Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 ақпанда № 18281 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда (одан әрі – Қағидалар):

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Жеке және заңды тұлғалар портал арқылы келісім-хат алу үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынады;

      Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінімді қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тарту береді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат әрбір карантиндік объектіге беріледі және берілген күннен бастап алты ай ішінде жарамды.

      Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат бір реттен артық пайдаланылмайды.

      Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында ресімделеді.

      Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат зертхананың осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, биологиялық қауіпсіздіктің әр түрлі деңгейіндегі карантиндік объектілерге арналған зертханаларда оқшаулау шарттарының тізбесінде баяндалған талаптарға сәйкестігін айқындау бойынша, бақылаудың өзге нысанын жүргізу нәтижелері бойынша беріледі.";

      35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берген карантиндік сертификаттар бар болғанда жүзеге асырылады.

      Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының карантиндік аймақтарынан әкетуге карантиндік сертификаттар беруді уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары портал арқылы жүргізеді.

      36. Жеке және заңды тұлғалар портал арқылы карантиндік сертификат алу үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынады.

      Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінімді қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тарту береді.

      37. Карантиндік сертификатты карантинге жатқызылған өнімді карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі негізінде, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда – карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық сараптамасы негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор электрондық құжат нысанында береді және оның электрондық сандық қолтаңбасымен расталады.

      Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына, осы өнімді жеткізу бойынша қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтері көрсетіліп беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландырады.

      Карантиндік сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.

      Карантиндік сертификатты уәжді бас тарту беру үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өтінім берушінің карантинге жатқызылған өнімді карантиндік жай-күйін айқындау үшін ұсынбауы;

      2) қараөріктің шарка вирусы (Plum pox potyvіrus) бар жемістер мен жидектерді, қалқаншалы және жалған қалқаншалы сымырлардың карантиндік түрлерін қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;

      3) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау, бұл межелі орнының өзгеру жағдайын қоспағанда, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінен ақпарат алынғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде карантиндік сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;

      4) өтінім беруші карантиндік сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      5) өтінім берушінің және (немесе) карантиндік сертификатты алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      6) өтінім берушіге қатысты карантиндік сертификатты алумен байланысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.";

      2) "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12033 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 1 ақпандағы
№ 46 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 4-4/500 бұйрығына
1-қосымша

"Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі– 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – карантиндік сертификат немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – электрондық.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні немесе көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақытының кестесіне сәйкес жүзеге асырылады).

      9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді электрондық құжат нысанында портал арқылы жолдайды.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер мыналар болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының карантинге жатқызылған өнімді карантиндік жай-күйін айқындау үшін ұсынбауы;

      2) қараөрік шаркасы (Plum Pox Potyvіrus) бар жемістер мен жидектерді, жалған қалқаншалы және қалқаншалы сымырларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;

      3) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау, межелі орнының өзгеру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінен ақпарат алғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде карантиндік сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;

      4) көрсетілетін қызметті алушы карантиндік сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, карантиндік сертификатты алу үшін қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты карантиндік сертификатты алумен байланысты қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) растайды.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mоа.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

      "Карантинге жатқызылған өнімді

  Қазақстан Республикасының
аумағында тасуға карантиндік
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
  Нысан
  Кімге______________________________
  (өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті
  ___________________________________
  орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің атауы)
  кімнен_____________________________
  (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның
  ___________________________________
  аты, әкесінің аты (
  ____________________________________
  бар болса),тегі)
  ___________________________________
  заңды мекенжайы (бизнессәйкестендіру нөмірі/
  ______________________________________
  жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

      ____________________________________________________ мынадай карантинге

      (облыс, қала)

      жатқызылған өнімді әкетуге карантиндік сертификат беруді сұраймын:

      1. Карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен мөлшері, оның сипаттамасы

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________,

      орын саны және орама сипаттамасы, айырым белгілері_______________________,

      нысаналы мақсаты_______________________________________________________

      _______________________________________________________________________;

      2.* Өсімдіктің ботаникалық атауы__________________________________________;

      3. Облыстың (қаланың) атауы, карантинге жатқызылған өнімнің межелі мекенжайы

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________;

      4. Карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту күні және орны

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________;

      5. Жөнелтілетін станцияның атауы__________________________________________

      _______________________________________________________________________;

      6. Межелі станцияның атауы______________________________________________

      _______________________________________________________________________;

      7. Жүк алушы, карантинге жатқызылған өнім жүк алушысының мекенжайы

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының

      заңдарына сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін жауапкершілік туралы

      хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға

      келісім беремін.

      Басшы ______ __________________________________________________________

                  (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Мөр (бар болса) орны 20 __ жылғы "___"_____________

                  (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда)

      *Ескертпе: толтыру міндетті емес жолдар

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 1 ақпандағы
№ 46 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 4-4/500 бұйрығына
3-қосымша

"Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – келісім-хат немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – электрондық.

      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні немесе көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақытының кестесіне сәйкес жүзеге асырылады).

      9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) портал арқылы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім электрондық құжат нысанында жолданады.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының келісім-хат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе келісім-хатты алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының келісім-хатты алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған болуы.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша түрде почта арқылы немесе қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) растайды.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметі алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілген қызметті берушінің www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Ғылыми-зерттеу мақсатында
карантиндік объектілерді
(карантиндік зиянды
организмдер)
әкелуді келісу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
  Нысан
  Кімге_____________________________
  (өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган
  ___________________________________
  ведомствосының аумақтық бөлімшесі)
  кімнен_____________________________
  (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке
  __________________________________
  тұлғаның, аты, әкесінің аты (
  __________________________________
  бар болса), тегі)
  __________________________________
  (бизнессәйкестендіру
  __________________________________
  нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

      Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді)

      Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге келісім-хат беруді сұраймын:

      _______________________________________________________________________

                        (карантиндік объектінің ғылыми атауы)

      _______________________________________________________________________

                        (материалдың типі)

      _______________________________________________________________________

                        (материалдың саны)

      1. Карантиндік объектілерді әкелу қажеттілігінің негіздемесі ___________________

      _______________________________________________________________________

      2. Ғылыми зерттеулерді орындаудың мерзімі, сипаты және міндеттері___________

      _______________________________________________________________________

      3. Карантиндік объектілерді әкелудің болжамды мерзімі______________________

      4. Жеткізу тәсілі_________________________________________________________

      5. Экспорттаушы ел (жеткізушінің мекенжайын қоса алғанда)__________________

      6. Транзит елдері________________________________________________________

      7. Мекендейтін елдер____________________________________________________

      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті

      _______________________________________________________________________

      9. Жеткізу орны және сақтау шарттары______________________________________

      _______________________________________________________________________

      (үй-жайлардың мекенжайы және сипаттамасы, объекті ұсталатын үй-жайды

      оқшаулау шарттары)

      10. Ғылыми зерттеулер аяқталғаннан кейін карантиндік объектіні жою әдісінің

      қажеттігін қоса алғанда, жүргізілетін болжамды стандартты жұмыс рәсімдері

      _______________________________________________________________________

      11. Тікелей ғылыми зерттеулер жүргізілетін зертханаға өсімдіктер карантині

      жөніндегі мемлекеттік инспектордың кіруін қамтамасыз етуге міндеттенемін.

      Қосымша:

      1. _____________________________________________________________________;

      2. _____________________________________________________________________.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәлімет ұсынғаным үшін

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын

      және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Басшы ________ ________________________________________________________

                  (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20__ жылғы "____" ______________