Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 үкімімен "Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің Ережесін бекітуі бойынша" 21 тармағы 19-56) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өрт қауіпсіздігін шараларын ұйымдастыру жөніндегі нұсқау бекітілсін.
2. Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштері Тылы және қару-жарақ бастығына Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу;
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері мерзімді баспасөз басылымдарына және "Қазақстан Респуликасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми түрде жариялау үшін жолдау;
3) ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-қорына орналастыруы;
4) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2 тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған шаралардың орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Заң департаментіне мәліметтердің жолдануы қамтамасыз етілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ж. Құрманбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
________________________
2019 жылғы "__" __________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 378 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі (бұдан әрі – ҚР ҚК) өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі заңнаманы қолдануды нақтылайды.
2. Өрт қаупсіздігі шараларына:
1) өртке қарсы қорғаныс қызметін ұйымдастыру (өрт сөндіру наряды, өрт-бекеттік қызметті өткеру, өртке қарсы қорғаныс командалары, өртке қарсы қорғау мүлкімен қамтамасыз ету);
2) өрт-профилактикалық жұмысты ұйымдастыру (өрт-профилактикалық жұмысты жүргізу, жеке құрамды өрт-профилактикалық тұрғысынан даярлау, әскери бөлімдердің (мекемелердің) өртке қарсы қорғаныс жай-күйін өрт-техникалық тұрғысынан тексеру, ҚР ҚК объектілерінде өрт қауіпсіздігі шаралары) жатады.
3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ҚР ҚК-ның өртке қарсы қорғанысы – өрт шығу қаупін болжау мен талдауды, өрт-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді, өртті анықтау және сөндіру техникалық құралдарын енгізуді, адамдарды, қару-жарақты, әскери техника мен әскери мүлікті қорғау және қауіпсіз эвакуациялау үшін жағдайлар жасауды қамтитын іс-шаралар кешені;
2) өрт-бақылау органы – ҚР ҚК-ның, әскер түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың және гарнизондардың өртке қарсы қорғаныс қызметі;
3) өрт профилактикасы – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өрт шығуды болдырмауға, оның өршуін шектеуге, сондай-ақ нәтижелі өрт сөндіру үшін жағдайлар жасауға бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар кешені;
4) өрт сөндіру бекеті – өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру үшін арналған орын немесе учаске.
2-тарау. Өртке қарсы қорғаныс қызметін ұйымдастыру және өрт қауіпсіздігі шаралары 1-параграф. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өртке қарсы қорғаныс қызметтерін ұйымдастыру
4. Әскери бөлім (мекеме) объектілерінің өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету және жеке құрам үшін қауіпсіз жағдайлар жасау үшін бөлім командирі (мекеме бастығы) әскери бөлімдер мен мекемелер жеке құрамының Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 "Өрт қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы" қаулысында (бұдан әрі – ӨҚЕ) көрсетілген өрт қауіпсіздігі талаптарын зерделеу жөніндегі өртке қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізуді ұйымдастырады.
5. Әскери бөлім (мекеме) өртке қарсы қорғаныс қызметінің лауазымды адамдары және тәуліктік наряды жеке құрамның ӨҚЕ-нің талаптарын орындауына ұдайы бақылауды жүзеге асырады.
6. Әскери бөлімдер мен мекемелерде (гарнизондарда) өртке қарсы қорғаныс қызметті:
1) штаттық өртке қарсы қорғаныс командалары;
2) штаттан тыс өрт сөндіру командалары жүзеге асырады.
7. Штаттық өртке қарсы қорғаныс командаларының, штаттан тыс өрт сөндіру командаларының және есептоптардың жеке құрамы өртке қарсы қорғаныс қызметін атқарумен байланысты емес нарядтардан босатылады.
8. Өрт сөндіру техникасын (мотопомпаларды), жабдық пен құрал-саймандарды тікелей мақсаты бойынша пайдаланбауға, сондай-ақ өрт сөндіру депосының ғимараттарында өртке қарсы қорғаныс қызметіне қатысы жоқ адамдарды, бөлімшелер мен техниканы орналастыруға жол берілмейді.
2-параграф. Өрт сөндіру наряды
9. Өрттен сақтандыру және оны сөндіру жөніндегі қызметті өткеру, сондай-ақ бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өртке қарсы қорғаныс командалары құрамынан күн сайын тәуліктік өрт сөндіру наряды тағайындалады. Қалған жеке құрам өртке қарсы қорғаныс командасының резервін құрайды.
10. Өрт сөндіру нарядының қызмет өткеруі жауынгерлік міндетті орындау болып табылады және жеке құрамнан Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысының (бұдан әрі – ІҚЖ) және осы Нұсқаулықтың талаптарын нақты сақтауды, жоғары қырағылықты, пәрменді табандылықты, бастамашылдықты және адамдар мен әскери мүлікті өрттен құтқаруға және сақтауға жауапкершілік сезімін талап етеді.
Наряд құрамы өртке қарсы қорғаныс командасы жеке құрамының санына және өрт сөндіру автомобильдерінің қолда барына байланысты айқындалады.
11. Өрт сөндіру нарядының құрамына:
1) наряд бастығы;
2) жүргізушілер (моторшылар);
3) қаруланудағы арнайы және қайта жабдықталған өрт сөндіру машиналарының, автомобильдердің (мотопомпалардың), сондай-ақ бірінші кезекте құтқару жұмыстарын орындау үшін арналған техниканың саны есебінен өрт сөндіруші (өрт сөндіруші-құтқарушы);
4) өрт сөндіру бекеттерінің саны бойынша бекетшілер тағайындалады.
12. Мемлекеттік мереке және күзетілетін объектілер (арсеналдар, базалар, қоймалар) аумағында жоғары өрт қауіптілігімен байланысты жаппай тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу күндері әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) шешімі бойынша өртке қарсы қорғанысты күшейту мақсатында өртке қарсы қорғаныс командасының резерві немесе әскери бөлімнің (мекеменің) басқа да бөлімшелері есебінен өрт сөндіру нарядының санын арттыру жүргізіледі.
3-параграф. Өрт-бекеттік қызметті өткеру
13. Өрт сөндіру бекеттері анағұрлым өрт қауіпті объектілерде, найзағай уақытында жұмыстарды жүргізу кезінде қойылады.
14. Күзетілетін объектілерде от қауіпті, жаппай тиеу-түсіру және регламенттік жұмыстарды жүргізу, зымырандарға отын құю және іске қосу, ұшақтардың (тікұшақтардың) ұшуы кезінде өртке қарсы қорғанысты қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру автомобилінде жауынгерлік есептоп бөлінеді.
15. Өртке қарсы қорғаныс командасында жауынгерлік қабілетті резерв қалады және жұмыстарды жүргізу орнымен телефон байланысы (радиобайланыс) орнатылады.
16. Өрт сөндіру бекеттері:
1) өрт шығудан сақтандыру үшін;
2) бекетте немесе оның маңында өрт шыққан жағдайда өртке қарсы қорғаныс командасын уақтылы шақырту үшін;
3) бекетте тұтануларды және өртті қолда бар құралдармен жою үшін қойылады.
17. Орман аймағында орналасқан немесе көп ғимараттары ағаштан салынған, сондай-ақ өрт дабылдамасы және телефон байланысы жоқ әскери қалашықтарда (мекемелерде) бекеттер өрт шығуын анықтау және өртке қарсы қорғаныс командасына олар туралы хабарлау үшін қадағалау мұнараларына қойылады.
18. Өрт сөндіру бекеттері күзетілетін объектілердің маңыздылығына, олардың өрт қауіптілігіне және қызмет өткеру уақытына байланысты ұдайы немесе уақытша болуы мүмкін.
19. Өрт сөндіру бекеттерінің саны, бекеттерді күзету және орналастыру тәртібі бекеттер осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт сөндіру нарядының ведомосында айқындалады, оны өртке қарсы қорғаныс командасының бастығы әзірлейді.
Өрт сөндіру бекетінде өртке қарсы қорғаныс командасымен телефон байланысы және өрт сөндіру құралдары орнатылады.
20. Өрт сөндіру бекетінің бекетшісі өрт сөндіру нарядының бастығына бағынады.
21. Бекетшілерді ауыстыру үшін өрт сөндіру нарядының бастығы кезекті ауысымның бекетшілерін өртке қарсы қорғаныс командасы депосының гаражында бір қатарға сапқа тұрғызады, олардың міндеттері туралы естеріне салады және қызмет өткеру бойынша нұсқаулар береді.
4-параграф. Өртке қарсы қорғаныс командалары (өрт сөндіру есептоптары)
22. Әскери бөлімдерде (мекемелерде) штаттық өртке қарсы қорғаныс командалары ҚР ҚК әскери қызметшілерімен жасақталады. Өртке қарсы қорғаныс командасының құрамына мерзімді қызмет әскери қызметшілерін қосуға жол берілмейді.
23. Өрт сөндіру техникасының (мотопомпалардың) саны мен түрі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік Тізімінде 2015 жылғы 24 шілдеде № 11741 болып тіркелген) бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін өртке қарсы қорғаныс мүлікпен жабдықтау нормаларына сәйкес айқындалады.
24. Өртке қарсы қорғаныс командалары бөлімшелерден тұрады. Бөлімшелер құрамынан өрт сөндіру автомобильдеріне жауынгерлік есептоптар бөлінеді.
25. Өрт сөндіру есептобы жеке құрамының саны өрт сөндіру техникасының тактикалық-техникалық сипаттамаларымен айқындалады және өрт сөндіру құралдарын толық өрістету, құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру нарядында қызмет өткеру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
26. Өртке қарсы қорғаныс бөлімшелерінің саны қызметті сапалы өткеруді ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда штаттық жеке құрамға әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығымен саны кемінде 5 адам қосымша жеке құрам тағайындалады.
27. Штаттық өртке қарсы қорғаныс командасы жоқ әскери бөлімде (мекемеде) әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығымен саны 5 – 15 адамға дейін штаттан тыс өрт сөндіру командасы құрылады.
28. Өртке қарсы қорғаныс командасынан өрт сөндіру наряды бөлінеді, ол өрт сөндіру бекеттерінде тәулік бойы немесе әскери бөлім командирі (мекеме бастығы) айқындаған уақыт ішінде кезекшілік атқарады.
29. Бірнеше әскери бөлім (мекеме) орналастырылған әскери қалашықтарда гарнизон бастығының шешімімен штаттан тыс бір гарнизондық өрт сөндіру құрама командасы құрылуы мүмкін.
30. Штаттан тыс өрт сөндіру командасының құрамынан күн сайын өрт сөндіру наряды тағайындалады, ол бөлім (мекеме) бойынша кезекшіге және штаттан тыс өрт сөндіру командасының бастығына бағынады.
31. Штаттан тыс өрт сөндіру командасының құрамына:
1) наряд бастығы;
2) өрт сөндіру автомобильдерінің (мотопомпаларының) саны бойынша жүргізушілер (моторшылар) кіреді.
32. Штаттан тыс өрт сөндіру командалары өрт сөндіру немесе басқа да өрт сөндіруге бейімделген автомобильдермен, мотопомпалармен, сондай-ақ жылытылатын үй-жайларда орналастырылатын өрт сөндіру жабдығымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
33. Әскери мүлікпен және жауынгерлік техникамен жұмыс жүргізу орындарында ӨҚЕ-нің сақталуын бақылау, шыққан өртті сөндіру және мүлікті (техниканы) эвакуациялау үшін өрт сөндіру есептоптары тағайындалады.
34. Өрт сөндіру есептоптарына жұмыс істеу орындарында өрт қауіпсіздігі шараларының орындалуын бақылау, өрт шығу туралы хабардар ету, өрт сөндіру және мүлікті (техниканы) эвакуациялау жүктеледі.
35. Әскери бөлімдердің (мекемелердің) бөлімшелерінде (мекемелерінде) күн сайын кешкі тексеру (жұмыс күні) аяқталғаннан кейін рота бойынша кезекші өрт шыққан жағдайға өрт сөндіру есептобын нақтылайды.
5-параграф. Өртке қарсы қорғаныс мүлкімен қамтамасыз ету
36. ҚР ҚК-ның құрамаларын, әскери бөлімдерін (мекемелерін) өртке қарсы қорғаныс мүлкімен қамтамасыз етуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – мемлекеттік мекемелер жүргізеді.
37. Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы мыналарды орнатуды, қызмет көрсетуді, жөндеуді қамтамасыз етеді:
1) автоматты өрт дабылдамасын;
2) күрделі құрылыс және жөндеу кезіндегі автоматты өрт сөндіру жүйелерін;
3) найзағайдан қорғау құрылғыларын;
4) сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтауды (өрт сөндіру крандары, гидранттар, су тоғандары);
5) электр шаруашылығын;
6) жанар-жағармай қоймалары жерүсті резервуарлары топтарының, зымырандарды, қару мен оқ-дәрілерді сақтау орындарының айналасын топырақ үюді.
38. Өртке қарсы қорғаныс басқармасы мынадай өрт-техникалық өнімдермен:
1) шынжыр табанды өрт сөндіру машиналарымен;
2) өрт сөндіру автомобильдерімен және жиынтықтаушы өрт-техникалық қару-жарағымен;
3) тасымалданатын және жылжымалы өрт сөндіру мотопомпаларымен;
4) барлық тасымалданатын, алып жүрілетін және жылжымалы өрт сөндіргіштер түрлерімен;
5) жеке қорғану құралдарымен (өрт сөндірушінің жауынгерлік киімімен);
6) барлық диаметрдегі өрт сөндіру құбыртүтіктерімен;
7) өрт қалқандарымен және құралдарымен;
8) шығыс материалдарымен (көбіктүзгішпен, оттан қорғау құрамымен) қамтамасыз етеді.
3-тарау. Өрт-профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және өрт қауіпсіздігі шаралар 1-параграф. Жұмысты жоспарлау
39. Өрт-бақылау органдары лауазымды адамдарының жұмысы:
1) бір жылға арналған жұмыс жоспарында;
2) айлық жұмыс жоспарларында айқындалады.
Жоспарларды әскери бөлім командирі, өртке қарсы қорғаныс қызметі бағынысында болатын мекеме бастығы бекітеді.
40. Айлық жұмыс жоспарлары өрт-профилактикалық жұмысты және өрт жағдайын талдауды ескере отырып, жылдық жоспар негізінде жасалады.
41. Жұмыс жоспарлары тікелей әскери бөлімде (мекемеде) тексерумен және бөлім (мекеме) қолбасшылығына практикалық көмек көрсетумен болу бір тәуліктен аспайтындай жасалады.
42. Жұмыс жоспарында:
1) жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ мұржаларды күйеден тазалағаннан, жөндегеннен кейін, бірақ айына бір реттен сиретпей – жылыту құрылғыларын, пештерді, мұржаларды;
2) тоқсанына бір рет (клубтарда, офицерлер үйлерінде – айына бір реттен сиретпей) – электр жабдығын;
3) бір айда бір рет – ғимараттардың жертөлелері мен шатырлық үй-жайларын;
4) көктемгі және күзгі кезеңдерде – өрт сөндіру су тоғандарын, гидранттарды, суды жинау мен ағызу крандарын мақсатты тексерулер көзделеді.
43. Жұмыстар тізбесі осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери бөлім (мекеме) өртке қарсы комадасының ұйымдастыру-профилактикалық іс-шаралары мен шаруашылық жұмыстарының бір айлық жоспарына жеке бөлім болып енгізіледі.
44. Өрт-профилактикалық жұмысты жүргізуге өртке қарсы қорғаныс командасының барлық жеке құрамы тартылады. Ғимараттар мен құрылыстардың өртке қарсы жай-күйін тексеру мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
1) қойма үй-жайлары, сақтау орындары, ашық сақтау алаңдары, цехтар, шеберханалар, техникамен және мүлікпен жұмыс істеу пункттері, ангарлар, гараждар, парктер мен басқа да өрт қаупі бар объектілер – күн сайын жұмыс уақытында және олардағы жұмыс аяқталғаннан кейін жабылар алдында;
2) казармалар, жатақханалар, штабтар, клубтар, асханалар, монша-кір жуу үй-жайлары, қазандықтар, медициналық пункттер, спорт залдар, оқу корпустары, дүкендер, кітапханалар – аптасына бір реттен сиретпей.
45. Жыл сайын өрт қауіпті кезеңдерде ҚР ҚК-ның мемлекеттік мекемелерінің кешенді комиссиялары және жоспарлы тексерулермен әскери бөлімдер зымыранды-артиллериялық қару-жарақ (бұдан әрі – ЗАҚ) қоймаларының, арсеналдардың және қару-жарақ (оқ-дәрілер) сақтау баздарының өртке қарсы жай-күйі тексеріледі.
2-параграф. Өрт-профилактикалық жұмысты жүргізу
46. Өрт-профилактикалық жұмысты:
1) өртке қарсы қорғаныс қызметінің (командасының) бастығы – күн сайын жұмыс жоспарына сәйкес;
2) жүргізушілерді қоспағанда, өртке қарсы қорғаныс командасының жеке құрамы – өрт сөндіру бекеттерінде болған кезде жүргізеді.
47. Өртке қарсы қорғаныс командасының лауазымды адамдары тексеру нәтижелерін тексерілетін бөлімше (объект) командиріне (бастығына) және өртке қарсы қорғаныс командасының (қызметінің) бастығына баяндайды.
Тексеру кезінде анықталған және тексерушінің қатысуымен жойылмаған немесе оларды жою үшін қаржы қаражатын бөлу және уақыт талап етілетін кемшіліктер осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша профилактикалық жұмыстар журналына енгізіледі.
Кемшіліктер белгіленген мерзімдерде жойылмаған жағдайларда өртке қарсы қорғаныс қызметінің, командасының бастығы ол туралы бөлім командиріне (мекеме бастығына) баянатпен баяндайды.
48. Осы объектілердің өртке қарсы жай-күйіне жауаптылардың қатысуымен бөлім (мекеме) өрт сөндіру нарядының адамдары күн сайын қарап тексеруге жататын жарылу-өрт қаупі бар үйлер мен құрылыстар (сақтау орындары, қоймалар, парктер, ангарлар, цехтар, шеберханалар) тізбесі әскери бөлім командирінің (мекемебастығының) бұйрығымен бекітіледі.
49. Тексеру барлық үй-жайлар қаралған, анықталған кемшіліктер жойылған, электр құрылғылары өшірілген, сыртқы ажыратқыш ажыратылған және мөрленген, кіретін есік құлыпқа жабылған және мөрленген кезде аяқталды деп саналады.
Тексеру нәтижелері осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жабылар алдында объектілердің өртке қарсы жай-күйін тексеру журналына енгізіледі.
50. Оттан қорғау құрамды жағу (сіңдіру) жөніндегі жұмыстар, ғимараттар мен құлырыстар өрт сөндіргіштерінің барлық түрлерін қайта зарядтау, сынау және жөндеу, сыртқы өрт сөндіру баспалдақтарын және шатырлардағы қоршауларды пайдаланып сынаулар тікелей мүдделі мемлекеттік мекемелердің қаражаты есебінен жүргізіледі.
3-параграф. Жеке құрамды өрт-профилактикалық тұрғысынан даярлау
51. Өртке қарсы даярлық әскери бөлімдердің жеке құрамын өрттен сақтандыру шараларына, өрт сөндіру құралдарын қолдану тәртібіне және өрт шыққан кездегі іс жүзіндегі іс-қимылдарға оқытып-үйрету мақсатында ұйымдастырылады және жүргізіледі.
52. Өрт қаупті өндірісі бар арсеналдарда, базаларда, қоймаларда, кәсіпорындарда және әскери бөлімдерде (мекемелерде) жаңадан жұмысқа кіретін азаматтық персонал адамдары (қызметшілер) мен жұмысшылар өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт шыққан кездегі іс-қимылдар бойынша нұсқау беруден өтеді, ол туралы мәліметтер осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери бөлімнің (мекеменің) жеке құрамына өртке қарсы қорғаныс жөнінде нұсқау беруді есепке алу журналына енгізіледі.
Жұмысқа қабылдау кезінде өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығы нұсқау беруді, объектінің (қойманың, шеберхананың, цехтың) өртке қарсы жай-күйіне жауапты адам тікелей жұмыс орнында қайта нұсқау беруді жүргізеді.
53. Әскери бөлімдердің командирлерін (мекеме бастықтарын) және өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарды өртке қарсы режим бөлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білу ауқымында өрт-техникалық минимума даярлауды және штаттық өртке қарсы қорғаныс командаларының мамандарын мамандықтар бойынша оқытуды әскери бөлімдер (мекемелер) жүргізеді.
4-параграф. Әскери бөлімдердің (мекемелердің) өртке қарсы жай-күйін өрт-техникалық тұрғысынан тексеру
54. Өрт-бақылау органдары жұмысының негізгі нысаны командирлерге (бастықтарға) объектілердің өртке қарсы қорғанысы мәселелерін шешуде, өрттен сақтандыру ісіндегі жеке құрамның жұмысын ұйымдастыруды жақсартуда, әскери қызметшілерді өрт қауіпсіздігі шараларына және өрт шыққан кездегі іс-қимылдарға оқытып-үйретуде, профилактикалық жұмыстың оң тәжірибесін, нысандары мен әдістерін енгізуде практикалық көмек көрсету болып табылады.
55. Өрттен сақтандыру мақсатында ҚР ҚК өрт-бақылау органдары:
1) өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және оның жай-күйі;
2) өрт профилактикасы;
3) өрт-техникалық комиссиялардың, қызметтердің және штаттан тыс өрт сөндіру командаларының жұмысы;
4) өртке қарсы қорғаныс командалары құжаттарының бар болуы, жай-күйі мен жүргізу бойынша бақылауды жүзеге асырады.
56. Штаттық өртке қарсы командаларында:
1) өрт сөндіру нарядының қызметті ұйымдастыруы мен өткеруі, өрт сөндіру техникасын күтіп-ұстау және өртке қарсы қорғаныс командасындағы ішкі тәртіптің сақталуы;
2) арнайы даярлықты ұйымдастыру;
3) жеке құрамның осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт сөндіру автомобильдері, шынжыр табан өрт сөндіру машиналары мен мотопомпалар жауынгерлік есептобының табелі бойынша міндеттерді білуі;
4) өрт сөндіру құбыртүтіктерінің жай-күйі;
5) бөлімшенің шартты өрт шыққан кездегі практикалық біліктілігі;
6) осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес ҚР ҚК-ның өртке қарсы қорғаныс командаларын арнайы даярлау жөніндегі нормативтерді дұрыс орындау тексеріледі.
57. Штаттан тыс өрт сөндіру командаларында:
1) жеке құрамның әскери бөлімдегі (мекемедегі) өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулықтарды білуі;
2) жеке құрамның жақын жердегі өрт сөндіру командасын шақырта алуы, өрт дабылы сигналын бере білуі және штаттан тыс өрт сөндіру командасының жарақтандырылуындағы өрт сөндіру техникасын, жабдығы мен құрал-сайманын іске қоса білуі;
3) шартты түрде өрт шыққан кездегі бөлімшенің практикалық біліктілігі тексеріледі.
58. Өртке қарсы қорғаныс командаларының жауынгерлік әзірлігін тексеру кезінде әскери бөлім (мекеме) командирі бекіткен өртке қарсы қорғаныс жоспары бойынша өртке қарсы қорғаныс командасының практикалық машығы мен әрект етуі тексеріледі.
59. Өрт-техникалық зерделеу мақсатына байланысты оқу-жаттығу өрт дабылы:
1) жеке – тек әскери бөлім (гарнизон) өртке қарсы қорғаныс командасының күштері мен құралдарын шақыртумен және өрістетумен;
2) гарнизондық – гарнизонның өртке қарсы қорғаныс жоспарында көзделген барлық күштер мен құралдарды шақыртумен жариялануы мүмкін.
Жаттықтыру барысында тексеруші жағдайды күрделендіретін қосымша тапсырмалар беруі мүмкін.
60. Жеке құрам өрт сөндіру жабдығымен және құрал-сайманымен жұмыс істеуі кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзған жағдайлардан басқа, тексерушінің әрекет етуіне араласуға жол берілмейді.
61. Өрт сөндіру жаттықтыруын жүргізу кезінде:
1) дабылды жариялау;
2) өртке қарсы қорғаныс командасында өрт туралы хабарламаны алу;
3) өрт сөндіру автомобильдерінің шақырту орнына келу;
4) әрбір өрт сөндіру техникасының күштері мен құралдарын (жабдығын) өрістетуді аяқтау;
5) өрт сөндіру түтіктерінен суды (көбікті) беру;
6) бөлім жеке құрамының және мүлікті эвакуациялау үшін көлік құралдарының келу уақыты белгіленеді.
62. Әскери бөлімнің (мекеменің) өртке қарсы қорғанысын ұйымдастыру және жай-күйін тексеру нәтижелері бойынша тексеруші орнында осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру мен жай-күйін тексеру актісін жасайды.
Өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыруда және жай-күйінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар жою мерзімі 30 күнтізбелік күн болатын қысқаша тұжырымдалған болуға тиіс.
