"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 533 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 маусымда № 18773 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      331-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "331. Төреліктерде соттың тиісті шешімі күтілетін дауларды реттеуге бағытталған қаражатты қоспағанда, айырбасталған шетел валютасын мемлекеттік мекеме шетел валютасындағы шотқа есептелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде мақсатқа сай пайдалануы тиіс. Шетел валютасын пайдаланбаған не жете пайдаланбаған жағдайда осы мерзім аяқталғаннан соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық қазынашылық бөлімшесі шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім беру қажеттілігі туралы мемлекеттік мекемеге жазбаша хабар береді.";

      340-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "340. Тиісті бюджетке және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына есептеуге арналған валюта түрлері бойынша шетел валютасын қайта айырбастауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган электрондық түрде төлем құжаттары қоса берілген шетел валютасындағы шоттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен үзінді-көшірмені алған күннен бастап үш күн ішінде жүзеге асырады.

      Төреліктерде соттың тиісті шешімі күтілетін дауларды реттеу шеңберінде түскен шетел валютасын қайта айырбастау міндетті болып табылмайды.";

      378-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-2. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік құпиялары бар қызметтік ақпаратты ("Құпия" белгісі бар) қамтитын мәліметтері бар объектілерді және таратылуы шектеулі ("ҚПҮ" белгісі бар) қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері бар объектілерді, сондай-ақ бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес Түркістан қаласының құрылыс объектілерін қоспағанда мемлекеттік сатып алу рәсімдерін құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу шарттарымен, жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік сатып алу қорытындысы өткеннен кейін:

      қазынашылық қолдау кезіндегі тапсырыс беруші, бас мердігер анықталған күннен бастап келесі жұмыс күннен кешіктірмей, аумақтық қазынашылық органдарына құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жазбаша түрде хабарлайды;

      қазынашылық қолдау кезіндегі тапсырыс беруші, бас мердігері анықталған күннен бастап келесі жұмыс күннен кешіктірмей, оны аумақтық қазынашылық органдарында шот ашу туралы жазбаша түрде хабарлайды;

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігер, қазынашылық қолдау кезіндегі тапсырыс берушіден хабарлама алғаннан кейін, келесі жұмыс күннен кешіктірмей, тапсырыс берушіге қызмет көрсету орны бойынша аумақтық қазынашылық органдарына осы Ереженің 4-тарауының 5-параграфында қарастырылған құжаттар жинағын қалыптастыруға қажетті құжаттарды, осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген хабарламаның көшірмесін қоса тіркеп, осы Ереженің 115-қосымшасына сәйкес нысанда кодтарды беру және шоттарын ашуға арналған өтінімді береді және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлердің салық заңнамасына сәйкес ұсынған тізімін мемлекеттік кірістер органдарына талдау жүргізу үшін жолдайды.";

      700-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "700. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:

      1) инвестициялық жобаларды қарау процесінде ұйымдық басшылықты қамтамасыз етеді;

      2) инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындысын жүзеге асырады;

      3) мемлекет кепілдік берген қарыздарды тарту үшін несие капиталының нарықтарын (ішкі және сыртқы) айқындайды;

      4) жоспарланып отырған мерзімге мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті бойынша ұсынысты, инвестициялық жобалардың тізімінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;

      5) жобаны іске асыру үшін, оның ішінде мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеу үшін мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарызды тартуға қорытынды береді.";

      мынадай мазмұндағы 705-1-тармақпен толықтырылсын:

      "705-1. Жобаны іске асыру үшін, оның ішінде мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеу үшін мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту инвестициялық жобаның ТЭН-ін түзету және инвестициялық жобаның жаңа ТЭН-ін әзірлеу үшін негіз болып табылмайды.

      Бұрын мемлекеттік кепілдік берілген инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған, сондай-ақ тиісті қорытындылар берілген инвестициялық жобаның мемлекеттік кепілдікке мемлекеттік қарыз тартылған инвестициялық жобаның ТЭН-і негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы беріледі.

      Бұл ретте, қарыз алушы мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылғаннан кейін бір ай ішінде мемлекеттік кепілдікпен бұрын тартылған қарызды толық көлемде өтеуді жүзеге асырады.

      707-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "707. Осы Ереженің 705-1-тармағында көрсетілген инвестициялық жобаларды қоспағанда, осы Ереженің 705-тармағына сәйкес өтінімді ұсынғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде экономикалық сараптамасын әзірлейді.";

      711 және 712-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "711. Осы Ереженің 705-1-тармағында көрсетілген инвестициялық жобаларды қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша ТЭН экономикалық сараптаманы есепке ала отырып қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер заңды тұлғаларға жібереді.

      712. Осы Ереженің 705-1-тармағында көрсетілген инвестициялық жобаларды қоспағанда, мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер заңды тұлғалар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша бекітілген ТЭН-ді, ол бойынша оң экономикалық қорытындыны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да қорытындыларды ұсынады.";

      714-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "714. Осы Ереженің 705-1-тармағында көрсетілген инвестициялық жобаларды қоспағанда, осы Ереженің 705-тармағында көрсетілген сараптамаларға оң қорытындылардың бары-жоғы мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне инвестициялық жобаны енгізу үшін шарт болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 714-1-тармақпен толықтырылсын:

      "714-1. Осы Ереженің 705-1-тармағында көрсетілген инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы және республикалық бюджет комиссиясының шешімі тиісті жылдың мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.";

      720-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "720. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейін және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және әділет органымен келісілген қарыз шартының жобасы не облигациялар шығарылымы проспектісінің жобасы бар болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз алушылармен және сенім білдірілген агентпен мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісім жасасады.";

      мынадай мазмұндағы 721-1-тармақпен толықтырылсын:

      "721-1. Жобаны іске асыру үшін, оның ішінде мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеу үшін мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту кезінде қарыз алушы бұрын мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған инвестициялық жобаның ТЭН-ін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы, сондай-ақ бұрын берілген салалық сараптаманың және заңнамаға сәйкес қажетті басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тиісті қорытындыны әзірлейді.

      Бұл ретте, қарыз алушы мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылғаннан кейін бір ай ішінде мемлекеттік кепілдікпен бұрын тартылған қарызды толық көлемде өтеуді жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 722-2-тармақпен толықтырылсын:

      "722-2. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бұрын мемлекеттік кепілдік берілген инвестициялық жоба бойынша қорытындысы мемлекеттік кепілдікпен тартылатын жаңа мемлекеттік емес қарызды тартудың мүмкіншіліктерін бағалауды қамтиды.";

      723-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "723. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды және тізбесін Бюджет кодексінің 215-бабының 3-тармағына сәйкес айқындайтын, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны қоспағанда мемлекеттік кепілдік қарыз берушіге қарыз шартын, мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісімді жасасқаннан, облигациялар шығарылымынан кейін, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы болған кезде қарыз алушының мемлекеттік кепілдікті бергені үшін алдын ала біржолғы төлемді (алымды) төлегенінен кейін беріледі.";

      732-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "732. Қарыз берушінің талабы бойынша әділет органы Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын қарыз шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кепілдігімен облигациялар шығарылымының заңды қорытындысын ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      __________________________

      2019 жылғы "____"___________