РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39–3–бабының 3-1- тармағына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" № 295 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15630 нөмірімен тіркелген) сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зайсан ауданының ауылдық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, халық саны екі мың адам және одан аз ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Сарышев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Д. Ыдырышев |
Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдесіндегі № 28-1 шешіміне қосымша |
Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Зайсан ауданының ауылдық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі–регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15630 нөмірімен тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Осы регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;
4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.
3. Жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге жергілікті қоғамдастық жиналысына жіберілетін қатысушыларды айқындайды.
4. Жиналыстың регламентін Зайсан аудандық мәслихаты бекітеді.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылымын жүргізу тәртібі
5. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер әкімі аппаратының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтерінің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтері әкімдерен сайлауды өткізуге Зайсан аудандық мәслихатына одан әрі ұсыну үшін аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімінің қызметіне Зайсан ауданының әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;
аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.
6. Жиналысты аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмі дербес не ол жергілікті қоғамдастық жиыны өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы мүмкін.
Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.
Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және жиналыстың өтетін орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.
7. Жиналысты шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілдермен хабардар етіледі.
Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.
8. Жиналыс шақырылымы алдында әкім аппаратының жауапты маманы жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін әкім немесе жиналыс басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақырылымды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.
Жиналыс шақырылымы оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жиналыс шақырылымын әкім немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.
Жиналыс шақырылымын жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.
10. Жиналыстың күн тәртібі жиналыс мүшелері, тиісті аумақтың әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.
Күн тәртібіне өткен жиналыс шақырылымдарында қабылдаған шешімдердің орындалу барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.
Жиналыс шақырылымының күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.
Жиналыс шақырылымының күн тәртібін жиналыс бекітеді.
Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.
11. Жиналыс шақырылымына олардың мәселелері онда қаралатын аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ жиналыс отырысына бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатыса алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмаған жағдайда шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
12. Жиналыс шақырылымында баяндамалар, қосымша баяндамалар жасау, жарыссөзде сөз сөйлеу және жиналыс шақырылымын өткізу тәртібі бойынша регламентті төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.
Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.
Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.
Жиналыс соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін 5 минут уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.
3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі
13. Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде жиналыс шақырылымына қатысушы жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыс отырысы төрағасы мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күн ішінде аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкіміне беріледі.
14. Жиналыс қабылдаған шешімдерді аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімі бес жұмыс күні мерзімінде қарайды.
Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер осы регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.
Әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, осы мәселені аудан әкімі, аудандық мәслихат отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.
15. Әкім аппаратының жауапты маманы жиналыс шақырылымдарының шешімдерін қарау нәтижелерін бес жұмыс күн ішінде жиналыстың мүшелеріне жеткізеді.
16. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналыс шақырылымында қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.
17. Жиналыс шақырылымы қабылдаған шешімдерді аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімі аппараты бұқаралық ақпарат құралдары немесе өзге де тәсілдер арқылы қала, ауылдық округ тұрғындарына және тиісті тұлғаларға таратады.
4-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналыс шақырылымының шешімдерінің орындалуын бақылау
18. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.
19. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыс отырысының төрағасы аудан әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.
Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс аудан әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.