"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 318 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 мамырда № 18712 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 9 шілдедегі № 130 (28858) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ағаштарды кесу – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы Заң) 2 - қосымшаның 159 - тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:

      "27) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу – уәкілетті орган белгілеген учаскелерде жүзеге асырылатын, ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша жұмыс.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Ағаштарды кесу, санитариялық кесу";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Ағаштарды кесу мынадай:

      1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;

      2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;

      3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;

      4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі;

      5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылады;

      6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсатымен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.".

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Ағаштарды кесу кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган ағаштарды кесуге рұқсат беру құжаттарында көрсеткен учаскілерге кайта отырғызылады.".

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Индустрия және инфрақұрылымдық
  даму министрінің
  2019 жылғы 21 мамырдағы
  № 318 бұйрығымен
  бекітілген

"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 04.12.2019 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі портал арқылы жүгінген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағаштарды кесуге рұқсат беру;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі - ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады) тәулік бойы.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметiн, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);

      кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы) (мәліметтер нысаны);

      өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың жай-күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;

      өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;

      көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;

      өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.

      2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы) (мәліметтер нысаны);

      өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, құрылыс (реконструкциялау) аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;

      өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары, көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;

      өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.

      3) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысандағы өтініш;

      жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);

      өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;

      өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары, көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;

      өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.

      4) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;

      көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат.

      Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Жеке тұлғаны куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін алу мерзімі көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемелері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін келісу туралы сұрауға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің немесе тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

      Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес жазбаша нысанда поштамен, көрсетілетін қызметті берушінің немесе кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (шағымды жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) www. miid.gov.kz – интернет-ресурсында;

      2) порталда орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет" көмегімен, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету деңгейі мен қарастыру тәртібі туралы ақпаратты ала алады.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары www.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Ағаштарды кесуге рұқсат беру"
көрсетілетін мемлекеттік қызмет
стандартына
1-қосымша

      Нөмірі: ___________ Берілген күні: --.---.20___ж.

Ағаштарды кесуге РҰҚСАТ

      Берілді: Ұйымның атауы (заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі).

      Объекті бойынша: объектінің атауы көрсетіледі.

      Орналасқан жері: объектінің мекенжайы.

      Ағаштарды (ағашты) кесу: (себебі көрсетіледі).

      (Жергілікті атқарушы органның уәкілетті – мемлекеттік мекеменің атауы), ағаштарды (ағашты) (тұқымы, сандық және сапалық сипаттамалары) ағаштардың (ағаштың) нақты күйі көрсетіледі, кесуге келіседі.

      Рұқсаттың қолданылу кезеңі: (мерзімін жергілікті атқарушы органның уәкілетті – мемлекеттік мекемесі жұмыс түрлерін ескере отырып, белгілейді).

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушыға төмендегідей талаптарды орындау ұсынылады:

      Жерасты және жерүсті коммуникацияларды сақтаудың нормалары мен ережелерін сақтай отырып, (мерзімі көрсетіледі) дейін (түрлік құрамы, сандық және сапалық сипаттамалары көрсетіледі) көшеттерді отырғызу арқылы ағаштардың (ағаштың) өтемдік қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу қажет.

      Іргелес аумақтардағы жасыл екпелерді қорғау, күтіп-ұстау және сақтау бойынша толық іс-шаралар кешенін жүргізу.

      Ескерту: Тапсырыс берушіге рұқсаттың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін, жазбаша түрде атқарылған жұмыс туралы ақпаратты ұсыну қажет.


      Басшы (уәкiлеттi тұлға)________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      (электрондық-цифрлық қолтаңба)

  "Ағаштарды кесуге рұқсат беру"
көрсетілетін мемлекеттік қызмет
стандартына
2-қосымша
  Уөкілетті органға - жергілікті
атқарушы
органның мемлекеттік
мекемесіне
(мемлекеттік органның толық
атауы)
____________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты,
әкесінің
аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі/заңды
тұлғаның
толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Байланыс
әліметтері_________________
(пошталық индексі, облысы,
қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат
нөмірі, телефондары)

      Өтініш нөмірі:

ӨТІНІШ

      (Объектінің толық атауы) объекті бойынша (объектінің толық мекен жайы) ағаштарды

      кесу үшін рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Өтініш беруші ағаштарды (ағашты) кесуге рұқсат беру кезінде ақпараттық жүйелерде

      қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді

      пайдалануға келісімін береді.

      Келесі құжаттар ұсынылады:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)


      (заңды тұлғаға лауазымы) жіберілген күні: кк.аа.жж.


      (электрондық цифрлық қолтаңба)