"Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 23 қаңтарда № 18227 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 352 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 19.07.2021 № 352 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2018 жылғы 21 наурыздағы № 43 (1443) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" көрсетілетін мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы шешімді Орталық қабылдайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтініш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

      2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдеу талап етілмейді.

      3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаты (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен).

      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет;

      4) төлем туралы түбіртек.

      Қағидалардың 12-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келу мақсатында көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын растайтын, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсаты, практикалық тәжірибесі туралы құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері олардың нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда).

      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Білім туралы шетелдік құжатты тану үшін сараптамалық бағалау жүргізіледі.

      Білім туралы құжатқа сараптамалық бағалауды жүзеге асыру үшін Орталық қажет болған жағдайда білім саласындағы мамандарды тартады.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Егер сараптамалық бағалау кезінде білім деңгейлерінде, оқу кезеңдерінде, оқу мерзімдері мен нысанында айтарлықтай айырмашылық анықталған жағдайда, қосымша оқығанын және білім алғанын растайтын құжаттар, оның ішінде көрсетілген мамандық бойынша 5 жылдан астам практикалық жұмыс тәжірибесінің бар болуы білім туралы құжаттың иегеріне айырмашылықтың орнын толтырады.

      Сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша Орталық мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      - білім туралы құжатты тиісті деңгейлері/дәрежелері және дайындық бағыттары (мамандық, біліктілік, кәсіп) бойынша еңбек қызметін жүзеге асыру ұсынысымен тану туралы;

      - білім туралы құжатты төменгі деңгейлері/дәрежелері бойынша еңбек қызметін іске асыру ұсынысымен тану туралы;

      - білім туралы құжатты оқуды одан әрі жалғастыру ұсынысымен тану туралы.";

      "14. Орталықтың бiлiм туралы құжатты тану туралы шешiмінiң негiзiнде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік білім туралы құжатты тану туралы куәлiк ресімделеді.";

      16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Білім туралы құжатты танудан бас тартуға:

      1) білім туралы құжатты беру фактісінің расталмауы немесе білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының тиісті білім беру қызметін жүзеге асыруға құқығының болмауы;

      2) Қазақстан Республикасында халықаралық құқық субъектісі ретінде танылмаған елдердің не құжатты берген елдің білім беру саласындағы уәкілетті органымен танылмаған шетелдік білім беру ұйымының білім туралы құжаттарын ұсыну;

      3) шетелдік білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі – МЖМБС сәйкес) білім деңгейінің және (немесе) дайындау бағытының (мамандықтарға, кәсібіне) бірде біреуіне сәйкес келмеуі;

      4) Білім туралы құжаттың берілу фактісін және білім беру ұйымының тиісті білім беру қызметін жүзеге асыруға құқығын растау туралы қайта жолданған сұранысқа жауаптың болмауы негіз болып табылады.

      Білім туралы құжатты тану бойынша теріс шешім қабылданған кезде Орталық Мемлекеттік корпорацияға Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жағдайда және негіздер бойынша еркін нысанда бас тарту дәлелді жауап жолдайды.";

      17. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

      18. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

      2) заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттың және оның қосымшасының көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және мөрдің аудармасын қоса алғанда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдеу талап етілмейді.

      3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаты (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен).

      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет;

      4) төлем туралы түбіртек.

      Көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын растайтын, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсат беретін, практикалық тәжірибесі туралы дәлелді құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттар олардың белгіленген тәртіппен нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Осы тармақта көрсетілетін құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.";

      25-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кадрларды даярлау бағыты немесе біліктілік бойынша практикалық дағдылары мен жұмыс тәжірибесінің бар болуы (егер оқу нысаны мен мерзімінде, оқылған курстар, пәндер, сабақтар тізбесі мен көлемінде айтарлықтай айырмашылық анықталған жағдайда);";

      26, 27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Егер білім туралы құжатқа сараптама жүргізу кезінде оқылған базалық және бейінді пәндер тiзбесiнде және көлемінде, оқу мерзімдері мен нысанында едәуір айырмашылық анықталған жағдайда, қосымша оқып білім алғанын, оның ішінде кадрларды даярлау бағыты немесе біліктілік бойынша 5 жылдан астам практикалық дағдылары мен жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттар білім туралы құжаттың иегеріне айырмашылықтың орнын толтырады.

