"Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 426 бұйрығына қосымша |
Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ол:
1) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдар сапасына сараптама жүргізу (бұдан әрі – СС) жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің;
2) "Ұлттық жол активтерінің сапасы орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сапа орталығы) жүзеге асыратын облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару құнын анықтау тәртібін айқындайды.
2-тарау. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару тәртібі
2. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің құны "Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген) бекітілген Құрылыстағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес айқындалады (бұдан әрі – Нормативтік құжат).
3. Тиісті күнтізбелік жылға автомобиль жолдарын орташа жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің құны мынадай формула бойынша белгіленеді:
ССо = Қо*ШНтқ
мұндағы:
Қо – ағымдағы баға деңгейінде автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен техникалық құжаттамаға сәйкес орташа жөндеу құны, мың теңге;
ШНтқ – автомобиль жолдарын орташа жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің пайыздық арақатынасындағы нормативі, оның мөлшері Нормативтік құжатта көзделген құрылысқа техникалық қадағалауды жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитіне ұқсас қабылданады.
4. Тиісті күнтізбелік жылға автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің құны мынадай формула бойынша белгіленеді:
ССа= Қа* ШНтқ
мұндағы:
Қа – ағымдағы жөндеу құны (жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары үшін қаржыландырудың бекітілген нормативтеріне сәйкес ағымдағы жөндеуге бюджеттен бөлінетін ақша қаражатының мөлшері), оның ішінде:
халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11928 болып тіркелген) бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеуге, күтіп-ұстауға және жол қызметін басқаруға арналған қаржыландыру нормативтері бойынша шығындарға сәйкес (бұдан әрі – халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуге, күтіп-ұстауға қаржыландыру нормативтері);
облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелері "Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 711 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11875 болып тіркелген) бекітілген астана, республикалық маңызы бар қалалар көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу бойынша нормативтері шығындарына сәйкес (бұдан әрі – Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері);
ШНтқ – автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің пайыздық арақатынасындағы нормативі, оның мөлшері Нормативтік құжатта көзделген құрылысқа техникалық қадағалауды жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитіне ұқсас қабылданады.
5. Тиісті күнтізбелік жылға автомобиль жолдарын күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің құны мынадай формула бойынша белгіленеді:
ССкү= Қкү* ШНтқ
мұндағы:
Қкү – күтіп-ұстау құны (автомобиль жолдары үшін қаржыландыру нормативіне сәйкес күтіп-ұстауға бюджеттен бөлінетін ақша қаражатының мөлшері), оның ішінде:
халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуге, күтіп-ұстауға қаржыландыру нормативтері бойынша шығындарға сәйкес;
облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелері астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері бойынша шығындарға сәйкес;
ШНтқ – автомобиль жолдарын күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің пайыздық арақатынасындағы нормативі, оның мөлшері Нормативтік құжатта көзделген құрылысқа техникалық қадағалауды жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитіне ұқсас қабылданады.
6. Тиісті күнтізбелік жылға арналған облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару жөніндегі қызметтердің құны Облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және астана, республикалық маңызы бар қалалар көшелерінің елді мекендерінің көшелерін жөндеуге және күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтері негізінде айқындалады.