"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 21 мамырдағы № 141 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 28 мамырда № 4612 болып тiркелдi

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таратылатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ә.Ш.Өсербаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж. Түймебаев
      Ә.Ш. Өсербаев
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Е.А. Садыр
      Ұ. Сәдібеков
      Т.К. Сәрсембаев
      Е.Қ. Тасжүреков
      А.С. Сәбитов
      А.Б. Тасыбаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2018 жылғы
"21" мамырдағы № 141
қаулысына қосымша

"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 бөлім. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметі "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну немесе "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 115 бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту туралы жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2 бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының не сенімхат бойынша оның өкілінің (бұдан әрі – өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынуы.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметі берушінің кеңсесіне Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне құжаттар топтамасының қабылдаған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылған өтінім көшірмесін береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 15 (он бес) минут ішінде ұсынады;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына 30 (отыз) минут ішінде жолдайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттардың "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді, субсидияларды алу үшін көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін немесе дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынады;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы субсидияларды алу үшін көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды немесе дәлелді бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушының шотына субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынады;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дәлелді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне 15 (он бес) минут ішінде береді.

3 бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлері) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2 бөлімнің 5 тармағында көрсетілген.

4 бөлім. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің сипаттамасы

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің
тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге
арналған шығындарын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

1

2

3

4

5

6

1

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

2

Құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтінім көшірмесін береді құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 15 минут ішінде ұсынады

Құжаттарды қарайды, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына 30 минут ішінде жолдайды

Құжаттарды Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді субсидияларды алу үшін көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін немесе дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 2 жұмыс күні ішінде ұсынады

Субсидияларды алу үшін көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды немесе дәлелді бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 1 жұмыс күні ішінде жолдайды

Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушылардың шоттарына субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын 1 жұмыс күні ішінде ұсынады

Дәлелді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне 15 минут ішінде береді