Өрт-техникалық тексеру өртке қарсы қорғаныс командасы бастығының немесе ресми түрде оның орнындағы адамның қатысуымен жүргізіледі.
4-тарау. Өрт қаупсіздік шаралары 1-параграф. Әскери бөлім (мекеме) аумағындағы өрт қауіпсіздігі шаралары
63. Мүлік және машиналар сақтау құрылыстарынан немесе алаңдарынан 50 метр (бұдан әрі – м) жақын жерде ашық отты жағуға жол берілмейді.
Шылым шегу үшін әкімшілік аумақта арнайы жабдықталған орындар бөлінеді.
64. Өрт сөндіру құралдары, су тоғандары, шүмектер, гидранттар, сорғылар, мотопомпалар ақаусыз және толық әзірлікте ұсталады, ал олардың тұрған жері көрсеткіштермен белгіленеді. Қысқы уақытта барлық өрттік сумен жабдықтау көздері жылытылады.
65. Барлық шеберханалар, сақтау орындары, қоймалар, парктер (гараждар), ангарлар, цехтар, тұрақты және уақытша жұмыс істеу пунктері және өрт тұрғысынан қауіпті басқа да үй-жайлар күн сайын олар жабылар алдында осы үй-жайларға жауапты лауазымды адамдар және бөлімнің өрт нарядының адамдары қарап тексереді.
Үй-жайларды қарап тексеру кезінде анықталған барлық кемшіліктер олар жабылғанға дейін жойылады.
66. Үй-жайларды қарап тексеру нәтижелері осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери бөлімдердің өртке қарсы қорғанысын тексеруді және өрт-профилактикалық жұмыстарды есепке алу кітабына жазылады. Үй-жайлар жабылады, одан кейін осы үй-жайларға жауапты лауазымды адамға осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт жетоны беріледі.
Үй-жайларға жауапты лауазымды адамдар үй-жайлардың кілттерін және жетондарды парк, қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекшіге тапсырады.
Бұл жағдайларда өрт жетоны өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалғанын растау болып табылады. Парк, қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші объектіні күзетуге тапсыру кезінде жетондарды қарауыл бастығына береді, олар онда келесі жұмыс күні басталғанға дейін сақталады.
2-параграф. Әскерлер лагерьлерде орналасқан кездегі өрт қауіпсіздігі шаралары
67. Әскери бөлімді лагерьлерде орналастырған кезде лагерьлік жиын бастығы өрт қауіпсіздігін ұйымдастырады және лагерь орналасқан жердегі өрт қауіпсіздігінің жай-күйін бақылайды. Лагерьде өрт сөндіру есептоптары құрылады.
68. Лагерьде орналастырылған шатырлар бөлімшелердің маңдайшебі бойынша үш немесе екі шатырдан орналастырылады. Іргелес жатқан шатырлар арасындағы маңдайшеп бойынша арақашықтық – 2,5 м, тереңдік бойынша – 5 м.
69. Темекі шегуге арналған орындар шатырлардан 15 м жақын емес жабдықталады. Шатырларда темекі шегуге және от қаупі бар заттар мен жанғыш сұйықтықтарды сақтауға тыйым салынады.
70. Шатырда металл пештерді орнату кезінде мынадай өртке қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
1) аяқтары бар металл пештерді орнату кезінде пеш астындағы ағаш еден мынадай болып оқшауланады: шегендеусіз металл пештер аяқтарының биіктігі кемінде 0,2 м болып орнатылады; пеш астындағы жанатын еден жалпағынан қаланған кірпіштермен оқшауланады;
2) аяқтары жоқ металл пештерді орнату кезінде пеш астындағы негіз жалпағынан қаланған кірпіштермен орындалады;
3) металл пештер тұтанудан қорғалмаған ағаш конструкциялардан кемінде 1 м арақашықтықта, ал тұтанудан қорғалған конструкциялардан кемінде 0,7 м арақашықтықта орналастырылады;
4) пештің жағатын тесігінің алдына өлшемі 0,7 х 0,5 м жабын болаттан пеш алды оттық табағы қағылады немесе осындай өлшемде бір қатар кірпіштен төсеме жасалады;
5) металл пештер шатыр кенебінен және жанатын заттардан 1 м жақын емес арақашықтықта орналастырылады;
6) от жағатын есіктен шатыр кенебіне дейінгі арақашықтық кемінде 1,25 м орналастырылады.
71. Жабын болаттан жасалған түтін мұржаларын орнату кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) мұржа бөліктері түтіннің шығу бағыты бойынша және мұржаның кемінде жарты диаметрі тереңдігінде өзара тығыз жалғастырылады;
2) мұржаны шатырдағы тесік немесе терезе арқылы өткізген кезде онда мұржаның кемінде үш диаметрі өлшемінде жабын болаттан табақтар қойылады;
3) мұржалар жанатын шатыр кенебінен 0,7 м қашық орнатылады;
4) мұржаны шатырдағы тесік немесе терезе арқылы өткізген кезде олар карнизден 1 м жоғары көтеріледі және ұшқын сөндіргішпен тұйықталады.
72. Пештерді жағуды бөлім командирінің бұйрығымен арнайы тағайындалған және нұсқау беруден өткен от жағушылар ұдайы қадағалайды.
73. Пештерді жағу кезінде:
1) пешті қараусыз қалдыруға;
2) пешті тұтатуға және жағу үшін жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
3) пешті қатты қыздыруға;
4) пештерде, түтін шығатын мұржаларға тікелей жақын киім, отын мен басқа жанғыш заттарды кептіруге;
5) от жағу уақытында от жағу есігін ашық қалдыруға;
6) сызаттары бар және есіктерінің ақауы бар ақаулы пештерді жағуға;
7) пештің ішінен ұзын ағашты жағуға жол берілмейді.
74. Шатырларда электр сымдары кіргізілген жерлер оқшауланады, ал сымдардың өзі сенімді бекітіледі. Электр шамдары шатыр кенебінен және басқа да жанатын мүліктен 40 см жақын емес орналасуы керек.
Электр қыздыру аспаптарын қосуға, электр шамдарды қағазға (матаға) орауға тыйым салынады.
75. Өрттің шығу мүмкіндігін болдырмау мақсатында лагерьде мынадай өрт қауіпсіздігі шаралары қатаң сақталуы қажет:
1) техника тұрағы орнын шатырлардан 50 м жақын емес ұйымдастыру;
2) далалық асүйлерді орнату үшін орындар шатырларға 25 м жақын болмауға тиіс;
3) шатырларға найзағайдың ағаштан өтіп кетуін болдырмау үшін оларды 10 м жақын орналастыруға жол берілмейді.
76. Далалық жағдайларда өрт сөндіру мүлкін (мүкәммалын) орналастыру өрт шыққан кезде жеке құрамның оларды тез пайдалану мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Лагерь аумағында өрт сөндіру құралдарын сақтауға сыймдылыққа тәуелсіз екі шатырға қызмет ету үшін бір өртке қарсы қалқан есебінде жабдықталады.
77. Өрт сөндіргіштер шатырларда мынадай есеппен орналастырылады:
1) бір 40 орындық шатырға екі дана;
2) бір 20 орындық шатырға немесе қосалқы мақсаттағы шатырға (лагерьлік) бір дана.
3-параграф. Электр қондырғыларды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
78. Статикалық электрдің құбылыстарынан қорғауға ұшқын зарядына және статикалық электрдің түзілуіне жол берілмейтін жауынгерлік машиналар паркінің (бұдан әрі – ЖМ) барлық ғимараттары, құрылыстары, қондырғылары жатады.
79. ЖМ паркін статикалық электрден қорғау статикалық зарядтар түзілуі мүмкін барлық металл құбыр жолдарын, шыны ыдыстарды, ыдыстарды, конструкциялар мен жабдықтың бөлшектерін жерге түйістіру жолымен жүзеге асырылады. Статикалық электрден қорғаудың жерге түйістіргіштері ретінде найзағайдың екінші рет соғуынан қорғайтын жерге түйістіргіштер пайдаланылуы мүмкін.
80. Қоймаларды электрмен жабдықтау мемлекеттік электр жүйесінің немесе жекеменшік автономды стационарлық дизельді электр станциясының жергілікті желісінен жүзеге асырылады.
Резервтегі қоректендіру көзі ретінде жылжымалы әскери электр станциялары қолданылады.
81. Мемлекеттік энергия жүйесінің электр желісінен электр энергиясын қабылдайтын трансформаторлық шағын станциялар әкімшілік-шаруашылық аумақта орналастырылады және жабық типті болып жабдықталады.
Техникалық аумақтағы шағын станциялардың кернеуі төмен шиналарына тек техникалық аумақтың тұтынушылары қосылады.
82. Техникалық аумақты күзету периметрінің сыртқы сымды қоршауынан тек қойманы электрмен жабдықтауға арналған электр таратудың әуе желілеріне дейінгі арақашықтық кемінде мынадай болып айқындалады:
1) 35 кВ жоғары кернеуде – 400 м;
2) 10 – 35 кВ кернеуде – 200 м;
3) 3 және 6 кВ кернеуде – 200 м;
4) 1 кВ дейінгі кернеуде – 50 м.
83. Техникалық аумақтағы электрмен жабдықтаудың және олардың күзету периметрлерінің барлық сыртқы желісі жерде (траншеяда) тартылған кабельдермен орындалады. Күрделі геологиялық жағдайларда (тасты, батпақты және құмды топырақ) жерүсті темір-бетонды жабық лотоктарда кабельдерді тартуға жол беріледі, бұл ретте:
1) бронь үстіндегі жабыны жанбайтын броньдалған кабельдер қолданылады;
2) темір-бетонды лотоктар жаңбыр суының ағуына кедергі жасамайтындай етіп жоспарланған трассамен кемінде 2 % еңіспен арнайы бетонды алаңдарда салынады;
3) ғимаратқа кіргізу алдында кемінде 50 м ұзындықта кабель топырақ астымен тартылады.
84. Сақтау орындары мен қойма үй-жайларында жарықтандыру желісінің тек электр сымдары және электр шамдар өтетін жолдардың үстінде орналастырылады. Барлық қауіптілік санатындағы өндірістік үй-жайларда электр шамдарын ілу биіктігі еденнен кемінде 2,5 м болып айқындалады.
85. Техникалық аумақты сыртқы жарықтандыру дербес және қойманың басқа да аумақтарын сыртқы жарықтандыруға байланысты емес болып жасалады. Күзетілетін периметрлерді жарықтандыруды басқару қарауыл үй-жайынан жүзеге асырылады. Бұл жарықтандыруды басқару арақашықтықтан және табиғи жарықтандыру деңгейін сезгіш құрылғылардан автоматты түрде жүргізіледі.
Түсіндірме жазбасы бар электрмен жабдықтау жүйесінің бекітілген жобасы, барлық орнатылған электр жабдығына және резервтегі электрмен қоректендіру көзіне ілеспе пайдалану құжаттары, жерге түйістіргіштер мен олардың кедергілерін өлшегіштерді орнату және монтаждау бойынша жасырын жұмыстарға актілер қойманың техникалық қызметінде болады және пайдалану кезінде қолданылады.
86. Өндірістік мұқтажды және қойма аумағын күзет жарығымен қамтамасыз ететін трансформаторлар мен кіші станциялар қоршаудан тыс орнатылады.
Жылжымалы электр станциялары сақтау орындарынан немесе тиеу-түсіру жұмыстары пункттерінен кемінде 25 м арақашықтықта, ал тасымалданатын жарық беру нүктелері оқ-дәрілер штабельдерінен кемінде 5 м арақашықтықта орналастырылады.
Жылжымалы электр станциясынан электр қозғалтқыштарға, трансформаторларға және жарық беру нүктелеріне электр энергиясын беру ақаусыз оқшауланған кабель бойынша жүргізіледі.
Сақтау орындары мен тиеу-түсіру платформаларын жарықтандыру кезінде бөлу құрылғысы сақтау орнынан немесе платформадан кемінде 5 м жерде бағанда металл шкафта орнатылады.
Қозғалтқыштар мен іске қосу аспаптарына электрмен қоректендіруді жүргізу үшін газ құбырларындағы сым немесе броньды кабель қолданылады.
Шыны қалпақшалары, сақтандырғыш торлары, резеңке шлангідегі жұмсақ сымдары бар және желіден кернеуі 24 В аспайтын тасымалданатын электр лампалар қолданылады. Сымның оқшаулануы кемінде айына бір рет мегомметрмен жүйелі түрде тексеріледі.
Жұмыс пункттерінде жарық беру желілерін жүргізу үшін жарықтандыру газ құбырларындағы сым жарық беру арматурасын қосу схемасымен топта қолданылады. Герметикалық және жарылыс қаупі жоқ жарық беру арматурасы қолданылады.
Қойма аумағына электр энергиясын беру бір пункттен жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін желі ажыратылады, тарату құрылғысы құлыппен жабылады және мөрленеді (қосу және ажыратуды біліктілігі ІІІ топтан төмен емес екі адам жүргізеді).
87. Электр қондырғыларын пайдалану және монтаждау Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген Электр жабдықтарды орнату қағидаларының (бұдан әрі – ЭЖОҚ) (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 10851 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
88. Жарылу және өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайларды электрмен жабдықтау осы Қағидалардың нұсқауларына және ЭЖОҚ-қа сәйкес орындалады.
89. Әкімшілік-шаруашылық, тұрғын үй, қоғамдық ғимараттардың, цехтардың, аккумулятор зарядтау станцияларының, қазандықтардың, су сору, сондай-ақ өндірістік құрылыстар, оның ішінде зымырандармен және оқ-дәрілермен жұмыстар жүргізілетін базалардағы әкімшілік және тұрмыстық үй-жайлардың электр жабдығы ЭЖОҚ-ның жалпы талаптарына сәйкес таңдалады және орнатылады.
90. Сақтау орындарында өрт қауіпсіздігі шаралары сақталған кезде электр жарығын қолдануға рұқсат етіледі. Оқ-дәрілер бар сақтау орындарында тек кернеуі 24 вольттан артық емес төменгі вольтты электрмен жарық беруді қолдануға рұқсат етіледі.
Әрбір сақтау орнының ажыратқышы (ажыратқыштары) сақтау орнының сырт жағына кіреберіс есіктің жанына металл шкафтарға орналастырылады, олар құлыпқа жабылады және оны сақтау орнының бастығы мөрлейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін ажыратқыш сөндіріледі, ал сақтау орындары токтан ажыратылады.
91. Өрт қауіпсіздігі мақсатында:
1) электр энергиясы жабдығы мен желілерін жөндеу жөніндегі жұмыстарды арнайы даярлығы және осы жұмыстарды орындауға рұқсаты жоқ адамдардың жүргізуіне;
2) сымдарды түсқағаздармен, плакаттармен және басқа да жанатын қаптау материалдарымен жапсыруға немесе жабуға;
3) жарық беретін электр желілерінің құрылғысы үшін телефон сымдарын пайдалануға жол берілмейді.
4-параграф. Жауынгерлік машиналар парктеріндегі (гараждарындағы) және ангарлардағы өрт қауіпсіздігі шаралары
92. Машиналарды үй-жайларда және қалқалар астында сақтау кезінде олар қозғалтқыштары қақпаларға қаратылып орналастырылады.
93. Тұрақтарға арналған үй-жайларда және қалқалар астында машиналарды 2 қатардан артық орналастырмау керек.
94. Машиналар мен ғимараттар элементтерінің арасындағы арақашықтық:
1) машиналар арасында, сондай-ақ қабырға мен қабырғаға қатарлас орналастырылған машиналар арасында – 0,8 м;
2) машинаның алдыңғы жағы мен қабырға немесе қақпа арасы – 0,7 м;
3) машинаның артқы жағы мен қабырға немесе қақпа арасы – 0,5 м;
4) бірінен кейін бірі тұрған машиналардың арасы – 0,6 м болып көзделеді.
Машиналарды ашық алаңдар мен қалқалар астында сақтаған кезде арақашықтықтары 0,1 м ұлғайтылады.
95. Жанатын сақтау орындарында және жанатын қалқалар астында машиналарды сақтау кезінде қалқалар мен сақтау орындарын әрбір 10 машина сайын өртке қарсы қабырғалармен (брандмауэрлермен) бөлінуі керек.
96. Машиналарды ашық алаңдарда сақтаған кезде мынадай талаптар сақталады:
1) машиналар маңдайшеп бойынша бір-бірінен 1,5 – 2 м арақашықтықта топпен бір қатарда 50-ден артық емес болып орналасады;
2) қатар арасындағы арақашықтық кемінде 10 м, ал топтар арасында 20 м болып көзделеді.
97. Өрт кезінде машиналарды (әуе кемелерін) дереу алып шығуды қамтамасыз ету үшін күн сайын арнайы тарту құрылғыларымен кезекші тартқыштар мен адамдар наряды бөлінеді.
98. Ұзақ сақтаудағы машиналарды күтіп ұстаудың мынадай тәртібі белгіленеді:
1) карбюратор қозғалтқыштары бар машиналардың отын бактары толтырылмауы, ал ішкі беті жуылған болуы және жұмыстық-консервациялайтын маймен өңделуге тиіс. Дизельді қозғалтқышты машиналардың отын бактары толтырылып ұсталады. Ерекше жағдайларда өрт қауіпсіздігінің тиісті шараларын қабылдаумен машина бактарын бензинмен толтырып, белгіленген мерзімде оны жаңартумен ұстауға болады. ЖМ паркін орналастыру, жоспарлау (ғимараттар мен құрылыстардың кезектесіп орналасуы) және жабдықтау өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес орындалады.
99. ЖМ паркінің қару-жарағы мен әскери техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу аймағында:
1) өрт сөндіру гидранттары немесе су қоймалары;
2) кезекші және өрт сөндіру құралдарын орналастыру үшін алаңдар орналасады.
100. Кезекші және өрт сөндіру құралдары типтік өрт сөндіру депосы болмаған жағдайда жылытылатын сақтау орындарында бір қатарға орналастырылады. ҚӘТ-тің әрбір үлгісі үшін дербес шығу жолы көзделеді.
101. Далалық парктің кезекші құралдары үшін алаң бақылау-техникалық пункттің (бұдан әрі – БТП) қасында орналастырылады. Кезекші шынжыр табанды және дөңгелекті тартқыштар, өрт сөндіру автомобилі бір қатарға орналастырылады.
102. БТП ғимаратына қосымша қоршаған ауа температурасы дұрыс болмаған кезде өрт сөндіргіштерді сақтау үшін орын жабдықталады.
103. Май құю пункті ЖЖМ-ны қабылдау, сақтау және берудің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
104. Машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу пункті, әрбір сақтау орны:
1) ішкі өрт сөндіру құбыр желісімен;
2) өрт сөндіру дабылдамасымен жабдықталады.
105. Сақтау орындарында (тұрақтарында) өртке қарсы іс-шаралар талаптарын сақтаумен және оларды орындаумен мынадай шараларды орындауға рұқсат етіледі:
1) сақтау процесінде техникалық қызмет көрсетуді;
2) аккумулятор батареяларын кіші токтармен зарядтауды;
3) зарядтау үшін аккумулятор батареяларын шешу және оларды машиналарға орнатуды;
4) қысқы кезеңде салқындатқыш сұйықтықтарды құюды және ағызуды;
5) қозғалтқышты және ҚӘТ-ты іске қосумен байланысты жұмыстарды;
6) консервациядан (сақтауға қойғаннан) кейін жанар-жағармай материалдарын толтырып құюды;
7) оқ-дәрілерді тиеуді және түсіруді;
8) ҚӘТ-ті жазғы (қысқы) пайдалану режиміне ауыстыруды. Бұл ретте жылытқышты реттеу жөніндегі жұмыстар сақтау орындары алдындағы алаңдарда тек жауынгерлік жиынтықтары түсірілген ҚӘТ-та жүргізіледі.
106. Жылытылатын сақтау орындары өрт сөндіру машиналарын, кезекші тартқыштарды орналастыру және ұстау үшін жабдықталады.
107. Аккумулятор үй-жайлары өртке және жарылысқа қауіпті аумақтарға жатады.
108. Аккумулятор зарядтау станциясында үй-жайлардың 200 м² алаңына алып жүрілетін өрт сөндіргіштер орналастырылады. Өрт сөндіргіштер көрінетін және ыңғайлы жерлерде орналасады.
109. Қоймалар ғимаратында әскери-техникалық мүліктің (бұдан әрі – ӘТМ) ағымдағы үлесін, жұмсалмайтын қорын сақтауға арналған үй-жайлар, ӘТМ-ны өңдеуге және қайта сақтауға арналған үй-жайлар жабдықталады және бір-бірінен өртке қарсы қабырғалармен бөлінеді.
Әрбір үй-жай сыртқа шығатын бөлек есікпен жабдықталады.
110. Лак-сырлау және химиялық материалдарға арналған қоймалар ЖМ паркінің басқа ғимараттарынан кемінде 10 м арақашықтықта жартылай тереңдетілген ғимаратта орналасады. Лак-сырлау материалдарын сақтауға арналған үй-жай химиялық материалдарды сақтауға арналған үй-жайдан өртке қарсы қабырғамен бөлінеді.
111. Мүлікті қабылдау, беру және есебін жүргізу үшін қоймаларда қоймалар бастықтарының жұмыс орындары жабдықталады, олар қойма үй-жайының шегінде қалқалармен (жабық бөлігінің биіктігі 1,2 м артық емес шыны немесе тор, құрастырмалы-жиналмалы және жылжымалы) бөлінеді.
Мүлікті қабылдау және оны беруге дайындау үшін жұмыс орнында өрт сөндіру жабдығы мен құрал-жабдық, өрт сөндіру есептобының стендісі болуға тиіс.
112. ЖМ паркінде әртүрлі мақсаттағы алаңдарды құру және жабдықтау туралы шешімді оны жоспарлауға және элементтерін орналастыруға, әскери бөлімге жүктелген міндеттерге қарай әскери бөлім командирі қабылдайды.
Техникалық қызмет көрсету және БТП желісі құрамына кіретін алаңдардан басқа, техникалық қызмет көрсету, кезекші және өрт сөндіру құралдарын орналастыру үшін алаңдар құрылады және жабдықталады.
113. Оқ-дәрілерді техникалық қарап тексеру үшін әскери бөлімнің артиллериялық қоймасы тек елеулі арақашықтықта жабдықталады және тиелген жауынгерлік жиынтығымен сақтауда тұрған ЖМ оқ-дәрілерін техникалық қарап тексеру үшін арналған. Алаң парктің ғимараты мен құрылыстарынан кемінде 40 м қашықта көлемі 15 х 15 м учаскеде жабдықталады. Алаң шеттерін топырақпен үйген кезде осы арақашықтық 25 м дейін қысқарады. Май құю пунктіне және ашық оқ ату көздеріне дейінгі арақашықтық кемінде 300 м құрауға тиіс.
Алаң найзағайдан қорғау құрылғысымен және өрт сөндіру құрал-жабдығымен жабдықталады.
Егер ЖМ паркі аумағы алаңды ғимараттар мен құрылыстардан қауіпсіз қашықта орналастыруға мүмкіндік бермесе, онда оны парктің қасында орналастырады.
Алаңда жұмыс істеу үшін оқ-дәрілер машиналардан штаттық ыдыста (сауытта) беріледі.
114. Кезекші құралдарды орналастыруға арналған алаң оларға арналған жылытылатын үй-жай болмаған кезде жабдықталады. Ол БТП қасында орналастырылады және жарық беріледі. Алаң көлемі 10 х 30 м.
Алаңның, сондай-ақ кезекші құралдарға арналған үй-жайдың қасында қосымша өрт сөндіру құралдарын бір жерге шоғырландыру үшін орталық өрт сөндіру бекеті жабдықталады.
Бекетте өрт сөндіргіштер, күректер мен шелектер (10 данадан), сүймендер, балталар мен металл ілгектер (5 данадан) орналастырылады.
115. Ағаштар мен бұталарды отырғызу ЖМ паркінің өрт қаупін арттырмауға, өрт сөндіру машинасының ғимараттар мен құрылыстарға жақындауына бөгет жасамауға, парк бойынша сақшылардың, тәуліктік наряд адамдарының және өрт сөндіру нарядының қызмет атқару кезінде парк аумағын шолуына кедергі келтірмеуге тиіс.
Ағаштар мен бұталарды егілген жерден жолдарға, ЖМ паркі ғимарттары мен құрылыстары дейінгі арақашықтық өсімдіктердің одан әрі өсуін ескере отырып таңдалады.
116. ЖМ паркінде жеке құрам жұмыс істеген кезеңде әскери бөлімнің штаттық өртке қарсы қорғау командасы немесе штаттық емес өрт сөндіру командасы құрамынан өрт сөндіру патрулі (1 – 2 адам) тағайындалады, олардың мақсаты өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылау, өртті ескерту және ол туралы хабардар ету жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.
