БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазы мен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдар мен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 30 сәуірде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрыққа "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдер мен қамтамасыз етудің заттай нормалары" деген 1-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
" |
2 | Президент Әкімшілігі | Президент Әкімшілігінің Басшысы | 1 | 3100 | ||
Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары | 1 | 2500 | ||||
Президенттің көмекшісі– Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы | 1 | 3100 | ||||
Президенттің көмекшісі | 1 | 3100 | ||||
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары | 1************ | 2500 | ||||
Президент Кеңсесінің бастығы | 1*********** | 3100 | ||||
Президенттің Баспасөз хатшысы | 1 | 3100 | ||||
Президенттің Протокол бастығы | 1 | 3100 | ||||
Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы | 1 | 2500 | ||||
Астана қаласында көліктік қызмет көрсету | 16********* | 1********* | 2600 | |||
Алматы қаласында | 1********* | 6********* | 2600 | |||
Қонақтарға арналған | 25 | *** |
"; |
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
" |
5 | Премьер-Министрдің Кеңсесі | Премьер-Министрдің орынбасары | 1 | 3100 | ||
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | 1******** | 3100 | ||||
Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының орынбасары | 1 | 2000 | ||||
Алматы қаласында көліктік қызмет көрсету | 12 | 1 | 2600 | |||
Қонақтарға арналған | 14 | *** |
"; |
******** және ********* ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"******** осы заттай нормасы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына да қолданылады
********* Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві" мемлекеттік мекемесі үшін – 2 бірлік";
*********** және ************ ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"*********** осы заттай нормасы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына да қолданылады
************ осы заттай нормасы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарларына да қолданылады";
************* ескертпе алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
А. Смайылов |