"Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 11 қаңтарда № 18171 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-180/2020 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 № ҚР ДСМ-180/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 7-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 9 қаңтардағы
№ ҚР ДСМ-1 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 294 бұйрығына
7-қосымша

"Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және / немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және / немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ӘМСҚ" КеАҚ) облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күннен артық емес;

      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосуға арналған өтінімнің қабылданбауы туралы хабарлама.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет денсаулық сақтау субъектілеріне: жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09-00-ден 18-30-ге дейін.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінімдерді қабылдау сағат 13-00-ден 14-30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін белгіленеді.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосуға арналған өтінім;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі (анықтама) немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін);

      4) медициналық қызметпен айналысуға лицензиялардың және тиісті медициналық қызметтерді көрсету құқығын, оның ішінде денсаулық сақтау субъектісінің немесе оның өкілдігінің, филиалының (өкілдік қатысуға арналған өтінім берген жағдайда) өндірістік базасының орналасуын растайтын қосымшалардың көшірмесі;

      5) ақпараттандыру субъектісінің денсаулық сақтаудың қажетті ақпараттық жүйелеріне логин мен құпиясөзді денсаулық сақтау субъектісіне кейіннен ұсынуы үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін жүргізуге уәкілетті жауапты адамдар туралы мәліметтер.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылаудан бас тартады.

      10. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, "ӘМСҚ" КеАҚ басшысының немесе Министрліктің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлары бойынша беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті беруші, "ӘМСҚ" КеАҚ-ның немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің "ӘМСҚ" КеАҚ-ның немесе Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші парағында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады).

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, "ӘМСҚ" КеАҚ-ның немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға интернет-ресурс, пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің үй-жайында қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлкеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары:

      Министрліктің - www.mz.gov.kz;

      "ӘМСҚ" КеАҚ - www.fms.kz интернет-ресурстарында;

      және көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларындағы стенділерде орналастырылған.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің, "ӘМСҚ" КеАҚ интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.

  "Тегін медициналық көмектің
кепілдендірілген көлемі
шеңберінде және міндетті
әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде
медициналық қызметтерді
көрсетуге үміткер медициналық
көмектің кепілдік берілген
көлемінің және / немесе міндетті
әлеуметтік медициналық
сақтандыру қызметінің әлеуетті
өнім берушісінің денсаулық
сақтау субъектілерінің
дерекқорына қосу үшін
қойылатын талаптарға
сәйкестігін (сәйкес келмеуін)
айқындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
  ____________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
____________________________
____________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің мекенжайы)

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосуға арналған өтінімнің қабылданбауы туралы хабарлама

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау
субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) 23-тармағының негізінде
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес ақционерлік қоғамының
(бұдан әрі – "ӘМСҚ" КеАҚ) филиалы

      __________________________________________________________________________
(облыстың, қаланың атауын көрсету)

      көрсетілген Қағидалардың 22-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынбауына (сәйкес келмеуіне) байланысты тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге
үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосудан бас тартады, атап айтқанда:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
"ӘМСҚ" КеАҚ филиалының басшысы (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________
(қолы)

      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________

      Тел: ________________

      20__ жылғы "___" _________

  Тегін медициналық көмектің
кепілдендірілген көлемі
шеңберінде және міндетті
әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде
медициналық қызметтерді
көрсетуге үміткер медициналық
көмектің кепілдік берілген
көлемінің және / немесе міндетті
әлеуметтік медициналық
сақтандыру қызметінің әлеуетті
өнім берушісінің денсаулық
сақтау субъектілерінің
дерекқорына қосу үшін
қойылатын талаптарға
сәйкестігін (сәйкес келмеуін)
айқындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес ақционерлік қоғамына (филиалға)

      __________________________________________________________________________

      (қордың (филиалының) атауы және орналасқан жері)

      __________________________________________________________________________

      (денсаулық сақтау субъектісінің атауы)

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосуға арналған өтінім*

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылуға үміткер заңды (жеке) тұлға туралы мәліметтер:

      денсаулық сақтау субъектісінің заңды, пошталық және электрондық мекенжайы, байланыс телефондары;