117. ЖМ парктерінде және барлық үй-жайларда жұмыстарды ұйымдастыру кезінде тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін жеке құрамнан өрт сөндіру есептоптары тағайындалады. Өрт сөндіру есептоптарына жұмыстарды жүргізу орындарында және бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылау, өртті сөндіру және мүлікті эвакуациялау жүктеледі.
Өрт сөндіру есептоптары адамдарының ЖМ паркіндегі міндеттерін бөлімшелер командирлері айқындайды. Есептоп құрамына тағайындалған адамдардың тектері және олардың міндеттері өрт сөндіру есептобының стендісіне жазылады. Бөлімшелердің командирлері (жұмыстар басшылары) есептоптардың жетекшілері болып табылады.
118. ЖМ паркінде өртке қарсы жыралардан басқа, ЖМ паркінің аумағына оттың таралуына бөгет болатын қорғау аймақтары құрылады. Қорғау аймағының және өртке қарсы жыралардың шегінде әскери-техникалық мүлікті (бұдан әрі – ӘТМ) жинап қоюға және сақтауға жол берілмейді.
119. ҚӘТ-ті жуу кезінде ағынды суларға мұнай өнімдерінің ағуы нәтижесінде жарылу қаупі бар қоспалардың түзілуінен сақтандыру үшін жуу бекеттерінде ағынды сулар тазалау құрылғыларында тазартылады.
120. Жанатын сұйықтар мен материалдарды ЖМ паркінің ғимараттарына 50 м жақын емес ыдыста сақтауға жол беріледі, бұл ретте ашық сақтау алаңдары кюветтермен жабдықталады.
Ыдыстың металл тығындарын бұрап ашу үшін арнайы ұшқынға қауіпсіз құрал-сайманды пайдалану қажет.
Ұшқын шығаруы мүмкін құрал-саймандарды (балға, шапқы) пайдалануға жол берілмейді.
121. Бөлшектерді жуу бекеттері жасанды ағынды-сору желдеткішімен жабдықталатын ЖМ паркінің оқшауланған үй-жайларында орналастырылады. Бекеттердің барлық электр жабдығы жарылудан қорғалған күйде орындалады. Жууға арналған ванналар стационарлы орнатылады, бөлме көлеміне сұйықтық буларының кіруін болдырмайтын мықты жабылатын қақпақтармен және кейбір жерлерінде сорып шығару құралдарымен жабдықталады.
122. Жарылу қаупі бар газдар мен қоспалар бөлумен болатын технологиялық процесс жүретін ЖМ паркінің үй-жайы табиғи және жасанды ағынды-сору желдеткішімен жабдықталады.
123. ЖМ паркі қазандығының түтін мұржалары ғимараттар жабындарынан кемінде 5 м биік болады. Күл мен қожыртас шығарылған кезде су құйылады және ЖМ паркінен әкетіледі.
124. Қазандықтар сұйық отынмен жұмыс істеген кезде мынадай өртке қарсы талаптарды орындау қажет:
1) отын бар шығыс бактарын бөлімше ішінде қазандықтан 5 м жақын емес арақашықтыққа қою қажет (бактар үшін – 1 м3 дейін), ал сыйымдылығы үлкен болған кезде бактар қазандықтан өртке қарсы қабырғалармен бөлінеді немесе сыртқа шығарылады;
2) шығыс багын бүріккішпен қосатын құбыр жолында кем дегенде екі шұра болуға тиіс;
3) тек зауытта жасалған бүріккіштер қолданылады;
4) шығыс бактары құятын құбыр жолдармен жабдықталады, олар ғимараттың сыртында орнатылған ағызу ыдысымен біріктіріледі;
5) құю құбырындағы шұралар мен ысырмаларды орнатуға, сондай-ақ отын бактарында деңгей өлшейтін шыны түтіктерді орнатуға жол берілмейді.
125. Өрт туралы уақтылы хабардар ету үшін ЖМ паркінде дыбыс дабылдамасының қажетті саны орнатылады.
ЖМ паркін әскери бөлімге жүктелген міндеттерге сүйене отырып, ЖМ паркі элементтері арасындағы дауыс зорайтқыш және телефон байланысымен жабдықтау туралы шешімді әскери бөлім командирі қабылдайды.
126. Өрттің шығуын ескерту үшін ЖМ парктерінде және ангарларда:
1) жанармайы бар цистерналарды орналастыруға және сақтауға;
2) өрт тұрғысынан қауіпті жылытқыштарды қолдануға;
3) ҚӘТ-ті (әуе кемелерін) тұрақтарда жанармай құюға;
4) отыны ағып тұрған отын бактарымен және отын құбырларымен ҚӘТ-ті (әуе кемелерін) сақтауға;
5) тұрақтарда бакта тұрғаннан басқа, жанар-жағармай материалдарын және бос ыдыстарды сақтауға;
6) керосинмен, бензинмен немесе басқа жанармай сұйықтарымен тыстарды, капоттарды, киімді жууға және тазалауға;
7) ҚӘТ-та майланған шүберекті, тыстарды, арнайы киімді сақтауға;
8) машиналар тұрақтарында және жанармай құю кезінде ашық отты және "жарқанат" шамын қолдануға;
9) ҚӘТ бар сақтау орындарында қақпалардың алдына үйіп қоюға, оларда қоймалар, шеберханалар және тұрғын үй жасауға;
10) машиналар (әуе кемелері) бар сақтау орындарының қақпаларын құлыппен, металл арқанмен және ішкі бекітпелермен жабуға;
11) орналастыру тәртібін бұзуға;
12) отын бактары ашық және мөрленбеген ҚӘТ-ті сақтауға;
13) ҚӘТ агрегаттарын ашық отпен қыздыруға;
14) оталдырылған күйде тұрақтарда ҚӘТ-ті қалдыруға;
15) ҚӘТ-қа арналған қоймаларда қызметтік үй-жайларды орналастыруға;
16) қазандықта шығыс бактарындағыдан басқа, отқа қауіпті материалдар мен жанармай сұйықтарын сақтауға;
17) қазандықта бөгде адамдардың болуына және кезекші ауысым операторларының демалуына;
18) жұмыс істеп тұрған қазанды қараусыз қалдыруға және қазандықтың отын құбырлары мен отын бактарын жылыту үшін ашық отты қолдануға;
19) отпен жұмыс істеу бойынша сынақтар тапсырмаған, өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша білімі тексерілмеген адамдарды жұмысқа жіберуге;
20) отпен жұмыс істеуге арналған ақаулы аппатурамен жұмыс істеуге жіберуге;
21) ҚӘТ тұрақтарында отпен жұмыстарды жүргізуге;
22) жерге тұйықталмаған әуе кемелеріне отын құюға;
23) әуе кемелерінің қозғалтқыштарын қыздыруға және іске қосуға;
24) әуеайлаққа өрт сөндіру құралдары жоқ техниканы жіберуге;
25) отпен жұмыс істеген кезде май және тез тұтанатын сұйықтар іздері бар арнайы киімді және қолғапты қолдануға;
26) аккумулятор зарядтау станциясында жеке құрамның демалуына және тұруына;
27) жарылу қаупі бар электр жабдығын қолдануға;
28) аккумулятор зарядтау станциясында пеш салуға және электр қыздыру аспаптарын қолдануға;
29) ғимараттардан, ӘТМ және техника бар алаңдардан 40 м жақын жерде от жағуға, сондай-ақ сақтау орындарында, қоймаларда және басқа да өрт қаупі бар үй-жайларда темекі шегуге және ашық отпен аспаптарды қолдануға;
30) ғимараттарда қатып қалған су құбырларын және басқа да құбырларды ашық отпен жылытуға;
31) жанып кететін ғимараттардан, құрылыстар мен құрылыс материалдарынан 20 м жақын жерде битум мен шайыр қайнатуға арналған қазандарды орналастыруға жол берілмейді.
127. Өртті уақтылы сөндіру мқсатында ЖМ паркі объектілері ішкі өртке қарсы су құбырларының шүмектерімен жабдықталады.
Гидранттардан ғимараттар қабырғаларына дейінгі арақашықтық кемінде 5 м болып белгіленеді. Гидранттар арасындағы жыралар 200 м артық емес болуға тиіс. Жолдың жүріс бөлігінен гидранттар арасындағы арақашықтық 2,5 м артық емес.
Тереңдетілген өрт сөндіру гидранттарының құдықтары қақпақтармен жабылады, олар кір және қардан ұдайы тазаланады.
ЖМ паркінің өрт сөндіру су тоғандарындағы су көлемі секундына 10 литр су шығысымен өртті 3 сағат сөндіруге есептеледі. Әрбір су тоғанының сыйымдылығы кемінде 50 м3 болуға тиіс.
Өрт сөндіру су тоғанынан жанармай бар резервуарға дейінгі арақашықтық 40 м, жақын ғимаратқа немесе құрылысқа дейінгі – 40 м артық емес болуға тиіс.
Өрт сөндіру су тоғандары мен гидранттар аумақта әрбір ғимаратқа (құрылысқа) 2 су қоймасынан және гидранттан суды беру қамтамасыз етілетіндей болып орналастырылады. Өрт сөндіру су тоғандары және гидранттар жазулармен және нұсқарлармен белгіленеді.
128. ҚӘТ тұрақтары сыйымдылығы 0,5 м3 құрғақ құм салынған жәшіктермен, әрбір 500 м3 бір құм салынған жәшік есебімен көлемі 1 х 1 м қылшық жүнді матамен немесе киіз жамылғымен қамтамасыз етіледі.
Құмы бар жәшіктер атомосфералық жауын-шашыннан ылғалданудан сақтау үшін қақпақтармен жабдықталады. Жазғы уақытта кемінде 2 суы бар бөшке орнатылады.
129. ЖМ парктеріндегі өрт сөндіру құрал-жабдығы қызыл түске боялған қалқандарда сақталады. Бір өрт сөндіру қалқаны 400 м² аумақты қорғау үшін арналған.
Қалқандар көрінетін жерге орнатылады және еркін қолжетімді болуға тиіс.
Сақтау орнында немесе өрт сөндіру бекеті түріндегі тұрақта орналастырумен оларды әрбір сақтау өрт сөндіру қалқанын, құм салынған жәшікті қылшық жүнді матаны немесе киіз жамылғыны су құйылған бөшкені бір жерде бірге орналастыру орынды болады.
ЖМ паркіндегі өрт сөндіру құрал-жабдығы бар қалқандар пломбаланады. Қалқандарда тізімдемелер бекітіледі.
130. Өрт болған жерге күштер мен құралдардың тез келуі үшін ЖМ паркінде паркішілік жолдар мен өтпелердің жеткілікті саны көзделуге тиіс.
Жолдар мен өтпелер ғимараттар мен өрт сөндіру суымен жабдықтау көздеріне кедергісіз өтпелермен қамтамасыз етіледі және шығыршықталған болуға тиіс.
Өтпелер ЖМ паркі ғимараттары мен құрылыстары қабырғаларынан 5 – 8 м арақашықтықта орналасады.
131. Жеке құрамды автомобиль көлігімен тасымалдауға автомобильде (шанағында) (автобуста өрт сөндіргіш жүргізуші кабинасында болады) тез алынатын сыйымдылығы кемінде 2 (3) л өрт сөндіргіш бекітілген кезде рұқсат етіледі.
132. Оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, жанармайларды және басқа да қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде мыналар сақталады:
1) жүргізушілерге жүктерді тиеу және тасымалдау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы арнайы нұсқау беріледі;
2) машиналар шанақтың алдыңғы бұрышының сол жағында өрт сөндіргіштермен және қызыл жалаушалармен жабдықталады және "Қауіпті жүк" деген тану белгісі орнатылады;
3) жанармайды тасымалдау үшін бөлінген машиналарда бәсеңдеткіш алдыңғы жаққа радиатордың астына шығарылады;
4) ыдыстардың бүйір және артқы қабырғасына (жәшіктер мен шкафтардың есіктеріне) "Өрт қаупі бар" деген жазу жазылады;
5) құятын көлікте цистерналарды жерге түйістіру үшін айла-бұйым болуға тиіс;
6) елді мекендерде және өртке қатысты қауіпті жерлерде тоқтауға рұқсат етілмейді;
7) кабинада, шанақта және машиналардан 15 м жақын арақашықтықта темекі шегуге рұқсат етілмейді.
133. Орманда іс-қимыл жасайтын әскерлердің автомобиль техникасын дайындау кезінде машиналарды арамен, балтамен және үйінділерді тазартуға арналған сым арқандармен, сондай-ақ өрт сөндіру құралдарымен қосымша қамтамасыз ету көзделеді. Жөндеу бөлімшелері орман шетіне, жолдар мен сопақтардың бойына орналасуды болдырмай, өз әскерлерінің жауынгерлік ретіне жақын орналасады. Орналасқан аудандарынан тез шығу үшін қосалқы жолдар дайындалады.
5-параграф. Әскери қоймалардағы өрт қауіпсіздігі шаралары
134. Инженерлік оқ-дәрілер қоймасының өрт қауіпсіздігі өнеркәсіп және азаматтық объектілерде төтенше жағдайлар, зілзала және қоймаларға жақын өрт болған кезде оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ тұрғындарды, объектілер мен қоршаған ортаны қоймадағы авариялық жағдайлар әсерінен қорғауға арналған іс-шаралар кешенін қамтиды.
135. Өрт қауіпсіздігіне:
1) сақтау орындарын жүктеу және бірге сақтау кезінде ӨҚЕ-ні сақтаумен;
2) тұтанудың берілуі бойынша қауіпсіз арақашықтықты сақтаумен, жергілікті жерде сақтау орындарын өзара ұтымды орналастырумен және топырақ үюмен;
3) оқ-дәрілерді сақтау орындарына дұрыс орналастырумен және салып қоюмен, сақтау режимін сақтаумен;
4) оқ-дәрілермен технологиялық операцияларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаумен қол жеткізіледі.
136. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шаралар орындалады:
1) қойманың барлық аумағының сыртқы қоршауынан 400 м қауіпсіз қашықтық, тыйым салынған аймақ белгіленеді;
2) қоймаларға тыйым салынған аудан айқындалады;
3) хабардар ету және тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарда өрттің, авариялар мен зілзалалардың салдарын жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспары пысықталады;
4) тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарда қауіптілігі жоғары объектілерді орналастыру бойынша тыйым салулар мен шектеулер орындалады.
137. Өндірістік қалдықтар мен қоқыс күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін аумақтан шығарылады.
Техникалық аумақ ұсақ өскіннен, бұталардан, бұтақтардан, шөмшектерден және құрғақ өсімдіктерден тазартылады, ағаштар 2 м биіктікте бұтақтардан тазартылады. Әрбір ғимараттың айналасы 20 м қашықтықта жапырақтар мен құрғақ шөптен толық тазартылады, ғимарат айналасындағы шөп қабырғадан 1 м қашықтықта жұлынады.
138. Қоймалардың (сақтау орындарының) техникалық аумағына өртегіш заттары бар адамдарды жіберуге жол берілмейді.
Қоймалар (сақтау орындары) аумағында шөпті кептіруге және құрғақ шөпті жағуға жол берілмейді.
139. Қоймаларда (сақтау орындарында):
1) оларға арналмаған мүлікті сақтауға;
2) қоймаларда (сақтау орындарында) өтпелер мен шығатын есіктерге бөгет жасауға;
3) қағазбен, қатырма қағазбен, полимерлі материалдардан жасалған үлдірмен және оттан қорғайтын құраммен өңделмеген маталармен сөрелерді қаптауға және терезелерді қараңғылауға жол берілмейді.
140. Мүлікті қатарлап реттеп салу өтпелер мен шығатын есіктер бос болатындай есеппен жүргізіледі. Мүлікті пештерге, жылыту радиаторларына, электр сымдар мен шамдарға тікелей жақын реттеп салуға, сондай-ақ сақтау орындарында мүлікті тасымалдауға және реттеп салуға байланысты емес жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
141. Қоймалар (сақтау орындары) жанында құрылыс материалдарын, отын қорларын немесе қандай да бір мүлікті, сондай-ақ босаған ыдыс пен сауытты реттеп салуға, жалпы сақтау орындарында тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға жол берілмейді.
142. Пеш жағатын орындар және пештердің мұржа тесіктері қоймалардан (сақтау орындарынан) тыс орнатылады, ал мұржалары ұшқын ұстағыштармен жабдықталады. Қойманы жапқанға дейін 2 сағат бұрын пештерді жағу толық тоқтатылады, барлық пештер тексеріледі және жабылады.
143. Электржарық орнатылған кезде барлық қоймалар (сақтау орындары) сыртқы ажыратқыштармен жабдықталады. Сыртқы ажыратқыштар мен сақтандырғыштары бар топтасқан қалқандар металл жәшіктерге орналастырылады. Қоймалардағы (сақтау орындарындағы) шырақтар жабық типті (шыны қалпақтарымен) болуға және негізгі және тексеретін өтпелердің бойында орналастырылуға тиіс. Электр розеткаларын орнатуға және сақтау орындары ішінде қызметтік үй-жайлар орнатуға жол берілмейді.
144. Жұмыс аяқталғаннан кейін сақтау орындарындағы техникалық күзет құралдарынан басқа, барлық электр желілері сыртқы ажыратқышпен сөндіріледі.
145. Қойманың техникалық аумағында өрт сөндіру мақсатында су қоры құрылады. Техникалық аумақта және сұрыптау алаңында орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың сыртындағы өртті сөндіруге су шығысы су өрт сөндіру су тоғандарынан (резервуарлардан), гидранттардан берілген жағдайда секундына кемінде 10 литр болып айқындалады. Өрт сөндіру су тоғандарының саны және олардың орналасуы әрбір ғимаратты (құрылысты) өрт сөндірумен қамтамасыз ету жағдайларына сүйене отырып, сыйымдылығы әрқайсысы кемінде 50 м3 кемінде екі өрт сөндіру су тоғаны болып қабылданады.
Қойманың техникалық аумағында және сұрыптау алаңында (оның ішінде В, Д қауіптілік санатындағы оқ-дәрілерді сақтау учаскелерінде) өрт сөндіру мақсатында секундына кемінде 10 литр су шығысымен үш сағат ішінде бір өртті сөндіру есебінен ғимаратқа немесе құрылысқа мөлшері кемінде 100 м3 өрт сөндіру су тоғанында су қоры құрылады.
146. Өрт сөндіру су тоғандары жабыны қатты жол бойында қорғалатын ғимараттың немесе құрылыстың жақын нүктесінен 40 м алыс емес қашықтықта орналастырылады.
Өрт сөндіру су тоғандарынан қорғалатын объектіге дейінгі қашықтық мотопомпалардың өрт сөндіру түтіктерін тарту жағдайларына сүйене отырып айқындалады.
Әрбір өрт сөндіру су тоғаны олар негізгі немесе қосалқы жолдармен қозғалу үшін кедергі жасамайтындай етіп кемінде 2 өрт сөндіру автомобилін қою үшін жабыны қатты кірме алаңдармен қамтамасыз етіледі.
147. Қойма аумағындағы кез келген пунктке өртке қарсы қорғаныс командасын шақыру дыбыстық дабылдамамен және телефон арқылы қамтамасыз етіледі. Дабылдаманың ақаусыздығы күн сайын тексеріледі.
148. Найзағай кезеңінде тұтануды уақтылы анықтау және жою мақсатында жеке құрамның күштерімен сақтау орындарына және цехтарға қадағалау ұйымдастырылады. Өртке қарсы қорғаныс командасы жауынгерлік әзірлікке келтіріледі, жылжымалы бекеттермен және мұнаралардан қадағалау жүргізіледі.
149. Тепловоздар және автотрактор техникасы техникалық аумаққа оларды өрт сөндіру наряды тексергеннен кейін және ұшқын өшіргіш, өрт сөндіргіш және киіз бар болған кезде жіберіледі.
150. Өрт қаупі бар кезең (құрғақ жаз, көрші аудандардағы орман өрттері және т. б.) басталар алдында орман өрттеріне қарсы күресті ұйымдастыру үшін қойма бастығының бұйрығымен орман өрттерін жою және сөндіру және қойма аумағында оттың шығуының алдын алу жөніндегі кезекші бөлімше (команда) құрылады.
Бөлімшеге қажетті жол-жер қазу техникасы беріледі, өрт сөндіру құралдары дайындалады.
151. Тыйым салынған аудандар (бар болған кезде) өртке қарсы тұрғыдан дайындалады (өртке қарсы соқпақтар мен қорғау жолақтары орнатылады, су қорлары құрылады және оларға кірме жолдар жабдықталады, орман кесіп өтіледі және сол сияқты).
152. Өртті сөндіруді ұйымдастыру және оның тәсілдері тартылатын күштер мен құралдарға, оқ-дәрілердің бар болуына, олардың жану ерекшеліктеріне байланысты өртке қарсы қорғаныс жоспарында ашып көрсетіледі. Бұл ретте мыналарды:
1) оқ-дәрілердің жануының жарылысқа ауысу ықтималдығын;
2) оқ-дәрілердің жаппай жарылу ықтималдығын;
3) жарылыс, өрт болған кезде оқ-дәрілердің (жарықшақтардың) ұшу (шашырау) мүмкіндігін;
4) ұшқан оқ-дәрілермен жану (жарылыс) ошақтарының таралуын;
5) кассеталық (толық оқталған) оқ-дәрілер бар сақтау орнына іргелес жергілікті жерді миналау мүмкіндігін және оларда өзін-өзі жою механизмдерінің болуын ескеру қажет.
Өрт сөндіру депосы техникалық аумақ күзет периметрінің сыртқы сым қоршауынан кемінде 70 м қашықтықта және техникалық аумаққа кіретін орынға жақын әкімшілік-шаруашылық аумақта орналастырылады. Өрт сөндіру депосын әкімшілік аумақта орналастыру техникалық аумақтағы ғимараттар мен құрылыстарға дейін келу уақыты 10 мин аспайтын жағдайға сүйене отырып айқындалады.
153. Шаруашылық-ауызсуды және өндірістік суды, сондай-ақ өртке қарсы мақсаттар үшін суды беруге арналған сорғы станциялары әрбір мақсат үшін бөлек қосалқы сорғы агрегатымен қамтамасыз етіледі.
154. Базаларда өртке қарсы су құбырын орнату көзделеді, ол шаруашылық-ауызсу немесе өндірістік су құбырына жалғанады.
Өрт сөндіру су қорын жұмсамау шаруашылық сорғылар су тарту құрылғысының құрылымымен және бірінші қолданылатын екі резервуардың бар болуымен қамтамасыз етіледі, олардың біреуінде жұмсалмайтын су қоры сақталады.
155. Өртке қарсы су қорын резервуарда сақтау кезінде олардың жабдықталуы қордың күнделікті уақытта жұмсалмауын және өрт кезінде тез қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
156. Базалардың су құбыры желісі:
1) жолдар мен өтпелер бойында олардан 2,5 м алыс емес қашықтықта, ал сақтау орындарының қабырғасынан әрбір құрылыс екі гидрантпен қамтамасыз етілетіндей есеппен сақтау орындарының қабырғаларынан 5 м жақын емес қашықтықта орнатылатын өр сөндіру гидранттарымен, бұл ретте құрылыс шегінде гидранттар арасындағы қашықтық 200 м аспайды;
2) бір учаскенің желісін жөндеуге сөндірген кезде жұмыстың сипаты бойынша сумен жабдықтауды тоқтатуға жол бермейтін ғимараттардың (асхана, монша, қазандық) жалпы сумен жабдықталуы тоқтатылмайтын, бір уақытта бір ғана су тарату колонкасы істен шығатындай есеппен орнатылатын желідегі ысырмалармен жабдықталады.
Өрт сөндіруді қамтамасыз ететін су құбыры желілері жоқ база аумағының учаскелерінде сыртқы өртті сөндіру үшін әрқайсысының сыйымдылығы 50 м3 өрт сөндіру су тоғандары орнатылады.
Базаның техникалық аумағында су құбыры желісінің бар болуына қарамастан, өрт сөндіру су тоғандары міндетті түрде болуға тиіс.
Сыйымдылығы 50 м3 өрт сөндіру су тоғандары өрт сөндіру машиналарын орнату үшін алаңнан су алу үшін кемінде екі мойынмен жабдықталады. Алаңның көлемі өрт сөндіру машиналарын орнатуды және жолдың өтетін жерін босатуды қамтамасыз етуге тиіс.
Өрт сөндіру су тоғандары су тоғандарынан 40 м аспайтын қашықтықта орнатылатын өрт сөндіру шүмектерінен толтырылады. Су құбыры желісі жоқ жерде өрт сөндіру су тоғандарын толтыру суды цистерналармен тасымалдау жолымен жүргізіледі.
157. Желіге бестен аспайтын өрт сөндіру шүмегін орнатқан кезде ғимаратқа өртке қарсы сумен жабдықтаудың бір желісін орнатуға рұқсат етіледі.
158. Стационарлық әскери жанармай қоймасы бар кіреберіс жолдарын, теміржолдарды пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстардан өртке қарсы алшақтықты сақтаумен әскери бөлімнің (мекеменің) аумағында орналастырылады.
159. Стационарлық әскери жанармай қоймасы:
1) ӨҚЕ-ге сәйкес құрылыстар, тасалар, жабдық пен жанармай қорлары бытырап орналасқан жерде;
2) бөлімнің бар объектілерінен төмен жоспарлау белгісі бар жергілікті жерде қойманың орналасуын қамтамасыз ете отырып, оларға және жақын жердегі елді мекендерге қарай жел жағынан;
3) кіреберіс жолдары ыңғайлы автомобиль жолдарына жақын жерде;
4) қойманың өртке қарсы және пайдалану мұқтаждары үшін табиғи су тоғандарына немесе басқа да сенімді сумен қамтамасыз ету көздеріне жақын жерде;
5) ыдыстағы майларға, майлағыштарға, арнайы сұйықтықтарға және техникалық құралдарға арналған сақтау орындарында;
6) ыдыстағы және бұрын пайдаланылған бөшкелердегі жанармайды сақтауға арналған алаңдарда немесе қалқалар астында;
7) құятын және борттық автокөліктің тұрағына арналған алаңдарда немесе қалқалар астында орналастырылады.
160. Авиациялық базаның жанармай қоймасы әуеайлақ жанында әуеайлақ аумағында орналасқан 2-3 және одан да көп учаскеде бытыраңқы түрде, авиациялық бөлімшелер бытырап орналасқан аймақтарға жанармайды тездетіп беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қашықтықта жақындау жолақтарынан тыс, бірақ қажетті өртке қарсы алшақтықты сақтаумен орналастырылады. Учаскелердің біреуінде базалық қойма, басқаларында – жанармайдың шығыс қоймалары өрістетіледі.
6-параграф. Зымырандар мен оқ-дәрілерді сақтау арсеналдарында, базалары мен қоймаларында өрт қауіпсіздігі шаралары
161. Сақтау арсеналдарының, базалары мен қоймаларының учаскесінде:
1) зымырандар мен оқ-дәрілерді сақтау, жинау, жөндеу, олармен регламенттік, тиеу-түсіру және көліктік жұмыстарды жүргізу үшін техникалық аумақ;
2) әскерлерден келіп түсетін атылған гильзаларды, сауытты және сұрыптауға жататын зымырандар мен оқ-дәрілерді қабылдау және уақытша сақтау үшін сұрыптау алаңы;
3) техникалық аумақ пен сұрыптау алаңының күзет периметрлері;
4) зымырандар мен оқ-дәрілерді жөнелту (қабылдау) үшін тікұшақ алаңы;
5) штабты, казарманы, ағаш өңдеу цехтарын, қазандықтарды, өртке қарсы қорғаныс командасының ғимаратын, сорғы станцияларын, материалдық қоймаларды, автогаражды және көмекші қызметтердің басқа да ғимараттары мен құрылыстарын орналастыру үшін әкімшілік-шаруашылық аумақ;
6) тұрғын үйлерді, жатақханаларды, медициналық және балалар мекемелерін, мектептерді, клубтарды, стадиондарды, асханаларды, дүкендерді және монша-кір жуу комбинаттарын орналастыру үшін тұрғын үй-тұрмыстық қалашық құрылады.
162. Оқ-дәрілерге арналған сақтау орындары өрт сөндіру есептобының стендімен жабдықталады.
Барлық сақтау орындарында (қоймаларда), цехтарда және жұмыс пункттерінде жұмыс уақытында азаматтық персоналдан (қызметшілерден) және жұмысшылардан өрт сөндіру есептоптары тағайындалады.
Өрт сөндіру есептоптарының стенділері көрінетін жерлерде ілінеді. Жұмыс басталар алдында өрт сөндіру есептобына нұсқау беру өткізіледі, олардың өртке қарсы қорғаныс жөніндегі міндеттерді және өрт шыққан жағдайдағы іс-қимылдарды білуі тексеріледі.
163. Техникалық аумақта зымырандар мен оқ-дәрілерді, сондай-ақ өртке қарсы құралдарды сақтау, жинау, жөндеу, олармен регламенттік, тиеу-түсіру және тасымалдау жұмыстарын жүргізу үшін ғимараттар кешені орналастырылады.
Жолдарды дамыту базаның берілген жүк айналымына, өрт сөндіру автомашиналарының ғимараттарға жүріп өтуін және кіреберіс жолдарын қамтамасыз етуге сүйене отырып, бас жоспарда айқындалады.
164. ЖЖМ қоймалары, көлік-жүк бөлімі, материалдық және отын қоймалары өртке қарсы алшақтықты сақтай отырып, әкімшілік-шаруашылық аумақта орналастырылады.
165. Техникалық аумақтағы шөп уақтылы, ол кепкенге дейін шабылады және техникалық аумақтан шығарылады. Техникалық аумақта шөпті кептіруге, шөпті сақтауға және мал бағуға жол берілмейді.
166. Жарылу және өрт қаупі бар әскери мүлік сақталатын немесе олармен жұмыстар жүргізілетін арсеналдардың, базалар мен қоймалардың ғимараттары мен үй-жайлары ЭҚОҚ-ға сәйкес мынадай болып жіктеледі:
1) ерекше жарылу қаупі бар – ЭҚОҚ-ның В-1 сыныбына сәйкес келетіндер;
2) жарылу қаупі бар – ЭҚОҚ-ның В-l a және В-1 б сыныптарына сәйкес келетіндер;
3) өрт қаупі бар – ЭҚОҚ-ның П-1 және П-2 сыныптарына сәйкес келетіндер;
4) қауіпсіз – ЭҚОҚ-ның жалпы талаптарына сәйкес келетіндер.
167. Базалар ғимараттары мен үй-жайларының жарылу және өрт қауіптілігі өндірістің сипатымен, жарылыс немесе өрт нәтижесінде залал келтіру елеулі материалдық шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін оларда жарылғыш заттардың, дәрілердің, пиротехникалық құрамдардың, зымыран отынының, әртүрлі жанармай материалдары мен тез тұтанатын сұйықтықтардың бар болуымен айқындалады.
168. Ерекше жарылу қаупі бар ғимараттар мен үй-жайларға:
1) түтінді және түтінсіз түйіршікті дәрілерден элементтер жасау;
2) пиротехникалық құрамдарды дайындау және олардан элементтер жасау;
3) жарылғыш заттарды және зымыран отынының құтыларын бұрғылау;
4) дәрілерді араластыру;
5) аралас дәрілерді қарау;
6) түйіршікті дәрілерден зарядтарды бөлшектеу;
7) түтінді дәрілерді өлшеу;
8) артиллериялық оқтардың зарядтарын дайындау және өлшеу;
9) гильзаларды түйіршікті дәрілері бар зарядтармен оқтау;
10) картуздардағы артиллериялық оқтардың зарядтарын жөндеу;
11) ажыратқыш зарядтарды және қосымша тұтандырғыштар дайындау;
12) түтінді және түтінсіз түйіршікті дәрілерді және матадан жасалған тысқа салынған олардан жасалған бұйымдарды сауыттан алу және сауытқа салу;
13) түтінді дәрілер және олардан жасалған бұйымдар бар сақтау орындары жатады.
169. Жарылу қаупі бар үй-жайларға снарядтармен, оқтармен және жарылу қаупі бар оқ-дәрілер элементтерімен жұмыстар, жарылғыш заттарға (бұдан әрі – ЖЗ) орнатылған электржарғыш тізбектерді және дәрілерді тексеру, бұл жұмыстар броньдалған камераларда, броньдалған бункерлерде, броньдалған кассеталарда жүргізілетін үй-жайларды қоспағанда, зымырандар мен оқ-дәрілердің қатты қабыққа салынған пиротехникалық тораптарын, тұтандырғыштарын және жару құрылғыларын дайындау, қарап тексеру, тексеру және жылыту жүргізілетін үй-жайлар, металл қабыққа немесе штаттық сауытқа салынған ЖЗ, түтінсіз дәрілер мен қатты қоспа отыны, оқ-дәрілер, жойғыш бөліктер және нығыздалған (орнатылған) жойғыш бөліктер мен зымырандар бар сақтау орындары, платформалар мен қалқалар жатады.
170. Өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайларға:
1) нығыздалған (орнатылған) жойғыш бөліктері бар және оларсыз зымырандарды сынау, жойғыш бөліктерді дайындау және зымырандармен түйістіру, зымырандар мен зымыран қозғалтқыштарын оларды оқтағаннан кейін құрастыру жүргізілетін барлық типтегі және сыныптағы зымырандармен жүргізілетін регламенттік жұмыстар залдары;
2) жойғыш бөліктерсіз зымырандар, аспаптар, штаттық сауыттағы зымыран қозғалтқыштарымен оқталған зымырандардың жиынтықтаушы элементтері мен ҚҚК-сы бар сақтау орындары, платформалар мен қалқалар, сондай-ақ зымыран кешендерінің жерүсті жабдығы бар сақтау орындары;
3) зымырандар мен жиынтықтаушы элементтерге арналған тиеу-түсіру пункттері;
4) осы жұмыстарды броньдалған бункерлерде, броньдалған камераларда, броньдалған кассеталарда жүргізген кезде зымырандар мен оқ-дәрілердің пиротехникалық тораптарын, тұтандырғыштары мен жару құрылғыларын дайындауға, қарап тексеруге, тексеруге және жылытуға арналған үй-жайлар жатады.
171. 173. Цехтарда құрал-саймандар мен айла-бұйымдарды сақтау үшін цех қоймалары ұйымдастырылады. Бұл қоймаларда өрт қаупі жоқ материалдардың ауыспалы қорын цехта жұмыстарды жүргізу үшін қажетті мөлшерде уақытша сақтауға жол беріледі.
Цехтардың қоймалық үй-жайларында өрт қауіпсіз, сондай-ақ өрт қауіпті материалдарды ұзақ уақыт сақтауға жол берілмейді. Мұндай сақтау үш ауысым қажеттіліктен аспайтын материалдар қорларын құруға рұқсат етілетін шығыс қоймаларында ұйымдастырылады.
Цехтың шығыс қоймалары цехтан 40 м қашықтықта жанбайтын материалдардан салынады, қажет болған жағдайларда олар орталық жылыту жүйесі арқылы жылытылады және электрмен жарықтандырылады.
172. Оқ-дәрілер бар жәшіктер автомашиналарға, тіркемелерге, теміржол платформаларына жәшіктердің жоғарғы қатары борт жиегі деңгейінде немесе жәшіктің орта бөлігінен жоғары болатындай етіп салынады.
Көлік құралдарының жүк көтергіштігі толық пайдаланылмаған кезде осы борттардың конструкциясы мен құрылымы тасымалдау кезінде оқ-дәрілердің сақталуын қамтамасыз ететіндей және жәшіктердің құлап кетуін болдырмайтындай етіп автомашиналардың бортын үлкейтуге рұқсат етіледі. Оқ-дәрілерді тасымалдауға арналған автомашиналар ұшқын қаққыштармен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.
173. База командирінің бұйрығы негізінде әрбір сақтау орны сақтау орнының бастығына бекітіліп беріледі, ол сақтау орнында және олардың айналасындағы аумақта ӨҚЕ талаптарын сақтайды.
Сақтау орнындағы жұмыс аяқталғаннан кейін өртке қарсы қорғаныс командасының өкілдері тексереді, одан кейін сақтау орнының есіктері жабылады және сақтау орны бастығының жеке мөрі басылады.
174. Сақтауға арналған алаңдар найзағайдан қорғау құрылғысымен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады. Әрбір алаңның айналасындағы ені 20 м жергілікті жер жолағы тазартылады, алаң айналасынан 1 м арақашықтықтағы жердің шөбі шабылады.
175. Жарылу қаупі бар элементтер бар сақтау орындары мен алаңдарда мүлікті әкелуден (әкетуден), сақтау үшін реттеп салудан және сақтау орнына шағын жөндеуден басқа, мынадай талаптар сақталған кезде қандай да бір жұмыст жүргізуге жол берілмейді:
1) жұмыс жүргізу үшін жұмыс жетекшісі тағайындалады;
2) жұмысшылар өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауы қажет;
3) төбе жабыны жоқ сақтау орнының шатырын жөндеу кезінде жарылу қаупі бар элементтердің үстіне элементтерді әртүрлі заттардың, құралдардың кенеттен құлап кетуінен сақтайтын кенеп немесе тор жабу қажет;
4) еденді жөндеу кезінде жарылу қаупі бар элементтерді сақтау орнының жанына немесе оның ішіндегі бос алаңға орналастырумен оларды жинап алу қажет.
176. Базаның техникалық, әкімшілік-шаруашылық аумағында, сондай-ақ тұрғын қалашықта ашық от жағуға жол берілмейді.
Базаның техникалық аумағында ашық от жағуға ерекше жағдайларда және тек база бастығының рұқсатымен жол беріледі, бұл туралы бұйрық беріледі. Жұмыс өрт сөндіру есептобының қатысуымен және жауынгерлік әзірліктегі қажетті өрт сөндіру құралдары болған кезде жүргізіледі.
177. Күн сайын жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс жетекшісі өрттен қорғау өкілімен бірлесіп, барлық жұмыс орындарын және үй-жайларды тексереді және анықталған кемшіліктерді жояды, цехтың (жұмыс пунктінің, сақтау орнының) электр беру желісін ажыратады, үй-жайды жабады және мөр басады.
178. Өртке қарсы қорғаныс команда бастығының өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нұсқаулары базаның барлық жеке құрамы үшін міндетті болып табылады.
179. Базада жүргізілетін өртке қарсы іс-шаралар өрттің шығу мүмкіндігінен сақтандырады. База өртке қарсы қорғаныс командасының жеке құрамы өртті жылдам жоюға ұдайы әзірлікте болады.
180. Жазғы маусым алдында дала өртіне қарсы күресті ұйымдастыру үшін база бастығының бұйрығымен дала өртін сөндіру және база аумағында оттың таралуынан сақтандыру бойынша жедел топ құрылады. Жедел топқа қажетті автотракторлық, жер қазатын техника және жеке құрам беріледі. Дала өртіне қарсы күрес үшін алғашқы өрт сөндіру құралдарының (күрек, ара, балта) қажетті қоры алдын ала дайындалады.
5 км дейінгі радиуста дала өрті шыққан кезде база бастығы ол туралы жоғары тұрған бастыққа өрт сипатын, оның ауқымын, таралу бағытын және оны сөндіру бойынша қабылданған шараларды көрсетумен баяндайды. Тұтануды уақтылы анықтау және жою мақсатында тәуліктік бойы патрульдеу ұйымдастырылады немесе өрт сөндіру бекеттері қойылады.
Базада қосымша штаттан тыс өрт сөндіру командалары құрылады, олар жергілікті ресурстар есебінен өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
181. Аккумуляторлық тиегіштер мен электрокарлар (аккумулятор батареяынан электрмен қоректену бар) жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы жабдықталған үй-жайларда сақталады.
182. Өртке қарсы қорғаныс командасын база аумағының кез келген пунктіне шақырту дыбыстық дабылдамамен қамтамасыз етіледі және телефон арқылы қайталанады.
Өрт сөндіру құралы көрнекі жерлерге орналастырылады және қызыл түске боялады.
Базаның жеке құрамын дабыл сигналдарын беру тәртібіне және алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдануға оқыту қажет.
183. Жарылу және өрт қауіпті үй-жайлар автоматты және қол режимдерінде от көздерін жылдам жоюға мүмкіндік беретін тиімді өрт сөндіру жүйесімен жабдықталады.
184. Бастапқы сатыда өрт ошақтарын жою үшін базалардың цехтарында, сақтау орындарында, жұмыс істеу пункттерінде және басқа да құрылыстары мен ғимараттарында өрт сөндіру құралы өрт сөндіру қалқандары орнатылады, бұл ретте зымырандар мен оқ-дәрілер бар цехтар, сақтау орындары мен жұмыс пункттері үшін өрт сөндіру құралына (әрбір қалқанда) қосымша мыналар жабдықталады:
1) суы бар бөшкелер – 2 дана;
2) құмы бар жәшік – 1 дана;
3) баспалдақ – 1 дана.
Өрт сөндіру құралы қалқандарда орналастырылады. Қалқандар әрбір объекті жанында 10 – 15 м арақашықтықта орнатылады.
185. Базаның техникалық аумағында өрт сөндіру мақсатында әрбір 100 оқ-дәрілер вагонына сыйымдылығы 50 м3 су тоғандарында сақталатын кемінде 50 м3 есебінен су қоры жасалады. Су тоғандары екі және одан да көп су тоғандарынан әрбір объектіге бір уақытта су беруді қамтамасыз ететіндей есеппен оқ-дәрілер бар сақтау орындарынан (цехтан), алаңнан және штабельдерден 40 м аспайтын арақашықтықта су тоғандары салынады. Су тоғандарына жылдың кез келген маусымында өрт сөндіру автомашинасының келуі қамтамасыз ететін кірмежолдар жабдықталады. Су тоғаны жанында өрт сөндіру автомашиналары басқа автомашиналардың өтуі үшін жолды жаппайтындай орналастырылады.
186. Базада өрт сөндіру автомобилдерінің маршруттары схемасы әзірленеді, ол ең қашықтағы сақтау орнына өрт сөндіру машиналары өрт дабылы сигналын алған сәттен бастап 10 мин. кешікпей келе алатындай есеппен жасалады.
187. Автотрактор техникасы базаның техникалық аумағына оны өрт сөндіру наряды тексергеннен кейін жіберіледі. Техникалық аумақта жұмыс істейтін әрбір автомобиль немесе трактор өрт сөндіргіштермен, қылшық жүнді матамен жабдықталуы және онда ақаусыз отын жүйесі, түтін шығару құрылғылары (тұншықтырғыш) және ұшқын өшіргіш болуы қажет.
Өрт сөндіру құралдарымен жабдықталмаған автокөлікке оқ-дәрілер мен зымырандарды тиеуге жол берілмейді.
188. Күн сайын өртке қарсы қорғаныс командасының құрамынан тәуліктік наряд табельдер бойынша тиесілі өрт сөндіру құралдарымен, автомобильдермен және керек-жарақтармен тағайындалады.
Найзағай кезеңінде тұтануды уақтылы анықтау және жою мақсатында база жеке құрамының күштерімен сақтау орындары мен цехтарды қадағалау ұйымдастырылады. Өртке қарсы қорғаныс командасының барлық жеке құрамы жауынгерлік әзірлікке келтіріледі, техникалық аумаққа өрт сөндіру автомобиліндегі жылжымалы бекет жіберіледі және мұнарадан қадағалау жүргізіледі.
189. Базаның техникалық аумағында темекі шегуге тыйым салынады. Әкімшілік-шаруашылық аумақта темекі шегу ол үшін арнайы бөлінген және жабдықталған орында жол беріледі.
7-параграф. Зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймаларындағы өрт қауіпсіздік шаралары
190. Оқ-дәрілермен жұмыс жүргізуге қатысатын жеке құрам қоймада жұмыс басталар алдында өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулар беріледі.
191. Қарап тексеру (тексерулер) зымыран-артиллериялық қару-жарақтың үлгілері бекітіліп берілген адамның қатысуымен жүргізіледі.
Қарап тексеру кезінде зымыран-артиллериялық қару-жарақтың сақталуын ұйымдастыру (оның ішінде сақтау жағдайлары, сақтау орындарының жай-күйі, найзағайдан қорғану, өрт сөндіру құралдары мен дабылдама жүйесі) тексеріледі.
192. Техникалық қызмет көрсету кезінде өрт сөндіргіштер тексеріледі және қажет болған кезде оларды зарядтау жүргізіледі.
193. Ағымдағы қарап тексеру қару-жарақтың (мүліктің) бар болуын және дұрыс сақталуын бақылау мақсатында жүргізіледі, бұл ретте:
1) қаптамасын ашпай және пломбаларын бұзбай қару-жарақ пен мүліктің бар болуы;
2) индикаторлық силикагель жай-күйі;
3) өрт сөндіру құралдарының жай-күйі тексеріледі.
194. Сақтау орындары өртке қарсы тұрғысынан және найзағайға қарсы қорғанумен жабдықталады.
195. Сақтау орындарында қару-жарақ жинтықпен, партиялар бойынша, техникалық қызмет көрсету және эвакуациялау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қолайлығын ескерумен орналастырады.
196. Оқ-дәрлерді сақтау орындары арасындағы арақашықтық топырақ үю – кемінде 50 м, топырақ үймей – кемінде 100 м болуға жол беріледі.
Сақтау орындарын оқ-дәрілермен және зымырандармен (жарғыш заттардың бар болуы бойынша) 150 т аспайтын, бірақ бір сақтау орнына 15 вагоннан аспайтындай етіп толтыруға жол беріледі. Жарылғыш заттардың мөлшері снарядтардағы, миналардағы, бастиекті және жарылғыш бөліктердегі жарылғыш зарядтар массасын және дәрілік зарядтардың жалпы массасының жартысын қосумен айқындалады.
197. Бір гарнизонның (құраманың) бірнеше бөлімінің оқ-дәрілерін ортақ аумаққа орналастыру гарнизон бастығының (құрама командирінің) бұйрығымен құраманың біріктірілген қоймасының бастығы қойманың барлық аумағында өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуына жауапты адам болып, ол болмаған жағдайда – атағы бойынша жоғары болатын оқ-дәрілері осы аумақта орналастырылған әскери бөлім зымыран-артиллериялық қару-жарақ қызметінің бастығы тағайындалады.
198. 200. Зымырандар мен оқ-дәрілерді лагерьлерде, тиеу және түсіру пункттерінде сақтау ерекшеліктері. Алаңда үш вагоннан аспайтын оқ-дәрілер орналастырылады. Қатарлар арасындағы арақашықтық 5 – 10 м, ал алаңдар арасыннда – кемінде 100 м болуға жол беріледі. Қатарлар теміржол желісінен 25 м жақын емес орналастырылады.
Алаңда (шатыр астында катлованда) оқ-дәрілер төсемелерге, биіктігі кемінде 18 см ағаш бөренелерге (бетон блоктарға) жинап қойылады, күн сәулесінің ықпал етуінен сенімді қорғалады. Алаңдар өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.
199. 201. Көлік құралдары бар қоймалар 1,5 кірпіштік өртке қарсы қабырғалармен секцияларға бөлінеді. Әр секцияда 10 – 15 көлік бірлігін орналастыруға жол беріледі. Сақтау орындарының есігі мен қақпалары тек сыртынан жабылады.
200. ЖМ мен көлік құралдарын ашық алаңдарда орналастырудың барлық жағдайларында өрт шыққан жағдайда олардың бөгетсіз (маневрсіз) шығуын қамтамасыз етеді.
201. Көлік құралы:
1) кабина сыртына орнатылған өрт сөндіргішпен;
2) қылшық жүнді матамен (киіздік жамылғымен (1 х 1 м);
3) сол жақ бортында қызыл жалаушамен;
4) жұмсақ тіркеп сүйреу немесе қатты тіркеп сүйреу арқандарымен жарақтандырылады.
202. Парктер аумағында оқ-дәрілер тиелген жауынгерлік машиналар мен көлік құралдары орналастырылған сақтау орындарынан жанар-жағармай материалдарының қоймаларына, жанармай бар цистерналар тұрақтарына, май құю колонкаларына, ашық от көздеріне және қазандықтарға дейінгі арақашықтық кемінде 300 м құрайды. Сақтау орындары арасындағы арақашықтық кемінде 50 м болуға жол беріледі. Оқ-дәрілер тиелген жауынгерлік машиналар мен көлік құралдарын сақтаудың барлық орындары өртке қарсы тұрғысынан найзағайдан қорғаныспен, ал зымырандарды, реактивті оқ-дәрілер мен гранатаатқыш оқтарын сақтау кезінде топырақ үйіндісімен жабдықталады. Оқ-дәрілер тиелген жылжымалы құралдар жерге түйістіріледі.
203. Мынадай зымырандар мен оқ-дәрілер қолданыста қауіпті деп саналады:
1) 1 м астам биіктіктен құлаған толық жарақталған оқ-дәрілер;
2) кез келген биіктіктен құлаған қалыпсыз зымырандар, ал қалыптағы 0,5 м астам биіктіктен;
3) снарядтарда, миналарда, реактивті снарядтардың бастиектерінде немесе бастиекті жарғыш корпустарында соғылған іздері бар;
4) мембранасы жыртылған немесе майысқан жарғыштары бар;
5) жарылыстың, өрттің, бомбалаудың немесе артиллериялық атқылаудың ықпал етуіне ұшыраған, сондай-ақ авиа, авто және теміржол апаттында болған толық жарақталған оқтар, миналар, снарядтар, зымырандар.
204. Зымырандар мен оқ-дәрілерді сақтау және тасымалдау кезінде:
1) автомобиль шанағында және тіркемелерінде зымырандар мен оқ-дәрілерді жанар-жағармай материалдарымен бірге тасымалдауға;
2) қозғалтқышты от алдыруды жеңілдету үшін ашық отты қолдануға:
3) көлік құралдарынан 40 м жақын жерде темекі шегуге және от жағуға;
4) бір автомобиль багынан екіншісінің багына жанармай құю арқылы май құюға;
5) автомобильдерді елді мекендерде тоқтатуға;
6) ақаулы автомобильдерді және өрт сөндіру құралдары жоқ автомобильдерді пайдалануға жол берілмейді.
205. Зымырандар мен оқ-дәрілер тиелген ЖМ-ға және көлік құралдарына жанармай және жағармай материалдарын құю (толық құю) мынадай қауіпсіздік шараларын сақтаумен жүргізіледі:
1) май құятын машина май құю құралынан (отын құйғыштан) 2 м алыс қойылады;
2) кезекті машина май құйып жатқан машинадан 10 м алыс қойылады;
3) жаппай май құю кезінде өрт сөндіру құралдарымен өрт сөндіру бекеті қойылады;
4) май құйылатын машиналардың қозғалтқышы өшірілген болуға тиіс;
5) май құйылып жатқан машинаға жанармай төгілген кезде оны май құю орнынан сүйреп шығарылады.
8-параграф. Инженерлік оқ-дәрілер қоймаларындағы өрт қауіпсіздік шаралары
206. Инженерлік оқ-дәрілер жарылу қауіптілігінің жіктемесі бойынша қауіпті жүктердің бірінші сыныбына жатады және қауіптіліктің төрт кіші тобына бөлінеді.
1-қауіптілік кіші тобы – жаппай жарылу қаупі бар оқ-дәрілер. Жаппай жарылу – барлық штабельді немесе оқ-дәрілерді сақтау орнын бір уақытта қамтитын жарылыс.
2-қауіптілік кіші тобы – жаппай жарылмайтын оқ-дәрілер. Бұл кіші топқа жаппай жарылмайтын, бірақ жарылу кезінде бытырау, жергілікті жерді миналау және айналадағы заттарды елеулі түрде зақымдау қауіптілігі бар оқ-дәрілер жатады.
3-қауіптілік кіші тобы – жаппай жарылмайтын, өрт қауіпті оқ-дәрілер. Бұл кіші топқа жану кезінде көп мөлшерде жылу бөлетін немесе бірінен соң бірі елеулі жарылумен немесе бытыраумен жанатын немес сол ғана және екеуі де болатын оқ-дәрілер жатады.
4-қауіптілік кіші тобы – елеулі қауіптілігі жоқ оқ-дәрілер. Бұл кіші топқа тек тұтанған немесе тұтына бастаған жағдайда жарылудың елеусіз қауіптілігі бар оқ-дәрілер жатады. Жарылыстың әсері тұтана бастаудың сыртқы көзі орамның ішіндегісінің тез жарылуын тудырмайтындай ораммен шектеледі
207. Оқ-дәрілерді жөндеу және жиынтықтау цехы үшін өрт шығу және жарылу тұрғысынан қауіпті жарылу қауіптілігінің санаты белгіленген. Өрт ошақтарының мүмкін болатын жарылыстармен елеулі арақашықтыққа ұшуы және таралуы тұрғысынан аса қауіпті.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімде 2017 жылғы 17 тамыздағы № 15501 тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрдің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 ""Өрт қаупсіздікке жалпы талаптар" техникалық регламентті бекіту туралы" бұйрыққа сәйкес оқ-дәрілері жоқ немесе құрамында жарылғыш заттары, дәрілері, пиротехникалық құрамдары және олардан жасалған бұйымдары жоқ оқ-дәрілері бар ғимараттар мен құрылыстар (сақтау орындары) және үй-жайлар А, Б, В 1 – В 4 өрт шығу және жарылу қауіптілігінің санаттарына бөлінеді.
Егер сақтау орнында (үй-жайда) әртүрлі санаттағы оқ-дәрілер болса, онда сақтау орнының (үй-жайдың) қауіптілік санаты ондағы оқ-дәрілердің ең жоғарғы санатымен айқындалады.
Егер үй-жайда оқ-дәрілермен қатар жанатын газдар, тез тұтанатын немесе жанатын сұйықтықтар, сондай-ақ сумен, ауа оттегімен немесе бір-бірімен өзара әрекет еткен кезде жарылуға және жануға қабілетті заттар мен материалдар бар болса, онда осы үй-жайды А немесе Б өрт шығу және жарылу қауіптілігі санаттарына сәйкес келуін тексеру қажет. Егер жарылу қаупі бар булы-газды ауа немесе шаңды ауа қоспалары тұтанған кезде 5 кПа асатын артық қысым болса, үй-жайды А немесе Б санатына жатқызу қажет.
Өрт шығу және жарылу қауіптілігі санатымен үй-жайлары бар ғимараттарды А санатына жатқызу қажет.
Егер ғимарат (сақтау орны) А немесе Б өрт шығу және жарылу қауіптілігі санатына жатпайтын болса, онда барлық ғимараттың қауіптілік санаты сонда орналасқан үй-жайлардың (оқ-дәрілердің) ең жоғарғы қауіптілік санатымен айқындалады.
Егер ғимарат қатарынан А, Б қауіптілік санаттарына да жатпайтын болса, ғимарат В өрт шығу қауіптілігі санатына жатқызылады.
Егер ғимарат А, Б, В қауіптілік санаттарына жатпайтын болса, ол Д қауіптілік санатына жатқызылады.
208. Қойманың техникалық аумағында өртке қарсы құралдар, сондай-ақ байланыс және дабылдама техникалық құралдары орналастырылады.
209. Автомобиль жолдары қатты төсеммен жабдықталады және кез келген жыл мезгілінде өрт сөндіру су тоғанына еркін өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
210. Қоймалардың техникалық аумағы онда сақталатын оқ-дәрілердің өрт шығу және жарылу қауіптілігі деңгейіне байланысты қауіптілік санаттары бойынша өндірістік аймақ және оқ-дәрілерді сақтау аймақтары (алаңдары) болып бөлінеді.
Аймақтар ішіндегі сақтау орындары құрылымдық ерекшеліктеріне, онда орналастырылатын оқ-дәрілерге байланысты штаттық емес жағдайлардың (өрт, жарылыс, миналау, от және тұтандыру көздерінің шашырауы) салдары барынша оқшауланатындай етіп топтастырылады.
Техникалық аумақтағы ғимараттар мен құрылыстар (сақтау орындары), олар әкімшілік-шаруашылық аумаққа және тұрғын үй-тұрмыстық қалашыққа жақындаған сайын бұл ғимараттардың (құрылыстардың) қауіптілік санаты төмендейтіндей болып орналастырылады. Бұл ретте қауіптілік санаты бар ғимараттар мен құрылыстарды (сақтау орындарын) тұрғын үй-тұрмыстық қалашықтан және әскери бөлімшелерді орналастыруға арналған қалашықтан кемінде 1 шақырым арақашықтықта орналастыру қажет.
Қауіптілік санаты төмен ғимараттар мен құрылыстарды қауіптілік санаты жоғары ғимараттар мен құрылыстар бар аймақтарда орналастыруға рұқсат етіледі.
211. Өрт сөндіру депосы, оқу-жаттығу мұнарасы, 100 метр кедергілер жолағы бар оқу-жаттықтыру қалашығы әкімшілік аумақта орналастырылады.
212. Жанармай, жағармай материалдары, отын және басқа да материалдық құралдар қоймалары өртке қарсы жыралар арақашықтығын сақтай отырып, әкімшілік-шаруашылық аумақта орналастырылады.
213. Техникалық аумақтың БӨП:
1) БӨП бақылаушысына өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулықпен;
2) БӨП бақылаушысына техникалық аумақта өрт болған жағдайда жеке құрамды және техниканы кіргізу тәртібі жөніндегі нұсқаулықпен;
3) өрт сөндіру есептобы үшін сақтау орындарының және ашық сақтау алаңдарының жетондарымен жабдықталады.
214. Қойма (сақтау орнының) бастығы қоймада жұмыс істейтін күндері ондағы жарық түсірудің, есіктердің, дабылдаманың, өрт сөндіру құралдарының жай-күйін және өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын, қабырғалардың, терезелердің, торлардың және шатыр жабындарының бүтіндігін тексереді. Ақаулықтарды анықтаған кезде қойма (сақтау орнының) бастығы олар туралы қолбасшылыққа баяндайды және оларды жоюға шаралар қабылдайды.
215. Техникалық аумақтың БӨП темекі шегу керек-жарағын сақтауға арналған жәшікпен, өрт жетондарымен, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі, объектілерді күзетуге қабылдау және тапсыру жөніндегі нұсқаулықтармен жабдықталады.
216. Қойманың шаруашылық қызметі қойманы өртке қарсы қорғау жоспарында көзделген дайындық іс-шараларын орындауды қамтиды.
217. Қоймаларды мынадай аумақтарда орналастыруға жол берілмейді:
1) табиғи және техногендік апаттар нәтижесінде су басып кететін;
2) қар көшкінінің, көшкіндердің, сел тасқындарының, көшпелі барқанды және бұдырлы құмдардың әсер етуіне ұшырайтын;
3) жерасты қазбалары немесе пайдалы қазбалары бар;
4) топырағы радиоактивті ластанған;
5) заңнамаға сәйкес курорттарды және сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймағының бірінші қатарына жатқызылған;
6) сыртқы көлік (теміржол тораптары, теңіз және өзен порттары, әуежайлар);
7) санитариялық-техникалық құрылыстарды және коммуналдық мақсаттағы қондырғыларды (тазарту құрылыстары, қоқыс орны) санитариялық қорғау аймақтары;
8) археологиялық және басқа да қорықтар, олардың қорғау аймақтары;
9) мәдениет ескерткіштері;
10) сейсмикалық белсенділігі 8 балдан жоғары;
11) қоқыс орнынан және мал қорымдарынан 1 км арақашықтықтан жақын орналасқан;
12) зираттардан 500 м арақашықтықтан жақын;
13) шымтезек шөгінділерімен іргелес.
Қоймаларды орналастыру аудандарын тасаларды жасау үшін жер қазатын машиналарды қолдануды ескерумен таңдаған мақсатқа сәйкес болады.
Уақытша далалық қоймаларды құрғақ, өрт шығу тұрғысынан қауіпсіз жерлерде орналастыру қажет.
218. Тұрғындарды, объектілерді, сондай-ақ қоршаған ортаны қоймада (тыйым салынған аймақта және тыйым салынған ауданда) болуы мүмкін авариялардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қойма бастығы (гарнизон бастығы) тиісті билік органдарымен және мүдделі ұйымдармен келісу бойынша өртке қарсы қорғау қызметтерін хабардар ету және тыйым салынған аудандар мен тыйым салынған аймақтарда өрттің, авариялар мен табиғи зілзалалардың салдарын жоюға қатысу және адамдар мен мүлікті эвакуациялау жоспарын әзірлейді.
Көрсетілген жоспарды тиісті бастықтар бекітеді және жылына кемінде бір рет практикада пысықталады.
219. Тыйым салынған аймақ шегінде ағаш дайындау, орманды қалпына келтіру, мелиорациялық жұмыстардан және профилактикалық өртке қарсы іс-шаралармен байланысты жұмыстардан басқа, тұрғындардың тұруына, ғимараттарды, жолдарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді салуға жол берілмейді.
220. Техникалық аумақта сыйымдылығы кемінде 50 м3 жабық өрт сөндіру су тоғандары жабдықталады. Өрт сөндіру тоғандары қорғалатын ғимарат пен құрылыстың ең жақын нүктесінен 40 м аспайтын арақашықтықта орналастырылады.
Күзету периметрінің сыртқы сымды қоршауының сыртқы жағынан барлық ені бойынша жыртылған ені 50 м өртке қарсы қорғау жолағы жасалады.
221. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес сақтау орындарының қабырғалары мен шатырларының ағаш бұтақтарымен жанасуына жол берілмейді.
222. Ашық сақтау алаңдарында оқ-дәрілер мен олардың жиынтықтаушы элементтері оларды тікелей күн сәулесінен сенімді қорғайтын брезенттермен жабылады. Ашық алаңдарды орналастыру жаппай қырып-жою қаруынан қорғау, өрт шығу және жарылу қауіпсіздігі, найзағайдан қорғау және оқ-дәрілерді қабылдау мен берудің ыңғайлы болуын қамтамасыз ету талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.
223. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс пункттері ретке келтіріледі, орамдар мен материалдар жойылады, электр энергиясы ажыратылады, өндіріс қалдықтары техникалық аумақтан шығарылады.
Жұмысшылар кеткеннен кейін жұмыстар жетекшісі жұмыс пункттерін және оларға іргелес аумақты өртке сөндіру наряды өкілінің қатысуымен қарап тексереді. Қарап тексеру нәтижелері өртке қарсы жай-күйді тексеру журналына жазылады.
224. Қоймаларды сумен қамтамасыз ету қалалық (аудандық) су құбырынан немесе жергілікті жерүсті не жерасты су көздерінен жүзеге асырылады.
Дербес шаруашылық-ауыз су және өндірістік су құбырларын орнатуға жол беріледі. Бұл ретте өртке қарсы су құбыры олардың біреумен біріктіріледі.
225. Сыртқы су құбырының желісі:
1) әрбір құрылыс екі гидрантпен қамтамасыз етілетін есеппен орнатылатын өрт сөндіру гидранттарымен;
2) жолдардан (өтпе жолдардан) 2,5 м қашық емес және ғимарат қабырғаларынан кемінде 5 м қашықтықта орнатылатын гидранттармен;
3) арасындағы арақашықтық 200 м аспайтын гидранттармен;
4) тұтынушыларға су беруді тоқтатпай, жекелеген учаскелерді жөндеу үшін ажыратуды қамтамасыз ететін айналып өтетін желілермен;
5) желінің кез келген учаскесін ажырату сақтау орындарына және әкімшілік-шаруашылық ғимараттарға (өрт сөндіру депосына, асханаға, моншаға, қазандыққа) су беруді тоқтатуға әкеп соқтырмайтын есеппен орнатылатын бекіту-реттеу аппаратурасымен жабдықталады.
226. Өртке қарсы желілер үшін ғимаратқа кіргізілетін орындар саны кемінде екеу болып белгіленеді. Өрт сөндіру шүмегі бесеуден артық емес желілер үшін бір кіргізу орнын жасауға жол беріледі. Өрт сөндіру шүмектері қабырғадағы қуыстарда немесе шағын шкафтарда орналастырылады. Әрбір өрт сөндіру шүмектері сол диаметрдегі ұзындығы 20 м өрт сөндіру түтігі көзделеді.
Бес және одан да көп өрт сөндіру шүмегі болған кезде өрт сөндіру тіреулері олардың астынан бекітпемен немесе шұрамен, сондай-ақ төгіп босатуға арналған су ағызатын шүмекпен жабдықталады.
227. Сақтау орындарын, техникалық қызмет көрсету пункттерін (жөндеу цехтарын) және температуралық режимді сақтауды талап ететін бақылау зертханаларын жылумен қамтамасыз ету жылу жеткізгішін жылыту аспаптарына беруді автоматты түрде реттей отырып, сумен жылыту жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
228. Өртке қарсы қорғаныс командасы қойманың барлық ғимараттарымен және құрылыстарымен телефон байланысымен және қойма бойынша кезекшімен тікелей байланыспен қамтамасыз етіледі.
Бірнеше абоненттік аппаратты бір жалғау желісіне параллельді түрде қосуға жол беріледі.
229.Техникалық күзет құралдарының сигналдарын қабылдау аппаратурасы қарауылдық үй-жайда, қарауыл бастығының бөлмесінде немесе ол үшін арнайы белгіленген жеке пульттық бөлмеде орнатылады.
Күзет және өрт дабылдамасы техникалық құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін автономды қоректендіру көзі орнатылады.
Өрт дабылдамасы жүйесінің барлық жалғау желілері жерасты кабелімен орындалады.
230. Оқ-дәрілерді жиынтықта сақтау сақтау бөлімдері шегінде ұйымдастырылады. Сақтау бөлімдерін мамандандыру және олардың арасында оқ-дәрілерді бөлу жалпы қойманың бірқалыпты жүктелуін қамтамасыз етуді ескерумен жүргізіледі.
Сақтау орындарын ашу және онда болу тек оған бекітілген сақтау орны (қойма) бастығының (меңгерушісінің) қатысуымен рұқсат етіледі (өрт немесе зілзала кезінде сақтау орындарын ашу жағдайларын қоспағанда).
231. Реактивті оқ-дәрілер, қозғалтқыштар, пиротехникалық сигналдар, сигналдық миналар темір-бетон жабыны бар, топырақ үйілген, найзағайдан қорғаумен және өртке қарсы құралдармен жабдықталған темір-бетон немесе кірпішден жасалған сақтау орындарында сақталады.
232. Қойма аумағына сұйық отынмен жұмыс істейтін тепловоздар мен мотовоздар өрт сөндіру күзеті өкілінің бірге жүруімен жіберіледі.
233. Оқ-дәрілерді тасымалдауға арналған автомобиль мыналардан жиынтықталады:
1) үш өрт сөндіргіш;
2) жануы қиын су өткізбейтін мата;
3) 200 мм ұзындықта жерге тиіп тұратын жерге түйістіру металл шынжыры және тұрақта статикалық және атмосфералық зарядтардан қорғауға арналған темір қада.
234. Бақылау зертханасы телефон байланысымен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.
235. Жөндеу цехында (техникалық қызмет көрсету пунктінде) жұмыс орындары мен жабдықтың орналасуы өрт болған жағдайда цехтан еркін шығуды қамтамасыз етуге тиіс.
Жөндеу цехының (техникалық қызмет көрсету пунктінің) барлық үй-жайлары өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.
236. Оқ-дәрілермен жұмыс істеуге тапсырманы айқындайтын бастық (командир) алдағы жұмыстың қауіптілігін, орындаушылардың біліктілігі мен тәжірибесін ескереді. Жауапты операцияларға анағұрлым тәжірибелі жеке құрамды бөлу қажет.
Жұмыс жетекшісі болып тәжірибесі бар және технологиялық процесті білетін инженерлік-техникалық құрам қатарындағы адамдар тағайындалады.
Жұмысты бастар алдында тағайындалған жетекші өрт сөндіру есептобын тағайындайды және өрт сөндіру құралдарының болуын тексереді.
Жұмыс жүргізу кезінде оқ-дәрілердің соғылуын немесе құлауын болдырмайтын жағдайлар жасалады. Оқ-дәрілермен жұмыс жүргізу орны өртке қарсы мүкәммалмен және дабылдамамен қамтамасыз етіледі.
237. Рольгангтерден немесе транспортерлардан тұратын тиеу-түсіру құралдарының автожол және теміржол жолдарын кесіп өтуіне жол берілмейді.
238. Тез ұшып кететін еріткіштер (бензин, уайт-спирит) қолданылатын жұмыстар жүргізілетін үй-жайлар жасанды желдеткіштермен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.
239. Пиротехникалық құрамның өздігінен тұтануынан болатын өртті болдырмау үшін үй-жайларда:
1) жұмыс уақытында бір ауысымның қажеттілігінен артық үлгілер қорын жинақтауға;
2) жұмыс аяқталғаннан кейін пиротехникалық құрамның аспаларын ашық түрде қалдыруға жол берілмейді. Аспалар ақаусыз эксикаторларға салынады.
9-параграф. Атыс қаруын және оқ-дәрілерді сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздік шаралары
240. Сақтау орындарының аумағын ұстау және өртке қарсы іс-шаралар ІҚЖ талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
ЗАҚ қоймаларының барлық аумағы ЗАҚ қызметінің жауапты лауазымды адамдарына бұйрықпен бекітілетін учаскелерге бөлінеді, оларға өрт қауіпсіздігі мен тәртіптің сақталуына жауаптылық жүктеледі. Қойма (сақтау орны) бастығына қойманың (сақтау орнының) айналасында орналасқан ені 50 м жергілікті жер жолағы бекітіледі.
Сақтау орындарынан 20 м қашықтықта мүк, ағаштардан түскен жапырақтар мен қылқандар толық жойылады, қабырғалардан 2 м қашықтықтағы шөп айнала оталады, ағаштар 2,5 м биіктікке дейін бұтақтардан тазартылады. Көктемде және жазда қойма аумағындағы шөп уақтылы (кепкенге дейін) шабылады және аумақтан шығарылады. Қойма аумағында шөп кептіруге, түскен жапырақтарды, бұтақтарды, шөпшектерді өртеуге рұқсат етілмейді. Аумақтың сыртқы периметрі бойынша ені 5 – 6 м жолақ жыртылады. Сақтау орындарына, сондай-ақ өртте сумен жабдықтау көздеріне жолдар мен кіреберістер ақаусыз жай-күйде ұсталуға, ал қыста – қардан тазартылуға тиіс.
241. ЗАҚ қоймасы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады. Қойма аумағына кіреберісте әрбір өрт сөндіру құрал-жабдығының 10 бірлігі қамтылған орталық өрт сөндіру бекеті орналастырылады.
Әрбір сақтау орнында 10 – 15 м арақашықтықта өрт сөндіру қалқаны, сыйымдылығы 0,5 м3 құм салынған жәшік, сыйымдылығы кемінде 0,2 м2 суы бар бөшкелер (бөшкелер саны объектілердің көлеміне байланысты айқындалады, бірақ екеуден кем емес) орнатылады. Температура 0° С-дан төмен болғанда бөшкелерден су төгіледі, ал бөшкелер төнкеріліп қойылады.
242. Өрт сөндіру қалқандары мынадай өрт сөндіру құралдарымен қосымша жабдықталады:
1) ұзындығы кемінде 4 м металл саты – 1 дана;
2) көлемі 1 х 1 м киіз – 1 дана.
Өртке қарсы құрал-жабдық ақаусыз жай-күйде ұсталуға тиіс.
243. Қаруды сақтауға арналған бөлме екі өрт сөндіргішпен жабдықталады.
244. Оқ-дәрілері бар көлік құралдарын орналастырған кезде сақтау орындарында мынадай қауіпсіздік шаралары белгіленеді:
1) көлік құралдарының бүйірлі борты мен сақтау орны қабырғасының арасындағы арақашықтық оқ-дәрілері бар жәшіктерді еркін алып шығуды қамтамасыз етуге және кемінде 0,8 м болуға тиіс;
2) көлік құралдарының артқы борты мен сақтау орны қабырғасының арасындағы арақашықтық артқы борттың еркін ашылуын қамтамасыз етуге және кемінде 1 м болуға тиіс;
3) маңдайшеп бойынша көлік құралдары арасындағы арақашықтық кемінде 1,5 м болып көзделеді;
4) өрт болған жағдайда кедергісіз (маневрсіз) шығуын қамтамасыз ету үшін көлік құралдары сақтау орындарында 1-2 қатарда немесе тізбектеліп орналастырылады: тартқыш және ол сүйрейтін тіркеме. Қарама-қарсы жақтарға шығу қамтамасыз етілген кезде екі қатар етіп орналастыруға жол беріледі.
245. Тіркемелерді тартқыштармен бірге орналастырған кезде олар бір-біріне тіркеледі. Оқ-дәрілер тартқышсыз тіркемелерде ұсталған кезде (немесе тіркеу мүмкіндігі болмаған кезде) тіркемелер оларды өрт болған кезде алып шығу үшін ұзын сым арқанмен немесе қатты сүйрегіштермен қамтамасыз етіледі.
246. Оқ-дәрілер тиелген әрбір көлік құралы:
1) кабинаның сыртына бекітілген өрт сөндіргішпен;
2) қылшық жүнді матамен (киіз жапқыз) (1 х 1 м);
3) сүйрейтін жұмсақ сым арқанмен немесе қатты сүйреткішпен;
4) бәсеңдеткіштегі ұшқын өшіргішпен;
5) жарылу қауіпі бар жүк белгісімен жабдықталады.
247. Оқ-дәрілер тиелген көлік құралдары бар сақтау орындары қалыңдығы 1,5 кірпіш өртке қарсы қабырғалар арқылы секцияларға бөлінеді. Әрбір секцияда 10 көлік бірлігінен артық орналастыруға жол берілмейді.
248. Қойма (сақтау орны) бастығы қоймадағы жұмыс күндері қойманы (сақтау орнын) сыртқы қарап тексеруді жүргізеді. Қарап тексеру кезінде ол жарық түсірудің, құлыптардың, есіктердің, өрт сөндіру құралдарының жай-күйін және өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын, ішкі кіруге әрекеттену мүмкіндігін болдырмайтын қабырғалардың, терезелердің, торлардың, шатырдың бүтіндігін тексереді. Ашқан кезде ТКҚ мен төбе жабынының жай-күйі қосымша тексеріледі. Бұзушылықтар анықталған кезде қойма (сақтау орны) бастығы олар туралы қарауыл бастығына, ЗАҚ қызметінің (бөлімінің) бастығына баяндайды. ЗАҚ қызметі (сақтау бөлімі) бастығының рұқсатымен бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайды. Қарау нәтижелері қойманы (сақтау орнын) күнделікті қарап тексеру кітабында көрсетіледі.
249. ЗАҚ қоймаларының аумағына темекі шегетін және тұтандыратын керек-жарақтармен кіруге жол берілмейді. Темекі шегу үшін ЗАҚ қоймасының аумағынан тыс арнайы орын бөлінеді, онда темекі тұқылы мен пайдаланылған сіріңке үшін суы бар ыдыс орнатылған темекі шегуге арналған орын жабдықталады.
