Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 сәуірде № 18552 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережесінің 16-тармағының 126-1) және 126-2) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын бақылау пункттерінің тізбесі;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарындағы бақылау пункттерінде автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 18 сәуірдегі
№ 158 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын бақылау пункттерінің тізбесі

Облыстың атауы

Ауданның атауы

Пункттердің атауы

Бақылау пункттерінің саны

1

2

3

4

5

Ресей Федерациясымен

1.

Атырау

Құрманғазы

Құрманғазы

2

2.

Ақтөбе

Мәртөк

Жайсаң

2

3.

Қарғалы

Әлімбет

2

4.

Шығыс Қазақстан

Бородулиха

Жезкент

2

5.

Ауыл

2

6.

Байтанат

2

7.

Шемонаиха

Үбе

2

8.

Батыс Қазақстан

Бөрлі

Ақсай

2

9.

Зеленов

Сырым

2

10.

Тасқала

Тасқала

2

11.

Зеленов

Шаған

2

12.

Жәнібек

Жәнібек

2

13.

Бөкейорда

Орда

2

14.

Қостанай

Ұзынкөл

Обаған

2

15.

Ақбалшық

2

16.

Таран

Аят

2

17.

Қарабалық

Қайрақ

2

18.

Жетіқара

Қондыбай

2

19.

Желқуар

2

20.

Солтүстік Қазақстан

Мамлүт

Жаңа Жол

2

21.

М. Жұмабаев

Қарақоға

2

22.

Уәлиханов

Бидайық

2

23.

Қызылжар

Қызыл Жар

2

1

2

3

4

5

24.

Павлодар

Ертіс

Амангелді

2

25.

Үспен

Қосақ

2

26.

Найза

2

27.

Шарбақты

Шарбақты

2

28.

Железин

Үрлітөбе

2

Қырғыз Республикасымен

29.

Жамбыл

Жамбыл

Айша бибі

2

30.

Мерке

Сыпатай батыр

2

31.

Қордай

Қарасу

2

32.


Қордай

Қордай

2

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 18 сәуірдегі
№ 158 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарындағы бақылау пункттерінде автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарындағы бақылау пункттерінде автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) автомобиль қатынасы шегіндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясымен шекара маңы аумағындағы бақылау пункттерінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша негізгі мәселелерді регламенттейді.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның ведомстволары (бұдан әрі – ведомстволар) – агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның комитеттері;

      2) агроөнеркәсіптік кешен өнімдері (бұдан әрі – өнімдер) – карантинге жатқызылған өнімдер, карантинге жатқызылған объектілер және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер;

      3) бақылау пункттері – Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасының маңындағы аумақтағы автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға арналған, қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақталған пункттер;

      4) ведомстволардың аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, аудан, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана) орналасқан ведомстволардың аумақтық бөлімшелері;

      5) өнімдерді мемлекеттік бақылау мен қадағалау (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау мен қадағалау) – бақылау пункттеріне бекітілген ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жүзеге асыратын өнімдерді әкелу, әкету және орнын ауыстыру кезіндегі мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің лауазымды адамдары құзыреті шегінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарына оларға жүктелген міндеттерді шешуде жәрдем көрсетеді.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген көлік құралдарын әкімшілік тұрғыдан кідіртуге құқығы бар мемлекеттік органдар ведомстволармен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органмен бірлескен Жоспарға сәйкес іске асырылатын бірлескен профилактикалық іс-шараларды жүргізу аясында тиісті бақылау пункттерін лауазымды адамдарға (бұдан әрі – Бекітіп берілген лауазымды адамдар) бекітіп береді.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдары қолда бар байланыс құралдарымен бақылау пунктіндегі ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне өнімдері бар жеке және заңды тұлғалардың және көлік құралдарының келгені туралы хабардар етеді.

2-тарау. Бақылау пункттерінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібі

      6. Тиісті ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін Бекітіп берілген лауазымды адамды ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізуі мақсатында көрсетілген көлік құралын бақылау пунктінде кейіннен тоқтату үшін көлік құралының түрі мен нөмірін көрсете отырып, дереу хабардар етеді.

