РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 63 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 16693) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі |
Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "11"маусымдағы № 168 қаулысымен бекітілді |
"Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктегі шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әріаудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімінберу туралы хабарлама немесе "Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 63 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 16693) бұйрығымен бекітілген "Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынған құжаттар негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімінің(бұдан әрі –бөлім) көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінімі мен құжаттарын қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;
2-іс-қимыл – бөлімнің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексеруі. Орындалу ұзақтығы – құжаттар алынған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда бөлім көрсетілген мерзімдерде өтінімді одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді;
3-іс-қимыл – құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда бөлім "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 237 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 15452) бұйрығымен бекітілген Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 4-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша аудан бойынша жиынтық акт қалыптастырады. Жиынтық акт және екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық пошта операторының ағымдағы шоттың болуы туралы анықтамасы (жылына бір рет немесе банк шоты ауысқан кезде беріледі) көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша жиынтық актілерді акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялаубағыты бойынша жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
5-іс-қимыл –көрсетілетін қызметті берушінің Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша облыс бойынша жиынтық актіні қалыптастыруы және комиссияның қарауына жіберуі. Орындалу ұзақтығы – комиссия отырысы өткізілуіне дейін2 (екі) күн бұрын;
6-іс-қимыл –комиссияның көрсетілетін қызметті алушының өтінімін Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
7-іс-қимыл –көрсетілетін қызметті берушінің Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша комиссия отырысының қорытындылары бойынша хаттаманың жәнетауар өндірушілер тізбесінің жобаларын жасауы. Орындалу ұзақтығы –2 (екі) жұмыс күні ішінде;
8-іс-қимыл – комиссия мүшелерінің хаттамаға қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
9-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынуы. Орындалу ұзақтығы – комиссия отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
10-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің бөлімге Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерінқарау қорытындылары бойынша ақпаратты жолдауы. Орындалу ұзақтығы – комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
11-іс-қимыл –бөлімнің қарау нәтижелерін қысқаша сипаттай отырып, Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді қарау нәтижелері туралыәр көрсетілетін қызметті алушы бойынша жеке-жеке хабарлама қалыптастыруы. Орындалу ұзақтығы –3 (үш) жұмыс күні ішінде;
12-іс-қимыл –бөлімнің көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсетунәтижелері туралы хабарлама жолдауы. Орындалу ұзақтығы –2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушігенемесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тексерілген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі қалыптастырылғанжиынтық акт болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі тіркелген жиынтық акт болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушықалыптастырғаноблыс бойынша жиынтық акт болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылдың нәтижесі комиссия тексерген көрсетілетін қызметті алушының өтініміболып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимылдың нәтижесі жасалған хаттаманың және тауар өндірушілер тізбесінің жобаларыболып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 8-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 8-іс-қимылдың нәтижесі қол қойылған хаттама болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 9-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 9-іс-қимылдың нәтижесі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 10-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 10-іс-қимылдың нәтижесі бөлімге көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін қарау қорытындылары бойынша ақпаратты жолдау болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 11-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 11-іс-қимылдың нәтижесі бөлім қалыптастырған өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 12-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 12-іс-қимылдың нәтижесі бөлімнің көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері туралы хабарлама жолдауы болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) бөлім;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
4) көрсетілетін қызметті беруші;
5) комиссия.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс қимылдардың) сипаттамасы:
1)бөлімнің көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінімі мен құжаттарын қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;
