ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6644 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 116-119 (26521) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидалары Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға белгіленген тәртіппен орындалған тұрақты емес халықаралық ұшу жөнінде хабарлаудың тәртібін (бұдан әрі – Хабарлама) регламенттейді.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама жолдайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға келесі есептік кезеңдегі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ай сайын Хабарламаны ілеспе хат арқылы жолдайды.";
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылдың 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
Хабарландыру
1. Пайдаланушының атауы _________________________________________
2. Рейс нөмірі (егер ұшу әуе кемесінің тіркелген нөмірі бойынша орындалса
- әуе кемесінің тіркеу нөмірін көрсету)
___________________________________________
3. Әуе кемесінің үлгісі, тіркеу нөмірі _________________________________
_________________________________________________________________
4. Көрсетілген нөмір рейсіндегі ұшудың толық авиабағытын (әуе кемесінің
тіркелген нөмірі)_________________________________________________________
5. Ұшу және қону күні______________________________________________
6. Ұшу мақсаты____________________________________________________