Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 04.07.2023 № 668 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының "Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының "Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары;
3) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша үлгілік оқу жоспары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.07.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
2019 жылғы "___" __________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 337 бұйрығына 1-қосымша |
Жалпы орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының "Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.07.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Циклдер мен пәндер атауы | Жалпы еңбек сыйымдылығы | |
академиялық кредиттегі | академиялық сағаттағы | ||
1. | Жалпы гуманитарлық пәндер | 23 | 690 |
Міндетті құрамдас | 13 | 390 | |
Қазақ (орыс) тілі | 4 | 120 | |
Ағылшын тілі | 5 | 150 | |
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы | 4 | 120 | |
ӘОО құрамдасы | 10 | 300 | |
2. | Жалпы кәсіптік пәндер | 25-тен аспайды | 750-ден аспайды |
Міндетті құрамдас | кемінде 6 | кемінде 180 | |
Дене шынықтыру дайындығы | кемінде 6 | кемінде 180 | |
ӘОО құрамдасы | 19-дан аспайды | 570-тен аспайды | |
3. | Арнайы пәндер | 52-ден аспайды | 1560-тан аспайды |
ӘОО құрамдасы | 52 | 1560 | |
4. | Әскери тағылымдама | 8 | 240 |
5. | Аралық аттестаттау | кемінде 6 | академиялық кезеңде 2 аптадан аспайды (180 сағат) |
6. | Қорытынды аттестаттау (кешенді емтихан) | 2-ден аспайды | 2 аптадан аспайды (60 сағат) |
7. | Кәсіптік практика | 4 | 120 |
Барлығы | 120 | 3600 | |
8. | Консультациялар | 5-тен аспайды | 150-ден аспайды |
9. | Факультативтік сабақтар | кемінде 9 | кемінде 270 сағат |
Жиыны | 134 | 4020 |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 337 бұйрығына 1-1-қосымша |
Негізгі орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының "Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары
Ескерту. Бұйрық 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 03.07.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Циклдер мен пәндер атауы | Жалпы еңбек сыйымдылығы | |
академиялық кредиттегі | академиялық сағаттағы | ||
1. | Жалпы білім беру пәндері | 48 | 1440 |
Міндетті құрамдас | |||
Қазақ тілі және әдебиет | 4 | 120 | |
Орыс тілі және әдебиет | 4 | 120 | |
Шет тілі | 4 | 120 | |
Математика | 6 | 180 | |
Информатика | 3 | 90 | |
Қазақстан тарихы | 3 | 90 | |
Өзін-өзі тану | 2 | 60 | |
Бастапқы әскери және технологиялық дайындық | 3 | 90 | |
Дене шынықтыру | 5 | 150 | |
Тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндер | |||
Физика | 5 | 150 | |
География | 5 | 150 | |
Оқытудың стандартты деңгейіндегі пәндер | |||
Дүние жүзі тарихы | 2 | 60 | |
Биология | 2 | 60 | |
2. | Жалпы гуманитарлық пәндер | 6 | 180 |
3. | Жалпы кәсіптік пәндер | 30 | 900 |
4. | Арнайы пәндер | 10 | 300 |
Міндетті құрамдас | 10 | 300 | |
5. | Әскери тағылымдама | 42 | 1260 |
6. | Аралық аттестаттау | кемінде 6 | академиялық кезеңде 2 аптадан аспайды (180 сағат |
7. | Қорытынды аттестаттау (кешенді емтихан) | 2-ден аспайды | 2 аптадан аспайды (60 сағат) |
Барлығы | 144 | 4320 | |
8. | Консультациялар | 10-нан аспайды | 300-ден аспайды |
9. | Факультативтік сабақтар | кемінде 11 | кемінде 330 сағат |
Жиыны: | 165 (36) | 4950 (1080) |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 337 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша үлгілік оқу жоспары
№ | Циклдер мен пәндер атауы | Жалпы еңбек сыйымдылығы | |
академиялық сағаттағы | академиялық кредиттегі | ||
1 | Жалпы білім беретін пәндер циклі | 1680-нен аспайды | 56-дан аспайды |
Міндетті құрамдас | 1530-дан аспайды | 51-ден аспайды | |
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы | 150 | 5 | |
Философия | 150 | 5 | |
Шет тілі | 300 | 10 | |
Қазақ (Орыс) тілі | 300 | 10 | |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде) | 150 | 5 | |
Әлеуметтік-саяси білім модулі | 240 | 8 | |
Әскери психология және педагогика | 120 | 4 | |
Әскери әдеп | 60 | 2 | |
Саясаттану | 60 | 2 | |
Дене шынықтыру дайындығы | 240 | 8 | |
ӘОО құрамдасы | кемінде 150 | кемінде 5 | |
2 | Базалық пәндер циклі | 3360-тан аспайды | 112-ден аспайды |
ӘОО құрамдасы | |||
3 | Бейіндік пәндер циклі | кемінде 1800 | кемінде 60 |
ӘОО құрамдасы | |||
4 | Оқытудың қосымша түрлері | ||
5 | Қорытынды аттестаттау | 360 | 12 |
Жиыны | кемінде 7200 | кемінде 240 |