      27. Егер шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжатта көрсетілген біліктілік Қазақстан Республикасының білім деңгейлері бойынша кадрларды даярлау бағыты немесе біліктілік жіктеуішінде болмаған жағдайда білім мазмұнына сәйкестігін белгілеу кадрларды даярлау бағыты немесе біліктілігі бойынша жүргізіледі.

      28. Білім туралы құжаттың баламалылығын анықтау бойынша өткізілген сараптама нәтижелері бойынша Орталық мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      - білім туралы құжатты білім берудің тиісті деңгейлері/дәрежелері және кадрлар дайындау бағыттары (мамандық, біліктілік, кәсіп) бойынша еңбек қызметін жүзеге асыру ұсынысымен нострификациялау туралы;

      - білім туралы құжатты төменгі деңгейлері/дәрежелері бойынша еңбек қызметін іске асыру ұсынысымен нострификациялау туралы;

      - білім туралы құжатты оқуды одан әрі жалғастыру ұсынысымен нострификациялау туралы.

      29. Орталықтың шешімі негізінде осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес тиісті куәлік ресімделеді.";

      31-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Шетелдік білім беру бағдарламасының бірде-бір білім деңгейлері және (немесе) дайындық бағыттары (мамандықтар, кәсіптер) ҚР МЖБС сәйкес болмауы;";

      31-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы құжатты нострификациялау бойынша теріс шешім қабылданған кезде Орталық Мемлекеттік корпорацияға Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жағдайда және негіздер бойынша еркін түрде бас тарту дәлелді жауап жолдайды.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің, сонымен қатар Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.";

      Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1, 2, 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 21 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына
1-қосымша
  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
қағидаларға
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің
"Болон процесі және
академиялық
ұтқырлық орталығы"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
____________________________
  (Тегі, аты, әкесінің аты)*
  ____________________________
  ____________________________
  Азаматтығы:* _______________
  ____________________________
  Жеке басын растайтын құжаты
(паспорт/жеке куәлік:*________
  ____________________________
  (нөмірі, сериясы, күні және кім бергені)
  ____________________________
  Тұрғылықты мекен
  жайы: ______________________
  ____________________________
  (ел, облыс, қала, аудан, көше атауы,
  ____________________________
  үй және пәтер нөмрі)
  Байланыс деректері* _________
  ____________________________
  (ұялы, жұмыс/үй телефондары,
  электронды пошта адресі)
  ____________________________
  ____________________________
  Жұмыс немесе оқу орны:* _____
  ____________________________
  ____________________________

Өтініш

      Сізден* _________________________________________________________________________

      (тану немесе нострификациялау)

      Мақсат* ________________________________________________________________________

      (жұмысқа орналасу, оқуды жалғастыру)

      ________________________________________________________________________________

      Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмірі* _____________________________________

      (диплом, аттестат, куәлік, сертификат)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Кім берген* _____________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының, елдің толық атауы)

      Мамандық/бағыты бойынша* ______________________________________________________

      (толық атауы)

      Берілген біліктілік/ дәреже* ________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығы үшін "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" көрсетілетін мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес толық жауап беремін.

      "___" ____________ 20___жыл                  _______________________________

      (жеке қолы)

      *- толтырылуы міндетті.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 21 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына
2-қосымша
  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
қағидаларға
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты) БТ № __________

      Осы білім туралы құжат ___________________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)

      ___________________________________________________________________атына берілген

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      оқу орны ________________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________ біліктілігі/дәрежесі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      кадрларды дайындау бағыты бойынша

      сәйкес құқықтық теңдігімен ________________________________________________________

      (білім алуға және /немесе кәсіби қызметке қол жеткізу)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Негіздеме: ______________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызмет беруші шешімінің нөмірі мен күні)

      М.О

      Басшы                        _________________

      (қолы)

      Тіркеу нөмірі № _____

      20 ____ жылғы "_____"___________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 21 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына
3-қосымша
  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
қағидаларға
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты) ЖБ-ІІ № __________

      Осы білім туралы құжат ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)

      ___________________________________________________________________ атына берілген

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________ ___________________________ біліктілігі/дәрежесі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      кадрларды дайындау бағыты бойынша _______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      сәйкес құқықтық теңдігімен ________________________________________________________

      (білім алуға және /немесе кәсіби қызметке қол жеткізу)

      ________________________________________________________________________________

      Қазақстандық жоғары білімнен кейінгі дипломға баламалы деп куәландырылады

      Негіздеме _______________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызмет беруші шешімінің нөмірі мен күні)

      М.О

      Басшы                        _________________

      (қолы)

      Тіркеу нөмірі № _____

      20 ____ жылғы "_____"___________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 21 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына
4-қосымша
  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
қағидаларға
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты) ЖБ-І № __________

      Осы білім туралы құжат ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)

      ___________________________________________________________________ атына берілген

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ______________________________________ _________________________ біліктілігі/дәрежесі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      кадрларды дайындау бағыты бойынша

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      сәйкес құқықтық теңдігімен ________________________________________________________

      (білім алуға және /немесе кәсіби қызметке қол жеткізу)

      ________________________________________________________________________________

      Қазақстандық жоғары білім туралы дипломға баламалы деп куәландырылады

      Негіздеме _______________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызмет беруші шешімінің нөмірі мен күні)

      М.О

      Басшы                        _________________

      (қолы)

      Тіркеу нөмірі № _____

      20 ____ жылғы "_____"___________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 21 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына
5-қосымша
  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
қағидаларға
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты) ТКБ № __________

      Осы білім туралы құжат ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)

      ___________________________________________________________________ атына берілген

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _________________________________________ ____________________ мамандығы бойынша

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________біліктілігімен

      ________________________________________________________________________________

      сәйкес құқықтық теңдігімен ________________________________________________________

      (білім алуға және /немесе кәсіби қызметке қол жеткізу)

      ________________________________________________________________________________

      Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға баламалы деп куәландырылады

      Негіздеме _________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызмет беруші шешімінің нөмірі мен күні)

      М.О

      Басшы                  _________________

      (қолы)

      Тіркеу нөмірі № _____

      20 ____ жылғы "_____"___________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 21 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына
6-қосымша
  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
қағидаларға
6-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты) ЖОБ № __________

      Осы білім туралы құжат ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)

      ___________________________________________________________________ атына берілген

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қазақстандық жалпы орта білім туралы аттестатқа баламалы деп куәландырылады

      Негіздеме _________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызмет беруші шешімінің нөмірі мен күні)

      М.О

      Басшы                        _________________

      (қолы)

      Тіркеу нөмірі № _____

      20 ____ жылғы "_____"___________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 21 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына
7-қосымша
  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
қағидаларға
7-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты) НОБ № __________

      Осы білім туралы құжат ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)

      ___________________________________________________________________ атына берілген

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қазақстандық негізгі орта білім туралы куәлікке баламалы деп куәландырылады

      Негіздеме _________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызмет беруші шешімінің нөмірі мен күні)

      М.О

      Басшы                  _________________

      (қолы)

      Тіркеу нөмірі № _____

      20 ____ жылғы "_____"___________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 21 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына
8-қосымша
  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
қағидаларға
8-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің
"Болон процесі және
академиялық ұтқырлық
орталығы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
  ____________________________
  (Тегі, аты, әкесінің аты)*
  ____________________________
  ____________________________
  Азаматтығы:* _______________
  ____________________________
  Жеке басын растайтын құжаты (паспорт/жеке куәлік:* ________
  ____________________________
  (нөмірі, сериясы, күні және кім бергені)
  ____________________________
  Тұрғылықты мекенжайы: ______
  ____________________________
  (ел, облыс, қала, аудан, көше атауы,
  ____________________________
  үй және пәтер нөмрі)
  Байланыс деректері* _________
  ____________________________
  (ұялы, жұмыс/үй телефондары, электронды пошта адресі)
  ____________________________
  ____________________________
  Жұмыс немесе оқу орны:* _____
  ____________________________
  ____________________________

Өтініш

      Сізден __________________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасын беру)

      Себебі __________________________________________________________________________

      (куәліктің жоғалуы/бүлінуін/ тегі, аты немесе әксеінің аты өхгеруі және т.б..)

      Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмірі ______________________________________

      (диплом, аттестат, куәлік, сертификат)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының, елдің толық атауы)

      ______________________________________________________________ мамандық бойынша

      (толық атауы)

      ________________________________________________________ берілген біліктілік/дәрежесі

      ________________________________________________________________________________

      (толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығы үшін "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" көрсетілетін мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес Қазақстан Рсепубликасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес толық жауап беремін.

      "___" ____________ 20___жыл            __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты жеке қолы немесе уәкілетті өкіл)

      *- толтырылуы міндетті.