"Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 391 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 маусымда № 18842 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11764 болып тіркелгені, 2015 жылғы 12 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінің № 174 (28652) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескертіле отырып, өзге де талаптар";

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Министрліктің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары www.egov.kz, www.elicense.kz порталының интернет-ресурсында орналастырылған.";

      қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қызметті берушінің кеңсесіне:

      осы мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҚР МӨЖ тізілімінде ӨОӘ тіркеуге арналған өтініш;

      мәлімделген ӨОӘ-сі ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуге рұқсат етілетіндігі туралы Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталығынан (бұдан әрі – МҒМО) хат;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:

      1) осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрліктің басшысының немесе оны алмастыратын адамның атына;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінін басшысының атына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғандығын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізуге болады.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.miіd.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) порталдың www.egov.kz, www.elicense.kz интернет-ресурсында орналастырылған.";

      "Шет елдік шығарылымның стандартты үлгісін пайдалануға рұқсат" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік стандарттық үлгісін бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 12 маусымдағы
№ 391 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 730 бұйрығына
1-қосымша

"Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат немесе не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі– жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты алуға арналған өтініш;

      Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан өтініште көрсетілген өлшем құралдарына эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында оң нәтиже алғаны туралы хат;

      2.21-2007 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарының типін сынау және бекітуді жүргізу тәртібі" ҚР СТ Д-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өлшем құралдары типін сипаттау жобасы екі данада;

      ашық басылымда типтің сипатын жариялауға рұқсаты туралы көрсетілетін қызметті алушының хаты.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, не жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.

      10. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылдану растамасы шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) тіркеу болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы шағым жіберген кезде "жеке кабинеті" арқылы көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) www.egov.kz, www.elicense.kz порталының интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы, порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-02, 75-05-60. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Өлшем құралдарының типін
бекіту туралы сертификат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
  Нысан

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты алуға арналған өтініш

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жеке тұлғадан (толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғадан (толық атауы,бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда)).

      Мынадай өлшем құралының: ______________________________________

                        (өлшем құралының толық атауы және белгіленуі)

      _______________________ типін бекіту туралы сертификатты беруді сұраймын.

      (өндірушінің атауы, өндірістің аумақтық орналасқан жері)

      Қосымша:

      _______________________________________________________________

                        (қоса берілетін құжаттар атауы)

      Өндірілген немесе әкелінген өлшем құралдарының бекітілген тип сәйкестігіне өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімінде кепілдік береміз.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Жеке тұлға ____________________________________________________

                        (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      Заңды тұлғаның басшысы ______________________________________

                        (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      М.О. (болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
  Индустрия және инфрақұрылымдық
  даму министрінің
  2019 жылғы 12 маусымдағы
  № 391 бұйрығына
  2-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
  Мемлекеттік Туын және
  Қазақстан Республикасының
  Мемлекеттік Елтаңбасын
  дайындау бойынша қызметті
  жүзеге асыруға лицензия беру"
  мемлекеттік көрсетілетін қызмет
  стандартына қосымша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      1. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар:

      атауы _______________________________________________________

      нөмірі ______________________________________________________________

      2. Өндірістік техникалық база:

      Технологиялық жабдықтың болуы:__________________________

      Өлшеу және бақылау құралдарының атауы:

      түстерді көзбен салыстыру бойынша________________________________

      сызықтық және бұрыштық өлшемдерді анықтау бойынша___________________

      сыртқы лак-бояу жабынын бағалау бойынша_______________________

      толқындылықты және кедір-бұдырлықты анықтау бойынша_________________

      Гүл атласының болуы (атауы)) _____________________________

      3. Өлшеу және бақылау құралдарына салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар:

      тексеру/метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың нөмірлері ____

      салыстырып тексеру/метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың берілген күні ______

      сертификат берген органдардың атауы ______________________

      * Егер өтініш беруші технологиялық жабдықтың, өлшеу және бақылау құралдарының, түстер атласының құқық иесі болып табылмаса, онда олардың құқықтарын пайдалану үшін жалдау шарты (нөмірі, күні, жалдау мерзімі және кіммен жасалғаны) көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 12 маусымдағы
№ 391 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 730 бұйрығына
6-қосымша

"Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 6 (алты) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Портал арқылы алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті сақталады.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестаты (бұдан әрі – аттестат) не сарапшы-аудитор ретінде аттестаттаудан дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) сәйкестікті растау жөніндегі аттестатты алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өту туралы есептердің мынадай саны:

      өнімдер мен қызметтер бойынша (әртүрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен кем емес менеджмент жүйесі бойынша (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда) – кемінде төрт есеп немесе аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      персонал бойынша-тиісті бағыттар бойынша кемінде үш есеп немесе кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      мәлімделген аттестаттау бағытында бұрын аттестатталған адамдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті ұсынады;

      2) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі аттестатты алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысанының электрондық көшірмесі;

      есептердің электрондық көшірмелері келесі санда:

      тауардың шығарылған елін Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге оның қатысуын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткені туралы бес есептің электрондық көшірмелері (Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын Қағидаларға сәйкес әртүрлі нысандар бойынша тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) немесе сарапшы-аудитордың мәлімделетін аттестаттау бағытындағы қызметі туралы;

      мәлімделген аттестаттау бағытында бұрын аттестатталған адамдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті ұсынады.

      Аттестат жоғалған, бүлінген жағдайда, егер бұрын берілген аттестат қағаз нысанда ресімделген болса, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетінде" аттестаттың электрондық көшірмесін алуға мүмкіндігі бар.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде усынылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі (егер мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру қағаз жеткізгіште қажет болса, оны алу орнын көрсету қажет).

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      10. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының " жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Өтініш, мәліметтер нысаны көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрде ұсынылады. Тағылымдамадан өту туралы есептер немесе қызмет туралы есеп сканерленген түрде ұсынылады.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші:

      1) аның емез мәліметтер ұсынылған;

      2) сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеген;

      3) тағылымдамадан өткені туралы мәліметтер Техникалық реттеу саласындағы заңнама нормаларына қайшы келетін ұсынылған жағдайларды аттестатты беруден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде беріледі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды Портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары::

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz;

      2) порталдың интернет-ресурсында: www.egov.kz, www.elicense.kz ескерту.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-02, 75-05-17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одақ тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторлардың
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны ______________________________________________________________ (мәлімделетін аттестаттау бағыты)

      Толтырылған күні________________________________________________

      1. Жеке деректері:

      Тегі______________________________________________________________

      Аты______________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болған кезде)______________________________________

      Туған жылы______________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат (нөмірі, кім және қашан берді)_________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________

      Білімі ____________________________________________________________

      Аяқтаған оқу орнының атауы _______________________________________

      Аяқтаған жылы ____________________

      Білімі туралы құжаттың (диплом) нөмірі _____________________________

      (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаты болған кезде,

      Қазақстан Республикасының аумағында заңнамамен белгіленген тәртіппен білім беру

      туралы құжатты нострификациялау туралы мәліметтерді көрсету)

      Диплом бойынша мамандығы_______________________________________

      Диплом бойынша біліктілігі_________________________________________

      Ғылыми дәрежесі (бар болған кезде)__________________________________

      Аттестаты (бар болған кезде)________________________________________

      (сарапшы-аудитордың)

      20 __ жылы "___" _________ № ______________________берілген

      Жұмыс орны _____________________________________________________

      Лауазымы _______________________________________________________

      телефоны________________________________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы___________________________________________

      2. Жұмыс өтілінің бар екендігі туралы деректер:

Күні

басталуы аяқталуы

Ұйым атауы, лауазымы

Негізгі міндеттері

      3. Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау бойынша жұмыстарға қатысқандығы (практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі туралы) туралы деректер:

Жұмыстар жүргізу кезеңі

Тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы

Орындалған жұмыстар тізбесі

      4. Даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы деректер:

Курстардан өту күні

Оқыту түрі, сағаттар саны

Мамандану (қызмет бағыты)

Куәліктің нөмірі және берілген күні

Оқытуды өткізген оқу орталығы

      _____________________________

      Қолы, күні

  "Сәйкестікті растау, тауарды
шығарған елді, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысаны

Тағылымдамадан өту туралы № _____ есеп

      бойынша ____________________________________________________________

                        (мәлімделетін аттестаттау бағыты)

      ____________________________________________________________________

      (сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) )

      ____________________________________________________________________

                  (есеп мәтіні)

      Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға (стажер))________

      ____________________________________________________________________

                        (тегі және аты-жөні) (қолы)

      Тағылымдама жетекшісінің пікірі мінездеме:

Бағалау саласы

Баға (қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

Білім:

Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздері

Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі негіз қалаушы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар

Жұмыстар мен тексерулерді жүргізу әдістері мен рәсімдерін, тексерілетін объектілердің сипаттамаларын, оларды бағалау әдістері мен тәсілдерін, есептерді, қажетті құжаттар мен жұмыс нәтижелері бойынша қорытындыларды дайындауды

Білімді іс жүзінде қолдана білу

Жеке қасиеттерін іске асыру

Жалпы баға

      Тағылымдама жетекшісі______________________________________________

      (сарапшы-аудитор, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), аттестаттың тіркеу

      нөмірі және берілген күні,

      ____________________________________________________________________

      сарапшы-аудитор ретіндегі лауазымы, жұмыс орны, жұмыс өтілі)

      ____________________________________________________________________

      (тағылымдама басшысының тегі және аты-жөні))

      Ұйым басшысы________________________________________

                  (ұйым басшысының тегі және аты-жөні) )

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

      Ескертпе:

      Есеп мәтінінде:

      1) тағылымдамадан өту күні(дер), тағылымдама өткен ұйымның атауы және мекенжайы (Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген ұйымның аккредиттеу аттестатының нөмірі және қолданылу кезеңі));

      2) қағидалар мен рәсімдерді айқындайтын қандай құжаттарға сәйкес жұмыстар жүргізілді;

      3) тексерілетін тексеру объектісінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы шешім қабылданған құжаттарды (сертификаттау/декларация рәсімінің қорытындысы, сынақ хаттамаларының және басқа да құжаттардың нөмірлері) көрсете отырып, жұмыстарды жүргізу тәртібі;

      4) сәйкестік сертификатын беру/беруден бас тарту туралы қабылданған шешім (тексерілетін ұйымдардың атауы мен мекенжайын көрсете отырып).

  "Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одақ тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторлардың
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысаны

Сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп _____________________________________ (аттестаттау бағыты)

      Тегі _________________________________________

      Аты __________________________ әкесінің аты (бар болса)) __________

      Аттестат_______________________________

      (сарапшы-аудиторды аттестаттау бағыты))

      № _______________________ берілген "____" ______________ 20__ жыл

      Есепті кезең "___" __________ 20__ бойынша "__" ________ 20___ жыл

Есепті кезеңде орындалған жұмыстар туралы мәліметтер

Есепті кезең ішінде орындалған жұмыстардың нәтижесі

      _______________________________________________________________

                        (негізгі жұмыс орны)

      _______________________________________________________________

      (аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру, аттестаттан айыру туралы мәліметтер))

      _______________________________________________________________

      (сарапшы-аудитордың тегі және аты-жөні) (қолы, күні)

      _______________________________________________________________

      (ұйым басшысының тегі және аты-жөні) (қолы, күні)

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 12 маусымдағы
№ 391 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 730 бұйрығына
8-қосымша

"Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға куәлік немесе не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі– жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан сараптама жүргізу барысында оң нәтиже алынғаны туралы сараптамалық қорытынды.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қолды.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылдану растамасы шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) тіркеу болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы шағым жіберген кезде "жеке кабинеті" арқылы көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15(он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) www.egov.kz, www.elicense.kz порталының интернет-ресурсында орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы, порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-02, 75-05-17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 12 маусымдағы
№ 391 бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 730 бұйрығына
9-қосымша

"Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту туралы сертификат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі– жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан туралы сараптама жүргізу барысында оң нәтижесінің алынғандығы туралы сараптамалық қорытындысы.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылдану растамасы шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) тіркеу болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы шағым жіберген кезде "жеке кабинеті" арқылы көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар