РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 96-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысанын және оны шығару мерзімі бекітілсін.
2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімді Салық кодексінің 96-бабының 2-тармағында көзделген мерзім аяқталған күннен бастап (5) бес жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік кірістер органдары шығарады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 411 бұйырығымен бекітілген |
|
| нысан |
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім
20___жылғы "___" _________ № _____
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің
(бұдан әрі – Салық кодексі) 96-бабының 4-тармағына сәйкес
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органның атауы)
қарау нәтижесі бойынша: (тиісті ұяшықтың бірін X белгісімен белгілейді)
![]()
![]()
Сізді
____________________________________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе салық төлеушінің
(салық агентінің) толық атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(ЖСН/БСН))
20___ жылғы "____"_______№____________ камералдық бақылау нәтижелері
бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы
хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығарылғаны туралы хабарлайды:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(себептері көрсетіледі)
Салық кодексінің 96-бабының 4-1-тармағына сәйкес осы шешіммен келіспеген жағдайда, салық төлеуші (салық агенті)
Салық кодексінің 96-бабында белгіленген мерзімде, жоғары тұрған органға және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Бұл ретте шағымның көшірмесін салық төлеуші (салық агенті), шешім қабылданған салық органына жіберілуге тиіс.
Мемлекеттік кірістер органның
басшысы (басшының орынбасары_________________ _____________
(мөр орны) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Шешімді алдым ___________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
немесе салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, қолы, күні)
Шешім салық төлеушіге (салық агентіне) табыс |
Салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты |
Шешім салық төлеушіге |