БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттар және оларға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін ведомстволық интернет-ресурстарда орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Білім және ғылым министрі | _________Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер министрі | _________Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"____"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
"____"____________
Қазақстан Республикасы | |
Білім және ғылым министрінің | |
2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 | |
және | |
Қазақстан Республикасы | |
Ішкі істер министрінің | |
2019 жылғы 23 қаңтардағы | |
№ 49 бірлескен бұйрығымен | |
бекітілген |
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттар және оларға қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттар және оларға қойылатын талаптар мемлекеттік мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында орнатылатын бейнесигналдарды беруге арналған құрал-жабдықтар мен байланыс желілеріне стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Бейнебақылау жүйесі – объектінің жай-күйі және оның қауіпсіздігі туралы көрсетілімдерді алуға арналған техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар бірлесіп әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы.
2-тарау. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелеріне стандарттар
3. Бейнебақылау жүйесі көрнекі ақпаратты арнайы бөлінген үй-жайында не орталықтандырылған күзет пунктінде (болған жағдайда) орналасқан техникалық құралға немесе жинауға, өңдеуге, көрсетуге және тіркеуге арналған техникалық құрал жиынтығына беруді қамтамасыз етеді.
4. Бейнебақылау жүйесі жұмысты автоматтандырылған режимде қамтамасыз етеді және Жедел басқару орталықтарының ақпараттық жүйелеріне қосылуды, не бейнені аумақтық полиция органдарының кезекші бөлімдеріне беру мүмкіндігін көздейді.
5. Бейнебақылау жүйесі білім беру ұйымдарының үй-жайларындағы және оған іргелес аумақтардағы ахуалға бақылау жүргізуге, жағдайды бағалауға және адамдар мен объектілерді сәйкестендіруге, сондай-ақ объектіге рұқсатсыз ену фактісін көзбен шолып растауға мүмкіндік береді.
6. Ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрауы тиіс.
7. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйесімен:
1) ұйымға іргелес жатқан аумақтың периметрі;
2) бас және қосалқы кіру есіктері;
3) адамдар көп жиналатын үй-жайлар (орындар);
4) білім беру ұйымы басшысының (меншік иесінің) қарауы бойынша басқа да үй-жайлар жабдықталады.
8. Білім беру ұйымының үй-жайларындағы және оған іргелес аумақтағы жарықтандыру телекамералардың сезімталдығынан төмен болса, тәуліктің қараңғы уақытында көрінетін немесе инфрақызыл жарық диапазонының жарықтандырылуы (болған жағдайда) қосылады.
3-тарау. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелеріне қойылатын талаптар
9. Террористік тұрғыдан осал объектілер тізбесіне кірмейтін мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелері мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) бір және одан көп жазып алу режимінің болуы: қозғалыс детекторының жұмыс істеуі бойынша, сыртқы дабыл белгісі, сондай-ақ үздіксіз жазу, жоспар бойынша жазу, циклды жазу;
2) құрылғыны іске қосуға қол жетімділікті қорғау және архивті жоюдан және редакциялаудан қорғауды қамтамасыз ету;
3) бейнежазбаны нақты уақыт режимінде беру;
4) бірыңғай нақты уақыт жүйесімен жағдайларды үйлестіру;
5) бейнені сихронизациялаумен біруақытта бірнеше камерадан архивті қарау;
6) негізгі электр көзін сөндіру кезінде кемінде 1 сағат ішінде құрал-жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуі;
7) барлық кіретін бейнеағындар үшін жазып алудың жылдамдығы – бір серверге кемінде 450 мегабит/бір секундта;
8) шығыс бейнеағынның жиынтық жылдамдығы – бір серверге кемінде 150 мегабит/бір секундта;
9) бір мониторда біруақытта 4 және одан көп бейнекамерадан бейне көрсету, сондай-ақ әрбір бейнекамерадан бейнеақпаратты толық экранды көрсету;
10) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшылары қолданушылардың жүйенің ресурстарына қолжетімділігі құқығын шектеу (жедел және архивтік бейнеақпарат, камераларды басқару және тағы басқалар);
11) адамдарды, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін және нейрондық жүйелер негізінде құрылған басқа да аналитикалық функцияларды айырып тану жүйелерімен біріктіру мүмкіндігінің болуы;
12) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйесі "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес келеді;
13) Бейнебақылау телекамераларына талаптар:
ажырату қабілеті – кемінде 1920х1080 пиксель;
объектив: варифокалды, мегапиксельді;
қысу стандарты – Н.264, MJPEG;
бейнесигналды құрудың жылдамдығы – кемінде 25 fps;
қолдайтын желілік хаттамалар – TCP/IP, UDP/IP (Unicast, Multicast, IGMP), RTSP/RTP, NTP, SNMP v2c/v3;
қос ағынды қолдау (ағын сипаттамалары тәуелсіз күйге келтіріледі);
деректерді беру хаттамасын қолдау ONVIF профиль S;
ең төмен сезімталдық – кемінде 0,02 лк;
тағылықтан қорғау;
жұмыс температурасы: құрал-жабдық жергілікті ауа райы үшін қарастырылған климаттық орындауға сәйкес болуы тиіс. Жұмыс сипаттамалары климаттық факторлар - жоғары/төмен темпуратура, дымқылдық, жаңбыр, қар, қату, шаң, қырау, тұман, атмосфералық қысым әсеріне сәйкес сақтау;
инфрақызыл жарық – ұзақтығы кемінде 30 метр жарықдиодты
жарық әсерінің бұрышы камераның көру бұрышына сәйкес болуы тиіс, ішкі орындау бейнебақылау камералары үшін – қажет болған жағдайда.
14) Террористік тұрғыдан осал объектілер санатына жататын мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес жабдықталады
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 20.12.2023 № 912 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 21.12.2023 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.Ескертпе:
Варифокалды – жан-жақты шолу бұрышын кеңейтуге мүмкіндік беретін әмбебап құрал болып табылатын объектив (фокус қашықтықты басқару, бөлшектерді көруді үлкейту);
Н.264 – көрсетілімнің жоғары сапасын сақтау кезінде бейнеағымды қысудың жоғары дәрежесіне жеткізуге арналған бейнені қысудың лицензияланған стандарты;
MJPEG – бейнеқысымның кадрлық тәсілі, оның ерекшелігі JPEG көрсетілімін қысу алгоритмі көмегімен бейнеағынның әрбір жеке кадрын қысу болып табылады;
fps – бір секундта монитор немесе телевизор экранындағы кадрлардың саны;
TCP/IP – цифрлық түрде ұсынылған деректерді берудің желілік моделі;
RTSP/RTP – мультимедиялық деректермен жұмыс істейтін жүйелерде пайдалануға арналған қолданбалы хаттама;
ONVIF – қауіпсіздік жүйесінің деректерін берудің стандартты хаттамасы;
IP66 – бағдарланған желілік хаттама, TCP/IP хаттамаларының жиынтық негізі;
лк – жарықтандырудың өлшем бірлігі (1 люкс = 1 шаршы метрге 1 люмен).