"Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бөліністерін техникалық құралдармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 421 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 484 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 мамырда № 18751 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бөліністерін техникалық құралдармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 421 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11757 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында жанар және жағармай материалдары қызметінің табельдік техникалық құралдарымен және мүлкімен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында жанар және жағармай материалдары қызметінің табельдік техникалық құралдарымен және мүлкімен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бөліністерін жанармай қызметін техникалық құралдармен жабдықтау нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2019 жылғы "___ " _______

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы " ___" ________
№ ___ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 421 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында жанар және жағармай материалдары қызметінің табельдік техникалық құралдарымен және мүлкімен жабдықтаудың заттай нормалары

Техникалық құралдардың атауы

Өлшем бірлігі

Бригада

Полк, Әскери оқу орны

Батальон (бөлім құқығында)

Жеке орналасқан бөлініс (батальон / рота)

Авиациалық база (эскадрилья)

Сақтау базасы (жанармай қоймасы)

Пайдалану мерзімі (жылмен)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1-тарау. Отын құю жабдықтары

1

Электр қондырғысы бар отын тарату колонкасы (2 жеңқұбыр, отынның 2 түрі)

дана

2

2

1

-

2

2

5

2

Контейнер типті автомайқұю станциясы

дана

2

2

1

1

2

1

10

2-тарау. Айдау құралдары

1

Мотосорғы қондырғысы (МНУГ- 60 (80) типті)

дана

-

-

-

-

1

2

9

2

ПСТ-100х1,5 типті құбырдың шартты диаметрі 100 миллиметр, ұзындығы 1,5 километр далалық қоймалық құбыр

жинақ

-

-

-

-

1

1

20

3

Ашық түсті мұнай өнімдерініне арналған сорғы

дана

2

2

1

-

2

2

5

4

Майға арналған қол сорғы

дана

4

4

3

3

4

4

5

3-тарау. Сақтау құралдары

1

Р-50 метр3 темір резервуар

дана

2

-

-

-

10

15

15

2

Р-25 метр3 темір резервуар

дана

4

4

-

-

12

20

15

3

Р-10 метр3 темір резервуар

дана

4

4

2

-

20

25

15

4

БС-200 литр темір бөшке

дана

20

20

10

8 / 5

20

20

7

5

КС-20 литр темір канистра

дана

20

20

10

10 / 5

20

20

7

4-тарау. Сапаны бақылау құралдары

1

Жанармайға, майлар мен жақпаларға толық талдау жүргізуге арналған зертханалық жабдықтар жинағы (қолданыстағы МЕМСТ-ке, ТЖ сәйкес)

жинақ

-

-

-

-

1

1

10

2

ВЛК типті тасымалды зертханалық жинақ (РЛ типті қол зертханасы)

дана

-

-

-

-

1

1

10

3

Сынама сұрыптаушы

дана

1

1

1

1*

1

1

10

4

Мұнай өнімдерінің сынамаларын тасымалдауға арналған ыдыс (УП типті)

дана

2

2

2

1*

4

4

10

5-тарау. Өлшеу құралдары

1

Мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеуге арналған метршток (ұзындық өлшеуіш)

дана

2

2

2

1*

2

2

5

2

Алюминий құймасынан жасалған цилиндрі бар мұнай өнімдері және отын компоненттерінің тығыздығын анықтауға арналған термометр орнатылған ареометр

жинақ

1

1

1

1*

1

1

5

3

Салқындатқыш сұйықтың тығыздығы мен қату температурасын анықтауға арналған ареометр

дана

1

1

1

1

1

1

5

6-тарау. Тазалау құралдары

1

Жанармайға арналған сүзгі (ФГН-120-20 типті)

дана

-

-

-

-

3

3

7

2

Жанармайға арналған сүзгі (ФГБ-120-5 типті)

дана

-

-

-

-

3

3

7

3

Жанармайға арналған сүзгі (ФГН-60-20 типті)

дана

-

-

-

-

3

3

7

4

Жанармайға арналған сүзгі (ФГН-60-5 типті)

дана

-

-

-

-

3

3

7

5

Жанармайға арналған сүзгі (ФГН-30-5 типті)

дана

-

-

-

-

3

3

7

6

Сүзгі (ФКФ-6-20 типті)

дана

-

-

-

-

3

3

7

7

Сүзгі (ФРГ-20 типті)

дана

-

-

-

-

3

3

7

8

Сүзгі-айырғыш

дана

-

-

-

-

3

3

7

7-тарау. Механикаландыру құралдары

 
1

Жүк көтергіштігі 350 килограммнан кем емес, қол, электрлі немесе аралас жетекті бөшкекөтергіш (транспортер)

дана

1

1

1

-

1

1

15

8-тарау. Қосалқы құралдар

1

500 килограммға дейінгі тауар таразысы

дана

1

1

1

-

1

1

15

 
2

Шлангілі газтұтқыш (резервуарларды тазалау кезінде қолдануға арналған сүзу элементі бар ПШ-1, ПШ-2 типті)

дана

1

1

1

1*

2

2

7

      Ескертпе:

      * - Контейнер типті автомайқұю станциясы бар жеке орналасқан бөліністердің жанармай қоймалары жабдықталады