"Сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 маусымда № 18817 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11523 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық жол активтері сапасы орталығының автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ұлттық жол активтері сапасы орталығының автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық жол активтері сапасы орталығының автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      201_ жылғы "__" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      201_ жылғы "__" _________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 7 маусымдағы
№ 374 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 305 бұйрығымен
бекітілді

Ұлттық жол активтері сапасы орталығының автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық жол активтері сапасы орталығының автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық жол активтері сапасы орталығының автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы жол қызметінің барлық субъектілеріне қолданылады.

      3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама – автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау кезінде қолданыстағы нормалардың және стандарттардың, жобалық-сметалық құжаттамалар, сондай-ақ жөндеу және күтіп-ұстау кезінде техникалық құжаттамалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге арналған Ұлттық жол активтері сапасы орталығы жүзеге асыратын автомобиль жолдарын салу, реконструциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына жоспарлы және/немесе жоспардан тыс сараптама (бұдан әрі – сараптама);

      2) авторлық қадағалау – сәулет немесе қала құрылысы туындыларының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзірлеушілер жүзеге асыратын құрылыс жобасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі автордың құқықтылығы;

      3) Ұлттық жол активтері сапасы орталығы – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру жөніндегі функциялар, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибелік учаскелерді қолдау жөніндегі функциялар жүктелген, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарамағындағы заңды тұлға;

      4) жұмыс жүргізу объектілері – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау объектілері, сондай-ақ мердігер шарты мен кепілдікті кезең шеңберінде жүзеге асырылатын жобалық және техникалық құжаттама құрамына кіретін объектілер;

      5) тапсырыс беруші – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын олармен үлестес заңды тұлғалар;

      6) техникалық қадағалау – орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау;

      7) уәкілетті орган – автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган.

      4. Сараптаманың мақсаты жобаның, мердігерлік шарттар мен нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын сақтай отырып, жолдар мен құрылыстардың конструкциялық элементтерінің, материалдардың, жұмыс жүргізу технологиясының жарамдылығын белгілеу болып табылады.

2-тарау. Ұлттық жол активтері сапасы орталығының автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру тәртібі

      5. Сараптама осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес Тапсырыс беруші мен Ұлттық жол активтері сапасы орталығы арасындағы сараптама жүргізуге арналған шарт негізінде жүзеге асырылады.

      6. Сараптама, сараптаманың нақты емес нәтижелерін болдырмайтын, сараптама жүргізу үшін қолайлы климаттық жағдайлар кезінде жүзеге асырылады.

      7. Сараптама жүргізу мақсатында Ұлттық жол активтері сапасы орталығы әзірлейді, ал тапсырыс беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптама жүргізудің жоспар-кестесін бекітеді (бұдан әрі – жоспар-кесте).

      8. Жоспар-кесте Тапсырыс берушінің және Ұлттық жол активтері сапасы орталығының интернет-ресурстарында орналастырылады.

      9. Жоспарлы сараптама міндетті түрде жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Жоспардан тыс сараптама:

      1) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық жол активтері сапасы орталығының автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптамасының теріс корытындылары болуы кезінде;

      2) уәкілетті органның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

      11. Ұлттық жол активтері сапасы орталығы сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

      1) сертификатталған, тексерілген және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген аспаптарды, жабдықты және өлшеу құралдарын қолдану арқылы қолданыстағы салалық нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттелген сынақтар мен өлшеу әдістеріне сәйкес сараптама жүргізеді;

      2) сараптаманы 10 (он) жұмыс күні ішінде қорытындысын шығара отырып жүргізеді;

      3) жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша қорытындыны тапсырыс берушіге және мердігерге жібереді;

      4) сараптама қорытындысына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша тапсырыс беруші шара қолданбаған жағдайда, тиісті шаралар қолданылу үшін уәкілетті органды хабардар етеді.

      12. Ұлттық жол активтері сапасы орталығы сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

      1) сараптама жүргізу мақсатында жұмыс жүргізу объектілерінде кедергісіз бола алады;

      2) техникалық және адамдық ресурстарды, материалдарды, жабдықтарды, сондай-ақ жұмыс жүргізу объектілерінде орындалған жұмыстар көлемін есепке алу бойынша уәкілетті орган өкілінің функциясын орындайды;

      3) қажет болуына қарай жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамаларымен танысады.

