2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 225-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Дәленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 60 бұйрығымен бекітілді |
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 225-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдік шартының талаптарына сәйкес экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания алдындағы оның сақтандыру төлемдері бойынша берешегін толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі;
2) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беруінің орындылығы (индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның оң салалық қорытындысы негізінде дайындалған, оның елдің экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі) тұрғысынан қорытындысы;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тиісті ұлттық компанияға экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру арқылы саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысына қорытындысы.
2-тарау. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар
3. Қорытынды экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания (бұдан әрі – Ұлттық компания) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға қосымшасымен бірге қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынған мынадай құжаттардың негізінде әзірленеді:
1) мемлекеттік кепілдік сомасын, оның қолданылу мерзімін, мемлекеттік кепілдікті пайдаланудың институционалдық схемасын (процестің барлық қатысушылары туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылы) қамтитын мемлекеттік кепілдік бойынша ақпарат;
2) құрылтай құжаттарының, сондай-ақ Ұлттық компанияның мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмелерін, компанияның даму стратегиясын, рейтингтік есепті қамтитын Ұлттық компания туралы ақпарат;
3) Кодекстің 225-2-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларына сәйкес көзделген индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы.
4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Талаптардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды.
5. Осы Талаптардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Ұлттық компания мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындайды.
6. Егер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қорытындыны ұсынғаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде Ұлттық компанияға мемлекеттік кепілдік бермеген жағдайда, осы қорытынды түзетуге жатады.
7. Қорытынды түзетілген жағдайда Ұлттық компания мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға осы Талаптардың 3-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Бұл ретте құжаттарды қарау осы Талаптардың 4-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарға қосымша |
|
Нысан |
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қортындысы
1. | Мемлекеттік кепілдік бойынша жалпы ақпарат |
2. | Мемлекеттік кепілдік сомасы |
3. | Мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі |
4. | Мемлекеттік кепілдікті пайдаланудың институционалдық схемасы (процестің барлық қатысушылары туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылы) |
5. | Экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания туралы ақпарат |
6. | Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптардың 3-тармағында көзделген ұсынылған құжаттаманың болуы |
7. | Экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тиісті ұлттық компанияға мемлекеттік кепілдіктер беру негіздемесі (индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның қорытындысына сәйкес) |
8. | Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестікке талдау (құжаттың деректемелерін көрсету) |
9. | Тұжырымдар мен ұсынымдар |