      Бекітіп берілген лауазымды адамның көлік құралын тоқтатуы ведомстволардың тиісті аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамының қатысуымен жүзеге асырылады.

      7. Ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау мен қадағалау мынадай бақылау:

      1) құжаттамалық бақылау;

      2) физикалық бақылау;

      3) осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша зертханалық бақылау түрлерінен тұрады.

      8. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылданады:

      1) өнімдерді өткізу туралы;

      2) өнімдердің қозғалысын тоқтата тұру туралы;

      3) өнімдерді қайтару немесе жою туралы.

      9. Көлік компаниясының өкілінен немесе өнімдерді тасымалдау кезеңінде жүк алушының заңды өкілі болып табылатын өкілден:

      1) ілеспе құжаттарды (немесе өнімдердің қауіпсіздігін растайтын өзге құжат));

      2) көліктік (тасымалдау) құжаттарын (тауар-көліктін жүкқұжат) (жеке тұлғалардың жеке пайдалануларына арналған өнімдерді әкелуін қоспағанда);

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығымен белгіленген жағдайларда қажетті зертханалық зерттеулер жүргізу туралы мәліметтерді алу мемлекеттік бақылау және қадағалау рәсімін жүзеге асыруды бастау үшін негіз болып табылады.

      10. Бақылау пунктіндегі құжаттамалық бақылау:

      1) өнімдерге ілеспе құжаттардың (немесе өнімдердің қауіпсіздігін растайтын өзге де құжаттың) болуы мен мазмұнының сәйкестігін;

      2) ұсынылған ілеспе құжаттарда (немесе өнімдердің қауіпсіздігін растайтын өзге де құжатта), көліктік (тасымалдау) құжаттарда мәліметтер қайшылықтарының жоқтығын;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының өнімдерді әкелуге, әкетуге, орнын ауыстыруға тыйым салуларының немесе шектеулерінің болуын;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығымен белгіленген жағдайларда өнімдерді өндіруді, өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізілімінде өнімдерді өндіруші кәсіпорынның болуын тексеруден тұрады.

      11. Құжаттамалық бақылаудың нәтижесі:

      1) ұсынылған құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін не сәйкес еместігін анықтау;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының өнімдерді әкелуге, әкетуге, орнын ауыстыруға тыйым салу немесе шектеу құжаттарының не фактісінің бар не жоғын анықтау болып табылады.

      12. Бақылау пунктіндегі физикалық бақылау:

      1) өнімдерді қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру кіреді, бұл ретте өнімдер ілеспе құжаттарда (немесе өнімдердің қауіпсіздігін растайтын өзге де құжатта), көліктік (тасымалдау) құжаттарда көрсетілген деректермен салыстырылып тексереді;

      2) көлік құралының өнімдерді тасымалдау үшін қажетті белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау және бақылауды;

      3) буып-түю мен таңбалаудың белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтиды.

      13. Өнімдерді жете тексеру және (немесе) қарап-тексеру көлік компаниясы өкілінің немесе өнімдерді тасымалдау кезеңінде жүк алушының заңды өкілі болып табылатын өкілдің қатысуымен жүзеге асырылады.

      14. Зертханалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында және Еуразиялық экономикалық одақ құқығында белгіленген тәртіппен сынамалар алу және оларды зертханалық зерттеулер жүргізу үшін жіберу жолымен:

      1) морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілермен ұқсас организмдердің, өсімдіктер аурулары симптомдарының анықталуы;

      2) карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен зақымдану белгілерінің анықталуы;

      3) жануардың клиникалық жай-күйінің өзгеруі, оны кейіннен оқшаулау;

      4) жануардың өлуі (диагноз қою мақсатында патологиялық материал алу);

      5) дефростация, бүліну, орама, таңбалау бүтіндігінің бұзылуы белгілері, бөгде иістің болуы, өнімдердің ағуы жағдайларында жүзеге асырылады.

