"Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 18185 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерің бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11530 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне:

      2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      "5. Көрсетілетін қызметті берушіге заңды тұлғаны тіркеуге, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуге құжаттар түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлмесінің қызметкері құжаттарды тізілімге сәйкес қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу бөліміне жібереді. Құжаттарды қабылдау және беру ұзақтығы 30 минуттан аспайды.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны белгілейді және оған орындауға береді.

      Жауапты орындаушы:

      1) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және олардың жасалуының (ресімделуінің) дұрыстығын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бұйрықты немесе бас тарту туралы дәлелді ресімдейді;

      3) Бизнес-сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне мәліметтер енгізеді;

      4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген анықтаманы ресімдейді.

      Жауапты орындаушының құжаттарды қарау және рәсімдеу ұзақтығы мынандай:

      жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу, қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда мемлекеттік кезінде қажетті құжаттар қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 5 сағат кешіктірілмей жүргізіледі;

      қызметін үлгілік жарғы болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ акционерлік қоғамдарды (саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда) мемлекеттік тіркеу кезінде қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 15 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі;

      саяси партияларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып өтініш берілген күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Жауапты орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама не дәлелді бас тарту уәкілетті органның басшылығына қол қоюға жіберіледі. Қарау ұзақтығы 2 сағатты құрайды.

      Жауапты орындаушы басшылық қол қойған құжаттарды көрсетілетін қызметі берушінің жинақтау бөліміне береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді.

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" өтініштерді және тіркеуге арналған құжаттар топтамасын қабылдау, оларды бастапқы тексеру;

      2) ұсынылған құжаттарға заң сараптамасын жүргізу;

      3) басшылықтың құжаттарды қарауы және оларды көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы есеп хабарлама жіберу үшін әзірлеу.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне:

      2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      "5. Мемлекеттік корпорациядан Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттары қоса берілген өтініш түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің жинақтаушы бөлмесінің қызметкері құжаттарды тізілімге сәйкес қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу бөліміне жібереді. Құжаттарды қабылдау және жіберу ұзақтығы 30 минуттан аспайды.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) бастығы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны белгілейді және оған орындауға береді.

      Жауапты орындаушы:

      1) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және олардың жасалуының (ресімделуінің) дұрыстығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді;

      2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын мемлекеттік қайта тіркеу туралы бұйрықты, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерді немесе бас тарту туралы дәлелді бұйрықты ресімдейді;

      3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтер енгізеді;

      4) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеу туралы анықтаманы бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып ресімдейді.

      Жауапты орындаушының құжаттарды қарау және ресімдеу ұзақтығы мынадай:

      қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу кезінде қажетті құжаттар қоса беріл отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 5 сағат кешіктірілмей жүргізіледі;

      саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік қайта тіркеу кезінде, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 15 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі;

      саяси партияларды мемлекеттік қайта тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу қажетті құжаттар қоса беріле отырып,өтініш берілген күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Жауапты орындаушы қарағаннан кейін заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеу туралы бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген анықтама не дәлелді бас тарту уәкілетті органның басшылығына қол қоюға жолданады. Қарау ұзақтығы 2 сағатты құрайды.

      Жауапты орындаушы басшылық қол қойған құжаттарды уәкілетті органның жинақтаушы бөліміне береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді.".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне:

      2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      "5. Көрсетілетін қызметті көрсетушіге жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге құжаттар келіп түскен кезде жинақтау бөлмесінің қызметкері тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдайды және заңды тұлғаларды тіркеу бөліміне жібереді. Құжаттарды қабылдау мен берудің ұзақтығы 30 минуттан аспайды.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны белгілейді және оған орындауға береді.

      Жауапты орындаушы өтініш берілген күннен кейінгі 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 15 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі:

      1) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және оларды жасау (рәсімдеу) дұрыстығының қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін тексереді;

      2) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықты және дәлелді бас тарту туралы бұйрықты рәсімдейді;

      3) Ұлттық бизнес-сәйкестендіру номерлерінің тіркеліміне мәлімет енгізеді;

      4) бизнес-сәйкестендіру номерін бере отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы рәсімдейді.

      Жауапты орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе дәлелді бас тарту уәкілетті органның басшылығына қол қоюға жібереді. Қараудың ұзақтығы бір жұмыс күнін құрайды.

      Басшылық қол қойған құжаттарды жауапты орындаушы көрсетілетін қызмет берушінің жинақтау бөліміне береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы береді.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік қызмет регламентіне:

      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.".

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Әділет Министрі
М. Бекетаев