"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жарялауға жіберілуін;
4) осы қаулының Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 307 "Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3965 тіркелген, 2017 жылғы 17 ақпанда "Қазығұрт тынысы" газетінде және 2017 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасының нармативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Қалымбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Т.Телғараев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Оңтүстік Қазақстан облысының
жолауышлар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________Н.М.Байғұт
"17" сәуір 2018 жыл
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 129 қаулысымен бекітілген |
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi
№ р/с | Авто жолдардың индексі | Авто жолдардың атауы | Авто жолдардың мекен-жайы, шақырым | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | КХКZ-1 | КХ-88 "Шарбұлак-Қарабау-Амангелді" - Ақбастау (Ленин жолы)-Қарабау | 0-14,8 | 14,8 |
2 | КХКZ-2 | КХ 48 "Қазығұрт-Тұрбат" - Кызылдихан | 0-5,0 | 5 |
3 | КХКZ-3 | КХ 48 "Қазығұрт-Тұрбат" - Өндіріс | 0-12,0 | 12 |
4 | КХКZ-4 | КХ 29 "Шарапхана-Жаңабазар-1 Мамыр" - Қызылата | 0-4,5 | 4,5 |
5 | КХКZ-5 | КХ 29 "Шарапхана-Жаңабазар-1 Мамыр" - Майбұлақ | 0-4,6 | 4,6 |
6 | КХКZ-6 | КХ 29 "Шарапхана-Жаңабазар-1 Мамыр" - Тесіктобе | 0-10,0 | 10 |
7 | КХКZ-7 | "Тесіктобе – Өгем" | 0-26 | 26 |
8 | КХКZ-8 | КХ 46 "Тұрбат-Каржан" - Аққум | 0-14,6 | 14,6 |
9 | КХКZ-9 | КХ 47 "Аманкелді-Қаржан-Алтынтөбе" | 0-2,5 | 2,5 |
10 | КХКZ-10 | КХ 47 "Аманкелді-Каржан" - Қаржан | 0-3,5 | 3,5 |
11 | КХКZ-11 | "Аққұм-Лесхоз" | 0-8,0 | 8 |
12 | КХКZ-12 | КХ-29 "Шарапхана-Жаңабазар - 1 Мамыр"-Жана жол | 0-3,6 | 3,6 |
13 | КХКZ-13 | "Қарабастау - Жеңіс-Қызылбұлақ" | 0-22,0 | 22 |
14 | КХКZ-14 | КХ 29 "Шарапхана- Жаңабазар -1 Мамыр" - Бейнеткеш | 0-4,0 | 4 |
15 | КХКZ-15 | КХ 29 "Шарапхана-Жаңабазар-1 Мамыр" - Талдыбұлақ | 0-7,0 | 7 |
16 | КХКZ-16 | КХ29 "Шарапхана-1 Мамыр" - Маханбет | 0-3,3 | 3,3 |
17 | КХКZ-17 | А-2 "Алматы-Термез" - Майлыошақ | 0-1,7 | 1,7 |
18 | КХКZ-18 | "Шанақ бекеті – Бақабұлақ" | 0-7,0 | 7 |
19 | КХКZ-19 | "Аманкелді – Талдыбұлақ" | 0-23,5 | 23,5 |
20 | КХКZ-20 | КХ11 "Сарыағаш-Жылға-Монтайтас-Рабат- Сұлтан рабат" - Амангелді | 0-16,4 | 16,4 |
21 | КХКZ-21 | КХ 85 "Ақтас - Рабат – А-2" - К.Мамбетұлы | 0-0,8 | 0,8 |
22 | КХКZ-22 | КХ11 "Сарыағаш-Жылға-Монтайтас-Рабат- Сұлтан рабат" - Қызылдала | 0-14,5 | 14,5 |
23 | КХКZ-23 | КХ 11 "Сарыағаш-Жылға-Монтайтас-Рабат- Сұлтан рабат" - Жаңаталап (Ақпан Батыр) | 0-4,5 | 4,5 |
24 | КХКZ-24 | КХ 11 "Сарыағаш-Жылға-Монтайтас-Рабат - Сұлтан рабат" - Қызылкезең (Ақпан Батыр) | 0-3,0 | 3 |
25 | КХКZ-25 | КХ 29 "Шарапхана-Жаңабазар-1 Мамыр" - Үшбұлақ | 0-3,0 | 3 |
26 | КХКZ-26 | КХ 45 "Айнатас-Қакпақ" - Сырлысай | 0-9,0 | 9 |
27 | КХКZ-27 | КХ 45 "Айнатас-Қакпақ" - Бижансарай | 0-3,0 | 3 |
28 | КХКZ-28 | КХ 45 "Айнатас-Қакпақ" - Калинина (Тугыртас) | 0-9,0 | 9 |
29 | КХКZ-29 | КХ 49 "А-2 - Қазығұрт-Қызылқия-Ақжар-Дербісек - А-2" - Ынталы | 0-2,0 | 2 |
30 | КХКZ-30 | КХ 45 "Айнатас-Қакпақ" - Кызылсеңгір | 0-3,0 | 3 |
31 | КХКZ-31 | "Ақжар-Ескі Шанақ"-Шанақ бекеті | 0-22,0 | 22 |
32 | КХКZ-32 | "Шанақ бекеті- Аманкелді" | 0-15,0 | 15 |
33 | КХКZ-33 | "Ескі Шанақ-Ызабұлақ" | 0-6,0 | 6 |
34 | КХКZ-34 | КХ-29 "Шарапхана- Жаңабазар – 1 Мамыр"-Тесіктөбе - Көктен ата | 0-9,7 | 9,7 |
35 | КХКZ-35 | КХ 11 "Сарыағаш-Жылға-Монтайтас-Рабат- Сұлтан рабат" -Атбұлақ- Ақбура бұлағына кірме жол | 0-5,8 | 5,8 |
36 | КХКZ-36 | КХ-29 "Шарапхана-Жаңабазар- 1 Мамыр"-Жылыбұлақ-Жаңажол-Айнатас | 0-4,5 | 4,5 |
37 | КХКZ-37 | А-2 "Алматы-Термез" Ағанай- Ақбастау | 0-6,0 | 6 |
38 | КХКZ-38 | КХ-88 "Шарбұлак-Қарабау-Амангелді" - Еңбек | 0-6,7 | 6,7 |
39 | КХКZ-39 | "Тесіктөбе – Қызылбұлақ" | 0-3,4 | 3,4 |
40 | КХКZ-40 | КХ-81 "КХ-29-Суықбұлақ-КХ-29"-Тілектес-Жаңаталап | 0-8,2 | 8,2 |
41 | КХКZ-41 | КХ 48 "Қазығұрт-Тұрбат" - Өндіріс- Қақпақ (Көктөбе арқылы) | 0-23,9 | 23,9 |
42 | KXKZ-42 | КХ 48 "Қазыгұрт-Тұрбат" – Шарбұлақ - КХ-88 "Шарбұлак-Қарабау-Амангелді" | 0-1,4 | 1,4 |
43 | KXKZ-43 | КХ-29 "Шарапхана-Жаңабазар-1 Мамыр"- Қарабастау | 0-3,2 | 3,2 |
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының аудандық маңызы бар жолдары бойынша барлығы: | 361,6 |