Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 236/22 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 маусымда № 5997 болып тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін дәрілік заттар, мамандандырылған емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар қосымша ұсынылсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Сыздықов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Павлодар облысының
      денсаулық сақтау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы О. С. Мұқашев
      2018 жылғы "14" маусым

  Павлодар облыстық
мәслихатының 2018 жылғы 14
маусымдағы № 236/22 шешіміне
1 қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық
емделу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін
дәрілік заттар, мамандандырылған емдік өнімдер,
медициналық мақсаттағы бұйымдар

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 26.09.2018 № 262/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Аурудың атауы

Дәрілік заттардың, мамандандырылған емдік өнімдердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы

1

Өкпелік гипертензия

Препараттар:
"Бозентан";
"Риоцигуат";
"Илопрост".

2

Эпилепсия

Препарат: "Кеппра" (Леветирацетам).

3

Муковисцидоз

Препараттар:
"Колистин" (Колистиметат);
"Тоби" (Тобрамицин).
Мамандандырылған емдік өнімдер:
"Нутрикомп дринк плюс";
"Нутриэнт" стандарт.

4

Бастапқы иммун тапшылығы

Препарат: Интерферон альфа - 1 b - "Ингарон".

5

Туа біткен буллезді эпидермолиз

"ATRAUMAN AG" - күміспен зарарсыздандырылған жақпа майлы таңғыш;
"MEDICOMP Steril" - зарарсыздандырылған салфетка;
"PEHA-CREPP" - орамасыз бекіткіші бар дәкеден жасалған таңғыш;
"Peha-haftLfee" - бекіткіші бар дәкеден жасалған таңғыш;
"STULPA Fix" - торлы түтікті дәкеден жасалған таңғыш;
"ROLTA-SOFT" - мақталы жұмсақ зарарсызданбаған таңғыш;
"MENALIND" - қорғанысты сабын-спрей;
"MENALIND" - қорғанысты көбікше (протектор);
"MENALIND" - ваннаға арналған көбікше;
"Mepitel" (Safetacmepitel) - жабыстырғыш;
"Mepilex" (MepilexLite) - жұмсақ силиконнан жасалған сіңіргіш таңғыш;
Mepilex" (MepilexTransfer) - жұмсақ силиконнан жасалған сіңіргіш таңғыш;
"Mepitac" - силикон жабындысымен жабыстырғыш;
"Воскопран" - залалсызданған орама;
"Педиашур - Малоежка" - арнайы тағам;
"Октенидол" - су;
"GRASSOLIND" - майлы залалсызданған орама;
"Бепантен" - сыртқы қолдануға арналған жақпа май;
"Банеоцин" - ұнтақ.

6

Идиопатиялық апластикалық анемия

Препарат: "Такролимус".

7

В-жасушалық созылмалы лимфолейкоз СД 20+П-сатылы

Препарат: "Ибрутиниб".

8

Вегенер Гранулемотозы

Препарат:
"Ритуксимаб (Мабтера)".

9

Идиопатиялық өкпе фиброзы

Препарат:
"Пирфенидон (Эсбриет)".

  Павлодар облыстық
мәслихатының 2018 жылғы 14
маусымдағы № 236/22 шешіміне
2 қосымша

Павлодар облыстық мәслихатының
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. Павлодар облыстық мәслихатының 2013 жылғы 20 ақпандағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 135/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3486 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 сәуірде "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа Самалы" газеттерінде жарияланған).

      2. Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы "Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы" № 287/34 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4020 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 қыркүйекте "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа Самалы" газеттерінде, 2014 жылғы 19 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 20 тамыздағы "Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы" № 287/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 310/37 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4228 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсанда "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа Самалы" газеттерінде, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі "Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 20 тамыздағы "Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы" № 287/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 26/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5109 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Регион.kz" газетінде, 2016 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрде эталондық бақылау банкiнде, 2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы "Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 20 тамыздағы "Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы" № 287/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 129/14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5549 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 шілдеде "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа Самалы" газеттерінде, 2017 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрде эталондық бақылау банкiнде жарияланған).

      6. Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы "Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 20 ақпандағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 135/15 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 130/14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5548 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 шілдеде "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа Самалы" газеттерінде, 2017 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрде эталондық бақылау банкiнде жарияланған).