"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 7 ақпанда № 18275 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 4 ақпандағы
№ 57 бұйрығына
қосымша
  Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу қағидаларына
5-қосымша

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламалары тобы

Бейіндік пәндер

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

В001

Педагогика және психология

Биология

География

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Биология

География

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Биология

География

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

Дүниежүзі тарихы

География

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

Математика

Физика

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

Физика

Математика

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

Математика

Физика

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

Химия

Биология

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

Биология

Химия

В014

География мұғалімдерін даярлау

География

Дүниежүзі тарихы

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Дүниежүзі тарихы

География

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Орыс тілі

Орыс әдебиеті

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Шетел тілі

Дүниежүзі тарихы

В019

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

Биология

География

В020

Арнайы педагогика мамандарын даярлау

Биология

География

В021

Орындаушылық өнер

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В022

Эстрада өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В023

Аспапта орындаушылық

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В024

Музыкатану және өнертану

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В025

Дәстүрлі музыка өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В026

Дирижерлеу және композиция

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В027

Театр өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В028

Хореография

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В029

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В030

Бейнелеу өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В031

Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В032

Философия және этика

Дүниежүзі тарихы

География

В033

Дінтану және теология

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В034

Тарих және археология

Дүниежүзі тарихы

География

В035

Түркітану және шығыстану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В036

Аударма ісі

Шетел тілі

Дүниежүзі тарихы

В037

Филология

Қазақ/Орыс тілі

Қазақ/Орыс әдебиеті

В038

Әлеуметтану

Математика

География

В039

Мәдениеттану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В040

Саясаттану және азаматтық құқықтану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В041

Психология

Биология

География

В042

Журналистика және репортер ісі

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В043

Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Қазақ/Орыс тілі

Қазақ/Орыс әдебиеті

В044

Менеджмент және басқару

Математика

География

В045

Аудит және салық салу

Математика

География

В046

Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Математика

География

В047

Маркетинг және жарнама

Математика

География

В048

Еңбек дағдылары

Математика

География

В049

Құқық

Дүниежүзі тарихы

Адам. Қоғам. Құқық

В050

Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Биология

Химия

В051

Қоршаған орта

Биология

География

В052

Жер туралы ғылым

Математика

География

В053

Химия

Химия

Биология

В054

Физика

Физика

Математика

В055

Математика және статистика

Математика

Физика

В056

Механика

Математика

Физика

В057

Ақпараттық технологиялар

Математика

Физика

В058

Ақпараттық қауіпсіздік

Математика

Физика

В059

Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

Математика

Физика

В060

Химиялық инженерия және процестер

Химия

Физика

В061

Материалтану және технологиялар

Математика

Физика

В062

Электр техникасы және энергетика

Математика

Физика

В063

Электр техникасы және автоматтандыру

Математика

Физика

В064

Механика және металл өңдеу

Математика

Физика

В065

Автокөлік құралдары

Математика

Физика

В066

Теңіз көлігі және технологиялары

Математика

Физика

В067

Әуе көлігі және технологиялары

Математика

Физика

В068

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

Биология

Химия

В069

Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)

Математика

Физика

В070

Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

Математика

Физика

В071

Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Математика

Физика

В072

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Химия

Биология

В073

Сәулет

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В074

Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Математика

Физика

В075

Кадастр және жерге орналастыру

Математика

География

В076

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Математика

Физика

В077

Өсімдік шаруашылығы

Биология

Химия

В078

Мал шаруашылығы

Биология

Химия

В079

Орман шаруашылығы

Биология

География

В080

Балық шаруашылығы

Биология

Химия

В081

Жерге орналастыру

Математика

Физика

В082

Су ресурстары және суды пайдалану

Математика

Физика

В083

Ветеринария

Биология

Химия

В084

Мейірбике ісі

Биология

Химия

В085

Фармация

Биология

Химия

В086

Жалпы медицина

Биология

Химия

В087

Стоматология

Биология

Химия

В088

Педиатрия

Биология

Химия

В089

Медициналық диагностика және емдеу технологиялары

Биология

Химия

В090

Әлеуметтік жұмыс

Биология

География

В091

Туризм

География

Шетел тілі

В092

Тынығу

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В093

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

География

Шетел тілі

В094

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

Математика

Физика

В095

Көлік қызметтері

Математика

География

В096

Құқық қорғау қызметі

Дүниежүзі тарихы

Адам. Қоғам. Құқық

В097

Өрт қауіпсіздігі

Математика

Физика