"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 мамырда № 18678 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ - 75 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 № ҚР ДСМ – 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесі бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесі бекітілсін";

      реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

24.

Е84

Кистозды фиброз (Муковисцидоз)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі

Дорназа альфа, ингаляцияларға арналған ерітінді

R05CB13

Панкреатин, капсула

А09АА02



Колистиметат натрийі, инъекция мен инфузияға арналған ерітінді дайындайтын ұнтақ

J01XB01



Тобрамицин, капсулада ингаляцияға арналған ұнтақ

J01GB01

  ";

      реттік нөмірлері 35 және 36 -жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

35.

А15-А19

Туберкулез

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Қарқынды және қолдаушы фаза

Пиридоксин, инъекцияларға арналған ерітінді

A11HA02

Амоксициллин-клавулан қышқылы, таблетка, ішкізу арқылы қолданылатын ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

J01CR02

Кларитромицин, таблетка

J01FA09

Стрептомицин, бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

J01GA01

Канамицин, инъекциялар үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

J01GB04

Амикацин, инъекцияларға арналған ерітінді, инъекциялар үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

J01GB06

Левофлоксацин, таблетка

J01MA12

Моксифлоксацин,

J01MA14

Аминосалицил қышқылы және оның туындылары, таблетка, түйіршіктер, ішке қабылдауға ерітінді дайындау үшін дозаланған ұнтақ

J04AA01

Циклосерин, капсула

J04AB01

Рифампицин, капсула

J04AB02

Капреомицин, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

J04AB30

Изониазид, таблетка, шәрбат, инъекцияларға арналған ерітінді

J04AC01

Протионамид, таблетка

J04AD01

Пиразинамид, таблетка

J04AK01

Этамбутол, инъекцияларға арналған ерітінді, таблетка

J04AK02

Рифампицин+Изониазид+Пиразинамид+Этамбутол, таблетка,

J04AM06

Рифампицин+Изониазид, таблетка

J04AM02

Клофазимин, капсула

J04BA01

Линезолид, таблетка

J01XX08

Бедаквилин, таблетка

J04AK05

Деламанид, таблетка

J04AK06

36.

В20-В24

АИТВ инфекциясы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар. Диспансерлік еесепте ұрған балалар 18 жасқа толғанға дейін бір өндірушінің дәрілік препараттарын қолданады

Антиретровирустық терапияның схемасына сәйкес, оның ішінде жүкті әйелдер мен АИТВ жұқтырған аналардан туған балалардың профилактикасы үшін барлық сатылар мен дәрежелер.
Диспансерлік есепте тұрған балалар 18 жасқа келгенге дейін бір өнім шығарушының дәрілік препараттарын қабылдайды

Дарунавир, таблетка

J05AE10

Тенофовир, таблетка

J05AF07

Ламивудин, таблетка, ішкізу арқылы қолданатын ерітінді

J05AF05

Абакавир, таблетка; ішкізу арқылы қолданатын ерітінді

J05AF06

Зидовудин, капсула, ішке қабылдау үшін ерітінді

J05AF01

Невирапин, таблетка, ауыз арқылы қолданылатын суспензия

J05AG01

Эфавиренз, таблетка, капсула

J05AG03

Эмтрицитабин+Тенофовир, таблетка

J05AR03

Этравирин, таблетка

J05AG04

Зидовудин+Ламивудин, таблетка,

J05AR01

Лопинавир+Ритонавир, таблетка, ішке қабылдау үшін қолданатын ерітінді

J05AR10

Абакавир+Ламивудин, таблетка

J05AR02

Абакавир+Ламивудин+Зидовудин, таблетка

J05AR04

Эмтрицитабин+Тенофовир+ Эфавиренз, таблетка

J05AR06

Долутегравир, таблетка

J05AX12

Абакавир-Ламивудин-Долутегравир, таблетка

J05AR13

Дарунавир – Комбицистат, таблетка

J05AR14

Эмтрицитабин – Рилпивирин – Тенофовир, таблетка

J05AR06

  ";

      "

Медициналық мақсаттағы бұйымдар


  "

      деген жол;

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Медициналық бұйымдар


  ".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдерінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 19 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.