      денсаулық сақтау субъектісінің банк деректемелері (ЖСН, БСН, ЖСК), денсаулық сақтау субъектісініе қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы;

      денсаулық сақтау субъектісі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

      2. Мыналар (керегі көрсетілсін):

      1) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық субъектісі (қызметтер беруші);

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарттың негізінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша қызметтер берушінің міндеттемелерінің бір бөлігін көрсетуге үміткер бірлесіп орындаушы ретінде медициналық көмектің мынадай:_________________________________________________

      _______________________________________________түрі(-лері) бойынша,

      (денсаулық сақтау субъектісі/бірлесіп орындаушы көрсетуге үміткер медициналық көмектің түрі (-лері) көрсетіледі);

      _________________________________________________________

      қызметтері** бойынша (қызметтердің атауы көрсетіледі)

      медициналық көмектің мынадай:

      __________________________________________________________________________

      _____________________нысанына (-дарына) өтініш береді.

      (денсаулық сақтау субъектісі/бірлесіп орындаушы көрсетуге үміткер медициналық көмектің нысаны (-дары) көрсетіледі)

      3. Көрсетілген медициналық қызметтер

      __________________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың атауы) көрсетіледі.

      4. Осы өтініммен денсаулық сақтау субъектісі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №591 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастыру рәсіміне қатысуға ниет білдіреді.

      5. Осы өтініммен денсаулық сақтау субъектісі Қағидаларда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін денсаулық сақтау субъектілеріне/бірлесіп орындаушыларға қойылатын талаптарды бұзушылықтардың жоқтығы мен ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растайды.

      6. Қатысуға арналған өтінім:

      1) денсаулық сақтау субъектісінің осы Қағидаларда белгіленген талаптар мен шектеулерге сәйкестігін растайтын ол туралы мәліметтерді алуға келісімін;

      2) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсету және оларды көрсеткені үшін ақы төлеу талаптарымен хабардарлығын көрсету нысаны болып табылады.

      7. Осы өтінімге мынадай құжаттар:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосуға арналған өтінім;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі (анықтама) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін);

      4) медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензиялардың және оларға тиісті медициналық қызметтерді көрсету құқығын растайтын, оның ішінде денсаулық сақтау субъектісінің немесе оның өкілдігінің (өкілдік қатысуға арналған өтінім берген жағдайда) өндірістік базасының орналасуы туралы қосымшалардың көшірмелері;

      5) ақпараттандыру субъектісінің денсаулық сақтаудың қажетті ақпараттық жүйелеріне логин мен құпиясөзді денсаулық сақтау субъектісіне кейіннен ұсынуы үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін жүргізуге уәкілетті жауапты адамдар туралы мәліметтер.

      ___________________________________________________________/____

      (денсаулық сақтау субъектісі/бірлесіп орындаушы басшысының лауазымы, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Мөрдің орны (бар болса)

      Толтырылған күні ______________

      Ескертпе:

      *- көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық субъектісі немесе ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша қызметтер берушінің міндеттемелерінің бір бөлігін көрсетуге үміткер бірлесіп орындаушы толтырады;

      ** - жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, консультациялық-диагностикалық қызметтердің жекелеген түрлерін (медициналық қызметтердің қымбат тұратын түрлерін және басқаларын) көрсетуге қатысуға арналған өтінімді берген кезде көрсетіледі.

  "Тегін медициналық көмектің
кепілдендірілген көлемі
шеңберінде және міндетті
әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде
медициналық қызметтерді
көрсетуге үміткер медициналық
көмектің кепілдік берілген
көлемінің және / немесе міндетті
әлеуметтік медициналық
сақтандыру қызметінің әлеуетті
өнім берушісінің денсаулық
сақтау субъектілерінің
дерекқорына қосу үшін
қойылатын талаптарға
сәйкестігін (сәйкес келмеуін)
айқындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан

Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін жүргізуге уәкілетті жауапты адамдар туралы мәліметтер ___________________________________________________________________ (денсаулық сақтау субъектісінің атауы)

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Лауазымы

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Ақпараттық жүйенің атауы

1

2

3

4

5






      Басшы _______________________________________________

      ( қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Мөрдің орны (бар болса)

      Толтырылған күні ______________