10-параграф. Жанармай және жағармай материалдарының қоймаларындағы өрт қауіпсіздігі шаралары
250. Резервуарларда өрт немесе апат болған жағдайларда жерүсті және жартылай тереңдетілген топтағы резервуарлар, сондай-ақ жекелеген резервуарлар, жанармайдың қойма аумағы бойынша ағып кетуін болдырмау үшін топырақ үйінділерімен қоршалады. Үйнділердің сыйымдылығы барлық топ резервуарлары жерүсті бөлігі сыйымдылығының жартысынан аз болмауға, ал төгілген жанармайдың бетіндегі айнасы – үйіндінің жоғарғы шетінен 0,2 м төмен болуға тиіс. Жерүсті резервуарының қабырғасынан үйіндінің түбіне дейінгі арақашықтық кемінде 2 м болуға тиіс.
251. Жанармайға арналған құбырларды газ құбырларымен, өрт сөндіру құбырымен, жылу құбырымен, сондай-ақ жоғары және төмен кернеу кабельдерімен қосы бір ортақ траншеяларда тартуға жол берілмейді.
Айдау кезінде жылытуды талап ететін мұнай өнімдеріне арналған құбырларды өтпейтін өртенбейтін арналарда бу құбырларымен және конденсат құбырларымен бірлесіп тартуға болады.
Құбырларды жерге көмудің минималды тереңдігі арналарда өткізу кезінде құбыр үстіне дейін кемінде 0,8 м және қорап үстінен 0,6 м болуға жол беріледі.
252. Ыдыстағы жанармай мен арнайы сұйықтықтарды сақтауға арналған әрбір қойма:
1) әскери бөлімнің командирі бекіткен ыдыстағы жанармайды және техникалық құралдарды сақтау қағидалары, сақтау режимі және өрт болған жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі көрсетілген өрт қауіпсіздігі жөнінде жеке құрамға нұсқаулықпен;
2) сүртетін материалдар үшін металл жәшіктермен;
3) өрт сөндіру құрал-жабдығымен жабдықталады.
253. Қойманың аумағына кірерде автомобильде өрт сөндіру құралдары мен жерге түйістіру құрылғыларының бар болуы тексеріледі.
254. Қойманы көктемгі-жазғы жағдайларда жұмысқа дайындау кезінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) өрт сөндіру құрал-жабдығының, жабдықтың және өрт сөндіргіштер зарядтарының жай-күйін тексеру және техникалық қызмет көрсету;
2) найзағайдан қорғау құрылғыларын және статикалық электрді жоюға арналған жерге түйістіруді тексеру;
3) қоймалар ішіндегі және кіреберіс жолдарды ретке келтіру;
4) қойма аумағын қоқыстан (кепкен шөптен, жапырақтардан) тазалау.
255. Қойманы күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа дайындау кезінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) жолдарды қардан тазалау үшін қажетті құрал-жабдықты дайындау;
2) су құбырларын, өрт сөндіру су тоғандарын, гидранттарды, өрт сөндіру шүмектерін, су құбырларының колонкалары мен құдықтарын тексеру және жылылау;
3) өрт сөндіру құрал-жабдығы мен жабдықты тексеру және қысқы жағдайларға дайындау, өрт сөндіргіштердің зарядкасын және оларды жылылауды тексеру, құмды құрғақ күйінде сақтау жағдайларын жасау;
4) қойма аумағын қоқыстан тазалау.
256. Қойма орманда орналастырылатын кезде өрт болған кезде қойманы қауіпсіз жерге тез көшіруді қамтамасыз ету мақсатында ол үшін учаске орман шетіне жақын жерде таңдалады.
257. Қазан шұңқырларында резервуарлар топтастырылып орнатылады.
Резервуарлар бір орында ұзақ уақыт сақталмайтын жағдайларда, оларды ашық қазан шұңқырларында немесе өртке қарсы топырақ үйінділерімен жабдықталған табиғи тасаларда орналастырады.
258. Стационарлық май құю пункттері:
1) жанармай мен майларды сақтауға арналған резервуарларды;
2) майлар мен жақпаларды сақтауға арналған ыдыстарды;
3) жанармай беруге арналған май құю колонкаларын;
4) майларды беруге арналған май құю колонкаларын;
5) май құю құрал-жабдығы, салмақ өлшейтін аспаптар (таразы, метршток, мұнайденсиметр) мен оларды сақтауға арналған жәшіктер мен шкафтарды;
6) өрт сөндіру құралдарын қамтиды.
259. Жауынгерлік іс-қимылдар жағдайларында әскери далалық жанармай қоймасын күзету мен қорғауды бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары иелігінде бар күштермен және құралдармен ұйымдастырады және өртке қарсы қорғанысты қамтиды.
260. Өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын сақтау, сондай-ақ өрт дабылы сигналдары бойынша іс-қимылдар қойма аумағындағы барлық адамдар үшін міндетті.
261. Қойманың өртке қарсы қорғалуы бойынша іс-шаралар бөлім командирі бекіткен жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі.
262. Жұмыс орындары өрт сөндіру құралдармен (өрт сөндіргіштермен, құмы бар жәшіктермен, суы бар бөшкелермен, шелектермен, күректермен) қамтамасыз етіледі. Жұмыс орындарында өртке қарсы қорғаныс нұсқаулықтары ілінеді.
Өрт сөндіру құралдары резервуарларға, сақтау орындарына және май құю пункттеріне жақын орналастырылады. Осы құралдармен бірге басқа мүлікті сақтауға жол берілмейді.
263. Жұмыстар аяқталған соң қойма жабылар алдында аумақ пен сақтау орнын өрт сөндіру наряды тексереді.
Егер қойма белгіленбеген уақытта күзетке өткізілсе, лауазымды адамдар жабылуға дейін 45 минуттан кешіктірмей ол туралы өрт сөндіру нарядының бастығын хабардар ету қажет.
264. Қоймада жөндеу, монтаждау жүргізу кезінде отпен жұмыстарды сорғы станцияларынан, резервуар парктерінен және мұнай өнімдері бар жеке тұрған резервуарлардан кемінде 20 м қашықтықта жүргізуге рұқсат беріледі. Егер резервуар паркінде резервуарларды мұнай өнімдерімен толтыру (босату) жүргізіліп жатса, отпен жұмыстар сол резервуарлардан кемінде 40 м арақашықтықта жүргізілуге тиіс (электрмен дәнекерлеу агрегаттары сыртқы жағынан, топырақ үйінділері мұнай өнімдері бар резервуарлардан кемінде 20 м қашықтықта орнатылады).
265. Отпен жұмыстар жүргізу кезінде мынадай қауіпсіздік шаралары сақталады:
1) жұмыс учаскесінде барлық жұмыс жүргізілетін уақытта қажетті өрт сөндіру құралдарымен өрт сөндіру бекеті қойылады;
2) қасында тұрған резервуарлардың мойындары, құбыр жолдарының бекітпелері асбест жапқыштармен жабылады, оларды ыстық күндері сумен дымқылдатады;
3) ашық от қолданумен жүргізілетін жұмыстар орнында ұшқындардың ұшуын болдырмау үшін өлшемі 1,5 х 2 м киізді немесе асбест қалқандар орнатылады.
Өртке қауіпті жұмыстарды жүргізу әскери бөлім командирінің бұйрығымен бекітіледі, онда жұмыстың басталу мен аяқталу уақыты, өрт шығу және жарылу қауіпі бар үй-жайларда жұмыс істеу талаптары көрсетіледі.
266. Жанармайды тасымалдауға арналған жүк автомобильдерінің бәсеңдеткіштері алдыға қарай шығарылады және әрбір автомобиль өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш, қылшық жүнді мата немесе киіз жапқыш, құмы бар жәшік, күрек) қамтамасыз етіледі.
Жанармай алу кезінде автомобильдің қозғалтқышы кіші айналымда жұмыс істеуге тиіс. Көрсетілген талап дизельді автомобильдерге қолданылмайды, олардың қозғалтқыштары жанармай қабылдау кезінде тоқтатылады және жанармай құю тоқтатылғаннан кейін іске қосылады, бұл ретте цистерна мойындығының қақпақтары, бөшкелердің тығындары жабық болуға тиіс.
267. Жанармай беру учаскесінде автомобиль бактарына жанармай құю, автомобильдердің бәсеңдеткіштерін құйылатын жаққа қаратып қоюға рұқсат берілмейді.
268. Май құю пунктінде машиналарға жанармай құю мынадай ережелерді сақтаумен жүргізіледі:
1) шанақта жеке құрам бар машиналар май құюға жіберілмейді;
2) машина май құю колонкасынан кемінде 2 м қашықтықта орналастырылады;
3) келесі машина май құйылып жатқан машинадан кемінде 5 м қашықтықта болуға тиіс, ал қалған машиналар 1 – 2 м аралықпен орнатылады;
4) машиналарға жаппай май құю кезінде өрт сөндіру құралдарымен өрт сөндіру бекеті қойылады;
5) май құйылып жатқан машиналардың қозғалтқыштары тоқтатылуға тиіс;
6) май құйылып жатқан машинаға жанармай төгілген кезде машинаның үстінен төгілген жанармай толық жойылғанға дейін қозғалтқышты қосуға рұқсат берілмейді, қажет болған жағдайларда жанармай төгілген машина май құю пунктінен сүйретіліп шығарылады;
7) қозғалтқыштың тұтандырғышын жөндеуге және реттеуге, сигналды тексеруге жол берілмейді;
8) май құю орнында сыртқы жарық түсіру болмаған кезде автомобиль фараларымен немесе аккумуляторлық шамдармен, сондай-ақ май құю колонкасынан кемінде 10 м қашықтықта орнатылған жылжымалы электр станцияларынан жарық беріледі.
269. Жанармай құю кезінде жалғанған жерлердің тығыздығына, таратқыш шүмекте ағып кетудің болмауына және май құю құралдарының мұқият жерге түйістірілуіне назар аудару қажет.
270. Өрт сөндіргіш сақталатын жерде: "Өрт сөндіргіш" деген жазу ілінеді. Қыс мезгілінде өрт сөндіргіштер жылытылған шкафтарға қойылады.
Өрт сөндіру құрал-жабдығы қызыл түспен сырланған арнайы қалқандарда ілінеді. Қалқанның қасында құмы бар жәшік орнатылады. Құм әрдайым құрғақ және сусымалы болуға тиіс.
Жылытылмайтын үй-жайларда орнатылған суы бар бөшкелерге қыста су қату температурасын төмендету үшін хлорлы натрий (ас тұзы) немесе тау калийі қосылады.
271. Ұшу аппараттарына топтық отын құйғыш қолданылған кезде авиациялық техникаға отын кұю үшін құю алдында орталықтандырылған отын құю бастығы мен зертхана бастығы (зертханашы) өрт сөндіру құралдарының және жерге түйістірудің бар болуын және олардың ақаусыздығын тексереді.
272. УТС-ны сақтау орындарында мыналар болуға тиіс:
1) құрғақ сусымалы құмы (құрғақ ағаш үгіндісі) бар жәшік;
2) қалақша күрек;
3) суы бар (жазда) бөшке мен шелектер;
4) жеке қорғану құралдары;
5) өрт сөндіру құралдары.
Сақтау орындарының есіктеріне, қақпаларына (сұйықтықтар алаңдарда сақталған кезде) қауіптілік белгілері салынады.
11-параграф. Өндірістік үй-жайлардағы өрт қауіпсіздігі шаралары
273. Тез тұтанатын сұйықтықтарды (керосин, бензин, ацетон, нитролак және басқалар) қолданумен жұмыс және аккумуляторлық батареяларды зарядтау жүргізілетін үй-жайлар арнайы желдеткішпен жабдықталады. Электр қозғалтқыштары, шырақтар, электр тарату құрылғылары жарылыстан қорғалып орнатылады. Газбен дәнекерлеу аппараттарының зарядтау агрегаттары мен генераторлары жеке үй-жайларда орнатылады. Осы үй-жайларда пештерді орнатуға жол берілмейді.
274. Тез тұтанатын сұйықтықтар жақсы тығындалған металл ыдыстарда бір күндік қажеттіліктен артық емес мөлшерде болады және жұмыс аяқталған кейін арнайы жабдықталған қойма үй-жайына шығарылады.
Сыйымдылығы 1 м³ көп сұйық отынмен жұмыс істейтін өндірістік пештер мен агрегаттардың шығын бактары оқшауланған үй-жайларда, ал сыйымдылығы 1 м³ дейінгілер – жанбайтын қабырғаларда агрегаттардан кемінде 5 м қашықтықта орнатылады.
275. Сүртетін материалдарды, май болған шүберектер мен ескі заттарды салу үшін барлық өндірістік үй-жайларда қақпақтары бар металл жәшіктер орнатылады, олар жұмыс аяқталғаннан кейін міндетті түрде босатылады.
Май болған арнайы киім өндірістік үй-жайлардан (цехтардан) тыс ілінген күйінде арнайы шкафтарда сақталады. Арнайы киімнің қалталарында май болған сүртетін материалдарды қалдыруға жол берілмейді.
276. Жұмыс аяқталғаннан кейін күні бойы жиналған өндірістік қалдықтар мен қоқыс шеберханалардың үй-жайларынан шығарылуға тиіс.
277. Өрт қауіпсіздігі мақсатында газбен қамтамасыз етуді жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге арнайы дайындығы және осы жұмыстарды орындауға рұқсаты жоқ адамдарға рұқсат етілмейді.
12-параграф. Әуеайлақтардағы (тікұшақ айлақтарындағы) өрт қауіпсіздігі шаралары
278. Әрбір әуеайлақ үшін әуеайлақтың ұшу алаңы бойынша әуеайлақта орналасқан бөлімшелер жеке құрамының және автокөліктің қозғалыс маршруттарының схемасы әзірленеді.
Схемада өрт сөндіру бекетінің орны көрсетіледі.
279. Арнайы автомобильдердің мынадай жағдайларда парктен шығуына жол берілмейді:
1) сұйықтықтың ағуы немесе газдың шығуы болған;
2) жерге түйістіру құрылғысы болмаған немесе ақаулы болған;
3) арнайы шанақтарда, резервуарларда, ыдыстарда, баллондарда жазбалар болмаған немесе дұрыс жазылмаған;
4) өрт сөндіру құралдары болмаған немесе ақаулы болған.
280. Ұшу алаңы аймағында әуе кемелеріне қызмет көрсетуге бөлінетін автокөлік үшін алаңдар жабдықталады. Осы алаңдарда өрт сөндіру құралдары болуға тиіс. Авиациялық техниканың орналасуына байланысты бір әуеайлақта бірнеше алаң жабдықталады. Алаңдар ғимараттар мен құрылыстардан, олардың өрт қауіпсіздігі дәрежесіне байланысты, кемінде 15 метр қашықтықта орналастырылады. Әуеайлақтарды ұшуға дайындаумен бір уақытта алаңдар қардан және бөгде заттармен ластанудан мұқият тазаланады және жиналады.
281. Өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру (әуеайлақтық) автомобилі командалық-диспетчерлік пункт жанында, ұшулар аға инженерінің иелік етуіне бөлінетін техникалық көмек көрсету құралдары (автокрандар, тартқыштар) осы мақсаттар үшін бөлінген алаңдарда инженерлік-авиациялық қызметтің басқару пункті жанында орналастырылады.
282. Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін бөлінген автокөлік өрт сөндіргіштермен және шанақтың алдыңда сол жағынан бекітілетін қызыл жалаушамен жабдықталады.
283. Тасымалдауға болатын (мобильді) оттегі азот өндіру станцияларын пайдалану кезінде мыналардың ақаусыздығы мен жұмыс қабілетін қадағалау қажет:
1) қуат және компрессорлық агрегаттарды олардың авариялық жай-күйінен сақтандыру үшін арналған автоматты қорғау бұғаттаудың;
2) қызмет көрсететін персоналдың қауіпсіздігін электр тогымен зақымдаудан қамтамасыз ету үшін арналған автоматты қоректендіру қорғанысын ажыратудың;
3) қуат және технологиялық жабдыққа қызмет көрсететін станцияның персоналы арасындағы байланысты жүзеге асыру үшін арналған жарық-сигнал құрылғыларының (жарық дабылдамасының);
4) жабдықты жоғары қысым кезіндегі жұмыстан қорғау үшін арналған сақтандырғыш құрылғыларының;
5) өрт сөндіру құралдарының;
6) авариялық жарық берудің және дабылдаманың;
7) турбодетандердің.
284. Газдардың стационарлық газдандыру қондырғылары:
1) жабық, өрт сөндіру қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін желдететін үй-жайларда – стационарлық газдандыруға қондырғылары;
2) автомобиль шанақтарында – сұйылтылған газдардың жылжымалы газдандырғыштар орналастырылады. Қондырғылардан газды шығару қауіпсіз жерде көзделеді.
285. Оттегі мен жаңғыш газдары бар баллондарды сақтауға арналған қоймалар өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі және бір-бірінен және өндірістік ғимараттардан кемінде 20 м, тұрғын үйлерден кемінде 150 м және қоғамдық үй-жайлардан кемінде 200 м қашықтықта орналасады.
Қоймаларда белгіленген жерлерде қауіпсіздік техникасы және қоймада орналастырылған баллондарды қолдау жөніндегі нұсқаулықтар, қағидалар және плакаттар ілінеді.
Жанғыш материалдарды сақтауға және баллондар бар қоймадан 25 м жақын ашық отты пайдаланумен байланысты жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
286. Әуе кемелерінің кабиналарын және жеке құрам орналасқан жерлерді жылыту үшін жылытқыштарды пайдалану кезінде мыналарды қадағалау талап етіледі:
1) өрт сөндіру құралдарының және жерге түйістіру құрылғыларының болуын және ақаусыздығын;
2) жылытқыш құрылығылар үшін қолданылатын отынның сапасы мен сұрыпын;
3) сақтандырғыш құрылғылардың, қорғаныс және дабылдама құралдарының ақаусыздығы мен жұмыс қабілетін.
287. Әуеге ұшыру қондырғыларын пайдалану кезінде:
1) тахо-сигналдық және қорғаныс аппаратурасының;
2) авариялық жұмыс режимдері сигналдарының;
3) аккумулятор батареяларының;
4) өрт сөндіру жүйелерінің ақаусыздығы мен жұмыс қабілетін қадағалау талап етіледі.
288. Стационарлық зарядтау-аккумулятор станциялары мынадай талаптарға жауап беретін үй-жайларда орналастырылады:
1) аккумулятор батареяларын қабылдау және қарап тексеру, агрегаттық, аккумулятор батареяларын зарядтау мен разрядтау, аккумулятор батареяларын және қосалқы батареялар мен элементтерді сақтау, электролитті дайындау, құрамдас компоненттері мен арнайы сұйықтарды сақтау, тазарту қондырғысы бар болған кезде тазартуды дайындау жеке бөлмелері болады;
2) жарық түсірілген, таза, құрғақ және жақсы желдетілетін (зарядтау бөлмесінде міндеті түрде жасанды ағынды-сорғы желдетуді қолдану);
3) едендерге резеңке кілемшелер төселген;
4) электр арматура жарылуы қауіпсіз, ал сымдар – жасырын;
5) терезелердегі әйнектер күңгірт немесе ақ бояумен сырланған;
6) орталық жылытуы (немесе іштен жағылатын пеш) болады;
7) жабдықталған өртке сөндіру бекеттері болады. Үй-жайдағы ауаның температурасы + 120о С – 250 о С шегінде сақталады.
289. Оттегіні жанғыш және майлау материалдарымен бір үй-жайда сақтауға жол берілмейді.
Өрт шыққан жағдайда оны сөндіру көмір қышқылды өрт сөндіргіштермен немесе құммен жүргізу.
290. Электр-газ техникасының қуат қондырғыларын іске қосу алдында автомобильдердегі бар өрт сөндіру құралдарының ақаусыздығын тексеру және өртке қарсы тұрғыдан іске қосу орнында алаң дайындау қажет. Отынды құйған кезде отынның, майдың және жұмыс сұйықтығының төгілуіне және осы сұйықтықтардың электр жүйелерінің сымдарына және агрегаттарға төгілуіне жол берілмесін (төгілген кезде оларды ескі шүберекпен сүрту қажет). Жанғыш сұйықтықтар сіңген ескі шүберектерді электр-газ техникасында сақтауға жол берілмейді.
Электр-газ техникасында өрт сөндіру үшін суды пайдалануға жол берілмейді.
291. Өрттің шығуына, жеке құрамның қаза табуына немесе өзге де ауыр салдарға әкеп соқтырған электр-газ техникасының жұмысындағы ақаулықтарды талдауды авиациялық бөлімнің командирі өзі жүргізеді. Мұндай ақаулықтардың туындауы туралы команда бойынша дереу баяндалады.
13-параграф. Корабльдердегі өрт сөндіру қауіпсіздігі шаралары
292. Корабльдерде өртті алдын алу мақсатында:
1) электр тізбектеріне көзделмеген сақтандырғыштарды орнатуға;
2) қызметтік және тұрғын үй-жайлардан (каюталардан) шыққан кезде электр энергия тұтынушыларын іске қосылған күйде қалдыруға;
3) құрғақ немесе тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар немесе басқа да заттар сіңген сүртетін материалды (кендірді, ескі шүберекті) сақтауға;
4) жанар, жағармай материалдарын, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды ашық күйде, сондай-ақ жаңадан сырланған кенепті жиналған күйде және нашар желдетілетін үй-жайларда сақтауға;
5) лак және бояу жағу материалдарын катерлерде сақтауға;
6) оқшауланған газтұмшаларды оттегі баллондарынан, жауынгерлік зарядтау бөлімшелерінен және торпедалар резервуарларынан, кабель желілерден, отын құбыр желілері мен ыдыстардан, жоғары жылу бөлетін (+ 50° С жоғары) және тез тұтанатын және жанғыш сұйықтардың, сондай-ақ су мен будың ағуы немесе жиналуы мүмкін болатын жерлерде 1 метрге жақын орналастыруға;
7) штепсельдік айырғыштарды, қосқыш және таратқыш қораптарды, қалпақсыз шамдарды және қорғаныш торларды ашық қалдыруға тыйым салынады.
Жоғары температуралы үй-жайларда тез тұтанатын және жанғыш материалдар, мықты ағаш діңгектер тек авариялық қажеттілік жағдайында ғана болуға тиіс.
293. Корабльде жүргізілетін дәнекерлеу жұмыстарына және ашық отпен жұмыстарға (жұмыс жүргізіліп жатқан және аралас үй-жайларда) өрт сөндіру бекеті қойылады. Жұмыс орны асбест тақтайшалармен немесе өзге де жанбайтын заттармен қоршалуға тиіс, оның қасына бекетші (вахталық) қойылады, өрт сөндіру құралдары іс-қимылға дайындалады, ал жұмыс жүргізілетін үй-жайлар желдетіледі.
Дәнекерлеу жұмыстары мен ашық отпен жұмыстар аяқталғаннан кейін жұмыстар жүргізілген үй-жайларды (орындарды), сондай-ақ олармен аралас үй-жайларды жинау және қарап тексеру жүргізіледі. Жұмыстар аяқталғаннан кейін 3 – 5 сағат ішінде орындарға жүйелі түрде тексеру жүзеге асырылады.
294. Порттарда және кемежайларда зәкірде (бөшкеде, швартоваларда) тұрған кезде қоқыс арнайы баржаларға немесе қабырғаларға шығарылады және белгіленген жерлерге жиналады, бұл ретте өрт сөндіру қауіпсіздігінің шараларын сақтау қажет.
295. Ашық теңізде қоқыс арнайы пештерде (оттықтарда) жағылады немесе қақпағы бар контейнерлерге жиналады.
296. Корабльдерде от жағумен жарылыстарды және өрттерді елестетуге жол берілмейді.
Корабльдердің нақты өрт сөндіру жөніндегі экипаждары полигондарда және оқу-жаттықтыру кешендерінде пысықтайды.
297. Жағалық базаның пирстерін, айлақ қабырғалары мен айдыны тиісті түрде және өрт сөндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жай-күйде ұсталуға тиіс, ол үшін мыналар қажет:
1) оларды қоқыстан (әсіресе тұтанатын), ал айдынды одан басқа мұнай өнімдерінен жүйелі түрде тазарту;
2) қоқысты тек, ол үшін арнайы бөлінген баржаларға немесе айлақ қабырғаларынан және пирстерден оқшаулау жерлердегі аумаққа орнатылған жәшіктерге салу;
3) пирстерге және жағалық базаның жағалық объектілеріне кіреберіс жолдар ашық, ал өрт сөндіру құралдары – ақаусыз жай-күйде ұстау;
4) темекі шегу үшін темекі қалдықтарына арналған урналармен жабдықталған арнайы орындар бөлу.
Айлақтың қабырғалары мен пирстерді жүктермен үюге, өрт сөндіру қауіпсіздігінің қажетті шараларын сақтамай оларда от жағуға тыйым салынады.
