"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 маусымда № 18846 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 500 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 04.08.2021 № 500 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.05.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2) Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.05.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      3) Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.05.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      4) Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 18.05.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      6) Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.05.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      7) Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.05.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      8) Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.05.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      9) Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 18.05.2020 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10) Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 19.06.2020 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшалар тиісінше осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 18.05.2020 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.05.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2020 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-майор
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ______________________________

      2019 жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 442 бұйрығына
1-қосымша
  1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы "14" наурыздағы
№ 113 бұйрығымен
бекітілген

"Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.05.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 442 бұйрығына
2-қосымша
  2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы "14" наурыздағы
№ 113 бұйрығымен
бекітілген

"Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.05.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 442 бұйрығына
3-қосымша

"Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.05.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 442 бұйрығына
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 18.05.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 442 бұйрығына
5-қосымша
  5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы "14" наурыздағы
№ 113 бұйрығымен
бекітілген

"Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі (өтініштер мен құжаттар қабылданған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):

      1) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болған кезде – 5 (бес) минут;

      2) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған кезде – 1 (бір) жұмыс күні;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      4) өтініш жасаған күні қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      ЖӘБО-да анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұзартылады. ЖӘБО кейіннен өтініш берген жеке тұлғаны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып, сұрау салынған ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салу жолдайды.

      Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып, анықтама беру мерзімі 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағазда.

      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қағаз нысанында немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) берілетін анықтама беру болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағазда.

      Көрсетілетін қызметті алушы қағазда анықтама алу үшін өтініш жасаған жағдайда анықтама басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолтаңбасымен куәландырылады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;

      2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейінгіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болған кезде жедел қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде жүзеге асырылады, сондай-ақ электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

      3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) (Мемлекеттік корпорация жұмыскері интеграция бар болған кезде жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне тіркейді);

      2) портал арқылы:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінішті қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.

      Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілінің) құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      1) шағым Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша жергілікті әскери басқару органы басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта, портал арқылы не жұмыс кестесіне сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегін және инициалдарын, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады;

      2) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына өтініш жасау жолымен жолдайды.

      Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол, сондай-ақ поштамен келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" өтініш жасау туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Тіршілік әрекетін шектейтін организм қызметінің тұрақты бұзылуымен денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы өтініш жасау жолымен тұрғылықты жеріне барумен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері жүргізеді.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті" және Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  "Жеңілдігі бар адамдарға
(Ұлы Отан соғысына
қатысушыларға,
Чернобыль авариясын
жоюшыларға, интернационалист
жауынгерлерге) анықтамалар
беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Анықтама берген мекеменің
"бұрыштық мөртаңбасы"


Анықтама

      "Тегі", "Аты", "Әкесінің аты" (ол бар болған кезде), "Туған күні, жылы", ___________

      _________________ _____ жылғы "____" бастап "____" дейінгі кезеңде_____________

      _____________________жарамды.

      Анықтама талап етілген жерге ұсыну үшін берілді.

      Анықтама берілген күні _______Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      ЖӘБО бастығының қолы: _________________________

      (елтаңбалы мөр)

  "Жеңілдігі бар адамдарға
(Ұлы Отан соғысына
қатысушыларға,
Чернобыль авариясын
жоюшыларға, интернационалист
жауынгерлерге)
анықтамалар беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан



      №____"Тіркеу нөмірі"                  ____________ "Өтініш берілген күні"

Анықтама

      "Тегі", "Аты", "Әкесінің аты" (ол бар болған кезде), туған жылының "туған күні", ____________жылғы "___" бастап "___" дейінгі кезеңде__________жарамды.

      Анықтама талап етілген жерге ұсыну үшін берілді.

      Анықтама берілген күні __________ "Берілген күні". Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      ЖӘБО атауы: ___________________________________ "ЖӘБО қызметкері"

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды

      Осы құжат "Электрондык құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабына сәйкес қағаздағы құжатпен бірдей.



  "Жеңілдігі бар адамдарға
(Ұлы Отан соғысына
қатысушыларға,
Чернобыль авариясын
жоюшыларға, интернационалист
жауынгерлерге)
анықтамалар беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан
  _______________________
қорғаныс істері
(ауданның, қаланың)
жөніндегі бөлімінің
(басқармасының) бастығына
____________________________
_________________________
тұратын
____________________________
____________________________
______________ әскери есепте
тұрған
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде),
туған жылы, жеке сәйкестендіру
нөмірі)

Өтініш

      __________________________________________________________________________

      (Ұлы Отан соғысына қатысушының, интернационалист жауынгердің,

      Чернобыль авариясын

      __________________________________________________________________________

      жоюшының)

      растайтын анықтама беруіңізді сұраймын

      Қашан және қандай қорғаныс істері жөніндегі департамент (бөлім, басқарма)

      (әскери комиссариат) әскерге шақырды

      __________________________________________________________________________

      Сұрау салынған кезеңдегі әскери атағы мен лауазымы

      __________________________________________________________________________

      Әскер тегі, әскери бөлімнің нөмірі, бағыныстылығы мен орналасқан жері

      __________________________________________________________________________

      Қызмет ету, жұмыс істеу кезеңі (келген және кеткен жылы, айы)___________________

      __________________________________________________________________________

      Жеңілдікке құқық туралы куәліктің № __________ берілген күні ___________________

      Кім және қашан берді ______________________________________________________

      Қосымша мәліметтер ______________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      _______________________________ 20__жылғы "___"________ ________________

                  (тегі және инициалдары)                                     (қолы)

  "Жеңілдігі бар адамдарға
(Ұлы Отан соғысына
қатысушыларға,
Чернобыль авариясын
жоюшыларға, интернационалист
жауынгерлерге) анықтамалар
беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  Нысан
  Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге

      ________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын стандартқа сәйкес көрсету)

      құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ____________________________________;

      2) ____________________________________;

      3) ____________________________________.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      ____________________________________________________ _______________

      (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің (қолы) тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болған кезде)

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) _______________________

      Телефоны ___________

      Алдым:

      ____________________________________________________ _______________

      Көрсетілетін қызметті алушының                               (қолы)

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      20__жылғы "___"____________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 442 бұйрығына
6-қосымша
  6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы "14" наурыздағы
№ 113 бұйрығымен
бекітілген

"Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.05.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 442 бұйрығына
7-қосымша
  7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы "14" наурыздағы
№ 113 бұйрығымен
бекітілген

"Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.05.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 442 бұйрығына
8-қосымша
  8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы "14" наурыздағы
№ 113 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 8-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.05.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 442 бұйрығына
9-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 18.05.2020 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 442 бұйрығына
10-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 19.06.2020 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.