      13. Тапсырыс беруші сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жоспар-кестені бекітеді;

      2) сараптама жүргізу кезеңінде мердігер, техникалық қадағалау және мүдделі адамдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді;

      3) Ұлттық жол активтері сапасы орталығының жұмыс жүргізу объектілеріне кіруін қамтамасыз етеді;

      4) жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамаларды береді;

      5) Ұлттық жол активтері сапасы орталығының қорытындыларында көрсетілген бұзушылықтарды орындау бойынша мердігерді бақылайды;

      6) Ұлттық жол активтері сапасы орталығының мердігерлік шартқа сәйкес теріс қорытындысын алған сәттен бастап мердігерге ықпал ету шараларын қолданады;

      7) мердігер сараптама қорытындысына сәйкес бұзушылықтарды жою нәтижелері бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде Ұлттық жол активтері сапасы орталығын жазбаша түрде хабардар етеді.

      8) Ұлттық жол активтері сапасы орталығымен бірлесіп жоспар-кестеге түзетулер енгізеді;

      9) сараптама қорытындысымен танысады;

      10) өтінім беру арқылы қайта сараптама жүргізеді.

      14. Мердігер сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

      1) Ұлттық жол активтері сапасы орталығының сараптама жүргізу үшін жұмыс жүргізу объектісіне кіруін қамтамасыз етеді;

      2) сараптама жүргізу кезеңінде Ұлттық жол активтері сапасы орталығына жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамаларын береді;

      3) сараптама қорытындыларына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде іс-шараларын жүргізеді;

      4) сараптама қорытындысымен танысады;

      5) тапсырыс беруші мен Ұлттық жол активтері сапасы орталығын жазбаша түрде хабардар ету арқылы қайта сараптама жүргізуге бастамашылық етеді.

      15. Сараптама қорытындылары:

      1) жұмыс жүргізу объектісінің атауын;

      2) тапсырыс берушінің, мердігердің, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асырушы адамдардың атауын;

      3) іс-шараларды және сараптаманы жүргізу күні мен мерзімдері көрсетіліп сараптама негіздерін;

      4) регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес ресімделген сараптама қорытындылары;

      5) Ұлттық жол активтері сапасы орталығының мөрімен куәландырылған тікелей сараптама орындаушысының, Ұлттық жол активтері сапасы орталығы басшысының қолын қамтуы тиіс.

  Ұлттық жол активтері сапасы
орталығының автомобиль
жолдарын салу,
реконструкциялау,
жөндеу және күтіп-ұстау кезінде
жұмыстар мен материалдардың
сапасына сараптама жүргізуін
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Сараптама жүргізудің жоспар-кестесі

"КЕЛІСІЛДІ"
"Ұлттық жол активтерінің
сапасы орталығы" ШЖҚ РМК
филиалының басшысы
______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20__жылғы "____" _________
____________________________
(мөр орны (бар болған жағдайда)

"КЕЛІСІЛДІ"
____________________________
(тапсырыс берушінің атауы)
____________________________
____________________________
(тапсырыс берушінің лауазымы)
______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20__жылғы "____" ___________
___________________________
(мөр орны (бар болған жағдайда)


Объектінің атауы

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11
























































  Ұлттық жол активтері сапасы
орталығының автомобиль
жолдарын салу, реконструкциялау,
жөндеу және күтіп-ұстау кезінде
жұмыстар мен материалдардың
сапасына сараптама жүргізуін
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Ұлттық жол активтері сапасы орталығының автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сараптама қорытындысы

      1. Жұмыс жүргізу объектісінің атауы: _______________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Тапсырыс берушінің атауы: ____________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Мердігердің атауы: _________________________________________

      4. Техникалық қадағалаудың атауы: _____________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Авторлық қадағалаудың атауы: _______________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Негізгі сарапшылар: _________________________________________

      ____________________________________________________________________

      7. Сараптама нәтижелері: ________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Сараптама қорытындысы: ______________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      "Ұлттық жол активтерінің

      сапасы орталығы" ШЖҚ РМК

      филиалының басшысы ___________________ ____________________________________

                              (қолы, мөр орны)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

                              (бар болған жағдайда)

      Сараптама орындаушысы _________________ ____________________________________

                              (қолы, мөр орны)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

                              (бар болған жағдайда)