Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 сәуірде № 18555 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12052 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сертификаттарды беруді, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттау талаптарының сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы, www.elіsense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Жарық сигналды, радиотехникалық және метеожабдықтармен жарақталған әуеайлақтардың жарамдылығын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ІІ, ІІІ санаттарының бірі бойынша сертификаттау үшін уәкілетті орган халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының мамандарын тартуы мүмкін.

      Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде алым алынады.";

      2) "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1038 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12904 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет ақылы және тегін негізде көрсетіледі.

      Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін алым төлемі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.

      Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

      1) класына (санатына) байланысты әуеайлақтар бойынша:

      А немесе Б немесе В класы/ санатталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 1349 айлық есептік көрсеткіш;

      А немесе Б немесе В класы / І-санаты - алым төленетін күні қолданыстағы 1604 айлық есептік көрсеткіш;

      А немесе Б немесе В класы / ІІ немесе ІІІ-санаты - алым төленетін күні қолданыстағы 2078 айлық есептік көрсеткіш;

      Г класы/ санатталмаған - алым төленбейді;

      Д класы/ санатталмаған - алым төленбейді;

      Е класы/ санатталмаған - алым төленбейді;

      2) класына (типіне) байланысты тікұшақ айлақтары бойынша:

      жер беті деңгейінде орналасқан:

      І, ІІ, ІІІ класы жабдықталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық есептік көрсеткіш;

      І, ІІ, ІІІ класы ішінара жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 419 айлық есептік көрсеткіш;

      І, ІІ, ІІІ класы жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 510 айлық есептік көрсеткіш;

      жер бетіндегі:

      І, ІІ, ІІІ класы жабдықталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш;

      І, ІІ, ІІІ класы ішінара жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 382 айлық есептік көрсеткіш;

      І, ІІ, ІІІ класы жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 437 айлық есептік көрсеткіш;

      палубалық тікұшақ айлағы немесе тікұшақ палубасы:

      І, ІІ, ІІІ класы жабдықталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 255 айлық есептік көрсеткіш;

      І, ІІ, ІІІ класы ішінара жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 309 айлық есептік көрсеткіш;

      І, ІІ, ІІІ класы жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш.

      Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау класы Г/ санатталмаған, класы Д /санатталмаған, класы Е /санатталмаған әуеайлақтардан басқа көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

      Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асыруға болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      20___ жылғы "____" _____________