"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 қазанда "Казахстанская правда" газетінің № 274-275 (26335-26336) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтерін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтері бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |
Өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтері
Республикалық, облыстық маңызы бар қалалар:
№ | Жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары: | Норматив* |
1 | Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология) | 1,3 |
2 | Кардиология (ересектер) | 0,2 |
3 | Кардиология (балалар) | 0,02 |
4 | Ревматология (ересектер) | 0,03 |
5 | Ревматология (балалар) | 0,03 |
6 | Аллергология және иммунология (ересектер, балалар) | 0,05 |
7 | Гастроэнтерология (ересектер) | 0,05 |
8 | Гастроэнтерология (балалар) | 0,03 |
9 | Гематология (ересектер) | 0,05 |
10 | Онкология және гематология (балалар) | 0,02 |
11 | Пульмонология (ересектер) | 0,05 |
12 | Пульмонология (балалар) | 0,02 |
13 | Эндокринология (ересектер) | 0,2 |
14 | Эндокринология (балалар) | 0,05 |
15 | Нефрология (ересектер) | 0,07 |
16 | Нефрология (балалар) | 0,02 |
17 | Фтизиатрия (ересектер, балалар) | 0,4 |
18 | Кәсіби патология | 0,03 |
19 | Инфекциялық аурулар (ересектер) | 0,3 |
20 | Инфекциялық аурулар (балалар) | 0,15 |
21 | Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектер, балалар) | 0,15 |
22 | Неврология (ересектер) | 0,5 |
23 | Неврология (балалар) | 0,25 |
24 | Психиатрия | 0,5 |
25 | Медициналық оңалту (ересектер, балалар) | 0,15 |
26 | Сәулелік терапия (радиациялық онкология) | 0,03 |
27 | Сәулелі диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина) | 1,0 |
28 | Функциялық диагностика | 0,25 |
29 | Клиникалық зертханалық диагностика | 0,5 |
30 | Спорт медицинасы | 0,03 |
31 | Гериатрия | 0,02 |
32 | Клиникалық фармакология | 0,02 |
33 | Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер) | 0,9 |
34 | Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталды реанимация) (балалар) | 0,2 |
35 | Жалпы хирургия | 1,0 |
36 | Кардиохирургия (ересектер, балалар) | 0,03 |
37 | Ангиохирургия (рентгенохирургия, интервенциялық хирургия) (ересектер, балалар) | 0,03 |
38 | Нейрохирургия (ересектер, балалар) | 0,15 |
39 | Жақ сүйек-бет хирургиясы (ересектер, балалар) | 0,05 |
40 | Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер) | 0,4 |
41 | Травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектер, балалар) | 0,5 |
42 | Урология және андрология (ересектер, балалар) | 0,15 |
43 | Офтальмология (ересектер, балалар) | 0,4 |
44 | Оториноларингология (ересектер, балалар) | 0,3 |
45 | Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер, балалар) | 0,1 |
46 | Трансфузиология | 0,1 |
47 | Токсикология (ересектер, балалар) | 0,03 |
48 | Педиатрия (неонатология) | 1,3 |
49 | Неонатология (интенсивтік терапия және неонаталдық реанимация) | 0,2 |
50 | Балалар психиатриясы | 0,2 |
51 | Балалар хирургиясы (неонаталдық хирургия) | 0,2 |
52 | Акушерия және гинекология | 1,4 |
53 | Медициналық генетика | 0,03 |
54 | Жедел және шұғыл медициналық көмек | 0,3 |
55 | Стоматология (ересектер, балалар) | 0,6 |
56 | Мейіргер ісі | 0.05 |
№ | Техникалық және кәсіби медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары: | Норматив |
---|---|---|
57 | Мейіргер ісі | 63,5 |
58 | Емдеу ісі | 7,0 |
59 | Акушерия ісі | 5,1 |
Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар**
№ | Жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары: | Норматив | ||||||
ДА | МСАКО, АЕ | АА | КБАА | |||||
60 | Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина) | 6,7 | 6,7 | 6,7 | 6,7 | |||
61 | Педиатрия (неонатология) | 20,0 (0-ден 6 жасқа дейінгі балалар) | 20,0 (0-ден 6 жасқа дейінгі балалар) | 20,0 (0-ден 6 жасқа дейінгі балалар) | 20,0 (0-ден 6 жасқа дейінгі балалар) | |||
62 | Акушерия және гинекология | 0,7 - 2,0 | 0,6 - 1,0 | 0,8 | ||||
63 | Жалпы хирургия | 0,3 - 1,0 | 0,4 - 0,7 | 0,6 | ||||
64 | Терапия | 0,3 - 1,0 | 0,4 - 0,7 | 0,4 | ||||
65 | Неврология | 0,2 - 0,3 | 0,2 | |||||
66 | Кардиология | 0,2 - 0,3 | 0,2 | |||||
67 | Эндокринология | 0,2 - 0,3 | 0,2 | |||||
68 | Инфекциялық аурулар | 0,2 - 0,3 | 0,2 | |||||
69 | Онкология | 0,2 - 0,3 | 0,2 | |||||
70 | Медициналық оңалту | 0,2 - 0,3 | 0,2 | |||||
71 | Дерматовенерология | 0,2 - 0,3 | 0,2 | |||||
72 | Офтальмология | 0,2 - 0,3 | 0,2 | |||||
73 | Отоларингология | 0,2 - 0,3 | 0,2 | |||||
74 | Анестезиология және реаниматология | 0,4 - 0,7 | 0,6 | |||||
75 | Психиатрия | 0,2 - 0,3 | 0,2 | |||||
№ | Техникалық және кәсіби медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары: | МП | ФАП | ДА | МСАКО, АЕ | АА | КБАА | |
76 | Мейіргер ісі/ Емдеу ісі | 1,0 - 6,7 | 1,0 - 6,7 | 1,0 - 6,7 | 0,7 - 2,0 | 0,4 - 0,7 | 0,4 | |
77 | Акушерия ісі | 1,0 | 1,0 – 6,7 | 0,3 – 1,0 | 0,6 – 1,0 | 0,8 |
Барлық қалалар мен елді мекендердегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметі
№ | Жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары: | Норматив |
78 | Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина) | 6,7 |
79 | Терапия | 5,0 |
80 | Педиатрия | 20,0 (0-ден 6 жасқа дейінгі балалар) |
№ | Техникалық және кәсіби медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары: | Норматив |
81 | Жалпы практика мейіргері (отбасылық мейіргер) | 1 жалпы практика дәрігеріне 3 |
82 | Терапиялық учаскенің мейіргері | 1 учаскелік терапевтке 2 |
83 | Педиатриялық учаскенің мейіргері | 1 учаскелік педиатрға 2 |
Ескерту:
*Норматив ең төменгі болып табылады және 10 000 халыққа есептеледі.
**Аудандар, ауылдық округтер үшін медицина қызметкерлеріндегі қажеттілікті анықтау бірінші кезекте жүргізіледі.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АА – аудандық аурухана;
АЕ – аудандық емхана;
ДА – дәрігерлік амбулатория;
КБАА – көп бейінді ауданаралық аурухана;
МП – медициналық пункт;
МСАКО –медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;
ФАП – фельдшерлік-акушерлік пункт.