдарға
анықтамалар беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (ол бар болған кезде)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге

      __________________________________________________________________________

                              (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

      құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1)____________________________________;

      2)____________________________________;

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды

      __________________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)

      Орындаушы _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      Телефон ___________________

      Алдым:

      _________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)

      20__жылғы "___" ____________

  Ұлы Отан соғысына
қатысушының куәлігін және
жеңілдіктері бар адамдарға
анықтамалар беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігі



  Ұлы Отан соғысына
қатысушының куәлігін және
жеңілдіктері бар адамдарға
анықтамалар беру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (ол бар болған кезде)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

      __________________________________________________________________________

                              мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес құқықтық мәртебені белгілеу үшін Сіз ұсынған және жолданған сұрау салуларға сәйкес алынған ақпараттың және қажетті мәліметтердің жетіспеуіне байланысты Сізге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабардар етеміз.

      Хабарлама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      ________________________________________________облысы

      (республикалық маңызы бар қаланың немесе облыстың атауы)

      _____________________________________________________ ауданы

      (ауданның немесе аудандардың атауы)

      (қаласы) _______________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)

      қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімінің) бастығы

      Орындаушы ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      Телефон ___________________

      Алдым:

      ________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)

      20__жылғы "___" ____________

  Ұлы Отан соғысына
қатысушының куәлігін және
жеңілдіктері бар адамдарға
анықтамалар беру қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (ол бар болған кезде)
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама

      _________________________________________________________________________

                        (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сізге құқықтық мәртебені белгілеу үшін Сіз ұсынған ақпараттың және қажетті мәліметтердің жетіспеуіне байланысты

      _____________________________________________________________ облысы

      (республикалық маңызы бар қаланың немесе облыстың атауы)

      __________________________________________________________ ауданының

      (ауданның немесе аудандардың атауы)

      (қаласының) қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) 20 __ жылғы

      "___" ___________ № _____________ ____________________________________

      (күні)             (шығыс нөмірі)             (тиісті органның атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      қолда бар ақпаратқа растау алу үшін сұрау салу жолдады.

      Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) (немесе 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені туралы қосымша хабардар боласыз.

      Хабарлама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      ________________________________________________облысы

      (республикалық маңызы бар қаланың немесе облыстың атауы)

      __________________________________________ауданы (қаласы)

      (ауданның және аудандардың атауы)

      қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімінің) бастығы

      __________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)

      Орындаушы ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      Телефон ___________________

      Алдым:

      __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)

      20__жылғы "___" ____________