РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 49-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2018-2020 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы" Абай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/3-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 23/2-VІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-5-147 болып тіркелген, 2018 жылғы 16-23 мамырда "Абай елі" газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкі 2018 жылғы 16 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің кіріспесі орыс тілінде жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тілде өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Оразбаев |
Мәслихат хатшысы | Е. Лдибаев |