БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16265 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:"
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш-сауалнама;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (мөрмен және қол қоюмен расталған көшірме);
3) іске асырылатын жобаның (жобаның құрылысына рұқсат беру құжаттамасын, бизнес-жоспарды қоса бере отырып, еркін нысанда қалыптастырылады) сипаттамасы;
4) Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда жобаны іске асыру үшін кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар ЕДБ хаты;
5) тиісті өңірдің органынан жобаға кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы;
6) объекті бойынша ақпарат (таныстыру, жарнамалық материалдар, пәтерлердің жобалары, пәтерлердің саны мен алаңдары), оның ішінде электрондық түрде;
7) "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамыммен жобаның қаралғандығын растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";
"Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада:
9-бөлім "Кепілдіктер және келісімдер" мынадай редакцияда жазылсын:
"ЖКС өңірлік үйлестірушіге мыналарды мәлімдейді және мынадай кепілдіктер береді:
1. Осы өтінішпен бірге не өңірлік үйлестірушінің сұрау салуы бойынша өңірлік үйлестірушіге тапсырылған (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама анық болып табылады және төменде көрсетілген күндегі шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда, өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге міндеттенемін.
2. Осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпаратты және құжаттарды өңірлік үйлестірушінің алғашқы талап етуі бойынша беруге және ашуға міндеттенеді.
3. Өңірлік үйлестіруші көрсетілген куәландырулар мен кепілдемелердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес.
4. ЖКС-ға жалған, толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілігі туралы ескертілген.
5. ЖКС-ның жарғылық құзыреті берілген өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретіндігін ЖКС растайды.
6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталатын кез келген кезеңде осы өтініштің қабылданбайтындығымен келісемін.
ЖКС өңірлік үйлестірушіге төмендегілер бойынша өз келісімін береді:
1. Өңірлік үйлестіруші осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мемлекеттік органдарға (қаржы агентіне) ұсынады.
2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ өңірлік үйлестіруші талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылған.
3. Өңірлік үйлестіруші ЖКС хабарлаған өзі туралы кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал ЖКС ұсынған құжаттар мен өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмесе де, өңірлік үйлестірушіде сақталатын болады.
4. Өңірлік үйлестірушінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС-ның ықтимал шығыстары (субсидиялауды алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу шығыстары және басқа да шығыстар) өңірлік үйлестірушінің субсидиялауды беру немесе ЖКС көтерген шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейін өңірлік үйлестірушіге наразылық білдірмеймін.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
2019 жылғы "____" _____________