"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 57 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 сәуірде № 5110 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.А.Азбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.Көлгінов

  2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 57
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет беруші) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 279 "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 тамызда №15537 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қаржы институтына/қаржы агенттігіне субсидияларды аудару, мемлекеттік қызмет Стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

      4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болатын қызмет алушының (не оның сенімхат бойынша өкілі) Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттар топтамасымен бірге өтінімді (бұдан әрі - өтінім) ұсынуы болып табылады.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      Қаржы агентінің қатысуынсыз.

      1) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы өтінімді ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) минуттың ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Нәтижесі - өтінімді қызмет берушіге жолдау;

      2) қызмет беруші 1 жұмыс күні ішінде өтінімдерді қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады және операторға жолдайды.

      Нәтижесі – өтінімді операторға жолдау;

      3) оператор қызмет беруші құжаттар топтамасын алғаннан кейін, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған кестесін есептеу дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады және күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кешіктірілмейтін мерзімде қорытынды жасайды және құжаттарды қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) кезекті отырысына қарау үшін жолдайды. Комиссия теріс шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт талаптары өзгеріссіз қалады, Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін хаттаманың үзінді-көшірмесін электрондық почта арқылы қаржы институттарына жолдайды.

      Оператор хатшының қолы қойылған, мөрімен расталған үзінді-көшірменің түпнұсқасын қызмет берушіге береді.

      Нәтижесі – қызмет берушіге Комиссия шешімін жолдау;

      4) қызмет беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы институтына беру үшін Мемлекеттік корпорацияға Комиссия шешімі туралы хат жолдайды.

      Нәтижесі - Мемлекеттік корпорацияға Комиссия отырысының шешімін жолдау;

      5) қаржы институттары хаттаманың үзінді-көшірмесін алғаннан кейін қарыз алушы мен қаржы институты қол қойған міндеттемелерді қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру туралы шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде оператормен, оператордан субсидиялау шартын алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қызмет беруші субсидиялау шартына қол қояды.

      Нәтижесі –субсидиялау шартына қол қою;

      6) қаржы институты пайыздық мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігін алу үшін операторға құжаттар топтамасын жолдайды. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттары бойынша өтінім сомасының қарыз алушылардың міндеттемелерін өтеу кестелеріне сәйкестігін, сондай-ақ субсидиялау шартына сәйкес қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін есептен шығаруға арналған қаражатты пайдалану туралы есепті (бірінші өтінімді берген кезде есеп ұсыну талап етілмейді) тексеруді жүзеге асырады және қызмет берушіге субсидиялау үшін кезекті ақша траншын аудару туралы ұсыныс енгізеді.

      Нәтижесі – қызмет берушіге субсидиялау үшін кезекті ақша траншын аудару туралы ұсыныс;

      7) қызмет беруші оператордың өтінімі негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды.

      Нәтижесі - қазынашылық органдарына жолданған төлем шоттары.

      Қаржы агентінің қатысуымен.

      1) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы өтінімді ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) минуттың ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Нәтижесі - өтінімді қызмет берушіге жолдау;

      2) қызмет беруші 1 жұмыс күні ішінде өтінімді тіркеп, операторға жолдайды.

      Нәтижесі – операторға өтінімді жолдау;

      3) Оператор қызмет берушіден құжаттар топтамасын алғаннан соң негізгі борышты өтеудің жаңартылған кестесін есептеу дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады және 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытынды жасайды және құжаттарды Комиссияның кезекті отырысына қарау үшін жолдайды. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін хаттаманың үзінді-көшірмесін электрондық почта арқылы қаржы институттарына жолдайды.

      Оператор хатшының қолы қойылған, мөрмен расталған үзінді-көшірменің түпнұсқасын қызмет берушіге береді.

      Нәтижесі – қызмет берушіге Комиссия шешімін жолдау;

      4) Қызмет беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне беру үшін Мемлекеттік корпорацияға Комиссия шешімі туралы хат жолдайды.

      Нәтижесі - Мемлекеттік корпорацияға Комиссия шешімін жолдау;

      5) Қаржы институттары хаттаманың үзінді-көшірмесін алғаннан кейін қарыз алушы мен қаржы институты қол қойған міндеттемелерді қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру туралы шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде оператормен, оператордан субсидиялау шартын алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қызмет беруші субсидиялау шартына қол қояды.

      Нәтижесі – субсидиялау шартына қол қою;

      6) Қаржы агенті пайыздық мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігін алу үшін операторға құжаттар топтамасын жолдайды. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттары бойынша өтінім сомасының қарыз алушылардың міндеттемелерін өтеу кестелеріне сәйкестігін, сондай-ақ субсидиялау шартына сәйкес қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін есептен шығаруға арналған қаражатты пайдалану туралы есепті (бірінші өтінімді берген кезде есеп ұсыну талап етілмейді) тексеруді жүзеге асырады және басқармаға субсидиялау үшін кезекті ақша траншын аудару туралы ұсыныс енгізеді.

      Нәтижесі – қызмет берушіге субсидиялау үшін кезекті ақша траншын аудару туралы ұсыныс;

      7) қызмет беруші оператордың өтінімі негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды.

      Нәтижесі - қазынашылық органдарына жолданған төлем шоттары.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелермен көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлер) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызмет беруші;

      2) көрсетілетін қызмет алушы;

      3) оператор;

      4) қаржы институты/қаржы агенті;

      5) қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия;

      6) аумақтық қазынашылық бөлімшесі.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшасына сәйкес қаржы агентінің қатысуынсыз және осы регламентін 2-қосымшасына сәйкес қаржы агентінің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығын сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтінішті және қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорация қызметкеріне береді, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады (1 минут ішінде);

      2) 1-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияның ЫАЖ АЖО) логинді және парольді енгізуі (авторландыру процесі) (1 минут ішінде);

      3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, экранға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұраныс нысаны шығады және Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының немесе көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхаттың болуы қажет, басқалай куәландырылған сенімхаттың мәліметтері толтырылмайды) мәліметтерін енгізуі (1 минут ішінде);

      4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы сұрау жолдануы (1 минут ішінде);

      5) 1-шарт - ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің және БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің болуының тексерілуі (1 минут ішінде);

      6) 4-процесс –ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің немесе БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарлама қалыптастыру (1 минут ішінде);

      7) 5-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ЭҮШ арқылы электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолдау (1 минут ішінде).

      10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау:

      1) 6-процесс - электрондық құжатты ЭҮАШ АЖО-нда тіркеу (2 минут ішінде);

      2) 2-шарт – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қызмет көрсетуге негіз болып табылатын, Стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін тексеруі (өңдеуі) (2 минут ішінде);

      3) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру (2 минут ішінде);

      4) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО-нда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуы (2 минут ішінде).

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-тарауға сәйкес жүзеге асырылады.

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін қаржы агентінің қатысуынсыз көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін қаржы агентінің қатысуымен көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



  "Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерін қаржылық
сауықтыру жөніндегі бағыт
шеңберінде кредиттік және
лизингтік міндеттемелер
бойынша пайыздық
мөлшерлемені субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 3-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы