"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25–03–02/120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 238 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 17 маусымда № 18854 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық аткілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7602 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 269-273 (27347) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру қағидасында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер", "Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атақтары (бұдан әрі – құрметті атақтар), "Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін", "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгілері (бұдан әрі – төсбелгілер) және құрмет грамоталары:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне;

      2) Комитеттің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне;

      4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми қызметкерлерге;

      5) аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлеріне;

      6) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің қызметкерлеріне;

      7) аңшылық және балық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан басқа да адамдарға, оның ішінде зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті демалысқа шыққан адамдарға беріледі.";

      "12. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беруге ұсынымдарды Комитетке:

      1) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің;

      2) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мекемелері мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының;

      4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдарының;

      5) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің;

      6) аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің басшылары ұсынады.";

      13-тармақ алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беруге ұсыным осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.";

      көрсетілген Қағидаға 8-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 17 маусымдағы
№ 238 бұйрығына
қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасында
8-қосымша
  Үлгі



 


 

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
____________________________
_____________________________
______________________________
М А Р А П А Т Т А Л А Д Ы
Министр
Нұр-Сұлтан 20__жыл

Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан
ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА
Н А Г Р А Ж Д А Е Т С Я
_______________________________
_______________________________
_______________________________
Министр
Нур-Султан 20__ год