2) бөлімніңкөрсетілетін қызметті алушыұсынған құжаттардың толықтығын тексеруі. Орындалу ұзақтығы – құжаттар алынған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда бөлім көрсетілген мерзімдерде өтінімді одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді;
3) құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда бөлім Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала)бойынша жиынтық акт қалыптастырады. Жиынтық акт және екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық пошта операторының ағымдағы шоттың болуы туралы анықтамасы (жылына бір рет немесе банк шоты ауысқан кезде беріледі) көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша жиынтық актілерді акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялаубағыты бойынша жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
5) көрсетілетін қызметті берушінің Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша облыс бойынша жиынтық актіні қалыптастыруы және комиссияның қарауына жіберуі. Орындалу ұзақтығы – комиссия отырысы өткізілуіне дейін2 (екі) күн бұрын;
6) комиссияның көрсетілетін қызметті алушының өтінімін Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келуі тұрғысынантексеруі. Орындалу ұзақтығы –2 (екі) жұмыс күні ішінде;
7) көрсетілетін қызметті берушінің Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша комиссия отырысының қорытындылары бойынша хаттаманың жәнетауар өндірушілер тізбесінің жобаларын жасауы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
8) комиссия мүшелерініңхаттамаға қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
9) көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынуы. Орындалу ұзақтығы – комиссия отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
10) көрсетілетін қызметті берушінің бөлімге Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойыншакөрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін қарау қорытындылары бойынша ақпаратты жолдауы. Орындалу ұзақтығы – комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
11) бөлімнің қарау нәтижелерін қысқаша сипаттай отырып, Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді қарау нәтижелері туралы әр көрсетілетін қызметті алушы бойынша жеке-жеке хабарлама қалыптастыруы. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
12) бөлімнің көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері туралы хабарлама жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
4. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау
9. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді және Стандарттың 9-тармағында аталған құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының сұранымын өңдеу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгініп, алынуы тиіс мемлекеттік қызметтің атауын көрсете отырып, қағаз жеткізгіштегі өтініш бланкісін толтырады.
Мемлекеттік корпорацияның реттеу залының қызметкері (оператор) қағаз жеткізгіштегі өтінішті (қоса ұсынылған құжаттармен бірге) қабылдайды.
Қағаз жеткізгіштегі өтініштің дұрыс және толық толтырылуын сақтау және Стандарттың 9-тармағымен бекітілген тізім бойынша құжаттарды ұсыну кезінде, Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының қызметкері (оператор) қабылданған өтінішті Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызмет көрсету мониторингініңақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МАЖ) тіркейді.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Жинақтау орталығына келіп түскен өтініш (құжаттар топтамасымен бірге) Мемлекеттік корпорацияның МАЖ-сында қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу жолымен тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге берілетін құжаттар тізілімі Мемлекеттік корпорацияның МАЖ-сында автоматты түрде қалыптастырылады. Қызметкер (маман) берілетін құжаттардың екі данада басылған тізілімін көрсетілетін қызметті берушіге тапсыруды жүзеге асырады.
Тізілімнің екі данасымен қоса қалыптастырылған өтініш (құжаттар топтамасымен бірге) арнайы жәшіктерде қапталады, мөр басылады және Мемлекеттік корпорацияның басшысы бекіткен кестеде белгіленген уақытта курьерлік немесе осыған өкілеттік берілген өзге де байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолданады. Көрсетілетін қызметті берушінің алғандығы туралы белгісі бар тізілімнің екінші данасы Мемлекеттік корпорацияға қайтарылады.
Тізілімнің екі данасы қоса ұсынылатын беруге дайын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіден Мемлекеттік корпорацияның басшысы бекіткен кестеде белгіленген уақытта курьерлік немесе осыған өкілеттік берілген өзге де байланыс арқылы жеткізіледі.
Дайын (ресімделген) және бас тартылған құжаттарды қабылдау кезінде жинақтау секторының қызметкері (маманы) көрсетілетін қызметті беруші ұсынған құжаттардың сәйкестігін тексереді. Тізілімнің екінші данасы тізілімде көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда ғана алғандығы туралы белгімен көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады. Өзге жағдайда себептері көрсетіле отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
10. Мемлекеттік корпорация арқылы сұраным нәтижесін алу процесі:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған соң жүгінеді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) талон негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкіметтің" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
"Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі менсапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
"Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
1. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
2. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
Шартты белгілер: