"Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 475 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18953 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15539 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларында:

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жоғары әскери білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларда оқуға іріктеу оқуды шетелдік ӘОО-ларда жалғастыруға ниет білдірген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ҚР ҚМ ӘОО) бірінші курсында оқитын әскери қызметшілер қатарынан іріктеу жылының 20 тамызына дейін ҚР ҚМ ӘОО бастығының атына берілген баянат негізінде жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шетелдік ӘОО-ларға әскери қызметшілерді іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен іріктеу жылының 10 тамызына дейін құрылады.

      5. Комиссияның төрағасы болып Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлері бас қолбасшыларының орынбасарлары қатарынан біреу тағайындалады, ҚР ҚМ ӘОО бастығы төрағаның орынбасары болып табылады.

      6. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бейіндік құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қосылады.

      ӘОО өкілі дауыс беру құқығынсыз комиссия хатшысы болып табылады.

      Комиссия хатшысы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттаманы (бұдан әрі – хаттама) жүргізуді қамтамасыз етеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Комиссияның оқуға іріктеу немесе одан бас тарту туралы шешімі әскери қызметшілердің сауалнамалық деректерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады.";

      13-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) екінші кезеңде – оқыту тілі бойынша тестілеу өткізіледі, онда әскери қызметші шетелдік білім беру ұйымында оқытылатын болады. Оқыту тілі бойынша тестілеу оқуға түсушілердің оқыту тілін меңгеру деңгейін айқындау үшін өткізіледі. Тестілеу сұрақтары негізгі орта білім бағдарламасын ескере отырып жасалады және 20 сұрақтан тұрады, 1 сұрақ 1 балға теңестіріледі;

      3) үшінші кезеңде – конкурстық іріктеу жүзеге асырылады. Конкурстық іріктеу ең жоғарыдан ең төменгі рейтингілік балға дейін оқуға түсушілердің рейтингісін жасауды қамтиды және оны қабылдау комиссиясы жүргізеді. Оқуға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін рейтингіде тұрған оқуға түсушілер жіберіледі.";

      15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Шетелдік ӘОО-ларға оқуға түсу кезінде көрсетілген оқу орнында бес жылдан астам оқыған "Жас ұлан" республикалық мектептерінің бітірушілері басымдыққа ие болады.

      16. Шетелдік ӘОО денсаулық жағдайына анағұрлым жоғары медициналық талаптар қойған жағдайларда әскери қызметшілер іріктеу жылының 25 тамызына дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес кезектен тыс стационарлық (амбулаторлық) медициналық куәландыруға жіберілуге жатады.

      17. Нәтижелері шетелдік ӘОО-ларға жіберу туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығын шығару үшін негіз болып табылатын іріктеу қорытындылары хаттамамен ресімделеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Шетелдік ӘОО-ларда оқуды жалғастыру үшін іріктелген әскери қызметшілер ҚР ҚМ ӘОО жеке құрамының тізімдерінде есепке алынады. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және келісімшарттарға, сондай-ақ оқуға шақыруға сәйкес ризықтың тиесілі түрлерімен қамтамасыз етіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Т. Дәндібаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-майор
Н. Ермекбаев

  Шетелдік әскери оқу
орындарында даярлау
үшін Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілерін іріктеу
қағидаларына қосымша
  Нысан

№ ____ ХАТТАМА

      _____________________________________ іріктеу (апелляциялық) комиссиясының отырысы

      (комиссия құрылатын органның атауы)

      ______________________________________________________ іріктеуден өткені (бас ) туралы

      (ӘОО-ның атауы)

      Комиссия құрамы: төрағасы _____________ төрағаның орынбасары ______________________

      мүшелері: _______________________________________________________________________

      на своем заседании рассмотрела, изучила кандидатов и постановила:

Р/с№

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Туған күні, айы және жылы

Ұлты

Бөлімше

Орташа үлгерім балы

Оқыту тілін тестілеу нәтижесі

Комиссия шешімі









      Комиссия төрағасы: ______________________________________________________________

      (әскери атағы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      Комиссия мүшелері: _________________________________________________________

      (әскери атағы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      Комисся хатшысы: ______________________________________________________________

      (әскери атағы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі)