"Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 мамырда № 18660 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9554 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Радиацияға қарсы, химиялық және биологиялық қорғау.";

      18-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану кезіндегі ықтимал ахуал (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: республикалық деңгей үшін М 1:1 000 000; облыстар үшін М 1:500 00, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000, қаладағы аудандар үшін М 1:25 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);";

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) эвакуациялау және шоғырландыру (эвакуацияланған халықты қабылдау және орналастыру) жоспары (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: республикалық деңгей үшін М 1:1 000 000; облыстар үшін М 1:500 00, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000, қаладағы аудандар үшін М 1:25 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);

      7) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан, қалалар үшін әскери басқару органдарымен және азаматтық қорғауды басқару органдарымен азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау кезінде өзара іс-қимыл жасау жоспары (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: облыстар үшін М 1:500 00, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000, қаладағы аудандар үшін М 1:25 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда).";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Радиацияға қарсы, химиялық және биологиялық қорғау.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры
Е. Тургумбаев