Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 294 "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 18 маусымдағы № 177 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 3 шілдеде № 4663 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 маусымдағы № 142 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.06.2020 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 294 "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3390 болып тіркелген, 2015 жылдың 5 қарашасында "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті" деген 1-қосымшада:

      "1. Жалпы ережелер" деген тарауда:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Оңтүстік Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі-туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызмет) лицензия, қайта рәсімделген лицензия не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығымен бекітілген "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";

      2) "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті" деген 2 – қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Тасжүрековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Ә.Ш.Өсербаев
      Ұ.Сәдібеков
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Е.Қ.Тасжүреков
      Т.Қ.Сәрсембаев
      А.С.Сәбитов
      Е.Ә.Садыр
      А.Б.Тасыбаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2018 жылғы
"18" маусымдағы
№ 177 қаулысына қосымша
  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазан
№ 294 қаулысына 2 қосымша

"Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Оңтүстік Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру.

2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығымен бекітілген "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған өтініштің қабылданғаны жөнінде талон береді және 20 минут ішінде өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 20-минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, өтінішті қарауға жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады;

      4) сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне ұсынады;

      5) сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында келтірілген.

4 тарау. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Көрсетілген қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады:

      1) Мемлекеттік корпорация қызметкері түскен өтінішті тіркеп, Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкеріне жолдайды, Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілген қызметті берушіге жолдайды. Көрсетілген қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерімен өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі;

      2) көрсетілген қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркейді және 20 минут ішінде өтінішті көрсетілген қызметті берушінің басшылығына ұсынады;

      3) көрсетілген қызметті берушінің басшылығы 20 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, өтінішті қарауға жолдайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады;

      5) сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне ұсынады;

      6) сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

      7) Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызмет алушыға не сенімхат бойынша оның өкіліне табыстайды.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Туристік ақпаратты, оның
ішінде туристік әлеует, туризм
объектілері мен туристік қызметті
жүзеге асыратын тұлғалар туралы
туристік ақпарат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімщелерінің өзара іс-қимыл тәртібінің графикалық түрдегі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесстерінің анықтамасының сипатталуы және мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1

2

3

4

5

6

7

Мемлекеттік корпорация қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Мемлекеттік корпорация қызметкері

Түскен өтінішті тіркеп, Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкеріне жолдайды, Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілген қызметті берушіге жолдайды

Өтінішті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің қабылданғаны жөнінде талон береді және 20 минут ішінде өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады

20 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап өтінішті қарауға жолдайды

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады

Сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды

Сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызмет алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді