"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 568 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 маусымда № 18890 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8933 болып тіркелді, "Казахстанская правда" газетінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 69 (27690) жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің, Метрополитендегі полиция басқармасының патрульдік полиция және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің кеуде жетондарының үлгілерін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы".

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса ұсынылған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің, Метрополитендегі полиция басқармасының патрульдік полиция және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің кеуде жетондарының үлгілері, сондай-ақ оларды беру қағидалары бекітілсін".

      Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің кеуде жетондарының үлгілері, сондай-ақ оларды беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтың актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қазақ және орыс тілдерінде жолдауды;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 21 маусымдағы
№ 568 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 31 қазандағы
№ 630 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің, Метрополитендегі полиция басқармасының патрульдік полиция және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің кеуде жетондарының үлгілері, сондай-ақ оларды беру қағидалары

1-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің патрульдік полициясы саптық бөліністері қызметкерлерінің кеуде жетондарының үлгісі

1-сурет

2-сурет



 


 

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің патрульдік полициясы саптық бөліністері қызметкерінің кеуде жетоны (1 және 2-суреттер) диаметрі 90 миллиметр (бұдан әрі - мм) түсі сары дөңгелек нысанда анодталған алюминийден жасалады.

      2. Кеуде жетонының ортасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары патрульдік полициясының лавр бұтақтарының рельефті бейнесі бар эмблемасының суреті орналасқан.

      3. Негізгі орталық күн шапақтары бар бөлігінің аясына көгілдір эмаль құйылған.

      4. Орталық бөліктің үстінде, шеңбер бойынша, сары эмаль құйылған секторда көк түсті "PATRÚLDIK POLISIA" деген жазулар орналасқан.

      5. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің, Метрополитендегі полиция басқармасының патрульдік полиция, сондай-ақ мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің кеуде жетондарының үлгілеріне, сондай-ақ оларды беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары патрульдік полициясы қызметкерінің кеуде жетонының төменгі бөлігінде қара түспен таңбалау арқылы өңірдің нөмірі және қызметкердің төрт таңбалы дербес реттік нөмірі (тире арқылы) енгізілген (бұдан әрі – Серия).

      6. Кеуде жетоны түйреуішпен бекітіледі.

2-тарау. Көліктегі полиция департаментінің патрульдік полициясы саптық бөліністері қызметкерлерінің кеуде жетонының үлгісі

3-сурет

4-сурет



 


 

      7. Көліктегі полиция департаментінің патрульдік полициясы бөліністері қызметкерінің кеуде жетоны (3 және 4-суреттер) диаметрі 90 миллиметр түсі сары дөңгелек нысанда анодталған алюминийден жасалады.

      8. Белгінің ортасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары патрульдік полициясы эмблемасының бейнесі орналасқан.

      9. Негізгі орталық күн шапақтары бар бөлігінің аясына көгілдір эмаль құйылған.

      10. Орталық бөліктің үстінде, шеңбер бойынша, көгілдір эмаль құйылған секторда сары түсті "KÓLIKTEGI PATRÚLDIK POLISIA" деген жазулар орналасқан.

      11. Кеуде жетонының төменгі бөлігінде Көліктегі полиция департаментінің патрульдік полициясы қызметкерінің қара түспен таңбалау арқылы үш таңбалы дербес реттік нөмірі енгізілген.

      12. Кеуде жетоны түйреуішпен бекітіледі.

3-тарау. Метрополитендегі полиция басқармасы патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлері жетонының үлгісі

5-сурет

6-сурет



 


 

      13. Метрополитендегі полиция басқармасы патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерінің кеуде жетоны (5 және 6-суреттер) диаметрі 90 миллиметр (мм) сары түсті дөңгелек нысанда анодталған алюминийден жасалған.

      14. Белгінің ортасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары патрульдік полициясы эмблемасының бейнесі орналасқан.

      15. Негізгі орталық күн шапақтары бар бөлігінің аясына көгілдір эмаль құйылған.

      16. Орталық бөліктің үстінде, шеңбер бойынша, қызыл эмаль құйылған секторда сары түсті "METROPOLITENDEGI PATRÚLDIK POLISIA" деген жазулар орналасқан.

      17. Кеуде жетонының төменгі бөлігінде Метрополитендегі полиция басқармасы патрульдік полициясы қызметкерінің қара түспен таңбалау арқылы үш таңбалы дербес реттік нөмірі енгізілген.

      18. Кеуде жетоны түйреуішпен бекітіледі.

4-тарау. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің кеуде жетонының үлгісі

7-сурет

8-сурет



 


 

      19. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің кеуде жетоны (7 және 8-сурет) диаметрі 90 мм. күміс түсті төңкерілген таға нысанында анодталған алюминийден жасалған және екі бөлімнен тұрады: негізі және жапсырмалар.

      20. Белгінің ортасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының бейнесі орналасқан.

      21. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының үстінде көгілдір эмальмен құйылған секторда қызыл түсті "POLICE" жазуы орналасқан.

      22. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының астында көк эмальмен құйылған секторда қызыл түсті "МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ" жазу орналасқан.

      23. Кеуде жетонының төменгі бөлігінде қара түсті төрт таңбалы код белгісімен сары түсті жапсырмасы және екітаңбалы (бір таңбалы) Сериясы бар.

      24. Кеуде жетоны түйреуішпен бекітіледі.

5-тарау. Кеуде жетондарын беру қағидалары.

      25. Кеуде жетондары олардың бекітілуі ішкі істер органдары бастығының, не болмаса оны алмастыратын адамның (бұдан әрі - ІІО) бұйрығымен жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің, Метрополитендегі полиция басқармасының патрульдік полиция және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністерінің барлық қызметкерлеріне беріледі.

      26. Кеуде жетоны лауазымға тағайындалған, ауысқан (қайта тағайындалған), бүлінген, бұрын берілген жетонды жоғалтқан кезде беріледі.

      27. Кеуде жетонын беруді және қайтаруды есепке алу кеуде жетондарын есепке алу, беру және тапсыру журналында жүзеге асырылады, ол осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің және Метрополитендегі полиция басқармасының патрульдік полиция, мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілері, сондай-ақ оларды беру қағидаларына 2-қосымшаға (бұдан әрі - Журнал) сәйкес нысан бойынша нөмірленеді, тігіледі және қол қоюмен және мөрмен расталады.

      28. Кеуде жетонын берудің, қайтарудың және жұмсаудың есебін ІІО басшылығы уәкілеттік берген, материалдық жауапты адам (бұдан әрі – Жауапты адам) болып табылатын полиция қызметкері жүзеге асырады.

      29. Кеуде жетонын жоғалтқан, бүлдірген немесе басқа адамдарға берген жағдайда патрульдік полиция және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөлінісінің қызметкері болған жағдай туралы тікелей командиріне баянатпен баяндайды, ол жиырма төрт сағаттың ішінде бұл туралы жоғары тұрған басшылыққа хабарлайды.

      30. Кеуде жетоны жоғалған бөліністің жауапты адамы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жиырма төрт сағаттың ішінде жоғалған кеуде жетонының жарамсыздығы туралы ақпаратты жариялауға жолдайды.

      31. Кеуде жетонын жоғалтудың, бүлдірудің, басқа адамдарға берудің, оларды қызметтік жұмыспен байланысты емес пайдакүнемдік немесе өзге де мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі, жоғалған кеуде жетонын іздестіруге, болған оқиғаға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қабылданады.

      32. Жоғалған кеуде жетоны жарамсыз деп есептеледі, бұл туралы журналда белгі жасалады.

      33. Жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз кеуде жетонының нөмірі қайта қалпына келтірілмейді. Кеуде жетонының телнұсқаларын жасауға жол берілмейді.

      34. Пайдалануға жарамсыз кеуде жетоны жетонды берген бөлініске жиырма төрт сағаттың ішінде тапсырылады.

      35. Жұмыстан шыққан, ауысқан немесе іссапарға жіберілген, сондай-ақ еңбек демалысына кеткен кезде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің, Метрополитендегі полиция басқармасының патрульдік полиция және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністерінің қызметкері жетонды берген бөлініске кеуде жетонын тапсырады. Кеуде жетонын тапсыру журналда тіркеледі.

      36. Одан әрі пайдалануға жарамды тапсырылған кеуде жетоны патрульдік полиция және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөлінісінің жаңадан келген қызметкеріне беріледі.

      37. ІІО бөлінісінің басшысы тоқсан сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей қарамағындағы бөліністегі кеуде жетондарының бар болуына тексерісті ұйымдастырады. Тексеріс нәтижелері туралы ақпарат ІІО жоғары тұрған бөлінісіне 10-ы күніне ұсынылады.

      38. ІІО бөліністерінде кеуде жетондарын есепке алу, беру және сақтау тәртібін бақылау дербес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың, Көліктегі полиция
департаменттерінің,
Метрополитендегі полиция
басқармасының патрульдік
полиция және
мамандандырылған күзет
қызметі саптық бөліністері
қызметкерлерінің кеуде
жетондарының үлгілеріне,
сондай-ақ оларды беру
қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің, Метрополитендегі полиция басқармасының патрульдік полиция және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің кеуде жетондарының СЕРИЯЛАРЫ

№ р/с

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөліністерінің атауы

Жетон сериясы

1.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

01

2.

Алматы қаласының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

02

3.

Ақмола облысының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

03

4.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

04

5.

Алматы облысының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

05

6.

Атырау облысының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

06

7.

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

07

8.

Жамбыл облысының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

08

9.

Қарағанды облысының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

09

10.

Қостанай облысының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

10

11.

Қызылорда облысының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

11

12.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

12

13.

Түркістан облысының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

13

14.

Павлодар облысының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

14

15.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

15

16.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

16

17.

Шымкент қаласының Полиция департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

17

18.

ІІМ-нің Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі

Ү

19.

ІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі

В

20.

Жезқазған қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

О

      Ескертпе:

      01-17 - (өңір сериялары) патрульдік полиция, мамандандырылған күзет қызметі;

      Ү - (Үкіметтік) ІІМ-нің Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі;

      В - (Дипломатиялық) ІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі;

      О - (Жезқазған) Жезқазған қаласының мамандандырылған күзет қызметі.

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың, Көліктегі полиция
департаменттерінің ,
Метрополитендегі полиция
басқармасының патрульдік
полиция және
мамандандырылған күзет
қызметі саптық бөліністері
қызметкерлерінің кеуде
жетондарының үлгілеріне,
сондай-ақ оларды беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Мұқабаның сыртқы жағы

Кеуде жетондарын есепке алу, беру және тапсыру журналы _________________________________________________________ (бөліністің атауы)

  Басталды: 20 __ жылғы
  " ___ " ______________
  Аяқталды: 20 __ жылғы
  " ___ " ______________
  Мұқабаның ішкі жағы

№ р/с

Жетонның нөмірі

Атқаратын лауазымы, атағы және Т.А.Ә (бар болған кезде)

Алғаны туралы күні, қолы

Жетонды ауыстыру және тапсыру туралы белгі

Жетонды жою (актінің нөмірі және күні)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7