      15. Шешім қабылдау құжаттамалық бақылау, өнімдерді қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру, көлік құралын қарап-тексеру және оның белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау нәтижелері бойынша ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      16. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау ведомстволардың аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының көлік (тасымалдау) құжатына немесе ілеспе құжаттарға (немесе өнімдердің қауіпсіздігін растайтын өзге де құжатқа) осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес қабылданған шешім туралы белгі қоюы арқылы аяқталады, ол күні мен тиісті ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамының дербес деректері көрсетіле отырып, қолтаңбамен және жеке нөмірлік мөр бедерімен расталады.

      17. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Еуразиялық экономикалық одақ құқығының өнімдерге қойылатын талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиісті ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес нысан бойынша акт жасайды.

      18. Егер, мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған және өнімдердің Қазақстан Республикасы заңнамасының және Еуразиялық экономикалық одақ құқығының талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда, мұндай өнімдер кідіртілуі тиіс. Оған қатысты жою немесе қайтару туралы шешім қабылданады.

      19. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы өнімдерді кері қайтару немесе жою туралы шешімді:

      1) өнімдерді өндіруші кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына сәйкес Өнімдерді өндіруді, өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізілімінде болуы тиіс жағдайларда, өнімдерді өндіруші кәсіпорынның осы тізілімде болмаған;

      2) уақытша шаралар енгізілген, оның ішінде әкелуге, транзиттеуге тыйым салынған немесе шектеу енгізілген өнімдердің келіп түскен;

      3) өнімдерге қойылатын талаптарға сәйкессіздіктер анықталған;

      4) зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша өнімдерге қойылатын талаптарға сәйкессіздіктер анықталған;

      5) өнімдерді сақтау және тасымалдау шарттары бұзылған жағдайларда қабылданады.

      20. Осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес шешім қабылдаған ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы 2 сағат ішінде ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесінің уәкілетті адамына және ведомствоның жауапты лауазымды адамына өнімдердің иесін, өнімдерің межелі (жеткізілу) орнын, экспорттаушы елді, ілеспе құжаттың (немесе өнімдердің қауіпсіздігін растайтын өзге де құжаттың) нөмірін, көлік құралының түрін және оның тіркеу нөмірін көрсете отырып, ақпарат жеткізеді және осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес шешімдер қабылданған жағдайда, қандай негізде шешім қабылданған себептерді көрсетеді.

      21. Өнімдерді кері қайтару ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша кері қайтару актісін ресімдеуі жолымен жүзеге асырылады.

      Өнімдерді жою Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      22. Кері қайтару немесе әкелуге рұқсат ету туралы шешімді ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы 72 сағаттан аспайтын мерзімде қабылдайды, ол зертханалық зерттеулер жүргізу және нәтижелерін алу үшін қажетті мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      Өсімдіктер карантині саласындағы зертханалық зерттеулер Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 10 мамырдағы № 41 шешімімен бекітілген Карантиндік фитосанитариялық шараларды зертханалық қамтамасыз ету тәртібінде белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

      Ветеринария саласындағы зертханалық зерттеулер халықаралық және ұлттық стандарттарда, сондай-ақ өнімдердің түріне, оларды зерттеу әдісіне және зерттелетін қауіпсіздік көрсеткішіне байланысты Халықаралық эпизоотиялық бюро аясында әзірленген стандарттарда, нұсқамаларда және ұсынымдарда белгіленген мерзімдерде, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 80 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде зертханалық зерттеулер (сынақтар) жүргізуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      23. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары өнімдердің межелі (жеткізілу) орнындағы тиісті ведомствоның аумақтық бөлімшесін, экспорттаушы елді хабардар ете отырып, өнімдер туралы, қабылданған шешім, мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері, өнімдердің иесі, өнімдердің межелі (жеткізілу) орны туралы ілеспе құжаттың (немесе өнімдердің қауіпсіздігін растайтын өзге де құжаттың) нөмірі, көлік құралының түрі мен оның тіркеу нөмірі туралы мәліметтер мен деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізеді, осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес шешімдер қабылданған жағдайда, оның негізінде осындай шешім қабылданған себептерді көрсетеді.