"Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 452 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 шілдеде № 18969 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.03.2020 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия жəне
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 28 маусымдағы
№ 452 бұйрығымен бекітілген

"Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге және порталға жүгінген кезде техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге және порталға жүгінген кезде техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.

      3) көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 20 (жиырма) минут;

      4) көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды немесе қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн негізде көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі;

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      жеке және заңды тұлға үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басты куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

      объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге және оның параметрлеріне жазбаша келісімі;

      егер объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыс кешені жүргізілгенде, кейіннен кәдеге жаратуға (құрылыстарды бұзуға) жататын объектіге көршілес басқа үй-жайлардың (үйдің бөліктерінің) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

      тиісті мемлекеттік органның техникалық (қалыпты) жай-күйін зерттеп-тексерудің нәтижелері бойынша анықталған осы объектіні одан әрі қолданудың (пайдаланудың) мүмкін еместігін растайтын құжат;

      жұмысты жүргізу жобасы (бір немесе екі қабаттан тұратын жеке тұрғын үй, сондай-ақ азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да құрылыстар, жеке үй маңындағы учаскелер аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды, контейнердi және блоктарды пайдаланып жасалатын шағын кешендердi, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi қажет етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлер (ғимараттар) үшін қажет емес)/ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама (блокты үйді бұзу кезінде ұсынылады).

      2) порталға:

      жеке және заңды тұлға үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге және оның параметрлеріне жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;

      егер объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыс кешені жүргізілгенде, кейіннен кәдеге жаратуға (құрылыстарды бұзуға) жататын объектіге көршілес басқа үй-жайлардың (үйдің бөліктерінің) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;

      тиісті мемлекеттік органның техникалық (қалыпты) жай-күйін зерттеп-тексерудің нәтижелері бойынша анықталған осы объектіні одан әрі қолданудың (пайдаланудың) мүмкін еместігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      жұмысты жүргізу жобасының электрондық көшірмесі (бір немесе екі қабаттан тұратын жеке тұрғын үй, сондай-ақ азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да құрылыстар, жеке үй маңындағы учаскелер аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды, контейнердi және блоктарды пайдаланып жасалатын шағын кешендердi, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi қажет етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлер (ғимараттар) үшін қажет емес) / жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама (блокты үйді бұзу кезінде ұсынылады).

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) – өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіліп, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы стандартта және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  "Объектілерді кейіннен
кәдеге жарату (құрылыстарды
бұзу) жөніндегі жұмыстар
кешенін жүргізуге рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан
  (Облыстың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент
  қалаларының, ауданның,
облыстық маңызы бар қаланың)
әкіміне _____________________
____________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, бар
болған жағдайда әкесінің аты, не
көрсетілетін қызметті алушы
заңды тұлға ұйымының атауы)
және (немесе) сенімхат)
____________________________
(Жеке сәйкестендіру нөмірі
(ЖСН)
немесе бизнес сәйкестендіру
нөмірі (БСН)
мекенжайы __________________
(заңды мекенжайы немесе
тұрғылықты жері)
байланыстар ________________
(электрондық мекенжайы,
телефон)

Өтініш

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (объектінің толық атауы)

      мекенжайы бойынша орналасқан: ______________________________________

      (үй-жайлары(жекелеген бөліктері) кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге жататын объектінің орналасқан жері)

      объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қабылдады (қолы) __________________

      күні: 20__ ж. "_____"____________

      Тапсырды (қолы) ___________

  "Объектілерді кейіннен кәдеге
жарату (құрылыстарды
бұзу) жөніндегі жұмыстар
кешенін жүргізуге рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан
  (Облыстың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент
қалаларының, ауданның,
облыстық маңызы бар қаланың)
әкіміне _____________________
  ____________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, бар
болған жағдайда әкесінің аты, не
көрсетілетін қызметті алушы
заңды тұлға ұйымының атауы)
және (немесе) сенімхат)
  ____________________________
(Жеке сәйкестендіру нөмірі
(ЖСН)
немесе бизнес сәйкестендіру
нөмірі (БСН)
мекенжайы __________________
(заңды мекенжайы немесе
тұрғылықты жері)
байланыстар ________________
(электрондық мекенжайы,
телефон)

Өтініш

      _____________________________________________________________________

      (объектінің толық атауы)

      мекенжайы бойынша орналасқан: _______________________________________

      (жеке тұрғын үй, сондай-ақ азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да құрылыстар, жеке үй маңындағы учаскелер аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды, контейнердi және блоктарды пайдаланып жасалатын шағын кешендердi, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi қажет етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлердi (ғимараттарды) кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге жататын объектінің орналасқан жері)

      объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қабылдады (қолы) __________________

      күні: 20__ ж. "_____"____________

      Тапсырды (қолы) ___________