"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 19.09.2022 № 334/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 125 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13325 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 66 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16624 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 145/НҚ бұйрығымен бекітілген |
"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 54) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындаудың және пайдаланудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) – ақпараттандыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануы мақсатында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыруға, "электрондық үкіметтің" архитектурасына арналған ақпараттандыру объектісі;
2) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері – мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы, мемлекеттік органның интернет-ресурсы, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілері;
3) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;
4) стандартты шешім – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын бағдарламалық өнім немесе ақпараттық жүйе (немесе оның бөлігі).
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 19.09.2022 № 334/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.2-тарау. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындаудың тәртібі
3. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау (бұдан әрі - стандартты шешімдер) мынадай:
1) стандартты шешімдерді құру экономикалық орынды болып табылатын біртекті ақпараттандыру объектілерінің болуын анықтау;
2) қолданысы мен жалпы талаптар аясы біріктірілетін, анағұрлым ұтымды жеке (типтік емес) жобалық шешімдерді анықталған белгілері бойынша біркелкілікке келтіруге негізделген типтеу мақсатында жүзеге асырылады.
4. Стандартты шешімдер мынадай:
1) бағдарламалық қамтылымды, бастапқы бағдарламалық кодтарды, репозиторийлерде орналастырылған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің лицензиялық бағдарламалық қамтылымынның баптау кешенін;
2) "электрондық үкіметтің" архитектурасын қалыптастыру және дамыту шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады;
3) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері және "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналастырылған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамаларының электрондық көшірмелері туралы мәліметтерді сервистік интегратордың талдауы негізінде айқындалады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 19.09.2022 № 334/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.5. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі немесе оның бөлігі мынадай:
1) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген;
2) техникалық құжаттамалары болған;
3) ашық бастапқы бағдарламалық кодтың, бағдарламалық өнімнің және бағдарламалық қамтамтылымы болған жағдайларға сәйкес келген кезінде олар "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде пайдалануға арналған стандартты шешімдер болып табылады.
"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде қолданылатын стандартты шешімдер типтері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бөлінеді және "электрондық үкімет" архитектуралық порталында орналастырылады.
3-тарау. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамытуда көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді пайдалану тәртібі
6. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді қолдану мүмкіндігі туралы сервистік интегратордың берген қорытындысына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы жергілікті атқарушы органдар, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді қолдануды жүзеге асырады.
7. Сервистік интегратор "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаға, инвестициялық ұсынысқа сараптама жүргізу шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды береді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 19.09.2022 № 334/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Уәкілетті орган сервистік интегратордың қорытындысы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалану туралы шешім қабылдайды.
9. Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырады.
"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидаларына қосымша |
Стандартты шешімдердің типтері
Стандартты шешімдердің типтері | Жобалау объектілерінің мысалдары |
---|---|
Ақпаратттық қамтамасыз ету бойынша | Дерекқорлар және оларды ұйымдастыру, техникалық-экономикалық және нормативтік-анықтамалық ақпараттар сыныптауыштары, ұсыну нысандары және деректер жүйесіндегі (оның ішінде, құжаттар, видеограммалар, массивтер) дерекқорды ұйымдастыру және деректермен алмасу хаттамалары |
Бағдарламалық қамтылым бойынша | "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің жалпы (операциялық жүйе, техникалық қызмет көрсету бағдарламалары, қосалқы бағдарламалар) және арнаулы (нақты ақпараттық жүйені құру кезінде әзірленген бағдарламалардың жиынтығы) бағдарламалық қамтылым бағдарламалары |
Техникалық қамтамасыз ету бойынша | Енгізуді, дайындауды, түрлендіруді, өңдеуді, сақтауды, тіркеуді, шығаруды, бейнелеуді, ақпараттар беруді қамтамасыз ететін құралдар кешендері және басқарушы әсерлерді іске асыру құралдары |
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша | Бөлімшелердің "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері персоналын басқару, іс-қимыл және өзара іс-қимылы функцияларын айқындайтын регламенттер |
Лингвистикалық қамтамасыз ету бойынша | Тезаурустар мен сипаттау тілдері және деректерді манипуляциялау |
Математикалық қамтамасыз ету бойынша | Басқару міндеттерін шешу әдістері, модельдер мен алгоритмдер |
Міндеттер қоюға | "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің міндеттерін (міндеттер кешенін ) қою |
Функциялары бойынша | "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің функционалдық белгілері бойынша бөлінген кіші жүйесі, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің функциясы, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің міндеттері, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің функциялары мен міндеттерінің кешендері |