298. Кіреберіс жолдарды, өрт сөндіру құралдарын ақаусыз жай-күйде ұстау және темекі шегуге арналған орындарды жабдықтау жағалық база командиріне және құрама командирінің тыл жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
299. Корабльдерде ақаусыз өрт сөндіру құралдарының және авариялық-құтқару мүлкінің толық жиынтығы, сондай-ақ жеке және ұжымдық құтқару құралдарының қажетті айқындалады.
Авариялық-құтқару мүлкі мен өрт сөндіру құралдары тек тікелей арналуы бойынша пайдаланылады.
300. Корабльде әртүрлі жұмыс тектері үшін ашық отты тек электр-механикалық жауынгерлік бөлім командирінің рұқсатымен пайдалануға болады.
Ашық оттың жанына өрт сөндіру құралдарымен бекетші (вахташы) қойылады.
301. Ашық отты:
1) зымырандар, торпедалар мен оқ-дәрілер бар жертөлелер мен үй-жайларда;
2) бөліктерде, цистернеларда, шахталар мен контейнерлерде;
3) ұшу аппараттарының ангарларында;
4) аккумулятор батареялары үй-жайларында;
5) барлық отын түрлерін сақтау орындарында;
6) сырлау қоймалары мен шкиперлік қорлар қоймаларында;
7) кендір заттар мен азық-түліктерді сақтау орындарында;
8) желдетілуі күрделі үй-жайларда, сондай-ақ жаңадан сырланған үй-жайларда;
9) кемелік шахталар, арнайы желдету және желдету жабулар маңында жарық беру құралы ретінде пайдалануға тыйым салынады.
302. Температура + 30° С жоғары көтерілген жағдайда жертөлелердегі ауаны салқындату және оның көтерілу себептерін анықтау үшін барлық шаралар қабылдануға тиіс.
303. Зымырандар мен оқ-дәрілер бар жертөлелерде:
1) өзімен бірге атыс қаруы, патрондар, жарылғыш заттар, сіріңке мен жалындау аспабы бар адамдардың болуына;
2) тиесілі емес электр сымын орнатуға;
3) тасымалданатын электр шамдарын, электр аспабын, электр желдеткіштер мен электр жылытқыштарын пайдалануға тыйым салынады.
Зымырандарды, торпедалар мен оқ-дәрілерді (қоймадан, пирстен, арнайы баржалардан, қабырғалардан) тиеу және түсіру кезінде корабль дереу жүруге дайындалады; рульде, сүмбіде, баспалдақта, негізгі машиналардың жанында, суға бату (су бүрку) клапандарының және швартовтардың жанында (кемеде де, қабырғада да) вахта атқарылады; авариялық партиялар (топтар) жауынгерлік әзірлікке, қалған бөлімшелер – корабльдің командирі көрсеткен әзірлікке келтірілелді.
Егер тиеу (түсіру) көлік құралдарынан жүргізілсе, авария қатері жағдайында оларды корабль бортынан дереу әкету (кету) қамтамасыз етіледі.
304. Зымырандарды, торпедалар мен оқ-дәрілерді өртке және жарылуға қатысты анағұрлым қауіпті жерлерде тиеу (түсіру) кезінде зымыранды, торпеда мен оқ-дәрілерді пайдалану қағидаларын жақсы білетін және өртпен күресу және жарылыстарды болдырмау шараларына арнайы үйретілген старшиналар немесе матростар – бекетшілер (вахташылар) болады.
305. Зымырандарды, торпедалар мен оқ-дәрілерді тиеу және түсіру кезінде олардың құлауын және металл заттарға соғылуын болдырмайтын шаралар қабылданады.
306. Жарылу қатері туындайтын ұшыру қондырғыларында, контейнерлерде немесе шахталарда зымырандармен авариялық жағдай туындаған кезде басқа корабльдер мен объектілер үшін қауіпсіз бағытта зымыранды авариялық жіберу (тастау) жүргізіледі.
307. Корабльді зымыран, торпеда докына қою кезінде оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар, әрбір кезде құрама командирінің арнайы нұсқауымен айқындалатынын қоспағанда, жағалық қоймаларға тапсырылады.
308. Жауынгерлік әзірлемелерді алған кезде қарудан оғы алынады және оқ-дәрілері алынады. Қандай жай-күйде олар болмасын жоғары палубада орналасқан миналарға бекетші (вахташы) қойылады.
309. Жертөлелерде жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтары бар цистерналарды, әсіресе оларда температура көтерілген кезде желдету қажет. Барлық ойықтар (қылталар) мен құбырлар жабылады және олардан тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар ақпауға тиіс. Отын цистерналарын ашу және құбырларды бөлшектеу кезінде жақын жерде ашық от жағуға тыйым салынады.
Жертөледе тез тұтанатын және жанғыш сұйықтардың температурасы ауыр (қара) сұрыптар үшін + 50° С және жеңіл (ашық түсті) сұрыптар үшін + 25° С артық емес болуға тиіс.
310. Корабльдерде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар арнайы жабдықталған цистерналарда немесе жоғары палубада корабль жөніндегі бұйрықпен белгіленген, қандай да бір оттың көзінен алыс және жақсы желдетілетін жерде штаттық ыдыста сақталады.
Төгілген тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар кендірмен немесе ескі шүберекпен дереу сүртіледі, ал үй-жайлар – желдетіледі. Палубаларды, қабырғаларды және жиһазды тез тұтанатын және жанғыш сұйықтармен және басқа да отқа қауіпті материалдармен сүрту үшін пайдалануға жол берілмейді.
311. Трюмдерде су мен жанғыш материалдарының жиналуына жол берілмейді. Трюмге аққан тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар дереу жойылады.
14-параграф. Полигондардағы өрт сөндіру қауіпсіздігі шаралары
312. Жеке құрам орналасқан жерлерде, казармаларда, полигон ғимараттарында және өндірістік үй-жайларда өртке қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысы 18-қосымшасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
313. Полигон аумағында өрттерді болдырмау үшін:
1) 90° секторда және 30 м жақын қол немесе станокты танкіге қарсы гранатаатқыштың және отшашардың артына оқ-дәрілерді, жарылғыш және жанғыш заттарды орналастыруға;
2) ыстық және құрғақ ауа райында жарқырағыш оқтармен және снарядтардан атуға;
3) атушының артына 3 метрге жақын және бүйірден 1 метрге жақын кедергілер болған кезде ашық оқ ату бекінісінде реактивтік жаяу әскер отшашардан оқ атуға;
4) атушының артына 6 метрге жақын және бүйірден 1 метрге жақын кедергілер болған кезде көлемі кемінде 45 м³ жабық үй-жайлардан реактивтік жаяу әскер отшашардан оқ атуға;
5) оқ-дәрілер бар қуыстарда, орларда және жақын жерқоймаларда, жарылғыш және тез тұтанатын заттар мен материалдардың маңында, оқ-дәрілерді, жарылғаш заттарды, ЖЖМ және жанғыш материалдарды тасымалдайтын автомобильдерде темекі шегуге;
6) жарылғыш заттар мен ЖЖМ қоймаларының маңында танкілерді, ЖМ, броньды транспортерлерді, тракторларды және автомашиналарды орналастыруға;
7) қандай да болсын жару жұмыстарын, сондай-ақ өсімдігі солып қалған жерлерде бейтараптандыру және уытты түтін құтыларын жағуға және тез тұтанатын заттар мен материалдардың маңында бос артиллериялық оқпен атуға;
8) оқ ату бекіністерінде қалған дәріні жағуға жол берілмейді.
314. Нысана алаңдарының айналасында дала, орман алқабы және ағаш отырғызулары жүргізіледі.
315. Полигон жабдығы элементтерінің жергілікті жері (нысана қондырғылары, тарату құдықтары, электр жетектері, теміржол жолдары, нысана қалқаңдары) және кабель желілері төселген маршруттар кеуіп қалған шөптерден тазартылады.
316. Полигондардың жеке құрамына электр қондырғыларын пайдалану кезінде ӨҚЕ талаптарын білу қажет.
Жұмыстарға тікелей басшылық жасайтын және жұмыс кернеуі 1 000 В дейін электр қондырғыларына қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындайтын полигонның лауазымды адамдарында электр қондырғыларымен жұмыс істеуге рұқсатнама болуға тиіс. Оларға мынадай: полигон бастығының көмекшісі – электр-арнайы жабдық жөніндегі инженері, взводтың полигонды қамтамасыз ету командирі, бастықтар мен аға электриктер – полигонның оқу-жаттығу объектілерінің операторлары лауазымды адамдары жатады.
317. Әскери бөлім командирінің бұйрығымен барлық полигонның электр шаруашылығын пайдалануды ұйымдастыру үшін жауапты лауазымды адам тағайындалады.
318. Электр қондырғылармен жұмыс істеуге рұқсатнаманы талап ететін лауазымдарды атқаратын полигонның жеке құрамы жыл сайын нұсқау беруден (нұсқау беру журналында тіркеумен) және рұқсатнама алу үшін электр қондырғыларын пайдалану кезінде ӨҚЕ талаптарын білу мәніне тестілеуден өтеді.
319. Электр қондырғыларына монтаждау, реттеу, жөндеу жұмыстарын және сынаулар жүргізу кезінде ЭОЕ басшылыққа алу қажет.
320. Жеке құрам үшін қауіп төнетін немесе авария, өрт немесе жарылыс қатері төнетін ӨҚЕ талаптарын бұзуды немесе ондағы ақаулықты анықтай отырып, электр қондырғыларын пайдаланатын жеке құрам белгіленген кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды және полигон бастығына ақаулықтар мен қабылданған шаралар туралы баяндайды.
321. Өрт туындаған кезде және қоршау бекеттерінен оқ атуды жалғастыру қаупі туралы сигнал алған кезде оқ атуды тоқтатуға жалпы сигнал беріледі.
Оқ ату қауіптілікті жойғаннан және полигон (оқу-жаттығу объектісі) бастығына ол туралы баяндағаннан кейін оқу-жаттығу (оқ ату) жетекшісінің рұқсатымен жалғастырылады.
15-параграф. От қаупі жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
322. От қаупі жұмыстарын жүргізу тәртібі бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығымен жарияланады, онда тұрақты және уақытша пункттер, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, өрт- және жарылу қаупі бар үй-жайларда жұмыс істеудің ерекше жағдайлары, жазбаша рұқсатты ресімдеу тәртібі, жұмыстарға дайындалу, жүргізу кезінде және аяқталғаннан кейін барлық өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылау көзделеді.
323. Уақытша (біржолғы) от қаупі жұмыстарын жүргізуге рұқсат тек осы жұмыстарды орындау кезеңіне беріледі.
Отпен жұмыстарға кірісу тек оларды өртке қарсы қорғаныс қызметімен оларды келіскеннен және рұқсатта отпен жұмыстарды жүргізуге көзделген іс-шараларды орындағаннан кейін жүргізуге рұқсат етіледі.
От қаупі жұмыстарын жүргізу уақыты мен орны туралы ақпарат олар басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірілмей, ал авариялық жағдайлар кезінде дереу өртке қарсы қорғаныс қызметіне ұсынылады.
От қаупі жұмыстары жүргізілген объектінің өртке қарсы жай-күйіне жауапты лауазымды адамдар олар аяқталғаннан кейін 3 – 5 сағат ішінде жұмыстардың жүргізілген орындарын кезең-кезеңімен тексеруді жүзеге асыруға тиіс.
16-параграф. Найзағайдан және статикалық электрден өрт қауіпсіздігі шаралары
324. Ашық сақтаудағы ғимараттар, құрылыстар мен алаңдар найзағайдан қорғайтын құрылғылармен жабдықталады.
Найзағайдан қорғауды монтаждау үшін мынадай негізгі бастапқы деректер көрсетіледі:
1) объектінің атауы мен орналасқан жері;
2) қорғалатын құрылыстардың технологиялық және құрылыс сипаттамасы;
3) қорғалатын ғимараттар мен құрылыстардың маңында (10 – 15 м дейін) металл конструкцияларының, ағаштардың және басқа да биік заттардың болуы, сондай-ақ осы құрылыстарға барлық қосулар (құбырлар, кабельдер, байланыс сымдары, өрт сөндіру дабылдамасы және сол сияқтылар) туралы мәліметтер.
325. ӨҚЕ талаптарына сәйкес парктің ғимараттары мен құрылыстарына найзағайдан қорғау жобасы әзірленеді.
Қолданыстағы, сондай-ақ шаруашылық тәсілмен салынып жатқан ЖМ паркінің ғимараттары мен құрылыстарының найзағайдан қорғау жобалары қажет болған кезде жергілікті жобалық ұйымдардың мамандарын тарта отырып, әскери бөлімнің күштері әзірлейді.
Қайта салынатын ЖМ паркінің ғимараттары мен құрылыстарында найзағайдан қорғау жобасын аудандық пайдалану бөлімдері әзірлейді.
326. Жобалауға арналған тапсырма негізіндегі жобалық ұйым найзағайдан қорғау көлеміне негіздеме жүргізеді, жайтартқыштардың конструкцияларын есептейді, сондай-ақ статикалық электрден қорғау қажеттілігін анықтайды және оның ықпал етуінен қорғау үшін құрылғылардың конструкциясын айқындайды.
327. ЖМ паркінің ғимараттары мен құрылыстары найзағайдан қорғау бойынша I, II және III санатқа бөлінеді.
328. ЖМ паркінде найзағайдан қорғау бойынша I санатқа:
1) оның ішінде электр ұшқынынан жарылуға қабілетті ауамен булардың, газдардың немесе жанғыш заттар тозаңдарынан жарылу қаупі бар қоспалар пайда болатын ғимараттар мен құрылыстар;
2) зымырандары бар қару-жарақ пен әскери техника сақталатын сақтау орындары;
3) құнды жабдығы бар ғимараттар мен құрылыстар, үлкен импульстік токтың өтуі салдарынан қоршау конструкцияларында өрт болған және механикалық қираулар кезінде оның істен шығуына жол берілмейді, саңылаусыз жабық аппараттары бар және жабық тигілдегі тұтану температурасы 610 С және төмен немесе сұйықтың өз температурасы 2500С жоғары жанғыш сұйықтықтармен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстар;
4) зымыран бөлшектерін тиеуге және түсіруге арналған сақтау орындары, платформалар, алаңдар, пункттер;
5) кальций карбидінің сақтау орны, құю пункттері жатады.
329. Тұрақты паркте найзағайдан қорғау бойынша II санатқа:
1) металл сауытта жарылғыш заттар мен жеңіл тұтанатын материалдар сақталатын, арнайы мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар;
2) жабық тигілдегі тұтану температурасы 61° С жоғары немесе өнімнің (сұйықтың) өз температурасы 2500 С төмен сұйықтары бар бөлмелер;
3) толтырылған оқ-дәрілер мен құнды жабдығы бар қару-жарақ пен әскери техника сақталатын сақтау орындары;
4) реактивтік қару-жарақ сақтау орындары;
5) оттегі өндіретін станциялар;
6) жауынгерлік техникаға, зымырандарға және олардың жерүсті жабдықтарына қызмет көрсету үшін өндірістік бөлмелер жатады.
330. Тұрақты паркте найзағайдан қорғау бойынша III санатқа:
1) арнайы мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар;
2) зымыран-артиллериялық және радиолокациялық қару-жарақты жөндеу жөніндегі учаскелер;
3) зымыран-артиллериялық және радиолокациялық қару-жарақты сақтау сақтау орындары мен алаңдары;
4) құнды әскери-техникалық мүлкі мен жауынгерлік техникасы бар сақтау орындары;
5) әуеде қуатпен жарық беретін желілермен, байланыс және дабылдама желілерімен жабдықталған бақылау мұнаралары;
6) барлық санаттағы ғимараттар мен құрылыстарға найзағайдан қорғау бойынша әлсіз және күшті ток әуе желілерінің жетеберістері жатады.
331. Найзағайдан қорғау бойынша I санатқа жататын ЖМ паркінің ғимараттары мен құрылыстарын найзағайдың тура соққыларынан қорғау бөлек тұрған өзекті немесе арқан жайтартқыштармен орындалады.
Жер астындағы металл коммуникациялары бойынша жоғары әлеует ауытқуын болдырмау үшін оларға жерге түйістіргіштер мен ток бұрғыштарды қорғалатын құрылыстардан 5 м астам арақашықта орналастыру қажет.
Аркалық топырақ үйілген және тереңдетілген сақтау орындары мен құрылыстарды қорғау жеке тұрған өзекті немесе арқан жайтарқыштармен орындалады. Жайтарқыштарды қорғау аймағында сақтау орындарына кіреберісте желдету құбырлары және басқа да металл конструкциялары және жер бетінен көтеріңкі немесе сырттан сақтау орнына әкелінетін элементтер болады.
Онда өзекті немесе арқан жайтартқыштарын қолдану мүмкін емес топырақ үйілген және тереңдетілген сақтау орындары үшін топырақ астына қалындығы 0,005 – 0,1 м салынған металл тор түрінде найзағайдан қорғауды орындауға жол беріледі.
332. Найзағайдан қорғау бойынша I санатқа жататын ЖМ паркінің ғимараттары мен құрылыстарында электр статикалық индукциядан қорғау барлық жабдық пен аппараттардың металл корпустарын, сондай-ақ барлық металл конструкцияларын арнайы жерге түйістіргішке және электр жабдығын қорғауныс жерге түйістіргішке жалғастыру арқылы орындалады.
Жерасты коммуникациялар мен конструкциялар арқылы жоғары әлеует ауытқуынан қорғау үшін қорғалатын құрылысқа электрлік индукциядан қорғау жерге түйістіргіштерге немесе электр жабдығын қорғаныс жерге түйістіргішке оларды жалғау қажет.
Ғимараттар мен құрылыстарға электр жүйелерін, дабылдама желілерін, сондай-ақ басқа да сымдарды енгізу тек кабель арқылы жүзеге асырылады.
333. Найзағайдан қорғау бойынша II санатқа жататын ЖМ паркінің ғимараттары мен құрылыстарын найзағайдың тура соққыларынан қорғау бөлек тұрған немесе ғимараттар мен құрылыстарға орнатылған оқшауланбаған өзекті немесе арқан жайтартқыштарымен, сондай-ақ металл шатырға найзағай қабылдағыш торды салумен немесе ғимарат пен құрылыстың өз шатырын найзағай қабылдағыш ретінде пайдаланумен орындалады.
Қорғалатын ғимаратта немесе құрылыста арқан жайтартқыштарды әрбір өзекті жайтартқыштардан немесе әрбір тіреуден орнату кезінде кемінде екі ток бұрғыш салу қажет.
Найзағайдан қорғау бойынша II санатқа жататын, бөлек тұрған жайтартқыштардан қорғалатын ғимараттар мен құрылыстарға, сондай-ақ жерасты коммуникацияларға дейін арақашықтық нормаланбаған.
Найзағайдан қорғау бойынша II санатқа жататын ғимараттар мен құрылыстар үшін найзағайдың тура соққыларынан және электр статикалық индукциядан, сондай-ақ электр жабдығын қорғаныс жерге түйістіргішке біріктіруге жол беріледі.
Жарылу қаупі бар газдар, булар, жеңіл тұтанатын сұйықтар сақталатын сыртқы металл қондырғылары найзағайдың тура соққыларынан бөлек тұрған жайтартқыштармен қорғалады.
334. Найзағайдан қорғау бойынша II санатқа жататын ЖМ ғимараттары мен құрылыстарында электрстатикалық индукциядан қорғау барлық жабдықтардың, аппараттардың, құрылыстар мен қондырғылардың металл корпустарын электр жабдықтың қорғалған жерге түйістірілуіне, ал ол болмаған кезде – оның өндірістік жиілігінің токтың өту қарсылығы 10 Ом аспайтын арнайы жерге түйістіргішке жалғастыру арқылы орындау қажет.
Бір-бірінен 0,1 м арақашықтықта және одан жақын орналасқан, құбырлар мен басқа да металдан жасалған созылмалы конструкциялар арасында әрбір 20 – 30 м сайын орнатылатын металл маңдайшалармен орындалады.
Жоғары әлеует ауытқуынан қорғау үшін қорғалатын ғимаратқа немесе құрылысқа енгізуде сыртқы жерүсті металл коммуникациялары мен конструкцияларын импульстік қарсылығы 10 Ом астам жерге түйістіргішке жалғастыру қажет. Ол үшін найзағайдың тура соққыларынан қорғау жерге түйістіргіштерін пайдалануға жол беріледі.
335. Найзағайдан қорғау бойынша III санатқа жататын тұрақты паркінің ғимараттары мен құрылыстарын найзағайдың тура соққысынан қорғау бөлек тұрған немесе ғимараттар мен құрылыстарға өзегі бар немесе арқан жайтарқыштары орнатылғандармен, металл емес шатырға найзағай қабылдайтын торды салумен немесе ғимараттың металл шатырын найзағай қабылдағыш ретінде пайдаланумен орындалады. Бұл ретте найзағай қабылдайтын тордың алаңы 150 м2 (12,0 х 12,0 м) дейін, бірақ одан аспауға тиіс.
336. Биіктігі 15 м артық ғимараттар мен құрылыстардың металл емес тік құбырларын (қазандықтар, өрт сөндіру және бақылау мұнаралары) оларда орнатылған жайтартқыштармен найзағайдың тура соққыларынан қорғау қажет.
Биіктігі 50 м дейін құбырларда, биіктігі кемінде 1 м найзағай қабылдағышты орнату және бір ток бұрғышты төсеу жеткілікті.
Биіктігі 50 м астам құбырларда кемінде екі ток бұрғыштар болуға тиіс.
Металл құбырлар, мұнаралар мен биіктіктер үшін найзағай қабылдағыштарды орнату және ток бұрғыштарды төсеу талап етілмейді.
Металл және металл емес құбырлар, мұнаралар, биіктіктер үшін жерге түйістіргіштердің импульстік қарсылығының мөлшері 50 Ом аспауға тиіс.
337. ЖМ паркінің ғимараттары мен құрылыстарының сыртқы жерүсті металл конструкциялары мен коммуникацияларына бұрылатын жоғары әлеует ауытқуынан қорғау үшін қорғалатын ғимараттың немесе құрылыстың есігіне осы конструкцияларды импульстік қарсылығы 20 Ом астам жерге түйістіргіштерге немесе құрылысқа ең жақын сыртқы жерүсті металл конструкциялары мен коммуникацияларында жерге түйістіргіштерге импульстік қарсылығы 20 Ом астам жалғастыру қажет.
338. Әрбір жайтартқышқа оның реттік нөмірін, орнатылған жылын және найзағай болған уақытта жайтартқыштың қасында болуға қауіпті екені туралы ескерту жазбасын көрсете отырып тақтайша орнатылады.
339. Әрбір ғимарат пен құрылыс, объекті үшін жайтартқыштардың нөмірленуі бөлек жүргізіледі (бірінші нөмірден бастап) және трафареттің сол жақ жоғары бұрышына қосарланған сан түрінде қойылады, ондағы бірінші сан бас жоспар бойынша объекті ғимаратының немесе құрылысының нөмірін, ал екіншісі (дефис арқылы) – жайтартқыштың реттік нөмірін білдіреді. Оң жақ жоғары бұрышында жайтартқыштың орнатылған жылы көрсетіледі.
Объектілердің қорғалатын ғимараттары мен құрылыстары қабырғаларының көрінетін жерінде (ашық сақтау алаңдары үшін – әрбір объектінің бірінші жайтартқышында) шартты белгілер бейнеленеді немесе ғимараттар мен құрылыстар іргетастарының, найзағайдан қорғау құрылғыларының жерге түйістіргіштері мен ток тартқыштарының өзара орналасуын көрсететін белгілері бар плакаттар жапсырылады.
340. БМ паркінің найзағайдан қорғау құрылғылары ақаусыз және сенімді жай-күйде сақталады. Пайдалану процесінде найзағайдан қорғау құрылғыларының ақаусыз жай-күйде сақталуына және ұсталуына жауаптылықты әскери бөлімінде әскери бөлімнің командирі және оның тыл жөніндегі орынбасары (МТҚ) атқарады.
Жайтартқыштарды пайдалану және оларды ақаусыз жай-күйде сақтау үшін тікелей жауаптылық аудандық пайдалану бөлімі бастығының бұйрығымен электр шаруашылыққа жауапты адамға жүктеледі.
341. Найзағайдан қорғау құрылғыларының ұдайы сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жыл сайын нөсер жаңбыр маусымы басталар алдында найзағайдан қорғаудың барлық құрылғыларына қарап тексеру және тексеру жүргізіледі.
342. ЖМ паркі ғимараттары мен құрылыстарының найзағайдан қорғау құрылғыларының қарсылық мөлшерін айқындау жөніндегі мөлшерлер жер бетінің құрғақ жай-күйі кезінде құрғақ ауа райында нөсер жаңбыр маусымы басталар алдында немесе бойы жүргізіледі.
343. Найзағайдан қорғау құрылғыларын қарап тексеру және тексеру кезінде:
1) көзбен шолып тексерумен найзағай қабылдағыштар мен ток тартқыштардың тұтастығы, оларды діңгектерге жалғастыру және бекіту сенімділігі тексеріледі;
2) олардың механикалық төзімділігінің бұзылуы салдарынан ауыстыруды немесе жөндеуді қажет ететін найзағайдан қорғау құрылғыларының элементтері анықталады;
3) найзағайдан қорғау құрылғыларының жекелеген элементтерінің таттанумен бұзылу дәрежесі айқындалады;
4) таттануға қарсы қорғаумен және таттанумен зақымдалған элементтерді күшейту жөнінде шаралар қабылданады;
5) найзағайдан қорғау құрылғыларының барлық элементтерінің ток өтетін бөлімдері арасындағы электрлік жалғағыштардың сенімділігі тексеріледі;
6) найзағайдан қорғау құрылғыларының ғимараттың немесе құрылыстың арналуына сәйкес келуі тексеріледі және алдыңғы кезең үшін құрылыс және технологиялық өзгерістер болған жағдайда найзағайдан қорғауды жаңғырту және қайта құру жөніндегі іс-шаралар белгіленеді;
7) найзағайдан қорғау құрылғыларының барлық жерге түйістіргіштері қарсылығының мөлшерлері өлшенеді.
Найзағайдан қорғау құрылғылары жерге түйістіргіштердің қарсылығы және жердің үлес қарсылығы әрбір аспапқа қоса берілетін паспортқа сәйкес қарсылық өлшегіштерінің көмегімен өлшенеді.
Найзағайдан қорғау құрылғыларына арналған қажетті құжаттаманың, жайтартқыштың нөмірін, оны орнату жылын және найзағай кезінде жайтартқыштың маңында жақын болу қауіптілігі туралы ескерту жазбасын көрсете отырып, плакаттардың, ғимараттар мен құрылыстар іргетастарының, найзағайдан қорғау құрылғыларының жерге түйістіргіштері мен ток тартқыштарының өзара орналасуы туралы трафареттердің бар болуы тексеріледі.
344. Кезең-кезеңімен 5 жылда 1 рет ашып, бақылауға барлық жерге түйістіргіштер, ток бұрғыштар және оларды жалғастыру орындары ұшырайды, бұл ретте жыл сайын олардың жалпы санынан 20 %-ті тексеріледі. Найзағайдан қорғау жерге түйістіргіштерін ашу аудандық пайдалану бөлімінде әзірленеді, оны аудандық пайдалану бөлімінің бастығы бекітеді.
345. Таттанудан зақымданған жерге түйістіргіштер мен ток тартқыштар олардың көлденең қимасының ауданы 25 %-ке артық азайған кезде жаңаларға ауыстырылады.
346. Найзағайдан қорғау құрылғыларын кезектен тыс қарап тексеруді табиғи зілзалалардан (дауылды жел, жер сілкінісі, өрт, су тасқыны) және өте жоғары найзағай қарқынынан кейін жүргізу қажет.
Тексеру нәтижелері актілермен ресімделеді, найзағайдан қорғау құрылғыларының жай-күйін есепке алу паспорттары мен журналдарына енгізіледі. Осы деректер негізінде қарап тексеру және тексеру кезінде анықталған найзағайдан қорғау құрылғыларының ақаулықтарын жөндеу және жою жоспары жасалады.
347. Найзағай кезінде найзағайдан қорғау құрылғыларында немесе олардың маңында барлық жұмыс түрлерін жүргізуге жол берілмейді.
348. Жайтартқыштардан және олардың жерге түйістіргіштерінен 15 м жақын жерде орналасқан жол учаскелерінде (автомобиль және темір) және жаяу жүретін жолдарда найзағай кезінде адамдардың осы жерлерде болуының қауіптілігі туралы ескерту жазбалары бар плакаттар орнатылады және айналып өтетін жолдар көзделеді.
349. Бөлімше бастығында пайдалануда болған найзағайдан қорғау құрылғыларына паспорттар жүргізіледі.
350. Ұшқын разрядқа жол берілмейтін үй-жайларда (аймақтарда) статикалық электрден қорғау жөніндегі міндетті шаралар ретінде мыналар қажет:
1) едендер мен жұмыс үстелдердің жабындары үлес көлемінің электрлік кедергісі 106 Ом артық емес электр өткізгіш материалдардан орындалады;
2) жұмыс орындарында жерге түйістірілген металл тұтқалар орнатылады, адам оларды кезең-кезеңімен ұстағанда өздігінен статикалық электр кетеді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулыққа 1-қосымша |
|
Нысан |
Өрт сөндіру нарядының ведомосы
20 __ ж. "__" ___ "__" сағаттан бастап 20 __ ж. "__" ______ "__" сағатқа дейін |
1. Жеке құрам
Наряд бастығы _____________________________________________________________
(әскери атағы, тегі мен инициалдары (бар болса))
Өрт сөндіру депосы бойынша кезекші (немесе ауысым бойынша тәуліктік кезекші) ________
__________________________________________________________________________
(әскери атағы, тегі мен инициалдары)
2. Жауынгерлік есептоп құрамы
Жауынгерлік есептоп табелі бойынша нөмірі | Жауынгерлік есептопта | Резервте | ||
ә/атағы, ТАӘ (бар болса) | Автомобиль, шынжыр табанды өрт сөндіру машинасы, мотопомпа | ә/атағы, ТАӘ (бар болса) | Автомобиль, шынжыр табанды өрт сөндіру машинасы, мотопомпа | |
Есептоп бастығы |
3. Өрт сөндіру автомобильдерінің жай-күйі
Р/с № | Автомобиль, шынжыр табанды өрт сөндіру машинасының, мотопомпаның атауы және нөмірі | Автомобильдің, ШӨМ-ның, МП-ның техникалық жай-күйі | Жанармай мөлшері, л | Жүргізушінің (механик-жүргізушінің) қолы |
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
4 | ||||
5 | ||||
6 | ||||
7 | ||||
8 |
4. Өрт сөндіру бекеттері
Р/с № | Бекетшілердің тегі | Бекетте қызмет өткеру уақыты (сағаты) және орны | Бекеттерде қызмет өткеру кезіндегі ескертпелер |
1 | |||
2 |
5. Сумен жабдықтау көздерінің, өрт сөндіру қондырғыларының, өрт дабылдамасының және жолдардың жай-күйі
Тексеру уақыты | Анықталған кемшіліктер | Уақытын көрсетумен кемшіліктерді жою туралы белгі |
6. Наряд күнделігі
Уақыты | Өрт сөндіруге және оқу-жаттығуларға шығу. Өткізілетін сабақтар, шаруашылық жұмыстар, наряд қызметін тексеретін адамдардың ескертпелері және т. б. |
7. Кезекшілікті қабылдау және қызметті өткеру кезіндегі кемшіліктер
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Кезекшілікті тапсырдым ___________________________________________
(әскери атағы, тегі мен инициалдары оның (бар болса), қолы)
Кезекшілкті қабылдадым __________________________________________
(әскери атағы, тегі мен инициалдары (бар болса), қолы)
Өртке қарсы командасының (есептобының) бастығы _____________________________
(әскери атағы, тегі мен инициалдары (бар болса), қолы)
20__ жылғы "__ " __________
20 __ ж. __________ арналған әскери бөлім (мемлекеттік мекеме) өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары командасының ұйымдастыру-профилактикалық іс-шараларының және шаруашылық жұмыстарының айлық жоспары
Жұмыстар тізбесі | Апта күндері мен сағаты | Жауапты жетекші | |||
1-ші апта | 2-ші апта | 1-ші апта | 2-ші апта | ||
1. Ұйымдастыру-профилактикалық жұмыстар | |||||
Команданың жеке құрамын арнайы даярлау | |||||
Өртке қарсы жай-күйді тексеру | |||||
2. Шарушылық жұмыстар | |||||
Әскери бөлім (мемлекеттік мекеме) өртке қарсы қорғаныс командасының бастығы
______________________________________________
(әскери атағы (бар болса), тегі мен инициалы)
20 __ жылғы "__" __________
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулыққа 3-қосымша |
|
Нысан |
Өртке қарсы қорғаныс командасының профилактикалық жұмыстар ЖУРНАЛЫ
__________________________________________________________________________
(команда нөмірі немесе әскери бөлім (мемлекеттік мекеме) атауы)
Р/с № | Күні | Бөлімше объектілері | Ұсынылған іс-шаралар | Орындау мерзімі | Тексерушінің қолы | Орындалғаны туралы белгі | Жауапты орындаушының қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулыққа 4-қосымша |
|
Нысан |
Штаттық өртке қарсы қорғаныс командасы кезекші нарядының (өрт есептобының, штаттан тыс өрт сөндіру командасының) объектілерді жабар алдында олардың өртке қарсы жай-күйін тексеру журналы № __
Тексеру күні | Тексеру уақыты | Сақтау орны, шеберхана, цех, гараж атауы | Анықталған кемшіліктер | Тексерушінің қолы | Жойылғаны туралы белгі | Объектіге жауапты адамның қолы |
Журналға ескертпе әскери бөлім командирі бекіткен Шеберханаларды, сақтау орындарын, парктерді (гараждарды), ангарларды және басқа да өрт тұрғысынан қауіпті объектілерді жабар алдында оларды қарап тексеру тәртібі туралы нұсқаулық қоса тігіледі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулыққа 5-қосымша |
|
Нысан |
________________ әскери бөлімінің (мемлекеттік мекемесінің) жеке құрамына өртке қарсы қорғаныс жөнінде нұсқау беруді жүргізуді есепке алу журналы
Р/с № | Жүргізілген күн | Бөлімше атауы | Нұсқау беру мазмұны | Қатысқандар саны | Нұсқау беруді жүргізгеннің қолы | Бөлімше командирінің қолы | Ескертпе |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі | |
шаралары туралы нұсқаулыққа | |
6-қосымша | |
Нысан |
Өрт сөндіру автомобильдері, шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары мен мотопомпалардың жауынгерлік есептобының табелі
Жауынгерлік есеп нөмірі | Нарядка түсу кезінде | Әрекет ету тәртібі | |
Өрт шығу туралы дабыл түскен кезде | Өрт сөндіру кезінде (жауынгерлік өрістетуде) | ||
_____________________________ әскери бөлімі (мемлекеттік мекемесі) өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары командасының бастығы ___________________________________________ (әскери атағы (бар болса), қолы, тегі және инициалдары)
Ескертпе: табель өрт сөндіру техникасы тұратын үй-жайда (алаңда) ілінеді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулыққа 7-қосымша |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өртке қарсы қорғаныс командаларын арнайы даярлау бойынша жаттығулар
№ | Жаттығулар | Бағалар көрсеткіштері, сек. | Жаттығуды орындау шарттары | ||
өте жақсы | жақсы | қанағатта-нарлық | |||
1 |
Жауынгерлік киім мен керек-жарақты кию (автомобильге отырғызбай): |
18 |
22 |
26 |
1. Жауынгерлік киім мен керек-жарақ бірінші және екінші тәсілмен орындықтарға немесе арнайы сөрелерге қойылады. Балтасы бар белдік киім астында жатады. Қысқы уақытта каска астары (дулыға) ыңғайлы қалыпта бүктеледі, мақта жылы күртеше брезент күртешеге салынған. Қолғаптар күртешенің қалтасында болады. |
2 |
Жылу өткізбейтін костюмді кию: |
70 |
75 |
80 |
1. Жылу өткізбейтін костюм қаптан алынады және орындыққа кез келген ыңғайлы тәсілмен қойылады. |
3 |
Дабыл бойынша жиналу және гараж қақпасының сыртында отырғызу мен шығу: |
30 |
35 |
40 |
1. Жауынгерлік киім мен керек-жарақ № 1 жаттығуды орындау шарттарында көрсетілгендей жиналып қойылады. |
4 |
Мынадай аралыққа жылжытылған керме баулары бар автосатымен шығу: |
18 |
20 |
23 |
1. Автосаты орнатылған және берілген биіктікке жылжытылған. Өрт сөндіруші саты қасында тұрады. |
5 |
Стационарлық саты бойынша шығу: |
8 |
10 |
12 |
1. Өрт сөндіруші саты қасында тұрады. Құбыртүтік желісін көтерген кезде құбыртүтік ширатылған және қосылған түтігімен бірге иығына асылған. |
6 |
Шығу сатысын оқу-жаттығу мұнарасы 2-қабатының терезесіне ауыстыру және орнату: |
7 |
9 |
11 |
1. Шығу сатысының жетінші баспалдағы старт сызығында болады. Старт сызығы – оқу-жаттығу мұнарасының негізінен 32 метр 25 см жерде. Өрт сөндіруші старт сызығынан кейін тұр. |
7 |
Орнатылған шығу сатысымен оқу-жаттығу мұнарасының 4-қабатына шығу: |
18 |
20 |
22 |
1. Шығу сатысы оқу-жаттығу мұнарасының 2-қабатына орнатылған. Өрт сөндіруші саты жанында, сол аяғы бірінші сатыда, қолымен сатының керме бауынан ұстап тұрады. |
8 |
Шығу сатысымен оқу-жаттығу мұнарасының 4-қабатына шығу: |
26 |
28 |
34 |
1. Шығу сатысы жетінші сатысының старт сызығында болады. Старт сызығы – оқу-жаттығу мұнарасынан 32 метр 25 см жерде. Өрт сөндіруші старт сызығынан кейін тұрады. |
9 |
Орнатылған жылжымалы саты бойынша оқу-жаттығу мұнарасының 3-қабатына немесе 2-қабатты ғимараттың шатырына шығу: |
7 |
9 |
11 |
1. Жылжымалы саты жетінші баспалдаққа орнатылған және бекітілген. Бірінші нөмір саты жанында тұрады, қолдарымен сатының керме бауларынан ұстайды, сол аяғы бірінші баспалдақта болады. Екінші нөмір қабырға мен саты арасында, оны ғимаратқа қарай итеріп және ұстап тұрады. |
10 |
Оқу-жаттығу мұнарасының 3-ші қабатына жылжымалы сатыны алу, ауыстыру және орнату: |
16 |
18 |
20 |
1. Жылжымалы саты жиналған және оқу-жаттығу мұнарасынан 30 м тұрған автомобильге бекітілген (артқы дөңгелек осі 30 м белгісінде тұрады). Артқы құбыртүтік орауышы алып тасталған. |
11 |
Жылжымалы сатыны алу, ауыстыру мен орнату және ол бойынша оқу-жаттығу мұнарасының 3-қабатына немесе 2-қабатты ғимарат шатырына шығу: |
24 |
29 |
32 |
1. Жылжымалы саты жиналған және оқу-жаттығу мұнарасынан 30 м тұрған автомобильге бекітілген (артқы дөңгелек осі 30 м белгісінде тұр). Артқы құбыртүтік орауышы алып тасталған. |
12 |
Құтқару ілмегін құтқарылатынға кигізбей байлау: |
5 |
6 |
8 |
1. Өрт сөндіруші жауынгерлік киімде және керек-жарақта "тік тұр" қалпында тұр. |
13 |
Құтқару ілмегін құтқарылатынға кигізбей байлау: |
18 |
22 |
25 |
1. Өрт сөндіруші арқасымен жатқан құтқарылатыннан бір метрде тұрады. |
14. | 30 метрлі құтқару арқанын шумақтап орау (бір минутта) | 5 | 6 | 7 |
1. Өрт сөндіруші "тік тұр" қалпында бір ұшы өрт сөндірушінің қолында болатын тарқатылған жіптен бір метр жерде тұрады. |
15. | Құтқару арқанын ғимарат конструкциясына бекіту | 4 | 6 | 8 |
1. Өрт сөндіруші арқанды бекіткен орыннан жарты метр жерде тұрады. Шумақталып оралған арқан иыққа артылған тартпасы бар тысқа салынған. |
16 | 100 метрлік жолақтан өту | 27 | 30 | 33 |
1. Өрт сөндіруші түтікпен стартта тұрады (түтік кез келген қалыпта). |
17 |
Гидрантқа орнатылған колонкадан ұзындығы 40 м құбыртүтік желісін (түтігімен) салу: |
15 |
17 |
19 |
1. Өрт сөндіру жабдығы колонкадан 1 м жерге жиналған. Өрт сөндіруші жабдық жанында тұрады. |
18 | "Б" түтігімен ішкі өрт сөндіру кранынан 20 м құбыртүтік желісін салу | 5 | 7 | 9 |
1. Өрт сөндіруші ішкі өрт сөндіру кранынан 1 м жерде тұрады. Кранға қосылған құбыртүтік шкафқа салынған, есігі жабық. Түтік құбыртүтікке қосылған. |
19 |
Өрт сөндіру автомобилін (автоцистернаны, автосорғышты) гидрантқа сорғыш құбыртүтіктерді (бір жұмсақ және бір қатты) сорғыш келтеқұбырға жалғап орнату: |
28 |
31 |
34 |
1. Колонка автомобиль жәшігіне салынған және бекітілген. Жәшіктердің есіктері жабық, автомобиль сорғысының сорғыш келтеқұбыры гидранттан 3 м жерде, артқы құбыртүтік орауышы алынған. Гидрант құдығының қақпағы ашық, тірек тығыны жабық. Өрт сөндіруші автомобиль шанағының жәшігінен бір метрде колонка тұрған жерде оған қарсы тұрады. |
20 |
Өрт сөндіру автомобилін (автосорғыны, автоцистернаны) су тоғанына 2 сорғыш құбыртүтік (әрқайсысы 4 м) пен торды қосумен орнату: |
75 (45) |
80 (50) |
90 (60) |
1. Автомобиль ашық су тоғаны жанында орналасқан, қозғалтқыш аз айналымда жұмыс істеп тұрады. Өрт сөндіру жабдығы өз орындарында бекітілген. Артқы құбыртүтік орауышы алынған және басқа жерге қойылған. |
21 |
Өрт сөндіру автомобилін (автоцистернаны, автосорғышты) су тоғанына 4 сорғыш құбыртүтік (әрқайсысы 2 м) пен торды қосумен орнату: |
110 |
115 |
125 |
1. Автомобиль ашық су тоғаны жанында орналасқан, қозғалтқыш аз айналымда жұмыс істеп тұр. Өрт сөндіру жабдығы өз орындарында бекітілген. Артқы құбыртүтік орауышы алынған және басқа жерге қойылған. |
22 |
Мотопомпаны орнату: | 35 | 40 | 50 |
1. Мотопомпа су тоғаны жанында орнатылған. Сорғыш құбыртүтік пен тор мотопомпа жанында орналасқан. Мотопомпа қозғалтқышы іске қосылмаған. |
23 | Торы және су берілісі бар 2 сорғыш құбыртүтікті қоса отырып (әрқайсысы 4 м), МП-1200 (МП-1400, МП-1600) мотопомпасын су көзіне орнату: | 80 | 85 | 95 |
1. Мотопомпа су тоғанына орнатылған. Торы бар сорғыш құбыртүтіктер өз орындарында орналасқан. Мотопомпа қозғалтқышы іске қосылмаған. |
24 |
Бөлімшені жауынгерлік өрістету: |
70 |
75 |
80 |
1. Автомобиль гидрант жанында орналасқан. Барлық өрт сөндіру жабдығы бекітілген. Жәшік есіктері жабық. Қозғалтқыш аз айналымда жұмыс істеп тұр. |
2) лафеттік түтікті орнатумен: |
60 |
65 |
70 |
1. Автомобиль ашық су тоғаны жанында орналасқан. Барлық өрт сөндіру жабдығы бекітілген. Қозғалтқыш аз айналымда жұмыс істеп тұр. Жәшік есіктері жабық. | |
3) бір ГВП-600 берумен автоцистернада: |
19 |
22 |
25 |
1. Автомобиль қозғалтқышы жұмыс іске қосылған. Өрт сөндіру жабдығы өз орындарына бекітілген. | |
4) бір "Б" түтігін берумен автоцистернада: |
12 |
14 |
17 |
1. Автомобиль қозғалтқышы жұмыс іске қосылған. Құбыртүтіктер бүрмеленіп жиналған, жәшіктерге салынған және бекітілген. |
Ескертпе:
1. Барлық жаттығулар жауынгерлік киімде және керек-жарақта орындалады (қолғаптар қажет болған кезде киіледі).
2. Жеке жаттығуларды орындау уақыты жасына байланысты ескеріледі: 30 жасқа дейін – нормативтерде көрсетілген, 30-дан 40 жасқа дейінгі уақыт нормасы 5 %-ке, 40 жастан және одан үлкен – 10 %-ке арттырылады.
3. Алғашқы алты ай қызмет өткеретін өрт сөндіру командалары мен есептоптарының жеке құрамы үшін уақыт нормасы 10 %-ке арттырылады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулыққа 8-қосымша |
|
Нысан |
________________________________________________________ (әскери бөлім (мемлекеттік мекеме), гарнизон) өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыруды және оның жай-күйін тексеру АКТІСІ
Мен, ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, ТАӘ (бар болса)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі орынбасарының (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылы бастығының) 20__ жылғы "__" ____________ № __ нұсқамасы негізінде
________________________________________________________________ (лауазымы, әскери атағы, ТАӘ (бар болуы), әскери бөлім немесе мекеме)
қатысуымен __________________________ өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және оның жай-күйі тексерілді.
АНЫҚТАЛҒАН БҰЗУШЫЛЫҚТАР:
Әкімшілік аумақ
1. ______________________________________________________________________________
2. ______________________________________________________________________________
3. ______________________________________________________________________________
Жауынгерлік машиналар паркі аумағы
1. ______________________________________________________________________________
2. ______________________________________________________________________________
3. ______________________________________________________________________________
Қойма аймағы
1. ______________________________________________________________________________
2. ______________________________________________________________________________
3. ______________________________________________________________________________
Техникалық аумақ
1. ______________________________________________________________________________
2. ______________________________________________________________________________
3. ______________________________________________________________________________
Өртке қарсы қорғаныс жөніндегі қызметтік құжаттаманың бар болуы және жүргізілуі
1. ______________________________________________________________________________
2. ______________________________________________________________________________
3. ______________________________________________________________________________
Қорытынды:
Бұзушылықтарды жою мерзімдері:
Тексеруші: ________________________________________________________________
(әскери атағы (бар болса), тегі, инициалдары)
Тексеру кезінде ____________________________________________________ қатысты.
(әскери атағы (бар болса), тегі, инициалдары)
Нұсқамамен таныстым, ұсынылған іс-шаралар орындауға қабылданды:
Әскери бөлім командирі (мемлекеттік мекеме бастығы___________________________
_________________________________________________________________________
(әскери атағы (бар болса), тегі, инициалдары)
20__ жылғы "__" _________
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулыққа 9-қосымша |
|
Нысан |
Әскери бөлімнің өртке қарсы қорғанысын және өрт-профилактикалық жұмысты тексерулерді есепке алу кітабы _____________________________________________________________________________
20__ жылғы "__" __________ басталды |
|
20__ жылғы "__" __________ аяқталды |
1. Штаттық өртке қарсы қорғаныс командасын және штаттас тыс өрт сөндіру командасын есепке алу
Р/с № | Команда атауы мен нөмірі | Әскери бөлім (гарнизон) | Жеке құрам | Өрт сөндіру техникасы | Команда бастығының әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты | |
әскери қызметшілер | ҚР ҚК азаматтық персонал (қызметшілері) | |||||
2. Әскери бөлімнің (гарнизонның, ҚР ҚК, ӨңҚ құралымдары мен бөлімдерінің) жай-күйін есепке алу
Р/с № | Әскери бөлім атауы | Тексерілген күн | Қандай құжат жасалды | Өртке қарсы сумен жабдықтау туралы мәлімет | Автоматты өрт дабылдамасынң бар болуы және жай-күйі | Автоматты өрт сөндірудің бар болуы және жай-күйі | Найзағайдан қорғану жабдығы | Өрт сөндіру командасы туралы мәліметтер | Өртке қарсы қорғаныстың жай-күйін бағалау | ||||
Су қоймалары (саны, сыйымдылығы) | гидранттар (саны, диаметрі) | тиесілігі | қолда бары | жеке құрам | техника | жауынгерлік әзірлігі | |||||||
3. Профилактикалық жұмысты және оқу-жаттығу жиындарын есепке алу
Р/с № | Іс-шаралар өткізу күні | Іс-шараларды өткізу орны | Іс-шаралар түрлері мен қысқаша мазмұны | Қатысқандар саны |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары |
|
туралы нұсқаулыққа | |
10-қосымша | |
Нысан |
Өрт жетоны
Жетондар жабылар алдында қарап тексерілуге тиіс әрбір үй-жайға бір-бірден, оларға әскери бөлімнің нөмірін (мекеме атауын) және объектінің атауын жазумен көлемі 6 х 9 см, сары түсті қатты қағаздан жасалады, жетондар бөлімнің іс жүргізуінде тіркеледі, сыртқы жағында өртке қарсы қорғаныс қызметі (өртке қарсы қорғаныс командасы) бастығының қолтаңбасымен расталады және мүкәммалдық тіркеу нөмірі бар мөртаңба қойылады. Жетондар қатты пластмассадан жасалған мөлдір бейдждерге салынады және объектілер бастықтарына қолдарын қойғызып беріледі.